Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 22:43, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуындағы алдыңғы, анықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы мемлекеттік басқарудың құралы ретінде..................................................................................................................5
1.1 Бюджеттің экономикалық маңыздылығы..................................................5
1.2 Бюджеттік құрылым.....................................................................................8

2 Қазақстан Республикасының бюджет саясаты және оның қызметтері....11
2.1 Қазіргі жағдайда бюджетті пайдалану......................................................11
2.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін қалыптастыру......................13
2.3 Экономиканы мемелекеттiк реттеудегi бюджет саясатының рөлі.........17
3. Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жетілдіру жолдары.......21
Қорытынды........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................

Работа содержит 1 файл

ҚР Бюджет саясаты және оның қызметтері11111.docx

— 73.54 Кб (Скачать)

    Жүргiзiлiп  жатқан экономикалық реформалардың  басты мақсаты шаруашылық  жүргiзушi субъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданылып  жүрген салықтар мен төлемдердi реттеу болып табылады.  Бұл  бағытта ең негiзгiлерiн мүлiк  салығын  акциздердiң  және басқа  да салықтардың  мәнiн арттыру. Ұқсас  жағдайларда  салық салудың шамамен  тең тәртiбi қолданылатын болады.

    Салық салу механизiмi кез-келген экономикалық жүйенiң күрделi бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды тәсiлi ретiнде орын алып,  оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгiн әлеуметтiк және экономикалық саясатының жетiстiктерiне әкеледi.

    Кез-келген  елде, мемлекет шығындары мен салық салу мәселелерiне өте көңiл бөлiнедi. Нарықты экономикалық елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарда басты рол атқарады да, экономиканы басқарудың күштi ынталандырушы құралы болып келедi. Әсiресе, олар ғылыми –техникалық прогрестi жеделдетуге, антинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсендi орын алады.

    Сондықтан салықтарды төлеу - төлеушiлер үшiн онша қызық iс болып келмегенмен өте қажеттi де маңызды iс болып табылады. 

    Дүниежүзiлiк  тәжiрибе көрсетiп отырғандай, бүкiл  өркениеттi мемлекеттердегi салықтық реттеу несие-қаржылық реттеумен бiрiгiп  әрекет еткенде ғана нарықтық экономканы  жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып  табылады. Ол нарықтық қатынастардың  қалыптасуына әсерiн тигiзiп,  мемлекеттiк  экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ салықтар қоғамның экономикасын түрақтандыруын және әлеуметтiк  теңдiктi қамтамасыз ететiн маңызды  элементтерi болып келедi.

    Қазiргi  кездегi  жағдайларға салықтардың  мәнi мен ролi мемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстармен  қаматамсыз ету  шекарасынан  шығып отыр.

    Ендi, салықтар  ұлттық табысты  мемлекеттендiрудiң  маңызды құрамы бола бастады.  Олар макроэкономикалық  реттеуге белсендi араласа отырып, iшкi  ұлттық табыстың жалпы көлемiнде салықтық  төлемдердiң  салыстыр-масы  мөлшерiнiң  өсуiн  қамтамасыз етiп отырады.

    Салықтар  экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк процестерге де әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әркет  ете отырып, мемлекет капиталының  қорлауына асқан ықпал етедi. Сондай-ақ салықтық реттеу шаралары әртүрлi  салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен  ынталандыра отырып капиталдық қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруна ықпалын тигiзедi.

    Үкiметiмiздiң  алдында тұрған мiндет ол  тұрақты  қабылданған заңдардың негiзiнде  қаржы жүйесiн тез арада қалпына  келтiрiп, ондағы салық арқылы  түсетiн  түсiмдердi реттеп, олардың дұрыс  бөлiнуiн қамтамасыз ету болып табылады және де салықтар қазынаны толтырып қана қоймай өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы ролiн атқаруы қажет деп тұжрымға келемiн. Олар кәсiпкерлiкке  деген ынтаны тежеу механизiмi болып келемей,  керiсiнше оның тиiмдi әрекет етудiң  қосымша, бiрден бiр фактордың ролiн атқаруы қажет. Сондықтан бiздер салықтар жүйесiн жақсартуда әрқашан қарапайым және баянды принципiн естен шығармауымыз қажет.

    Салық төлеушi және жинаушы  салық төлеу  процесiнде  белгiлi бiр қарым-қатынасқа  түседi. Бұл қарым-қатынас дұрыс, өзара тиiмдi әрi объективтi болса, соғұрлым  салықтық  жиналу денгейi де  жоғары болады. Салық жинауына әсер ететiн  объективтi  және субъективтi жағдайлар  бар. Олар: өндiрiс қаржысының ұтөмендеуi, кәсiпорындар мен мекемелер арасындағы төлемақылар дағдарысы, заңды бiлмеу немесе оның алдындағы жауапкершiлiктiң  төмендеуi, салық салу нормаларын бұзу, салық жүйесiндегi қызметкерлердiң  жалақысының аздығы тағы басқалар [18,8б].

    Әрине, мемлекет барысында бюджеттiң  кiрiс  бөлiгiн көбейтуге тырысады.  Кәсiпкер де солай, ешкiм өз еркiмен, өз табысының  бiр бөлiгiн  беруге құлшынбайды. Мiне, сондықтан да әр елдiң  өз салық  кодексi бар. Олар әр елдiң экономикасының қаржы-несие саясатының, тұрмыс-тiршiлiгiнiң  жағдайына байланысты әр-түрлi болып  келедi.

    Экономикалық iс –шаралар барысында ықпал ету, мемлекеттiк қажеттiлiк тұрғысынан реттеп отыруды мемлекет салық жеңiлдiктерi арқылы  жүзеге асырады. Оның  тiкелей  сипаты жартылай немесе толықтай салықтан босату.

    Кiрiс  пен таза пайданы экономиканың жаңа бiр саласына немесе бүтiн   өндiрiс  түрiнiң дамуына жұмсауы, елiмiздiң  аз игерген, кейбiр қолайсыз аймақтарына  инвестиция тарту сияқты мақсаттарда, салықтың кей түрiнен бүтiндей босату қолданылады. lскерлiк табыстың белгiлi бiр түрлерiне  жеңiлдетiлген салық  жүйесiн пайдалану, экономика мемлекеттiк  реттеуден сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдiс. Мысалы, мерзiмдi  амортизациясы жеделдетiлген немесе дифференциялды салық мөлшерi салық  төлеу мерзiмiн созу немесе кейiнге  қалдыру, салықтардан еркiн резервтiк  инвестициялық әрi басқадай қорлар құру және нақты салық жеңiлдiктерi мен проперенциялар сияқты түрлi экономикалық және салық тегершiктерi жетерлiк. Қазақстан  экономикасының өтпелi кезеңiнде салық  жеңiлдiктерi жаппай iскерлiктi бауырқандырып, экономиканың басым салаларына iрi инвестициялар  әкелуге септiгiн тигiзедi. Алайда, қазiр отандық экономика өзiнiң  өрлеу белесiне көтерiле бастағанда мұндай салық жеңiлдiктерiнiң сақталып қалуы мемлекет пен инвестор арасындағы мүдделiк қарым-қатынасқа  өз салқынын тигiзуде. Нәтижесiнде бюджетке өндiрiс  көлемiнiң ұлғаюына қатысты- салықтан бюджетке түсетiн түсiмдер елеусiз, салық  салмағының коэффициентi әсерсiз қалуында. Кейiнгi кезде салық жеңiлдiктерiнен  салық кеңiстiгiнде  елеулi қарама-қайшылықтар  туып, салықтық әмiр  жүргiзуiне кесiрiн  тигiзуде. Ең бастысы өндiрiс саласына қарамай салық төлеушiлердiң барлығы заң алдында тең деген талапқа салықтық жеңiлдiктi реттеу қайшы келiп, экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпорындарды алалауда.

    Нақты салаға салық жеңiлдiгiн орнату тәжiрибе көрсетiп отырғандай қамқорлық пен  қолдаудың керемет бiр тиiмдi әдiсi деуге келмейдi. Жеңiлдiк берiлiп  отырған кәсiпорындар мен жеке тұлғалар жеңiлдiк  жүрмейтiн экономикалық қызмет салаларындағы кәсiпкерлiкпен айналысып жүгендерге салық әмiрiн  пәрмендi  қолдануда қиыншылық  тудырады. Оның үстiне жеңiлдiктердi салық төлеуден бұлтару  үшiн арсыз пайдаланатындар да аз емес. Преференция түрiнде жататын салық каникулының  ұлттық қорды қолдануда берекесiздiк тудырып, түбiнде кiрiстiң жоғалуына соқтыратын халықаралық тәжiрибе көрсетiп отыр.

    Бюджеттiң  кiрiс бөлiгiн 85-90 пайызын салықтар мен салықтық емес түсiмдер құрайды  [19,3б].

    Салық салудағы күрделi жағдайларды ескере келе, салық салуды жүйелi жолға қою  қалыптасқан проблемаларды шешу  үшiн келесiдей шаралар ұсынылады:

    -салық  қызметiн қатаң бақылауға алу;

    -салық  қызметкерлерiнiң құрамына тиiмдi өзгерiстер жасау, яғни бiлiктi мамандарды саралап алып, олардың  ешбiр алаңсыз жұмыс iстеуiне  моральдiк-материалдық жағдай жасау;

    -салықтық  органдары салық төлеушiлерiмен   интенсивтi  байланыс орнату қажет,  сондай—ақ салық төлеудегi  ынталандыру  шараларын қолданған жөн;

    -ең  бастысы ауылшаруашылығы өндiрiстiк-өнеркәсiп  және орта, кiшi кәсiпкерлiкке барынша  қолайлы жағдайлар туғызу, мәселен  ауылшаруа-шылығын жолға қою соласындағы салық төлеушiлерге белiглi бiр салық жеңiлдiктерiн беру;

    -«Салық мәдениетiн  түзелдiру қорын» жедел iске қосу керек. Ол  үшiн ағартушылық, тәрбиелiк және зерттеушiлiк бағыттары жүргiзiлуi қажет. Мұнда тәрбиелеу шаралары балалар мен жас өспiрiмдер арасында  жүргiзiледi. Шаралардың мiндетi- жеткiншектердiң келешекте салық төлеушi Қазақстанның азаматы ретiнде әлеуметтiк мақсатқа бағдар беру, сөйтiп оларды өркениеттi қоғамда жұмыс iстеуге даярлау. Қорды түзу мақсаты - Қазақстанға салық мәдениетiн түзiлдiру процесiн белсендi түрде ықпал ету. 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    Қазақстан Республикасының дамуының негiзгi принциптерiнiң  бiрi Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жетiлдiру. Яғни, бюджет құрылымындағы өзгерiстермен, кiрiс шығыс арасындағы айырмашылықтарды ескере отырып, бюджет тапшылығына тиесiлi шаралар мен әдiстер қолдану. 

    Мемлекеттік бюджет экономиканы реттеудің ең маңызды құралы десек, артық айтқандық емес. Оны тиімді де, икемді жұмсау білу көптеген қиын түйіндерді шешеді. Ол арқылы халық шаруашылығы, әлеуметтік сақтандыру, білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс пен басқару шығындары қаржыландырылады.

    Мемлекеттік бюджетте қаржы жоспарының барлық қажетті  негіздері берілген. Ол кез  келген қаржы жоспары сияқты кіріс және шығыс бөліктерінен тұрады. Ондағы кірістер (ақша қаражаттары қорларының құрылуы) нақты көздеріне, ал шығыстары (ақша қаражаттары қорларының) нақты  бағыттары мен шараларына орай құрылған.

    Бюджет  кірістерінің щоғырланып, шығыстарының бағытталуы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшіне енген  «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» жарлығына және Қазақстан Республикасының «Бюджет  жүйесі туралы» Заңына сәйкес іске асады. Үкіметтің жоспарланатын жыл ішінде қандай тауарлар  мен қызметтер алатыны, қандай әлеуметтік жәрдемақылар төлейтіні, бұл шығындардың жиынтығын қандай салық түрлері мемлекеттік бюджет арқылы жабатыны анықталады. Бірақ, бүгінгі таңда салық түсімдері шығындарды толығымен жаппауда. Егер үкімет шығыстары кірістер деңгейінен асып кеткен болса, онда тапшылығына тап боламыз.

    Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін ақша қаражаттары қажет. Бұл ақша қаражаттарын мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы тартуға болады.

    Егер  де экономикада мемлекеттік бюджеттің  тапшылығы немесе профициті (бюджетке келіп түсетін кірістер мен ресми  трансферттер түсімдері жалпы соманың  жалпы шығыстар көлемінен және қайтарымды негізде бөлінетін несиелерден  асып түсуі) болғанда, жинақ ақшалар  мен инвестициялар тең болмайды. Мысалы үшін, бюджет тапшылығы болғанда, үкімет нақты ақшаның бір бөлігін  осы тапшылықты қаржыландыруға жұмсайды, яғни жинақ ақша сомасы инвестициялардан асып түседі. 

    Бюджеттік тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстардың бір бөлігін бюджеттен тыс  қорлар ретінде қалыптастыру бір  жағынан бюджеттен жұмсалатын шығыстарды азайтса, екінші жағынан айтарлықтай  мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салысады. Бюджеттен тыс мақсатты қорлардың басты сипаттамасы  өтпелі кезеңде мемлекеттің қаржыларын тиімді және мақсатқа сай пайдалану  болып табылады. Бюджеттен тыс  қорлар тікелей пайдалануға  қолайлы қаржылар болғандықтан, мемлекеттегі әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымға тигізер ықпалына қарай бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жылдан  жылға бюджет тапшылығы азайып отыруы тиіс. Тапшылық азаймаса, тынысымыз  тарыла түспек. Ал мұның өзі бұрынғыдан да бетер қымбат несие алуға немесе стратегиялық маңызы бар мемлекеттік  активтерімізді сатуға алып келеді. Мұның  екеуі де біздің болашағымызға балта  шабу екені айтпаса да түсінікті.

    Республика  екі қалаудың қасында тұр: қатаң  бюджеттік шектеу саясатын жүргізіп, болашағымызды қорғап қалу керек  немесе бүгін ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп өтіп, еліміздің  ертеңін бұлыңғыр ету керек. Бұл  міндетті шешу үшін бюджеттің шығыс  бөлігін қысқартуға емес, кіріс бөлігін  көбейтуге күш салу керек. Осыған орай, Мемлекеттік кіріс министрлігінің рөлі мен жауапкершілігі күшейіп отыр.

    Мемлекеттік бюджет жобасын талқылау кезінде  бюджет, қаржы, мәдени-әлеуметтік даму және халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық және азаматтардың құқығын қорғау, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық  шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиялардың ұсыныстары мен сын ескертпелері назарға алынды. Мұның өзі нашақорлықпен  күрес, қоршаған ортаны қорғау және селолық  аймақтарды кезеңімен дамыту жөніндегі  шығындарды ұлғайтуға мүмкіндік  береді.

    Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың  көпсалалы қызметтерін бейнелейтін  құжат деуге болады. Ол мемлекеттік  шығындардың және оларды өтейтін  қаржы көздерінің  жылдық жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң  шығаратын органда талқыланады  және елдің, штаттың парламентінде  немесе муниципалдық жиналыста қабылданады. Қаржылық жыл біткеннен кейін  атқару үкіметінің өкілетті өкілдері, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған  заң бойынша өздерінің табыстарын жинақтау туралы және жасалған шығындар туралы есеп береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер: 

  1. Аубакиров Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 2008ж.
  2. Әкімбеков С. «Экономикалық теория» Астана 2007ж.  
  3. Белгібаева Қ.Қ.  Мұханбетова Е.С. «Қаржы және банк системасы бойынша» Алматы 2009ж.
  4. Дорнбуш Р.  Фишер С.   «Макроэкономика» Алматы 2007ж.
  5. Жүнісов Б.А. «Нарықтық экономика негіздері» Ақтөбе 2006ж.
  6. Жұмаев Б.А. «Экономиканың мемлекеттік реттелінуі» Алматы 2009ж.
  7. Орманбеков И. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы 2010ж.
  8. Ильясов К.К. Исахова Г.Б. «Расходы Государственного бюджета»  Алматы 2009г.
  9. Ильясов К.К.   Исахова Г.Б. «Государственный бюджет» Алматы  2004г.
  10. Қабдиев. Оралтаев. Ескендіров. «Экономикалық саясат» Алматы  2007ж
  11. Салық Кодексі.  Алматы 2009ж.
  12. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің  атқарылуын бақылау  туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы. – 2002ж 29 қаңтар.
  13. Кеулімжаев Қ.К. «Қаржылық есеп»  Алматы 2006ж.
  14. Мельников В.Д. Ильясов К.К.  «Қаржы» Алматы 2004ж.
  15. Осипова Г.М.  «Экономикалық теория негіздері»  Алматы 2008ж.   
  16. Ахметов Д. «Бюджетті толықтыру – экономиканы көтерудің бір жолы» Қаржы – Қаражат 2006 №3. 
  17. Есенгелдин Б. Орманбаев А. «Бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің жолдары» Қаржы – Қаражат  2008 №8.
  18. Тлеужанова.«Бюджетаралық қатынастардың тұжырымдамалық негіздерін реттеуші салықтар көмегімен оңтайландыру».  Қаржы-Қаражат  2008 №3.
  19. Шайынғазы С. «Бюджет қаржысының жұмсалуындағы олқылықтар».    Егемен Қазақстан   №40 ақпан 2009ж.

Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жетілдіру жолдары