Ғимаратты алғашқы тексеру кезіндегі конструкциялардың техникалық жағдайына баға беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 20:24, реферат

Описание работы

Жаңғыртылатын және пайдаланылатын ғимараттардағы конструкциялардың техникалық жағдайы мен өндірістік ортаны (микроклимат) зерттеу.
Өндірістік ортаны табиғи зерттеудің жалпы мақсаты – өндірістік ортаны құрайтын факторлар туралы мәліметтер алу, олардың фактілі жағдайы, сол жағдайды туғызу себептерін анықтау, нормативті талаптарға сәйкестігін орнату және оларды жақсартуға арналған шараларды ұйымдастыру.

Работа содержит 1 файл

Практика 1-7 .docx

— 189.33 Кб (Скачать)

 №1 практикалық жұмыс жоспары

Ғимаратты алғашқы  тексеру кезіндегі конструкциялардың  техникалық жағдайына баға беру (2 сағат)

 

Жаңғыртылатын және пайдаланылатын ғимараттардағы конструкциялардың  техникалық жағдайы мен өндірістік ортаны (микроклимат) зерттеу.

Өндірістік ортаны табиғи зерттеудің жалпы мақсаты – өндірістік ортаны құрайтын факторлар туралы мәліметтер алу, олардың фактілі жағдайы, сол жағдайды туғызу себептерін анықтау, нормативті талаптарға сәйкестігін орнату және оларды жақсартуға арналған шараларды ұйымдастыру.

Құрылыс конструкцияларының техникалық жағдайын тексерудің жалпы  мақсаты – физикалық қажу деңгейін, конструкциялардың фактілі жұмысқа  қабілеттілігін анықтау және олардың  пайдаланылу сапасын қамтамассыз  ететін шараларды ұйымдастыру.

  Қойылған талаптарға сәйкес ғимараттарды табиғи зерттеу келесі этаптардан тұрады:

    1. Алғашқы тексеру;
    2. Бөлшектік құрылғылық тексеру;
    3. Лабораториялық жағдайда зерттелетін конструкция материалдарының физикалық-техникалық сипаттамаларын анықтау;
    4. Зерттеу қорытындысын жалпылау.

Бөлшектік құрылғылық зерттеумына  жұмыс кешендерін құрады:

    1. Бөлменің өндірістік ортасын (микроклимат) қалыптаструшы, олардың сандық көрсеткішін көрсететін факторлар, және  алынған нәтижелерді нормативті талаптармен салыстыру;
    2. Қабырға және қоршау конструкцияларының техникалық жағдайы, оған қоса жылутехникалық және беріктік көрсеткіштері; олардың әрі қарай пайдалануға жарамдылығы және жаңашыл нормативті талаптарға сәйкестігі.

Табиғи зерттеудің сипаттамасы  мен көлемі тапсырыс берушінің орындаушылар алдына қойған  нақты талаптарымен анықталады.

Ғимаратқа алғашқы тексеріс жүргізудің негізгі шарты құрылыс  конструкцияларының жалпы жағдайын және өндірістік ортаны, белгіленген  жұмыс құрамын анықтау және бөлшектік  құрылғылық зерттеу үшін техникалық ғимаратты құрастыруға қажетті, белгіленген жұмыс құнын және тапсырыс берушімен келісімшартқа  отыруға керекті мәліметтерді  жинақтау болып табылады.

Алғашқы тексеріс жұмыстары  құрамына кіретіндер:

Нысанды жалпылама тексеру;

Құрылыс аймағының ерекшеліктері  жөнінде мәлімет жинау; климаттық  және табиғи-геологиялық талаптар; аймақтың сейсмикалық жағдайы және т.б.;

Ғимарат туралы жалпы мағлұмат, құрылыс уақыты, пайдалану мерзімі;

Көлемдік-жоспарлық, конструктивтік шешімдер мен инженерлік құрылғы  жүйелері жөнінде жалпы сипаттама;

Өндіріс технологиясының  құрылыс конструкцияларына әсері  тұрғысынан оның ерекшеліктері;

Микроклиматтың немесе өндіріс  ортасының фактілік параметрлері, температуралық-ылғалдылық режимі, құрылыс конструкцияларына  зиянды технологиялық ағымдардың болуы, антикоррозиялық шаралар жөніндегі мағлұматтар;

Аумақтың гидрогеологиялық талаптары және топырақ негізінің  жалпы сипаттамасы;

Нысанда бұрын соңды зерттелген өндірістік ортасы мен құрылыс конструкцияларының жағдайы жөніндегі мәліметтерді қарастыру;

Бұрын соңды жүргізілген  жөндеу жұмыстары мен құрылыс  конструкцияларының пайдаланылу сапасын  қайта қалпына келтіру мен  жаңғыртуға бағытталған жұмыстар жөніндегі  мәліметтерді қарастыру.

Алғашқы визуальді тексеру  кезеңінде дефекті мен келтірілген  зақымға байланысты конструкцияның техникалық жағдайының категориясы анықталуы қажет. Пайда болған дефекті мен зақымға байланысты конструкцияның техникалық жағдайы 2.1 кестеде және ІІ-1, ІІ-3 қосымшаларда келтірілгендей 4 категорияға бөлінеді:

2.1 Кесте

Ғимаратты алғашқы тексеру кезіндегі конструкциялардың техникалық жағдайына жалпы баға беру 

Конструкция жағдайы категориялары

Конструкцияның жағдайын сипаттайтын жалпы белгілері

І-жақсы

 

 

 

ІІ-қанағаттанарлық

 

 

 

ІІІ-қанағатсыз

 

 

 

 

ІV-апат алды немесе авариялық (қауіпті)

Конструкцияның жүк көтеру қабілетін төмендететін көзге көрінетін  зақымдар мен жарықтар жоқ. Жобалық  құжатнамалар мен норма талаптарына  сәйкес пайдалану шарттары орындалады. Жөндеу және қайта қалпына келтіру  жұмыстары қажет етілмейді.

Азын-шоғын зақымдар, кей  жерлерде талды жарықтар кездеседі. Антикоррозиялық қорғаныс аздап  зақымданған. Пайдалануға жақсы жағдай жасалған. конструкцияларға күш келтірмейтін локалды зақымдарды жоюға арналған ағымдағы жөндеуді қажет етеді.

Конструкцияның жүк көтеру қабілеттілігін және оның жұмысқа жарамдылығын төмендететін зақымдар, дефекттер, жарықтар бар. Норма талаптары бұзылған, бірақ  құлау және жұмыскерлер қауіпсіздігіне зиян келтірер қауіпі жоқ. Конструкцияны  жаңғырту және қалпына келтіру қажеттілігі  бар.

Зақымдар конструкцияны  қолдануға жарамсыз екендігін және оның құлау қауіпі туралы, конструкцияның тексерілу аймағына адамдардың жақындамауы жөнінде хабардар етеді. Апаттың алдын алу шараларын тез арада өткізуді қажет етеді. Зақымданған конструкцияларды толығымен немесе жеке элементтерін ауыстырып, қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.


 

Бетонның беріктігін балғамен ұру кезінде немесе бетонның беткі қабатына «жалам» орналастырылған зубилаға ұру арқылы білуге болады.

2.2 Кестеде бетон беріктігінің  салмағы 0,4-0,8 кг балғамен ұру  кезінде қалдырылған із арқылы  көрсеткіштері ұсынылған:

2.2 Кесте

Салмағы 0,4-0,8 кг балғамен орташа күшпен бір рет ұрғандағы нәтиже

Бетонның беріктігі, МПа

Бетонның беткі қабатына

«жалам» орналастырылған  зубилаға ұру

Бетонның беткі қабатында  әлсіз із қалады

Бетонның бетінде із қалады,

Бетон бөлшектеніп, уатылады, бүйірінен ұрғанда үлкен бөлшектер  алынады

Терең із қалады

Терең емес із,

 

Бетон бетінен 

Тіс бетонға 5 мм тереңдікте енеді, бетон уатылады.

 

Тіс бетонға 5 мм-ден артық  тереңдікке енеді.

20 астам

 

20...10

10...7

 

 

7 кем


 

Конструкция (тақта, ағаш, ферма  және т.б.) күйінің категориясын бағалау  кезінде олардың қисаюын анықтау  керек және берілген конструкцияға  және пролет өлшеміне сәйкес рұқсат етілген  көрсеткіштерімен салыстыру.

Алғашқы тексеру кезеңінде  конструкциялардың ІІІ және ІV категорияларға сәйкес апатты жағдайларды болдырмаудың алдын алу шараларын тез арада өткізу туралы ұсыныстар беріледі.

Алғашқы тексеру кезінде  жүк көтеруші конструкциялардың  ішінде бағаналарға, кран асты ағаштарға, рама арқалықтарына, стропила асыт және стропильді фермаларға, тежегіш фермаларға, фахверктің жүк көтеруші элементтеріне, прогондарға ерекше назар аударған жөн. 

Кран асты конструкцияларының тежеуіш фермаларын және балкалардың  қатайту жіктерін тексергенде болттар, тойтармалар жағдайына және пісіру қосылыстарына, сонымен бірге жіктердің негізгі жұмысшы элементтеріне аса назар аударған жөн.

Белгілі талаптарға сәйкес тапсырыш берушімен жұмыстарды орындаудағы  қауіпсіздік шаралары (кәсіби киім, индивидуалды қорғаныс құралдары, зерттелетін  конструкцияға жақындауға қауіпсіз құрылғылар, қараңғы аймақтарды жарықтандыру және өзге де тексеруге қажетті шаралар) тағайындалып, келісіледі.

Алғашқы тексеріс жұмыстарын жүргізерде өндірістік ортаны, жеке құрылыс конструкцияларын және толықтай ғимаратты нақтылап тексеруге жұмыс бағдарламасы құрылады.

 

№2 практикалық  жұмыс жоспары

Бөлменің ауа  ортасы жағдайын бағалау көрсеткіштері

Суық уақытта жылытылатын  бөлмелердің микроклиматтық жағдайының көрсеткіштерін сыртқы және ішкі ауа  айырмашылығы 50% құрайтын және температураның айырмашылығын дәлірек көрсеткішінде орындаған жөн.

Жылы мезгілде бөлменің микроклиматтық жағдайының көрсеткіштерін есептеуді  өте ыстық кезде орындаған  жөн.

Бөлменің көлеміне сәйкес температураларды, ылғалдылықты және ауа жылдамдығын  реттеуде заңдылықты анықтау үшін, оларды өлшеуді бөлменің бірнеше қиылысында вертикальді  түрде жүргізеді. Қиылыс саны мен өлшеу пункттерін бөлменің тағайындалуына, адамның кәсібіне, желдету және жылыту жүйелерінің сипатына, технологиялық жабдықталуына және ғимараттың көлемдік-жобалық шешіміне байланысты анықтайды.

 Пункттің микроклиматтық көрсеткіштерін өлшеу жылу және ылғал бөлгіш құрылғылар, ауа шығарылып-жұтылатын сору және шығару тесіктеріне жақын жерде жүргізілмеуі тиіс.

Тығыздығы жоғары және келуші адам санына сай микроклиматтық көрсеткіштерді өлшеуді ауданы 25-тен кем емес және 100 м2 артық емес аумақта өткізілуі тиіс.

Егер бөлменің микроклиматтық талаптары бойынша тағайындалуына сай (балабақша, мектепке дейінгі оқу орны, аурухана, қоғамдық ғимараттар және т.б. ) арнайы шарттар көрсетілмесе, бөлме биіктігіне байланысты температура мен ауа жылдамдығын еденде (шартты белгісі 0); еденнен немесе жұмыс аймағынан 0,1; 0,25; 0,75 және 1,5 арақашықтықта; аражабын мен жабын астынан конструкцияның астыңғы бетінен 0,25-0,3 м арақашықтықта өткізу керек.

Тұрғын ғимараттар бөлмелерінде микроклимат көрсеткіштерін өлшеу  сыртқы қабырғаның ішкі бетінен және жылыту құрылғысынан 0,5м басталатын жазықтықтар центрінде,  және қызмет көрсету бөлмесінің центрінде өткізіледі.

Өндірістік ғимараттарда қиылыстар шегі ғимараттың торецтік қабырғасынан 6 м қашықтықта белгіленеді. Қиылыстарды ғимараттың бөлгіш осьтерімен келтірген жөн.

Нақты зерттеу есебі қажет  болған жағдайда өлшеу жеке аумақтарда, технологиялық агрегаттарда және т.б. жүргізіледі.

Температураны және ішкі ауа  ылғалдылығын өлшеу нүктелерінің сызбасы 3.1. суретте көрсетілген.

Температура мен ауа ылғалдылығын және бір бөлмедегі ауа жылдамдығын  өлшеудің бірліктік толық циклі  мүмкіндігінше ғимараттың әр түрлі  деңгейінде, жұмыс уақытында 3 реттен кем емес уақыт интервалы 7-8, 11-13және 16-17 сағаттан  орындалғаны дұрыс.

Бөлменің микроклимат  көрсеткіштерін Ростстандарт сертификаты  бар және тіркеуден өткен мемлекеттік  стандарт талаптарына сәйкес  құралдармен  өлшенеді.

Температураның және ауа  ылғалдылығын бірліктік өлшеу үшін Ассманның аспирационды психрометрі қолданылады (3.2 сурет) МЕМСТ 6353-52.

Үздіксіз өлшеу және температура  мен ауа ылғалдылығы жазбасын алу үшін метеорологиялық термографтар мен гигрографтар (3.3 сурет), сонымен  қатар автоматты өздігінен жазатын  термонарасы бар потенциометрлер  қолданылады.

8 графада технологиялық  процестің кезеңдері, агрегаттардың  орналасуы мен күйі және өлшеу  тұрғысының ерекшеліктері көрсетіледі.

3.2 Кесте

Бөлменің температуралық-ылғалдылық режимінің классификациясы

Бөлме режимінің сипаттамасы

Ішкі ауа сипаттамасы

Температура, ͦ С

Салыстырмалы ылғалдылық, %

Будың парциальді қысымы, кПа

  1. Құрғақ, температурасы:

Төмен

Орташа

Жоғары

  1. Нормальды, температурасы:

Төмен

Орташа

Жоғары

  1. Ылғалды, температурасы:

Төмен

Орташа

Жоғары

  1. Дымқыл, температурасы:

Төмен

Орташа

Жоғары

 

 

 

12 дейін

12-ден 24 дейін

24-тен жоғары

 

 

12 дейін

12-ден 24 дейін

24-тен жоғары

 

 

12 дейін

12-ден 24 дейін

24-тен жоғары

 

 

12 дейін

12-ден 24 дейін

24-тен жоғары

 

 

60 дейін

50 дейін

40 дейін

 

 

60-тан 75 дейін

50-ден 60 дейін

40-тан 50 дейін

 

 

75 жоғары

60-тан 75 дейін

50-ден 60 дейін

 

 

85 жоғары

75-тен 85 дейін

60-тан 75 дейін

 

 

0,7 дейін

0,7-ден 1,5 дейін

1,5 жоғары

 

 

0,84 дейін

0,84-тен 1,8 дейін

1,8 жоғары

 

 

1,05 дейін

1,05-тен 2,23 дейін

2,23 жоғары

 

 

1,18 дейін

1,18-ден 2,38 дейін

2,38 жоғары


 

Бөлмелердегі ауа қозғалысының жылдамдығы температура мен ауа  ылғалдылығын өлшеу нүктелерінде анықталады. Әр түрлі нүктелерде өлшеуді біркелкі (синхронды) немесе уақыттың минимальді алшақтығында өткізген дұрыс. Өлшеу жұмыстары жазғы және қысқы уақытта, және жылдаң өтпелі мезгілдерінде жүргізіледі. Әр периадта 3 циклдан кем емес өлшеу жұмыстары өткізіледі.

Ауа қозғалысының жылдамдығы қанатты, шұңқырлы анемометрлермен (3.6 сурет) немесе кататермометрмен (3.7 сурет) өлшенеді. бірліктік өлшеуді орындауда  анемометрлерді қосу ұзақтығы 60 сек.

Жабық бөлмелерде немесе пәтерлерде ауа қозғалысының жылдамдығын анемометрмен өлшемейді, себебі оның сезімталдығы төмен, сондықтан оған беті 22,6 см2 цилиндрлік қоры бар спирттік термометрді сипаттайтын, жоғарғы ұшы шағын қорға ауысатын 20 см ұзындықтағы трубкасы бар кататермометр қолданылады. Ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеу принципі кататермометрдің инструкциясында және құжатында сипатталған.

Сәлелік энергия кезінде  кататермометрді оның әсерінен қорғаған жөн, олай болмаған жағдайда кататермометрдің көрсеткіштері қате болуы мүмкін.

Информация о работе Ғимаратты алғашқы тексеру кезіндегі конструкциялардың техникалық жағдайына баға беру