Фольклордын тегі мен жанрына қарай жіктелуі зерттелу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2012 в 13:13, реферат

Описание работы

«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді.

Работа содержит 1 файл

фольклордын теги мен жанрына карай жиктеу.doc

— 155.00 Кб (Скачать)

 

Фольклордың өзінің де тарихы, қалыптасу, даму жолдары бар екені, оның әр дәуірде  әр түрде болатындығы - бүгінгі күнде  күмән туғызбайтын ақиқат. Өткен  ХХ ғасырдың өзінде-ақ қазақ фольклорының тарихи кезеңдерін қарастыруға ұмтылыс болды. Мысал ретінде жоғарыда аталған «История казахской литературы» атты еңбектің фольклорға арналған бірінші томын атауға болады. Кітапта «Очерк истории казахского фольклора» деген тарау беріліп, ол төмендегі тараушаларға бөлінген: фольклор времени этногенеза казахского народа; фольклор ХVІ-ХVІІІ вв.; фольклор ХІХ - начала ХХ вв.; советский фольклор. Бұл жерде айтатын нәрсе - қазақ фольклорының тарихын дәуірлеуге ғалымдардың көңіл бөлгенін құптай отырып, дәуірлерді анықтау принциптерімен келісу қиын. Өйткені, мұнда азаматтық тарихтың ізімен жүру шарты қолданылған да, фольклор тарихы майда кезеңдерге бөлініп кеткен, әрі фольклордың ішкі даму заңдылықтары ұмыт қалған, соның нәтижесінде фольклор тарихы әдебиеттің даму жолдарына сай болып шыққан. Рас, бұл еңбекте жекелеген жанрларды  тарихи дамуы тұрғысынан зерделеуге күш салған жәйт бар, алайда, авторлар көбінесе кеңес өкіметіне дейінгі және кеңес тұсындағы деп, екі кезеңді бөле көрсетеді. Бірақ, жалпы алғанда, бұл кітап - қазақ фольклоры - өзіндігі мол мұра екенін, оның өз даму жолдары болғанын алғаш мәселе етіп қойған еңбек болды.

 

Сонымен, ойымызды қорыта айтар болсақ, қазақ фольклоры - әдебиеттің бастауы  бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. Оның ұзақ тарихын баяндамастан бұрын, фольклордың мәні мен мағынасын ашып, оның теориялық мәселелерін сөз етіп алған жөн сияқты. Алдымен «фольклор» деген не, оның статусы қандай, теориялық негіздері мен жанрлық табиғаты қалай әрі неден көрінеді деген проблемаларды қарастырып, олардың фольклор қалайша және қандай жолдармен қарапайымдықтан көркем сөз өнеріне көтеріліп, бүгінгі заманға жеткен классикалық түріне айналуындағы рөлін көрсету - бұл еңбектің басты мақсаты. Аса көңіл бөліп айтатын нәрсе: бұл монография - оқулық емес. Егер оқулыққа қойылатын талап - ғылымда қабылданған, тұрақты қағидаға айналған тұжырымдар берілуі керек болса, мұнда фольклортанудың әрқилы мәселелері жаңадан жазылған зерттеулердің нәтижесін пайдалана отырып, өзіндік ізденістер мен талдауларға негізделген соны пікірлер ұсынылады, қазақ фольклоры жалпы адамзаттық руханияттың даму заңдылықтары аясында қарастырылып, оның ежелгі түр-сипаты басқа құрлықтардағы ХХ ғасырға дейін көне рулық-тайпалық салтта өмір сүрген жұрттардың рухани мәдениетімен тарихи-стадиялық әрі тарихи-типологиялық әдістермен  салыстыру арқылы анықталады.

 

Оқырман назарын мына жағдайларға  да аударуды жөн санаймыз. Бұл еңбекте  жанрлардың зерттелу тарихы баяндалмайды, оған жеке зерттеу жұмысын арнау  керек. Кітаптың мақсаты - ұлттық фольклорымыздың  даму жолдарын көрсету, оның жекелеген  жанрларының туу, қалыптасу, өркендеп-өзгеру үдерістерін айқындау. Әрине, бұл жерде белгілі дәрежеде шарттылық болатыны күмәнсіз, өйткені қай жанрдың болса да пайда болған мезгілін дәл осы уақыт деп кесіп айту қиын. Сондықтан бір жанр бір дәуірде қарастырылса, ол нақ сол кезеңде туған деп түсінбеу керек, себебі ол жанрдың бастауы бұрыныраққа барады, ал қалыптасуы, немесе өркендеуі сол қарастырылып отырған шаққа дөп келеді. Айталық, «Қазақ хандығы тұсындағы фольклор» құрамында қаралатын кейбір жанрлар тап сол заманда тумаған,  олар ертеректе пайда болып, хандық кезінде өркендеп, көркем фольклорға айналған. Сол сияқты «Жаңа дәуірдің» де біраз жанры өз бастауын орта ғасырда алып, көркемделіп дамуын ХVІІІ-ХІХ жүзжылдықтарда басынан кешірген. Сонымен бірге бұл дәуірде жаңа  жанрлар мен шығармалар да өмірге келіп отырған. Ал, ХХ ғасырдағы фольклор туралы сөз болғанда жаңадан пайда болғандармен қатар бұрынғы жанрлардың  өзгергені, жаңа сипатқа ие болғаны айтылады.Тағы бір ескертетін нәрсе: еңбектің құрылымында бірізділік сақталмағандай көрінуі мүмкін. Оның себебі үлкен жанрларға жалпы сипаттама беріледі де, олардың ішкі шағын жанрлық түрлері жеке тараушаларға бөлінеді. Мәселен, дастан жанрын сөз еткенде оған жалпы сипаттама беріліп, ал ішкі шағын түрлері «діни дастандар», «хикаялық дастандар», «ғашықтық дастандар» деп бөліне, жеке қарастырылады. Басқа да үлкен жанрларға осы шарт қолданылды. Және үлкен жанрларға жататын кейбір шығармалар жеке талданды, ондағы мақсат - фольклордың сөз өнеріне айналғанын, оның өнерлік қасиеттерін көрсету болды.

 

Соңғы зерттеулерге келсек,  Қазақ  әдебиеті тарихына арналғкан 10 томдықтың 1 томындағы ұжымдық монографияның жазылуы барысында  жаңа зерттеулермен қатар ертеректе жазылған белгілі ғалымдар З.Ахметов, Б.Уахатов, Д.Шалабеков еңбектері де ықшамдалып пайдаланылды. Мұның себебі, біріншіден, олардың жұмыстарында әлі күнге құнды тұжырымдардың болуы, екіншіден, ғылымда әрқашан жалғастық болатындығы. Әрине, кітаптағы айтылған кейбір ойлар мен пікірлер, тұжырымдар даулы болуы да мүмкін, кей тұстары күмән тудыруы да ықтимал. Бұлай болуы орынды, себебі қазақ фольклоры нақ осы тұрғыда зерттеліп көрген емес және ешбір елде фольклор тарихы арнайы түрде бұлайша жүйелі сипатта әлі күнге дейін зерделенген жоқ. Егер ғалымдар мен мамандар тарапынан ескертпелер, тілектер айтылып жатса, авторлық ұжым оған түсіністікпен қарап, ризашылығын білдіреді делінген.

 

 Еңбектің тараулары мен тараушаларын  жазған ғалымдар мен 1 томның құрылысына тоқталсақ, төмендегідей. Оның себебі бұл тараулар мен оның атаулары ауыз әдебиеті туындыларының зерттелу деңгейін көрсетеді және ауыз әдебиеті шығармаларының қазіргі анықталған бөлінісі, оған қандай шығармалар жататынын мен ауқымын да анықтай алады: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Қасқабасов («Кіріспе», «Қазақ фольклоры: статусы мен теориялық негіздері», «Ежелгі замандағы рухани мәдениет: жалпы сипаты», «Орта ғасырлардағы фольклор: жалпы сипаты», «Жаңа дәуірдегі фольклор: жалпы сипаты», «Миф», «Хикая», «Этиологиялық ертегі», «Қиял-ғажайып ертегі», «Хайуанаттар туралы ертегі», «Батырлық ертегі», «Ғашықтық жыр», «Аңыз», «Әпсана», «Хикаят», «Новеллалық ертегі», «Сатиралық ертегі», «Тарихи жыр: жалпы сипаты», «Кенесары туралы тарихи шығармалар», «Лиро-эпикалық (балладалық) жыр», ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Бердібай («Көне эпос», «Батырлық жыр: жалпы сипаты»); филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Ыбыраев («Көне эпос»); ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор З.Ахметов, филология ғылымдарының кандидаты Б.Ақмұқанова («Қазақ хандығы кезеңіндегі фольклор» тарауына «Мақал-мәтел»); филология ғылымдарының докторы, профессор  Б.Абылқасымов («Арбау», «Бәдік», «Бақсы сарыны»); филология ғылымдарының докторы, профессор К.Матыжан («Үйлену ғұрып фольклоры», «Балалар фольклоры», «Жаңылтпаш»); филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Керім («Егіншілік жөніндегі фольклор», «Жұмбақ», «ХХ ғасырдағы фольклор» тарауына «Мақал-мәтел»); филология ғылымдарының докторы Б.Әзібаева («Дастан: жалпы сипаты», «Хикаялық дастан», «Діни дастан», «Ғашықтық дастан»); филология ғылымдарының докторы М.Жармұхамедұлы («Қыз бен жігіт айтысы», «1916 жылғы көтеріліс туралы фольклор»); филология ғылымдарының докторы Б.Уахатов («Наурыз мейрамы мен фольклоры», «Қара өлең», «Тарихи өлең»); филология ғылымдарының докторы, профессор А.Сейдімбек («Күй аңызы», «Қара өлең»); филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қоңыратбай («Түркі қағанаты кезіндегі фольклор», «Тарихи аңыз»); Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты,  доцент А.Тоқтабай («Наурыз мейрамы мен фольклоры»,  «Қымызмұрындық тойы мен өлеңдері»); филология ғылымдарының кандидаты Д.Шалабеков («Жұмысшылар фольклоры»); филология ғылымдарының кандидаты С.Сәкенов («Тарихи жыр»); филология ғылымдарының кандидаты Ж.Ахметжанова («Тарихи өлең»); филология ғылымдарының кандидаты С.Дәрібаев («Егіншілік жөніндегі фольклор»); филология ғылымдарының кандидаты Р.Әлмұханова («Жарапазан», «Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі фольклор», «Алтын Орда тұсындағы фольклор», «Алпамыс батыр», «Айтыс: жалпы сипаты», «Мысал айтыс», «Шешендік сөз»); филология ғылымдарының кандидаты, доцент П.Әуесбаева («Әңгіме»); фольклортану бөлімінің ғылыми қызметкері  Д.Жақан («Жерлеу ғұрпының фольклоры», «Қобыланды батыр», «Лирикалық өлең», «Өлең»); фольклортану бөлімінің ғылыми қызметкері А.Тойшанұлы («Терімшілік пен аңшылыққа қатысты фольклор», «Мал шаруашылығына байланысты фольклор», «Арбау», «Жалбарыну», «Алғыс (бата)», «Қарғыс», «Ант», «Едіге», «Әлеуметтік-сүйіспеншілік дастан»). Кітапты баспаға дайындауға институттың ғылыми қызметкерлері Д.Жақан мен А.Тойшанұлы, Д.Рахметова қатысқан.

ФОЛЬКЛОРТАНУ БӨЛІМІ  

 

Фольклортану  бөлімінің қызметін үлкен үш кезеңге  бөліп қарауға болады. 1930-1940-жылдар аралығында Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтының секторы ретінде жұмыс жасап, фольклорлық мәтіндерді жинап, жүйелеумен айналысқан. Бұл кезеңде, негізінен, М.О.Әуезовтің 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» мен С.Сейфуллин жариялаған «Ежелгі әдебиет нұсқалары» (1931),  «Қазақ әдебиеті» (1932) қолданыста болған. 1940-жылдары фольклор секторы  бөлімшеге айналып, дәстүрлі және кеңестік фольклор зерттелді. Әсіресе, М.Әуезовтің жетекшілігімен 1948 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклор. 1-т. Алматы, 1948» деген ұжымдық монографияны  ерекше атауға болады.

Өкініштісі, бұл еңбек қолжазба күйінде-ақ сынға  ұшырады, бірақ сын ғылымнан аулақ, саяси-идеологиялық сипатта болды  да, аталмыш кітап «зиянды» деп  танылып, ғылыми айналымнан алынып тасталды (1947 жылғы 21 қаңтарда жарияланған Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателер туралы» атты қаулысын қараңыз). Шындығына келгенде, бұл еңбек – үлкен жұмыстың игілікті бастамасы еді, өйткені, сол тұстың өзінде-ақ қазақ әдебиетінің тарихын бірнеше том етіп жазу көзделген. Бірақ бұл ой жүзеге аспады. Өйткені, идеологиялық, саяси ұстанымды басшылыққа алу міндет болды. Ұлттық мұраны құлшыныспен зерттеуге мұның теріс әсері болса да, бұл еңбекті дайындау барысында фольклордың тарихын жанрлар арқылы зерттеуге талпыныс үзілген жоқ. Томның бірінші бөлімі қазақ фольклорының зерттелуіне арналған. Екінші бөлімде ғұрыптық фольклор,  шаруашылық туралы өлеңдер; дін, салт өлеңдері; Наурыз; бақсы сарыны; бәдік, арбау, жалбарыну; жарапазан және жарапазанның батасы; үйлену салт өлеңдері: әдет, салт; тойбастар; жар-жар, сыңсу-жұбату; беташар; мұң, шер өлеңдері: қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау деп, жеке-жеке қарастырылған.

Фольклорлық мұраларды жанрлық тұрғыдан көптомдық түрінде жариялау 1950-1970-жылдары жүзеге асты.  1957 – 1959 жылдар аралығында «Қазақ эпосы» сериясы бойынша «Қамбар батыр»,   «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қозы-Көрпеш –Баян-сұлу», «Қыз Жібек» жырларының академиялық басылымы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Және 1957-1964 ж. аралығында қазақ және орыс тілдерінде үш том «Қазақ ертегілерінің»  академиялық басылымы дайындалып, мәтіндер жанрішілік түрлерге жіктеліп, ұсынылды. Бұл кезеңдегі зерттеулерде «фольклор» мен «ауыз әдебиеті» ұғымдары бөлінбеген, сол себепті халық арасына ауызша таралғаны  ескеріліп, ақындар айтысы да фольклор ауқымында зерттелді. Сондықтан 1965-1966 ж. фольклортану бөлімі  «Айтыстың» да үш томын дайындап, жарыққа шығарды.

1960-1964 жылдар аралығында жарық  көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы»  фольклортануға бірінші томның  екі кітабын арнады. Бірінші кітап  «Қазақ халқының ауыз әдебиеті  туралы ғылымның даму тарихы»  және тұрмыс-салт жырлары, шешендік  сөздер, ертегілер, батырлар жыры, лиро-эпос, тарихи жырлар, айтыс өлеңдері, жұмысшы жырлары деп, әр бөлім  жеке жанрларды қарастырды. Ал, бұл бірінші томның екінші кітабы совет дәуіріндегі фольклор деп аталғанымен, мұндағы зерттеулердің дені ақын, жырау, жыршылардың шығармашылығына арналған.

«Қазақ әдебиетінің  тарихы» кітабының фольклорға арналған орыс тіліндегі басылымы 1968 жылы жарық  көрді.

М.О.Әуезов қайтыс болғаннан кейін  фольклортану бөлімінің меңгерушісі  қызметін Е.Исмайылов атқарды. Бұдан кейінгі кезеңдерде бөлім меңгерушісі М.Қаратаев, М.Ғабдуллин, Р.Бердібаев, Ш.Ыбыраев   болды. 2001 жылғы қыркүйек айынан бастап фольклортану бөлімі академик С.А.Қасқабасовтың жетекшілігімен жұмыс жасап келеді.

Зерттеу жұмыстары: 1950 жылдары советтік фольклорды, жұмысшы фольклорын зерттеу мәселесі алға шықты. Дегенмен С.Мұқановтың 60-жасқа толуына орай «Қазақ филологиясының мәселелері» (1964), Н.С.Смирнованың ғылыми-көпшілік басылым ретінде дайындаған «Казахская народная поэзия» (1967), Б.Адамбаевтың «Шешендік сөздер. Қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздері» (1967) және «Шешендік өнер (Сырым сөздерінің негізінде)» (1969), т.б. кітаптар жарық көріп, фольклорлық жанрлар сол кездегі ғылыми деңгейге сай зерттелді.               

1950-1970-жылдары фольклортану бөлімінің ұжымдық монографиялары бүкілодақтық ғылым талабының деңгейінде дайындалды. Әсіресе,  1970-жылдардағы зерттеу еңбектерінде бүкілодақтық және әлемдік  ғылымның жетістіктері ескерілді. Жанрлық ерекшелікті басты назарда ұстап, тарихи-типологиялық, тарихи-стадиялық және мәдени байланыс тұрғысынан жан-жақты ізденістер жүргізілді. Мәселен, «Казахский фольклор в собрании  Г.Н.Потанина» (1972) атты жинақ Г.Н.Потаниннің қазақ фольклорына қатысты жинаған мәтіндерін жанрлық жіктеу бойынша беруімен және алғашқы жарияланымды ұсыну арқылы дайындалды. Мұндай ұстанымның екі жақты қызметі бар: фольклорлық мәтін «бұзылмай» ұсынылады,  сонымен бірге кейінгі жариялаушының қандай мақсатты көздеп, өзгертулер жасағаны анықталады. Құрастырушылар: С.А.Қасқабасов, Н.С.Смирнова, Е.А.Костюхин, Е.Д.Тұрсынов сюжеттердің халықаралық типін анықтап, текстологиялық жұмыстар жүргізген. Осындай мақсатты жұмыс «Хайуанаттар туралы қазақ ертегілерін» (1979) жарыққа шығаруда да басшылыққа алынған.

1975 жылы Мәскеуден «СССР  халықтарының эпостары» сериясы бойынша «Қобыланды батыр» жарыққа шықты. Бұл кезеңдегі басылымдар бұрынғымен салыстырғанда біраз өзгешеліктерге ие. Атап айтқанда, жинақты құрастырушы ғалымдардың зерттеу мақалалары жазылды, мәтіндер  көпнұсқалы түрде беріліп, орыс тіліндегі аудармасы қатар ұсынылды. Сондай-ақ ғылыми түсініктер кеңейтіліп, орындаушылар туралы мәліметтер,  т.б. маңызды деректер енгізілді.

Қазақ фольклористері бүкілодақтық орталықтармен  тығыз байланыста жұмыс істеді. Фольклорлық  шығармалардағы тарихилық және типологиялық зерттеулер мақсатты түрде қолға алынғанда ұжымдық іргелі зерттеулер жасалды. Оның дәлелі – «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» (1979); «Қазақ фольклорының типологиясы» (1981),  т.б. еңбектер − осындай ғылыми ауқымды жұмыстардың айғағы. Мәселен, «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» атты ұжымдық жинақта тарихи жырлар мен тарихи өлеңдердің құрамы, жанрлық табиғаты сараланып, идеялық-көркемдік мәні  талданды. Монографияда  тарихи өлеңдер мен тарихи жырлардың жанрлық ерекшеліктері туралы айтылып, бірінші бөлімде XVIII ғасырдағы тарихи оқиғаларда ерен батырлық танытқан Абылай хан, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Олжабай батыр, Өтеген батыр, Арқалық батырларға арналған жырлардың ерекшеліктерін талдауға арналған. Ал, екінші бөлім  XIX ғасыр мен XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі тарихи оқиғаларға байланысты туған эпостарға арналған. Тарихи жырлардағы архаикалық сарындардың қолданылу ерекшеліктері сараланды.  

«Қазақ фольклорының типологиясы» атты ұжымдық жинақ   фольклорлық туындылардың тегі, жасалу, даму, өзгеру заңдылықтарын талдауға арналған. Авторлар ұжымы эпос, ертегі, аңыз, әңгіме, тұрмыс-салт өлеңдерін, т.б. жанрларды түркі-моңғол халықтарының фольклорымен салыстырып, олардың арасындағы ортақтықтар мен өзгешеліктерді анықтаған.

1986-1989 жылдар аралығында «Қазақ  халық әдебиеті. Көп томдық» сериясы  бойынша 18 том фольклорлық мәтіндер  жанрлық ерекшелігі бойынша жарияланды.  Батырлық жырлар – 6 том, тарихи жырлар – 3 том, ертегілер – 4 том, айтыстар – 2 том, дастандар – 2 том, мақал-мәтелдер 1 том болып шықты.  

«Қазақ фольклористикасының тарихы. Революцияға дейінгі кезең» атты ұжымдық зерттеу (1988) ғасырлардың  тереңіне бойлап, қазақ халқының мәдениеті, тілі, тарихы, әдебиеті, өнері хақында  азды-көпті ой қалдырған зерттеушілердің жазбаларын мейлінше толық қамтыған. Зерттеу  XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезін ауқымды түрде ерекшелеген. Оған дейінгі тарихи, филологиялық зерттеулердің көбінде тек ұлы демократ ағартушыларымыз Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың аттары ғана жиі аталатын. Осы зерттеуде бұл олқылықтың орны толтырылып, зерттеушілердің қатары да, зерттеу нысандарының қамтылуы да  әлдеқайда артты.

«Өмір шындығы және фольклорлық  дәстүр», «Фольклортану тарихынан» деген екі үлкен бөлімді қамтыған «Фольклор шындығы» (1990) атты монографияда фольклордың тарихилығы және өмірмен байланысты қырлары зерттелген. Атап айтқанда, эпикалық дәстүр  (Р.Бердібаев),  фольклордың қазіргі замандағы ролі (С.Қасқабасов), эпос жанрының қалыптасу тарихы (Ш.Ибраев), отбасы фольклорының этнографиямен   байланыстылығы (К.Матыжанов), т.б. зерттеулер орын алған.

Информация о работе Фольклордын тегі мен жанрына қарай жіктелуі зерттелу тарихы