Жүйелілік принципі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 17:06, реферат

Описание работы

Жүйелілік принципі оқытудың қатаң логикалық реттілікте бекітіледі, жүйелілікті меңгеруде оқушыларды нақты білім шеңберінде, білік пен дағдыларды, оқу материалынан ауытқымастан қадағалаулардан туындайды. Жуйелілік оқу материалын оқытуда, өткен материалдан алдағы материал бастау алып, соған сүйеніп және жаңа материалды қабылдау сатысы болып табылады, бұл алынған білімді практикалық тапсырмаларды шешуге және қиын тапсырмаларда көмектеседі.

Работа содержит 1 файл

Ж?йел_л_к принцип_.doc

— 29.50 Кб (Скачать)

Жүйелілік принципі  

    Жүйелілік принципі оқытудың қатаң логикалық реттілікте бекітіледі, жүйелілікті меңгеруде оқушыларды нақты білім шеңберінде, білік пен дағдыларды, оқу материалынан ауытқымастан қадағалаулардан туындайды. Жуйелілік оқу материалын оқытуда, өткен материалдан алдағы материал бастау алып, соған сүйеніп және жаңа материалды қабылдау сатысы болып табылады, бұл алынған білімді практикалық тапсырмаларды шешуге және қиын тапсырмаларда көмектеседі. Тағы да, Я.А. Коменский көрсеткен, табиғатта да біріне бірі жүйеленіп жалғасады, сол сияқты оқуда да бірін екіншісімен байланыстыра білу керек.

   Оқытудағы жүйелілік оқушыға логикалық ойлап табылған білім жүйесін беруде, білік пен дағдыны пәнді оқыту барысында басқа пәндермен байланысын көрсетіп, осы арқылы қоғам өмірі табиғат құбылыстарының бірлігі мен тұтастығын көрсетуді талап етеді. Оқу материалын ретке, жүйеге келтірмей оқыту мүмкін емес. К.Д. Ушинский, тек жүйе ғана бізге біздің білімізге білікті бере алатындығын көрсеткен. Ол: «тек жүйе, әрине, ақылды, пәннің өзінен шығатын, бізге толық билікті біздің білімімізге береді. Бас, үзінділермен толықтырылған, байланыссыз білімдермен, сарайға ұқсайды, онда бәрі тәртіпсізжәне иесінің өзі ештеңе іздеп таппайды, бас, білімсіз тек жүйеден тұратын, дүңгіршікке ұқсайды, мұнда жәшіктер жазуы бар, бірақ олар бос » деп жазған.

    Жүйелілік  принципі: оқу жоспары мазмұнында, бағдарламаларда, әдістеме мен  оқулықтарда, оқытушының оқу материалына  мазмұндамасы, әртүрлі оқу жұмыстарының  формаларының ұқсастықтары, оқушынығ өзіндік және сабақтан тыс жұмысының ұйымдастырылуында көрініс береді.

   Кез-келген  ғылымды саналы және берік  меңнеру негізінен тек жүйелі  және бірізді мазмұндағы білім,  білік, дағдыда болады. И.П. Павлов, жастарға айтқан: «бірізділік, бірізіділікжәне бірізділік. Өздеріңнің жұмыстарыңның басында өздеріңді қатаң бірізділікке білімді игеруде үйретіңдер. Ғылымның фазаларын алдымен игеріңдер, оның шыңына шығуға талпынбас бұрые. Ешқашанда келесіге көшпеңіздер, өткенді меңгермей » деп айтқан.

   Оқыту  процесін меңгерудегі жұмысқа, жүйелілікке құрылған оқушылар оқуына, В.А. Сухомлинский  нақты жұмыстар жасады. Жүйелілік позициясында ол әрқашан бекітті, оқушыларға қиын тапсырма беруге болмайды, егер олар нақты дағдылықтарды, біліктерді меңгермейінше. Мәңгілікке сақтау керек және оларды қолдана нақтылап анықтау керек. Ешқашанда өткен материалдарға оралмау керек.

   Оқытудың  даму тарихында қалыптастыратын  2 талап бар, оларсыз белгілі  бір нәтижелерге жету мүмкін  емес. Біріншісі талап-қатаң логикалық  ретте білім беру, мұнда алдағысы өткеннен шығады, ал өткен адағының базасы болып табылады. Екінші талап – білімнің өмір мен тәжірибемен жүйелі байланысын  қарастырады.

   Оқытуда  жүйелілік оқу процесінің пәнішілік  және пәнаралық байланысынан  тұратын құрамға әкеледі. Оқушылар өзара байланысты білім жүйесін меңгеруі керек, қөоғамдық, гуманитарлық, жаратылыстану және нақтты ғылымдарды оқыту нәтижесінде меңгергендері. Олар түсінулері керек, әлемде ғылым біреу және тек оқыту мен білім беруде жайлылық үшін оны жасанды түрде оқу пәндері қатарына бөлетіндігін.

    Жүйелілік  принципі сабақ жүйесіндегі оқытудың  ұйымдастырылуын қадағалайды. Бұл  жүйеліліктің бірінші ережесі.  Сабақ жүйесі – бұл сабақ  тобы, бір тақырып, мақсат, тапсырмамен  біріктірілген. Сонымен, жалпы  биологияны оқытуды сабақ жүйесінің бірі – Ч. Дарвиннің әволюциялық теориясы. Ол 1 сабақты осы теорияның жалпы жағдайымен сипаттамасын қосады, К. Лиенней, Б. Ламарк еңбектерін де. 2-ші сабақ жүйесінде түр критерей, популяция – түр бірлігі, эволюция туралы материал беріледі. 3-ші сабақта оқушылар эволюцияның қозғалатын күштерімен танысады – тұқымқуалаушылық және өзгермейтіндікпен. 4-ші сабақта өмір үшін күрес қарастырылады. 5-ші сабақта тыңдаушылар эволюция нәтижелері туралы, ағзалардың бейімділігі туралы, түрлердің көптігі туралы біледі. 6-сабақ қолдан сұрыптау; түрлер мен сұрыптардың эволюциялық фауторлары жайлы біле алады. 7-ші сабақ жүйесі оқушыларға микроэволюция мәселелерін қарастыруға көмектеседі, және соңғысы 8-ші сабақ жүйесінде «эволюциялық оқыту» тақырыбына жалпылама қорытынды жасалып, бағалар қойыдады.

    Жоғарыда  айтылғандағы қарасақ, бір тақырып  ішіндегі сабақта бірінен екіншісі  шығады-бұл жүйеліліктің екінші  ережесі. Үшінші ереже – жүйелердің  өздері бірімен бірі байланысады.  Сонымен, Ч.Дарвиннің эволюциялық оқыту жүйесі қарастырылатын болады, органикалық әлемнің эволюциялық басты бағыты және, әлбетте, жүйеліліктің төртінші ережесі пәнаралық байланыс жайлы айтады. Тек қана сабақтар емес, сондай-ақ оқу пәндері бір-бірімен тығыз байланысты болуы керек, әрқашан айналаның бірлігін, ғылымның жеке оқу пәндеріне бөліну себептерін көрсету крек. Пәнаралық байланыс бірін бірін қамтитын байланыста, екіжақтылықты көрсету керек. Олар білімнің негізгі элементтерін қалыптасуын қатаң қадағалайды, пән арасындағы жақты сыртқы, негізінен айрылған қатынастарын қарастырмауы керек.    

Информация о работе Жүйелілік принципі