Мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарында кесте тігу өнерін оқытып,үйрету әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 12:25, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуі, экономика, мәдениет, білім, өнер салаларының дамуы басты мақсатқа қойылып отыр. Ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан бенелеу өнерінің шығармаларын, қолөнер туындыларын, олардың тарихтарын жас ұрпақтың бойына сіңдіру, қазақ халқының өнерімен шет елдерді таныстыру менің де басты міндетім деп білемін. Мен дипломдық жұмысымда Сәндік қолданбалы өнердің бір турі кестелеу өнерін оқушыларға үйретіп,тігу жолдарын,әдістерін қарастырдым. Ерте заманнан келе жатқан кесте тігу өнерін осы күнде мектеп қабырғасында сыныптан тыс үйірме жұмыстарында үйретудің жүйелі жоспарын құру арқылы жасап шығару, сонымен бірге осындай жұмыстар арқылы балаларға эстетикалық тәрбие бере отырып,оқушының ой-өрісін дамыту және патриоттық сезімін ояту болып табылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................……....3

І. Қолөнер-мол өнер. Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің шығу және даму тарихы.
1.1 Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы және түрлері........................................................................................................……..5
1.2 Қазақ кесте өнерінің шеберлері....................................................................................................……13

ІІ. Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері.
2.1 Кесте өнері және оның түрлері,қажетті құрал-жабдықтар,тігу технологиясы........…………………………….........................................…....14
2.2 Шығармашылық жұмыс,ізденіс жолдары,жұмыстың орындалу барысы.…………………………………..………………...............….........….21

ІІІ. Мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарында кесте тігу өнерін оқытып,үйрету әдістемесі.
3.1 Үйірме жұмысының жылдық-күнтізбелік жоспары........................................................................................................…..23
3.2 Кесте тігу өнерін оқушыларға үйретудің сабақ жоспары..............................................................................................................25
3.3 Сәндік қолданбалы өнер саласы бойынша оқушыларға эстетикалық тәрбие беру процесі………….........……………………..................................................….28

Қорытынды......................................................................................................31
Әдебиеттер........................................................................................................33

Работа содержит 1 файл

Дип.-тыс-үйірме-жұмыстарында-кесте-тігудің-технологиясын-үйрету.doc

— 289.50 Кб (Скачать)

Өрмектің ерсі және қарсы жіптерін екі адам алады да, өрістің 4 қазығын айнала жүріп, соған төгеді. Мұны ңөрмек жүгіруң деп атайды. Егер ерсі жіптері бірнеше түсті болса, онда әлгі 2 адам оларды санай отырып кезекпе-кезек төгеді немесе бірнеше адамдар бөліп алып жүгіреді. Өрмек жіптері жерге түсіп, шөп шаламға былғанбау үшін және жүгірген кезде жіп домалақтары тез домалап, тез ағытылуы үшін, жүгірушілер әр домалақты ернеуі тегіз аяққа, табаққа салып алып жүреді.

Бесінші қазық пен  арқалықтың қасында отырған адам өрмек құру ісінің тәжірибелі шебері болуға тиіс. Ол басы түзу шыбыққа бекітілген күзу жібінің шағым домалағын алады да, ерсі жіпті бір шалып, арқалықты орай күзу  шыбығынан тағы бір рет жарты қазықбау байлауымен өткермелейді. Ал қарсы жіпті шалмай, тек арқалықтың сыртынан бесінші қазыққа іле салады. Осы тәртіппен жүргізілген өрмек жібінің бірі күзуге шалынып, екіншісі күзуге шалынбай бос қалып отырады. Мұны ңөрмек шолуң дейді.

«Өрмек жүгіру» біткен соң қазықтарды суарып тастап өрістегі жіпті екі еселеп жинайды. Сонда жіптердің екі екі жақ басы тұйық болып шығады. Мұның бір тұйығын өріске апарып, қазыққа кигізеді.  

Екінші тұйығынан көлденең бір ағаш өткізеді де, оны тартып тұрып, жерге төсей бекітеді. Күзу шыбығы мен арқалықты көтеріп  өрмек көтермесіне ілінеді.

Дұрыс шалынған өрмек жіптері енді екіге бөлінеді. Демек, күзудегі жіп жоғары шығады да, бос жіп күзудің астында қалады. Бұдан кейін арқалықтың алдыңғы және артқы жағынан итіс-тартыс екі айқыс пайда болады. Арқалықтың асты, яғни екі жіптің арасы 10-15 см қуыс болады, бұл қуысқа қылышты өткізіп қояды. Енді алдыңғы айқас жіптерді ажыратып, қолмен санап отырады да, астыңғы жіпті үстіне шығарады. Ал үстіңгі жіпті астына түсіріп, бұл араға адарғыны сұғып қояды. Адарғымен бақылау жібін өткізіп, оның екі ұшын қоса тұйықтап байқайды. Жіп үзіліп немесе қосарланып шатаса қалса, оңай тауып алу үшін және жіптерді бір келкі керіп тұруы үшін, адарғы қоярда саналған жіпті 20-30 пардан топтастыра кергіш сабауға тізіп байлайды. Өрмек тоқушы күзудің астындағы 10-15 ашыққа арқау шөлмегін өткізіп алады да, арқауды көлденең қалдыра тартып тұрып, қылышпен нығыздап қағады. Бұдан кейін қылышты суырып алып, адырғыны қырынан көтере күзудің деңгейіне әкеледі. Сол кезде күзудің ілінбеген қарсы жіп адарғының қырымен 20-25 см жоғары көтеріліп, күзулердің ара-арасымен 10-15 сантиметрдей ерсі жіптің үстінен қуыс қалады. Тоқушы қылышты әкеліп осы қуыстан өткізеді де, жіптің арқауы үстінен пайда болған айқасын нығыздап қағады. Бұдан соң адарғыны кейін шегіндіреді. Күзеудегі ерсі жіптер тағы жоғары шығып, қарсы жіптердің үстіндегі қуыс қайтадан қалпына келеді. Тоқушы арқауды өткізіп алып тағы да қағады.  Осы тәртіппен қайталанудың нәтижесінде ерсі жіп пен қарсы жіптердің үстіндегі қапсыра айқасып түсуінен барып өрмек тоқыла береді.

Осылайша үлкен залдарға, есік пен төр арасына жайылатын төсеніштерді түгін шығара әсем етіп тоқуға болады. Ол үшін өрмек жүгіргенде оның ерсі жіптерін үш қатар етіп жүгіртеді, яғни ерсінің жібі ен қарсының жібінің басқа «өрмек жібі» дейтін тағы бір жіп қоса жүгіріледі. Бірақ ол жіп ерсі жіптен гөрі қысқа шалынады. Өрмек керіліп, адарғы жатқан уақытта, өрмек жібі ерсі жіптен біраз жоғары тұрады, адарғы керілгенде ерсі жіптен бірге қарсы жіптің астына түседі. Сол кезде арқау өз жолымен негізгі екі жіптің айқас арасында түседі де, өрмек жібінен болған айқас арасына жұмсақ металдан істелген 4-5 жіңішке сым түседі. Сымның жуандығы 2-3 сантиметрдей шамасында жасалады. Осы тәртіппен төрт-бес сым салынып, жіп айқастыра сымдарды орай 4-5 рет тоқылған соң, күзу жақтағы шеткі бір сымды қалдырады да, қалған төрт сымның үстіндегі жіптерді арнаулы аспаппен қиып жіберіп, сымдарды босатып алады. Қиылған жіптердің ұштары тоқыманың үстіңгі бетінде түк болып қалады. Жұмыс тәсілі осылайша қайталана берді.

Түкті кілем. Ою-өрнегі, тоқылу сапасына, бояуның түріне, тұрмыста қолдануына қарай әр алуан атауларға ие болған. Тек қазақ жерінде оның сан түрлі атаулары бар. Сонымен қатар, өзге елдерден (Шығыс елдерінен) әкелінген кілем түріне еліктеп тоқылғандарына да лайықтап атау берген. Әндіжап кілем, бұқар кілем деген атаулар көп.

«Өнерлі өрге жүзер» дейді халық. Кілем тоқуды қолөнердің өзіндік қыр сыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десек те, осы өнерді үйренгісі келген әр адамның тұрмыс қажетін өтеу мақсатымен бірге оның сан түрлі бояларынан туындайтын өрнектер мен бояу үндестігі қиялына қарап бітіріп, сұлулық әлеміне жол таппасына кім кепіл?! Оның айғағы – тарихта қалыптасып келген, сан ғасырлар бойы тұрмысқа байланысты, табиғи құбылыстарын суреттеуге лайықталып ою-өрнек түрлерінің, оның мазмұнының жаңара түсіп, бет-бедерінде тұрмыс-тіршілікке байланысты тың мағына беретін туындылардың пайда болуы. Олардың авторлары да өз замандастарымыз. Бүгінгі кілем тоқу өнері – біржақты, тұрмыс қажетін өңдеу аясынан гөрі – қолдағы барды ұқсата білу, әсемдік пен талғампаздықтың туындысына айналуда. Сондықтан оның еңбекке, өнерге, ойлау қабілетін арттыруға, нәзіктік пен сұлулық пен ұқсатымдылыққа тәрбиелеу маңызды басымырақ тұр.

Енді осы өнердің  ел арасында дамыған түрі-түкті кілем  тоқудың Шымкент облысы, Бөген  ауданының «Алтынтөбе» бөлімшесінде тұратын Үрият Сатқанбаевадан жазып алынған қарапайым тоқылу технологиясы.   

Кілемге түк салуға арналған жіп асқан ептілікпен біркелкі, өрмек  жібінен сәл жуандау, бірақ бос  иіріледі. Кілемге қойдың жабағы жүні немесе түйе жүні керек. Кілем түгіне арнап иірілген жіп келептеліп, жүн жууға арналған синтетикалық ұнтақтармен бірнеше қайтара қанжылым сумен жуып, салқын сумен шайылады. Келептерді жеке-жеке жауып сорғытып бояйды. Бояу әркімнің қалауы бойынша мөлшерленіп, боялатын жіп мөлшеріне орай суға езіліп құйылады. Түйіршік қалмай әбден еріп болу керек, сонан қайнап тұрған суы бар қазанға құйып, үстіне сірке қышқылы қосылады. Енді қоспа араластырыла отыра жіп салынады. Қазанның қақпағын жауып, жіп бояуды алғанша қайнатады. Содан соң келепті бір-бірлеп сорықтырып, бөлек ыдысқа түсіріп алады да әбден суығанша бетін жауып қояды. Сонда ғана боялған жіп өз бозымен бояуды бойына қажетінше сіңіріп, бабына келеді.

Әрі қарай сіңген жіпті  салқын сумен 2-3 қайтара шайып, ілінеді. Осылайша дайындалған жіптің бояуы оңбайды және біріне көшпейді. Бояуы қанық жіптің өрнегі кілемге ерекше сән беріп, құлпырта түседі.

Тоқылатын кілемнің көзделген  көлеміне қарай дайындалатын арқауға, желі мен түк салуға арналған жүн  көлемі де әр түрлі болады.

Арқау қылшықты жүн немесе ешкінің қылымен аралас иірілсе мықтырақ келеді. Қазір арқауға мақта жіп те пайдаланып жүр. Арқаудың жуандығы өрмек жібіне сәйкес, өте жіңішке немесе жуан болмаған дұрыс.

Көлемі 4,20х2,30 метр болатын  кілем арқауына 4 кг, желі жүгіртуге 10 кг мақта жіп және түк салуға 24 кг жүн жіп керек. Осы кілемді тоқу үшін 520 қатар желі тартылады. Бұл желі жіптерінің аралығы 1 түйір бидай дәні  сиятындай болса (желі жібі керіліп, қалып темір болтпен тартылғаннан кейінгі өлшемі) жарайды. Желі жүгіртіліп, қалып қатайтылғаннан кейін күзу байланады.

Күзу байлау өте-мөте мұқияттылықты қажет етеді. Күзу ағаштан ұзындығы кілем енінен 30-40 сантиметрдей ұзындау, қалыңдығы 5-7 сантиметр  болады.

Күзу жібі де кілемнің желі жібіндей ширақ иіріліп, екі  тінделеді. Оны ешкінің қылын араластырып иіруге немесе орынына желіге қолданылатын мақта жіпті пайдалануға болады. Күзу жіп боялмайды. Ол желі жібінің орын-орнында түгел болуын қамтамасыз етеді.

Желі жібі өте мықты  болады, өздігінен үзілмейді. Дегенмен әлдеқалай босаң тартып немесе үзілгені болса күзуден байқауға болады. Мұны кілемшілер «жіп қашу» дейді. Мұндайда үзілген жіпті аса ептілікпен жалғау керек. Үзілген жіптің екі ұшын бір-біріне жеткізіп байлау мүмкін емес, өйткені қалып қатайтылып, желі жібі барынша керіліп тұр. Сондықтан ортадан жіп жалғайды да, жалғанған желі жібінің артығын жіңішке шитмен бұрып тастайды.

Кілем тоқу былай басталады: 5-6 арқау бойына түк салынбай арқау өткізіліп, адарғымен шатыс түсіріп (алғашқыда адарғыны көшіріп шатыс алынса, келесі жолы адарғы ағашты жығып, ілгері ысырып қояды), арқау өткізіледі де, тарақпен тегіс тоқылыс кілемнің басталысынан және екі шетінен ұзындығын бойлай әр жолы қалдырылып отырылады.

Тегіс тоқылысты әрі  қарай түк шалумен жалғастырылады. Түк шалуда шеттік 2-3 арқау әркімнің талғамына сай бірін-бірі толықтырып, әрлендіре түсетін екі түспен жолақ біріңғай тоқылыс түсіріледі. Ал түк қалай шалынады? Ол үшін кілем тоқушының тұсына жіп керіліп, кілем түгіне арналған жіп домалақтары оңай тарқатылатындай етіп соған ілінеді. Барлық түстер қатар-қатар ілінуі керек. Домалақтағы жіптің ұшы тоқушының қолында болады. Ол керегіне қарай желіге бір орап шалады да, кесермен пышақпен артығын қырқып тастап отырады. Бір қатарға түгел түк шалынып болған соң пышақты оң қолға ұстап бас бармақ пен пышақтың арасына әлгі түктерді шымши тартып, тоқылысқа қосады. Үстінен тоқпақпен ұрғылап нығарлаған соң қайшымен түк бетін тегістеп қияды. Арқау өткізілген соң адарғыны көтеріп, алынған шатысты қамти тоқпақпен қайтадан нығарлап, келесі түк шалуға кіріседі.

Кілем тоқу басталысында түксіз тоқылыстан соң салынған екі  түсті түкті жолақты жиек салу немесе шеттік деп атайды. Жиектен  ішке қарайғы тоқылыста кілем  ортасына (немесе табағына) түсірілетін  өрнекті айналдыра әркімнің қалауынша  отау өрнегі бір немесе екі қатар жүргізіледі. Ал отау өрнектері болсын, кілем табағына түсірілетін негізгі өрнектер болсын, олардың шетін айналдыра бір жіппен салынып отырылатын түрді су өрнек деп атайды. Су өрнектің міндеті кілем төсегі (негізгі фоны) мен өрнекті бір-бірінен айқындап бөліп тұрады. Яғни екі түрдің шекарасы іспетті.

Кілемге түсірілетін  негізгі өрнектер: шатыргүл (қос  шатыргүл немесе жеке шатыргүл), мақтагүл, лалагүл, шаршы ішіндегі самаурынша, жапырақ немесе қошақ мүйіз, сыңар  мүйіз оюлары. Бұлар кілем табағына әр түспен шығарылады. Ал отау өрнектері ұсақ гүлдер немесе жарты шаршы, жапырақ немесе жолақтап бірнеше түрден тоқылады. Бұлардың бәрін де бір тін су өрнегі жиектеп шығарып отырады.

Күзу мен тоқылыстың арасы 70-80 сантиметр мөлшерінде сақталады. Ал, кілем тоқылып біте келе алдыңғы  шеттік пен күзудің, күзу мен тоқылыстың арасы мейлінше жақындайды, яғни күзу ағаш әрі қарай жылжи алмайтын және адарғымен шатыс алу қиындайтын шекке жеткенде тоқылыс аяқталып, яғни кілем өрнектері түгел шығарылып, түк салу бітеді. Ал шеттік өрнектердің сыртынан бастапқыдағыдай 5-6 арқау бойына тегіс тоқылыс түседі. Бұл кілемнің екінші шеті.

Дайын болған кілемді  екі адам екі шетінен (енінең) қарама-қарсы  бағытта өткір қайшымен қырқады. Шашақты кілемнің шашағын (желі жібінен) қалаған ұзындықта қалдыруға болады.

Қырқылған кілем қағып-сілкіледі. Шаңтозаң, жіп қырқындыларынан тазарған кілемнің екі шетінен есіп алақұрт  салынады. Алақұрт екі түрлі жүннен немесе шашақ жібінен ширатылып, есілген соң кілемнің шеттігіндегі түксіз тоқылыс үстінен жиек бастырғандай бастырып тігіледі. Кілем иесінің қалауынша шашақ түюіне болады.

Жаңа тоқылған кілемді  ұзындығын жоймау үшін қабырғаға  керіп іледі. Неғұрлым   жақсы  тартылып керілсе, шеті шиыршықталмай, қалыпқа түседі. Мұндай кілем қисаймайды әрі формасын жақсы сақтайды.

Кілем жабдықтары: Кілемді жайсаң – төсеніш, ілсең – сән. Осындай ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әлі де сақтап келе жатқан зат. Әсіресе, соңғы жылдары кілем тоқу өңдірістік кәсіпке айналып  отыр. Әйтпеседе кілемді қолмен тоқу өнері күннен күнге өріс алуда. Кілем өрмегін құрып, тоқу жағдайында пайдаланылатын жабдықтардың түрлері төмендегідей.

Адарғы тарақ – кілемнің өрнегіне келтіріліп шалынған түсті жіптерді, яғни соңғы бір қатар түкті арқауға нықтап бастыра қағып отыратын жабдық. Тарақтың қолға ұстайтын ағашын (сабын) еменнен немесе қайың ағашынан жойып жасайды.

Тарақтың тістері темірден жасалып, ағаштың кеңдеу шетіне, әр тістің арасына 2 мм ашық қалдырып қашап бікітеді. Адарғы тарақтың ұзындығы 15-20 см, тіс жағының ені 8-10 см, биіктігі 6-7 см болады. Тарақтың сабы зімпара қағазбен (наждачная бумага) тазаланып тегістеледі.

Кесермен пышақ – кілемнің өрнек тізбе жіптерін арқауға шалып байлаған соң, артық жіпті кесетін аспап. Пышақтың жүзі өткір болуы керек, темірі болат болғаны жөн. Бұл аспапты қолдан жасамай, дүкенде сатылатын дайын бәкені алып пайдалануғада болады. Соңғы кезде кілем тоқитын өндірістік кәсіпшілік мекемелерде түкті кілемді қолмен өрнектеп тоқитын шеберлердің пышақ-кесермендері өзгерді деп айтуға болады. Олар көбінесе кілемнің желі  жебіне шалып байланатын түрлі-түсті жіптердің артық ұшын кесуге ұстараны да пайдаланып жүр. Ол үшін бәкінің ұстайтын сабын сол күйінде қалдырып, ұстараның жүзін қайтара егеп, кішкене металл қаңылтырын екіге жапсыра иеді де, бәкенің кесетін жүзіне кигізіп бекітеді.

Ұстараны ұзынынан иіп, ортасынан сындырып, бір бөлігін  әлгі қаңылтырдың екі қосылған шетінің  арасын қыстырып ұстатады, ұстараның  біріншісінің жүзінің өткірлігі азайған соң шығарып тастап, жаңасын салады.  Осындай кесерменнің бәкінің жүзіне қарағанда үлкен айырмашылығы бар. Біріншіден ұстараның болаты өте сапалы. Екіншіден, ұстараның жүзі өткірлігіне байланысты ұзақ пайдаланылады. Сондай-ақ жіп те жеңіл қырқылады.

Қайшы – кілем түгін тегістеп қиюға пайланылатын жабдық. Кілем тоқтын шеберге үй тұрмысында тұтынылатын кішігірім қайшыдан гөрі киім пішушілердің үлкен қайшысын пайдаланған дұрыс.

Отырғыш – қалыңдығы 4-5 сантиметр қарағайдан немесе қайың ағашынан жасалады. Ұзындығы 2,5-3 метр, ені 35-40 сантиметр, екі аяғының биіктігі 40-45 сантиметр тақтай қашалып, желімге отырғызылып шегеленеді.

Отырғышты кілемді тіке тұрып тоқығанда пайдаланады. Кілемді  әдетте 2-3 шебер қатар отырып тоқиды, сондықтан отырғыштың ұзындығы кілемнің енінен аздап ұзын болғаны жөн.

Отырғыш жерге жатқызып тоқылатын түкті кілемге де пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2Қазақ кесте өнерінің шеберлері.

 

Ерте заман тарихынан сыр шертіп, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан қолөнер саласының бір түрі Кесте өнері болып табылады. Осы кесте өнері біздің заманымызға қалай, кімдердің арқасында жеткен екен? Деген сауалға тоқталсақ, кесте өнері барлық елдерде дамыған қолөнер саласының бір түрі болып табылады. Ерекше аталатын қазақ халқының кесте өнері сонау замандағы ана, әже, әпкелеріміздің кестеленген бұйымдарымен жетіп келеді.

Информация о работе Мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарында кесте тігу өнерін оқытып,үйрету әдістемесі