Құқық туралы негізгі түсініктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 10:06, реферат

Описание работы

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

Работа содержит 1 файл

КУкук.docx

— 46.66 Кб (Скачать)

5.      Заң - барлық нормативтік актілердің негізі, діңгегі. Қоғамда заңның үстемдігі қалыптасу керек.

Заңның үш түрі қалыптасқан: Конституциялык заңдар, жай заңдар, төтенше заңдар, Қазақстан- республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік кесімдер аркылы калыптасады. Құқықтың нәр алатын бастауы Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ен жоғары заңдық күші бар және республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.

Заңның күші төрт "өлшемде" жүзеге асырылады: мерзімде, кеңістікте, тәнінде, тұлғаларға байланысты.

Заңның қолданылуы екі  бағытта жүзеге асырылады:

1.      Заң колма-қол, басылған күннен бастап күшіне енеді. Тек сол күннен бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

2.      Егер    заңда    бұрын    пайда    болған    құқықтық қатынастарға қолданылады деген қағида болса, заңның кері күші болуы мүмкін, бірақ ол өте сирек кездеседі. Жауапкершілік белгілейтін немесе ауырлататын заңның кері  күші  болмайды.  Егер  іс-әрекет жасалғанда  оған жауапкершілік заңда белгіленбеген болса, онда ешкім ол жауапқа тартылмайды.   

 Заң шығарған орган,  әдетте заңмен бірге заңды күшіне еңгізу туралы қаулы қабылдайды, Занның жүзеге асырылуы токтатылса, ол күшін жойған болып есептеледі. Ол мынадай жағдайларда күшін жояды: көрсетілген мерзімі өтсе; күші жойылғаны туралы кесім қабылданса; іс жүзінде күшіндегі заңның орнына басқа заң қабылданса.

Заңның кеңістіктегі күшінің  шет мемлекеттің аумағымен және егемендігімен байланысты. Мысалы, Қазақстанның аумағы оның жергілікті әкімшіліктерінің аумағынан, ішкі сулардан, теңіздерден, оның жоғарғы ауа кеңістігінен тұрады.

Заңға тәуелді нормативтік  кесімдер - бұлар заңға қайшы келмеуі  керек және заңды орындау үшін өмірге келеді. Заңның уакытында әрі дұрыс, орындалуын камтамасыз етеді. Занға сәйкес жергілікті ерекшеліктерді, жағдайды ескере отырып кесім қабылданады.      Мазмұнына   қарай   заңға   тәуелді   нормативтік кесімдер бірнеше түрлерге бөлінеді.

1.      Жалпылама заңға тәуелді нормативтік кесімдер - мемлекеттің барлық аумағында күші бар экономикалық, әлеуметтік т. б. салалардағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормалар. (Елбасының жарлықтары, үкіметтің қаулылары).

Жергілікті заңға тәуелді  нормативтік кесімдер -жергілікті басқарушы  аппараттардың қабылдаған кұжаттары. Бұл кесімдер Президенттің жарлығын, үкіметтің қаулысын орындау негізінде қабылданып және өздерінің құзырында әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік т. б. мәселелерді шешу үшін негізгі бағыттарды белгілейді, шешімдер бекітеді.

Мекемелік нормативтік кесімдер - бұйрықтар, нұсқаулар   аркылы   өз  құзырындағы   мәселелерді   іске асырудың   жолдарын,   бағыттарын   анықтап,  жүмысқа кіріседі.

Бірлестіктердің, одақтардың, ұйымдардың т. б. ұжымдардын заңға тәуелді  нормативтік кесімдері.

Com билігінің актілері. Сот  жүйесінің көп жылғы тәжірибесіне сүйене отырып, қорытынды ұсыныстар жасалады. Оның маңызы өте зор. Нормативтік кесімдердің кемшіліктерін, қателіктерін толықтырады, жетіспейтін жерлерін жетілдіреді.

Жоғарғы сот мемлекеттің  көп жылғы тәжрибесіне сүйене отырып жаңа нормативтік кесім жасайды  және оны сот жүйесі қолдануға  міндетті. Сөйтіп сот саласының жұмысын  жақсартуға тиісті мүмкіншілік жасайды.

Қоғамның диалектикалық  процесіне сәйкес құқықтың актілер  сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың  бір-біріне қайшы келуі молаяды. Сондықтан мемлекет қабылдаған барлық нормативтік кесімдерді жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп отырады. Оның үш түрі бар: кодификация (мазмұны өзгерген кодекстер, жарғылар, жарнамалар, әскери зандар, салық заны т.б.), инкорпорация (мазмұнын өзгертпей сала-салаға, алфавит, шықкан уақытына сәйкес жүйеге келтіру), консолидация (бір саладағы кесімдерді мазмұнын өзгертпей жүйелеу).

Құқық шығармашылығы - мемлекеттің  жұмысының ең   күрделі,   өте   жауапкершілігі   зор   түрі.   Құқықтық шығармашылық тікелей мемлекеттік органның нормативтік кесімдерді, өмірде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік нормаларды және нормаларды референдум арқылы бекіту арқылы жүзеге асырылады.    

Норма шығармашылықтың кезеңдері:

1. Норманың    жобасы    туралы    тиісті    органға ұсыныс жасау. Ұсыныс жасайтын субьектілер әр мемлекеттің конституциясында көрсетіледі.

2. Тиісті ресми мемлекеттік орган қаулы қабылдап, жасауға тапсырма береді.

3. Жобаны талқылау.

4. Жобаны парламентте талқылау.

5. Нормативтік кесімді қабылдау, бекіту.

6. Норманы жариялау.  

 

Ел Президенті өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативтік  жарлық шығарады. Үкімет, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот да өз құзырларына жататын мәселелер бойынша нормативтік қаулылар қабылдайды.

Қазақстан  Республикасының министрліктері,  Мемлекеттік   комитеттер,   жергілікті   өкілетті   органдар - мәслихаттар   және   жергілікті   атқарушы  органдар   өз өкілеттіктерінің ауқымында нормативтік-құқықтық кесімдер жасауға құқылы.

Құқық - қолдану, жүзеге асыру  үшін жасалады. Құқықты жузеге асырудыц ерекше тәсілдері бар:

-        құқықты сактау (мәні: тыйым салынған әрекетті жасаудан бас Тарту);

-        құқықты   орындау   (мәні:   жүктелген   міндетті жүзеге асыру үшін белсенді әрекеттер жасау);

-        құқықты пайдалану (мәні: түлға өзіне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалана ма, жоқ па өз еркі); 

-       құқықты   қолдану   (мәні:   бұл   билік   кызметін жүргізу арқылы жүзеге асырылады).

Құқықты қолдану бірнеше  сатыдан тұрады:

·        істің нақтылы мән жайларын анықтау;

·        істің заңды негізін анықтау;

·        құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдау;

·        шешімді жүзеге асыру. 

 

Қоғамдық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін, және де баска себептермен бір-бірімен қатынаста (саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т. б.) болады. Бұл байланыс-қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі.

Осылардың ішіндегі құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқықнегізіндегі қатынастар болып табылады. Бұл үшін бір-бірімен байланысты үш негіз  болуы керек:

1) құқық нормасы; 2) субъективтік  құқықтар мен міндеттер; 3) заңға  негізделген айғақ болуы керек. Мысалы, студент қыз бен жігіт достасып жүреді. Екеуінің арасындағы қарым-қатынас моральдық нормалардың, әдет-ғұрыптың негізінде жүріп жатады. Ал, екеуі заңды некеге тұрғаннан кейін, қарым-қатынастары құқықтық қатынастарға, мемлекеттік органға барып тіркелуі, заңға негізделген айғаққа айналады.

Құқықтық қатынастардың  құрамы төрт элементтен тұрады. субъект, объект, субьективтік құқық, заңды міндеттер.

1. Құқықтық қатынастардың субъектісі - жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының азаматтары, баска елдердің азаматтары сондай-ак азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып үғынылады. Қатынастың субьектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі қалыптасуы керек.

Құқықтық қабілет - құқыққа, бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Мұндай қабілеттілік адам туғаннан пайда болып, ол өлгенде барып жойылады.

Әрекеттілік - адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу  және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер  тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттіліктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормадағы белгілі жасқа толу болып табылады.

Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік  аппарат -мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде  құқықтык және әрекет қабілеттілігі  бар деп саналады.

2. Кұқықтық   қатынастың   объектісі   (заты)   -қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық,әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтык, кылмыстық, әкімшілік, еңбектік және т. б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылыктың өнімдері,жеке   мүліктік   емес   игіліктер,   құқық  субьектілерінің мінез-құлқы және құқық қатынастарының нәтижелері -құқық қатынастарының обьектілері.

3. Субьективтік құқық - құқықтық катынастардағы субьектілердің      екі      жақты      мүдде-максаттарының орындалуы. Субьективтік құқықтың алдындағы негізгі мүдде-мақсаттар: бірінші - қатынастың күрделі мақсатын толық орындау;   үшінші   -   көрсетілген   міндеттердің   дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші - егерде дұрыс орындалмаса сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субьектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды.

4. Заңды міндеттер. Субъективтік құқық бар жерде заңды міндеттер болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақтысубьектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субьектілердің міндеттері бар. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, мемлекеттің мәжбүрлеу күші колданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара колданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.

Заңға негізделген айғақтар - құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгеруімен немесе тоқтауымен құқық  нормалары арқылы байланыста болатын  тіршілік жағдайлары. Олардың түрлері: оқиғалар және әрекеттер.

Оқиғалар - адамдардың ерік-ыктиярынсыз пайда болады. Мысалы, адам өлімі мұрагерлік құқықты тудырады, ал пенсия жасына жету, зейнетақы алуға мүмкіндік береді.

Әрекеттер - адамдардың ерік-ықтиярымен пайда болатын заңға негізделген айғактар. Олар құқыкқа сай (заңды әрекет) және кұқыққа карсы әрекеттер (заңсыз әрекет) болып бөлінеді.

Заңды әрекет - бұл заңның талаптарына сәйкес келетін, субьектілердің құқықтары және міндеттерімен қабысатын мінез-құлық. Заңды әрекет үш топқа бөлінуі мүмкін: жекелеген әрекет; заңды қылык; заңда көрсетілген нәтиже тудыратын, әлеуметтік мәні бар заңды әрекет.

Заңсыз әрекет - бұл қылық заң талаптарын бұзады, субьективтік құқықтарға нұқсан келтіреді, адамдарға жүктелген міндеттерге сәйкес келмейді.

Жоғарыда айтылғандай, қоғамдык мүдде мен максатты дамыту, нығайту  үшін мемлекет пен кұкық көп жұмыс  атқарады. Халықтың басым көпшілігі қоғамдағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті сақтауға, нығайтуға көп үлес қосады. Өкінішке орай, сол қоғамдық мүдде-мақсаттарды қорғайтын толып жатқан нормативтік кесімдерді дұрыс орындамай, кұқықтық тәртіпті бұзатындар да жеткілікті. Сондықтан олармен мемлекет ылғи да қатаң күрес жүргізіп отырады.

Құқық бұзушылық - құқыққа қарсы, қоғамға қайшы тұлғаға зиянды, қауіпті, кінәлі, жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік.

·        Құқық бұзудың өзіне тән ерекшеліктері:

·        нормативтік актілерді дүрыс орындамау;

·        қоғамға, тұлғаға қауіпті, кінәлі іс-әрекет;

·        қоғамдық тәртіпке, мақсатқа зиян келтіру.

Құқықты бұзудың объективтік және субъективтік жақтары болады. Объективтік жағы - нормативтік кесімге келетін карсы - іс-әрекет және оның зияны; теріс қылык пен зияннын арасьшдағы байланыс.

Субъективтік жағы - теріс  қылық жасаған адамның есінің дұрыстығы, оған қоса әрекет қабілеттігі  болуы.

Құқықты бұзушылықтың мазмұны  төрт бөлімнен тұрады:

Құқықты бұзудың объектісі - құқық арқылы реттелетін, қорғалатын қоғамдық қатынастардың түрлері;

Құқық бұзудың субъектісі - жеке немесе занды тұлғалар;

Объективтік жағы - теріс қылық және онын зияны;

Субъективтік  жағы - теріс қылык жасаған субъектінің кінәсінің (қасақана және  абайсыздықтан)  анықталуы.

Құқық бұзушылық теріс  қылық жыне қылмыс болып бөлінеді.

Теріс қылық құқықтық саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: әкімшілік теріс қылық, азаматтық теріс қылық, тәртіптілік теріс қылык.

Қылмыс - өте зиянды, кауіпті құқық бұзушылық. Сондықтан оған карсы өте қатаң жауапкершіліктің түрлері қолданылады.

Құқық бұзып, кінәлі болған субъектіге мемлекет өзінің мәжбүрлеу  шараларын қолданады. Ол бойынша кінәлі субъектінің жеке өз басы мүліктік шектеуге ұшырайды немесе ұйымдық сипаттағы қысым мен шектеуге түседі, Заң бойынша жауаптылықтың екі түрі болады: айып төлеу және құқықты бұзуды түзеу. Айып төлеу әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық жасағанда Қолданылады. Құқықты бұзуды түзеу - жауаптылығы бұзылған құқықтық норманы еріксіз қалпына келтіруге мәжбүр ету.

Заң алдындағы жауаптылық тек құқық бұзушылық болғаң жағдайда ғана туындайды. Жауапка тартылушы тұлға мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы тек қана кұқық бұзушылыктың бар екендігі анықталғанда және ол заңға сәйкес келсе ғана мойын ұсынуға кұқылы. Жауапқа тартылушы адам өзін заңсыз түрде жауапқа тартудан қорғауды талап етуге кұқылы. Егер лауазымды тұлғалар жауапқа тартудың ІІроцессуалдық ережелерін бұзса немесе оған нұқсан келтірсе, олар жауапқа тартылуға тиісті.

Информация о работе Құқық туралы негізгі түсініктер