Саясаттанудың зерттеу әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 17:09, реферат

Описание работы

Саяси экономия ғылымы саясаттану үшін экономикалық саясатты зерттеуге және анықтауға мүмкіндік береді. Себебі саясаттануда үлкен орын алатын сала экономикалық саясат. Экономикасыз ешқандай қоғам өмір сүрмек емес.

Содержание

Кіріспе
1.Саясаттану ғылымының зерттеу әдістері
2.Саясаттану ғылымының қызметтері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

саясаттану зерттеу әдістері.docx

— 27.87 Кб (Скачать)
 
 

      Жоспар

      Кіріспе

    1.Саясаттану  ғылымының зерттеу әдістері

                       2.Саясаттану ғылымының қызметтері

      Қорытынды

      Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

      Кіріспе

          Саяси экономия ғылымы саясаттану үшін экономикалық саясатты зерттеуге және анықтауға мүмкіндік  береді. Себебі саясаттануда үлкен  орын алатын сала экономикалық саясат. Экономикасыз ешқандай қоғам өмір сүрмек емес.

          Саясаттанудың пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдін ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның аукымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер  шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде  ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы  керек деген сауалдар төңірегінде  бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар  және басқа саяси институттар  туралы ғылым ретінде қарайды. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелер  мен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды, Себебі, ол солармен қатар жалпы, саяси теориялар  мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұндай көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып  шығады.

          Ғалымдардың екінші тобы саясаттануды ғылымға қатаң  негізделген, әсіресе тәжірибелік (эмпирикалық) әдіс-тәсілге сүйенеген, нәтижесін  тексеріп білуге болатын ілім ретінде  түсінеді. Оны жақтаушыларды. бихевиористер  дейді (олар туралы кейінірек сөз балады). Олар бұл ғылымды математика, кибернетика және т.с.с нақтылы ғылымдарға теңиді.

          Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде, саясаттануды теориялық  және практикалық жаққа бөліп, екіншісін  басшылықка алып отыр. Бұлай білімнің екі түрін бір-біріне қарсы қоюшылықпен  келісуге болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп, карау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тірелткен.  Әрине, аталған тәсіл сайлаудың дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т.с.с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ, "еркіндік", "теңдік", "әділеттік", "егемендік", "демократия" және т. б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.

          Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Үлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: І) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі); 2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу); 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық).

          Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс  істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен  міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің  түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың  мазмұны мен жолдары, қазіргі  замандағы сан түрлі саяси  идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси  ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. 
       
       

                   1.Саясаттану ғылымының зерттеу әдістері

           Саясаттану саяси  құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын  түсініп-білу үшін бірталай әдістерді  пайдаланады. Әдіс деп - зерттеу жүргізуді  ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологаялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік  және т. б. әдістер жатады. ХХ ғасырдың ортасынан бастап саяси зерттеулердегі негізгі әдістер болып дәстүрлі әдіс пен эмпирикалық әдіс саналады.

           Дәстүрлі  әдіске саясаттанушылар тарихи, заңдық, институционалдық әдістерді кіргізеді.Тарихи әдісте саяси оқиғаларды сипаттауға, өткен саясатты бағалауға; заңдық әдісте конституциялық принциптер мен құқықтық кодекстерді зерттеуге баса көңіл бөлінеді. Институционалдық әдістің олардан айырмашылығы – ол саяси институттардың қызметіне талдау жасауға баса зейін салатын нормативтік-құқықтық тәсілдің басым болуымен сипатталады.

           Эмпирикалық әдісті саясат ғылымына американдық зерттеушілер енгізді, олар өздерінің назарын нақты эмпирикалық деректерді: индивидтер мен әлеуметтік топтардың мінез-құлқын нақты талдауға аударды. Бихевиоризмге (ағылш. Behavior- мінез-құлық) ерекше тоқтау әр түрлі әдістерді қолдануға әсерін тигізді, бұлар: статистикалық, сандық құжаттарды талдау, ба қылау, сұрау жүргізу, эксперимент жасау.

           Саясаттануда ғылыми талдаудың: салыстырмалы, жүйелі, құрылымдық-функционалдық әдістері де кеңінен қолданылады. Соңғы кезде саясаттануда герменевтика (грек. Hermeneuo- түсіндіремін; бұл жерде: түсіндіру өнері және теориясы) маңызды рөл атқара бастады, мұнда саяси символиканың тілін зерттеуге, ұғымдық аппарат қолдануға негізделген, нақты тіл шегінде жүзеге асырылатын, субъектінің саяси құбылыстарды қабылдау шегі мен саласын сипаттайтын саяси тұжырымдамалар қалыптастыруға баса назар аударылады.

             Баяндаушылық. Саясаттану өмірде болған істі баяндап, оның мән-мағынасын ашып көрсетеді. Бұл саясаттанудың бірінші қадамы.

          Түсіндірушілік. Орын алған оқиғаның себептерін талдап түсіндіреді.

          Болжаушылық. Олған істі қорытындылай келіп, келешекте не болатынын болжайды. Мұны ғылыми негізде жүргізеді. Егер де футурология пәні орта мерзімге, яғни 30 жылға болжайды және көбінесе дұрыс келе бермейді десек, саясаттану аз мерзімге дұрыс болжам жасайды.

          Инструменталдық. Істің нәтижелі болуы үшін жүргізілетін іс-әрекетті көрсетеді.

          Институционалды әдіс саяси жүйе институттарының барлық құрылымдарының (мемлекет, үкімет, саяси партиялар, қозғалыстар, топтар және олардың бағдарламалары мен мәлімдемелерін т.б.) қызметін бағалап оларды танып білуге қолданылады.

          Нормативтік әдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықтық іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

          Диалектикалық-материалистік  әдіс- табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды.

          Ал бұрынғы Кеңес  Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық-материалистік  әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы  және санадағы құбылыстар мен процестерді  бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп  санайды.

          Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардын өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін (байқау, эксперимент, анкета, сұхбат, құжаттарды) талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді. Бұл әдісті саясаттануда қолдану мына төменгі бастапқы ережелерге, алғышарттарға сүйенеді:

    • біріншіден, саясат әлеуметтік құбылыс ретінде өзіндік өлшемге ие, ал саяси қызметтің барлық топтық түрлерін зерттеудің басты нысандары есебінде көрінетін нақтылы индивидтердің тәртібін талдаудан шығаруға болады;
    • екіншіден, саясатқа қатысудың басты сылтауы психикалық бағдарлар болып табылады;
    • үшіншіден, тәжірибелік фактілерді жинау және саяси құбылыстар сандық өлшемдерге ұшырауы мүмкін, ал мұның өзі саясаттанудың алдында математикалық және басқа да әдістерді, статистикалық көрсеткіштерді, сауалнамалар арқылы алынған мәліметтерді сұрыптау әрі талдау кезіндегі компьютерлік техниканың нәтижелерін пайдаланудың кең мүмкіндігін ашатын болады.
 

          Осыған байланысты сандық әдіс пайдаланылады. Ол статистикалық зерттеу. Онда статистика арқылы жеке адамның, топтардың ерекшелігін аңғару. Анкета таратып, жауап жинап есептеу қоғамдық пікірді анықтайды. Оны лабораторияда есеп машинасы арқылы жүргізуге болады.

          Салыстырмалыәдіснемесебіріктірмелі(компоративті)  әр түрлі елдердегі саяси құбы лыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.

          Салыстырмалы әдіс салыстыру арқылы әр түрлі саяси  жүйелердің, саяси құбылыстардың  көп түрлілігіндегі жалпы мен  айырықшаны бөліп алып қарауға, саяси  процестер дамуының басты бағыттарын тануға мүмкіндік береді. Кезінде  оны Платон мен Аристотель, Монтеське, К. Маркс пен Ф. Энгельс пайдаланған. Бұл әдіс ұқсастық белгілері бар саяси нысандырдың ( я болмаса бөлімдердің) екі және одан да көбін өзара салыстырудан тұрады.

          Демек, бірдей тектес түрдегі, яғни, ұқсастық белгілері бар  саяси құбылыстарды бұлай салыстыру  саяси ұйымның неғұрлым тиімді түрлерін, я болмаса міндеттерді шешудің  ең дұрыс үйлесімді жолдарын бағыттауға мүмкіндік береді.

          Сондықтан да салыстырмалы әдісті қолдану, әсіресе, батыл саяси  реформалар мен демократиялық басқа  елдер мен халықтардың тәжірибесін  пайдалану негізінде өркениетті мемлекет құру жағдайындағы қазіргі  қазақстандық саясаттану үшін ерекше көкейтесті мәселе.

          Шамасы, кез келген тарихи баян қалай болғанда да қазіргі  заманның мүдделеріне бағытталған  деп есептейтін ғалымдардың пікірлері  дұрыс сияқты. Демек, тарихи тәжірибе қазіргі кезең мен болашаққа  арналған саяси бағдарлауға деген  талап-тілектің өзектілігін танытады.

          Сонымен, М. Вебер  әділ атап көрсеткеніндей, өткеннің тәжірибесін  болашаққа қалай болса солай  көшірү – тарихи көзсіздік, ал өткеннің тәжірибесінсіз келешекке мөлшермен  қарау да – тарихи бекершілік.

          Тарихи  тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың| байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.         

          Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.

          Жүйелік әдістің  шынайы даралығы зерттеу нысанын  тұтастай қабылдаумен және кең тұтастық шеңберіндегі жекелеген нышандар арасындағы байланыстарды жан-жақты таңдаулармен танылады.

          Әлеуметтанушылық әдіс саясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды. Саясаттануда әлеуметтанушылық әдісті қолданудың аса зор және маңызды практикалық мәні бар бұл әдіс шынайы саяси өмір фактілерін талдауға бағытталған нақты әлеуметтанымдық зерттеулердің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы болып есептеледі. Әлеуметтанымдық әдістің батыс саясаттануында өте-мөте кең таралғанын айту керек. Батыстың саяси өмірінде әлеуметтанымдық зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде қолдануға бағытталған біршама дербес бағыт – қолданбалы саясаттану бағыты қалыптасқан.

          Саяси өмірде әлеуметтік зерттеулер, олардың нәтижелері товар  ретінде көрініс табады да, бұларға  тапсырыс берушілер мен сатып  алушылары биліктің орталық және жергілікті орындары, саяси партиялар, мемлекеттік мекемелер, жеке фирмалар болып табылатындығын айтқан жөн.

          Шешім қабылдау әдісі. Ол шешім қабылдау орталығы; шешім қабылдау барысы; саяси шешім, оны өмірде жүзеге асыру. Бұл әдістің артықшылығы саяси көріністерді толық дұрыс түсінуге мүмкіндік туғызады; саяси шындықтың дамуын талдауды талап етеді; оқиғаның не себепті осы бағытта жүріп жатқандығы туралы сұраққа жауап береді; қабылданған шешімнің дұрыстығы анықталады; шешімді икемді түрде өзгертуге көмектеседі, басқа әдістерді жинақтайды.

Информация о работе Саясаттанудың зерттеу әдістері