Ағаштардың әсемдік сапасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 09:35, доклад

Описание работы

Ағаштар мен бұталар жоғарғы сатыдағы гүлді өсімдіктерге жатады. Тірі ағзалар сияқты зат алмасу, өсу, даму және көбею өсімдіктің ең басты белгілері болып саналады. Әр бір ағзаның тіршілігі қоршаған ортамен тығыз байланыста болады.

Работа содержит 1 файл

ДЕНДРОЛОГИЯ РЕФЕРАТ.doc

— 161.00 Кб (Скачать)


Ағаштектес өсімдіктердің бөрікбастарының (желегінің), жапырақтарының, гүлдерінің әсемдік сапалары.

 

     Ағаштар мен бұталар жоғарғы сатыдағы гүлді өсімдіктерге жатады. Тірі ағзалар сияқты зат алмасу, өсу, даму және көбею өсімдіктің ең басты белгілері болып саналады. Әр бір ағзаның тіршілігі қоршаған ортамен тығыз байланыста болады.

     Өсімдіктердің әсемдігін айқындайтын белгілеріне – гүлдердің пішіні мен бояуы, жемісі, жапырағы, бұтақтары, діңі, желегінің пішіні жатады.

Ағаш желегінің пішіні.

     Ағаш өсімдігінің әсемдік құндылығы сапасының әр түрлілігіне тән. Ағаш желегінің пішіні мен көлемі ландшафтық архитектурада маңызды орын алады.

     Ағаш бөрікбасының көлемі геометриялық фигурада сияқты биіктігі мен еніне байланысты болады. Бөрікбастың пішіні бұтақтану жүйесіне де тікелей байланысты болады: бұталарда бұтақтануы жерден басталады, ал ағаштардың діңі болады, оның бұтақтануы жоғарырақ басталады.

     Жапырақтар ағаш желегінің пішініне қосымша элемент ретінде ғана әсер етеді. Қыс мезгілі кезінде көптеген жапырақ тастайтын ағаштар үйреншікті пішінін жоғалтады, бірақ мәңгіжасыл ағаштар мауысымдық өзгеріске ұшырамай біршама тұрақты болып қалады.

     Гүлдер мен жемістер ағаштың пішініне өзгеріс енгізбейді, қысқа мерзімдік мауысымдық құбылыс және әсемдік сапасының маңызды бөлігі.

     Ағаштектес өсімдіктердің желегі көбінесе екі негізгі бағытта қалыптасады: вертикальді және горизонтальді.

     Вертикальді:

      Жоғары қарай (ағаш бұтақтары ағаш дінінің осіне біршама сүйір бұрыш жасап орналасады); бұл жағдайда ағаш желегі конус, шар, цилиндр тәрізді.

      Төмен қарай (ағаш бұтақтары ағаш дінімен доғал бұрыш жасап төмен қарай бағытталады); бұл жағдайда ағаш желегі конус тәрізді, кей жағдайларда цилиндр тәрізді.

Горизонтальді:

      Ағаш бұтақтары горизонтальді және вертикальді бағыттарында бірдей дамиды; бұл жағдайда ағаш желегі шар тәріздес.

      Ағаш бұтақтары горизонтальді бағытпен салыстырғанда, ветрикальді бағытта жақсы дамиды, ағаштың бүйірлік бұтақтары орталық бөлігінде ұзынырақ болып, жоғарылаған сайын қысқара береді; бұл жағдайда ағаш пішіні жұмыртқа тәріздес.

      Ағаш бұтақтары вертикальді бағытқа қарағанда, горизонтальді бағытта жақсы дамиды; бұл жағдайда ағаш желегінің пішіні шатырша тәрізді (зонтичная).

Әр бір ағаштың өзіне тән пішіні мен көлемі болады. Бірақ, тәжирибе көрсеткендей, ағаш желегінің пішіні климат пен ауа-райы жағдайлары (жел, көлеңке, жарық және т.б.) мен жасына байланысты болады.

     Ағаштардың желектері өздерінің әр түрлілігіне қарай төмендегіше бөлінеді:

      Колонна тәрізді;

      Тар конусты;

      Пирамида тәрізді;

      Иілген;

      Шар тәрізді;

      Сопақша (жұмыртқа іспеттес);

      Шатыр тәрізді және т.б.

Ағаш тұқымдастары қартайған кезде, әсіресе ұзақ жасайтын: емен, шаған, самырсын, балқарағай, қарағайлар керемет пішінге ие болады, яғни бұтақтары жан-жаққа кеңінен жайылып, діндері жуандап, байсалдылықты танытады. Жеке өзі кең жерде өсіп тұрған ағаштың желегі жақсы дамиды, әрі жан-жаққа, ағаштың табанынан бастап тарайды.  Ал орманда қысылып өскен ағаштың желегі керісінше, дұрыс дамымайды, сондықтан желек пішіні де дұрыс қалыптаспайды.

     Ағаш желегінің тығыздығы. Саябақтар мен бау-бақшалар үшін ағаштардың кең жапырақтылығы, қалың бұтақтылығы, тығыздығы маңызды композициялық сапасы болып табылады. Ағаш желегінің тығыздылығына байланысты ағаштектес өсімдіктердің үш түрін ажыратады: тығыз, ауыр желекті (жарық өткізгіштігі 25% аспайды), тығыздылығы орташа (жарық өткізгіштігі 25-50 % арасында), жеңіл, жұқа немесе тор құрылымды (жарық өткізгіштігі 50% асады). Ауыр желекті ағаштарға емен, жөке, майқарағай, шырша, үшкіржапырақты үйеңкі, граб, шәмшат, талшын және т.б. жатады. Тығыздылығы орташа ағаштарға амур барқыты, қайың, ұсақжапырақты қарағаш, тал, атласс самырсыны, жаңғақ, кәдімгі қарағай және т.б. жатады. Тор құрылымды ағаштарға балқарағай, жиде, кәдімгі шаған, кәдімгі шетен және т.б. жатады.

 

Жапырақтың әсемдік сапасы.

      Жапырақ - өсімдіктің маңызды ағзасы болып саналады.  Ол фотосинтез, транспирация және газ алмасу қызметтерін орындайды.

     Жапырақ  пішінінің алуан түрлілігіне байланысты көгалдандыруда осы әсемдік қасиетіне көп көңіл бөлінеді. Олар өсімдіктің тұқым қуалаушылық қасиетімен және тіршілік жағдайымен анықталады.

     Жапырақ сағаққа бекітіледі. Сағақ жапырақты өркенмен біріктіру үшін қажет. Егер, бір сғақта бір ғана жапырақ орналасса, жай жапырақ (қайың, терек) деп, ал егер, бір сағақта бірнеше жапырақ болса онда ол күрделі жапырақ (шаған, жаңғақ, қараған) деп аталады.

    Қылқанды ағаштардың жапырақтары көлеміне байланысты келесідей бөлінеді:

      Қылқаны өте ірі (ұзындығы 15см артық);

      Ірі қылқанды (ұз 10-15см);

      Орташа қылқанды (ұз 5-10см);

      Ұсақ қылқанды (ұз 1-5см);

      Өте ұсақ қылқанды (ұз 0,1-1см).

 

Жапырақ фактурасы.

     Ағаш тәрізді өсімдіктердің жапырақ фактурасына байланысты келесідей топтарға жіктеуге болады:

      Жылтыр, тегіс жапырақтар: амур барқыты, шие, алмұрт,грек жаңғағы, мойыл және т.б.

      Жылтыр емес (матовые), тегіс жапырақтар: ақ тал, тікенекті шырша, веймут қарағайы, самырсын, кәдімгі жұпаргүл, кәдімгі аюбадам және т.б.

      Тегіс емес, бұдыр жапырактар: ірі жапырақты гортензия.

      Тікенекті жапырақтар: бөріқарақат, тікенекті аралия.

Жапырақтардың бояуы.

Жылдың әр мауысымында жапырақтардың бояуы ағаштың әсемдік сапасында үлкен рөл атқарады.

Ағаштектес өсімдіктердің жапырақтарының негізгі түсі – жасыл (ашық жасыл мен қою жасыл түс аралығында аутқиды). Күзде ағаш жапырақтарының түсі алуан – түрлі: ашық сары, сары, қызғылт, қызыл, қоңыр.

 

Гүлдердің әсемдік сапасы.

Саябақ пен бау-бақшада өсірілетін ағаштардың гүлдерінің әсемдік сапасы маңызды орын алады. Гүл – гүлді өсімдіктердің жыныстық көбею ағзасы болып табылады. әдетте, гүлдің сыртын айналдырып тұрған жасыл жапырақшалар болады да, олар тостағаншаны құрайды. Одан кейін, басқа ақ түсті бес нәзік күлте жапырақшалар орналасады. Оны гүл тәжі деп атайды.

Бір ағашта аталық және аналық гүлдері болатын болса, олар бірүйлі, ал егер бір ағашта тек қана аталығы немесе аналығы болса, олар екіүйлі деп аталады.

Барлық қылқан жапырақты ағаштардың гүлдері дара жынысты. Олардың аналық гүлдері кішкене қызғылт бүр түрінде жас өркендердің ұшында орналасып, дамиды. Ағаштар мен бұталы өсімдіктердің кейбірінің гүлдері үлкен, көзге бірден түсетін болғанымен, үйеңкі, қызылбұта, мойыл, тобылғылардың гүлдері ұсақ, әрі пішіні мен бояуы реңсіз болса да, өсімдікте орналасуы гүлдерінің молдығымен таң қалдырады.

 

 

 

Терек

.

Терек

Терек (лат. Pópulus) – тал тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаштар. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Өзен жайылмасында, далалық жерлерде, тау етегінде, бұта арасында өсетін 15 түрі (ақ терек, қара терек мырза терек, т.б.) бар. Бұтақ шоғыры пирамида пішіндес. Жапырағы жалпақ, сағақты келген, ромбыға не қандауырға ұқсайды. Гүлі қос үйлі, гүл сырғасы (ұзындығы 3 – 15 см), салбырап ілініп тұрады, онда аталығы не аналығы ғана болады, жел арқылы тозаңданады. Негізінен, жапырағы шыққанша гүлдейді. Тұқымынан және атпа тамырынан, шыбығынан көбейтіледі. Гүлінде шырынды дискісі (тор) болады. 150 жылдай тіршілік етеді. Жемісі – қорапша, тұқымы ұсақ. Терек әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Қазақстанда берікқара терегі мен тораңғы – өте сирек кездесетін өсімдіктер қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Ағаш туралы

Терек - тез өсетін ағаш, биіктігі 45 метрге дейін барады. Көбінесе 60-80 жыл, тек кейбір түрлері 120-150 жыл өмір сүреді. Табиғатта 110-ға жуық түрі бар. Будандастыру арқылы теректің тез өсетін көп түрлері алынған. Тез өсетін қасиетіне байланысты көгалдандыруда кеңінен қолданылады. Аналық терек мамыр-маусым айларында мамық шығарып, жер-көкті ластайды, әрі терек мамығына аллергиясы бар адамдарға қиындық туғызады. Сондықтан көгалдандыруда мамық шығармайтын аталық теректерді пайдаланған жөн. Ерте көктемде жапырағы шықпай тұрып, сырға секілді ақ гүл жарады. Жапырағы - жұмыртқа пішіндес, жиектері аратісті.

Қолданылуы. Терек ағашын құрылыста, жиһаз жасауда пайдаланады. Қағаз, сіріңке жасау өндірісінде терек ағашының діңі жұмсақтау, ақшыл түсті түрлері қолданылады. Көгалдандыруда көше бойларына, жол жиектеріне көбірек отырғызылады. Оны тез өсетіндігіне байланысты тұрмыстық мақсатта, отын үшін өсіреді. Күтімі. Құнарлы топырақта, күн көзінде жақсы өседі. Жазда аптасына бір рет мол суғару керек. Көктем, күз мезгілдерінде көңмен қоректендірген жөн.

 

Қарағай

Қарағай

Солтүстік Корея

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:

Өсімдіктер

Бөлімі:

Pinophyta

Табы:

Pinopsida

Сабы:

Pinales

Тұқымдасы:

Қарағайлар тұқымдасы

Тегі:

Pinus


Қарағай (лат. Pіnus) — қарағайлар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш, кейде бұта.

Сипаттамасы. Бұл ағаштардың биіктігі 35 м-дей, діңі мықты, бұтақ шоғыры дөңгелек болып келеді. Қабығы үгілмелі, қызыл қоңыр түсті, бұтағында жарықтары болады. Жапырағы (инесі) 2 – 5-тен шоқтанып бүршігінде орналасқан, бүршіктері күрделі. Бүрі 2 – 3 жылда піседі, оны жеуге болады. Мамыр айында гүлдейді. Аталық гүлі масақты, сары не қызыл түсті. Аналық бүрі жас өркен ұшында 2 – 3-тен орналасады, 2 жылда пісіп жетіледі. Тұқымы – қара, не сұр түсті; қанатты кейде қанатсыз болады. Қарағай ағашы 300 – 500 жыл жасайды. Еуразияның қоңыржай және субтропиктік аймақтары мен Солтүстік Америкада өсетін 100-ге жуық түрі белгілі.

Емдік қасиеті. Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай – дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор. Қазақстанда 2 түрі: кәдімгі Қарағай (P. sіlvestrіs) және самырсын Қарағайы (P. sіbіrіca) бар. Бұлар республиканың солтүстік-шығыс, орталық бөліктеріндегі аралас ормандарда, басқа қылқан немесе жалпақ жапырақты ағаштар арасында өседі. Қазақстанда ботан. бақтарда Қарағайдың: сары Қарағай, тау Қарағайы, Веймутов Қарағайы түрлері қолдан өсНұсқалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық Министрлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Ағаш желектерінің, жапырақтарының, гүлдерінің әсемдік сапалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Султанбекова С.

Тексерген: Түменбаева А.Р.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы 2011 жыл

 



Информация о работе Ағаштардың әсемдік сапасы