Бюджет жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 16:54, реферат

Описание работы

бюджет жүйесі

Работа содержит 1 файл

Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы.docx

— 28.95 Кб (Скачать)

Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия

Бюджет жүйесі дегеніміз  экономикалық қатынастар мен заңды  нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан  Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі. 
Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың кағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және 
унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада провинциялардыңРесейде - федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлың (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердін оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дэрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан федералдықемес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дёр^ес болып табылады (14.2 сызбаны қараңыз).

 
Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік  және шоғырландырылған бюджеттер, облыс  бюджеті жасалады. 
Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Бюджеттік практикада «шоғырландырылған бюджет» үғымы қолданылады. Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады. Облыс бюджеті - өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры. Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін. Мемлекеттік төтенше бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және осы мерзім ішінде қолданыста болады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасынын, Парламенті дереу хабардар етіледі. Мемлекеттік төтенше бюджеггің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті орғандардың бюджеттері туралы мэслихаттар шешімдерінің қолданылуы токтатыла тұрады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қолданылуы токтатылысымен Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі. Қазақстанның бюджет жүйесінің буыны ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 тарауында қаралған. 
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (
муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттер дегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. 
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одактас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сиякты, 
КСРО-нын мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкелік бюджеттер де камтылып көрсетілді. Ол одактық бюджеттен, 15 одактас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сактандыру бюджетінен тұрды. Одактық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды. 1991 жылдың 17 желтоксанында Қазақстанның бюджет құрылысын анықтаған «Бюджет жүйесі туралы» бірінші заңға қол койылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді. Әр түрлі денгейлер бюджеттерінің бірлік кагидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын. 
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты экономикалық және саяси сфералардағы өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа 
Конституцияны кабылдау, 1995 жылы жаңа салық заннамасын енгізу, сонымен бірге Қазынашылық орғандарын құру 1996 жылғы 24 желтоксанда «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы заңын дайындауға себегі болды. Заңца бюджет жүйесінің кағидаттары ескергілді, бюджетті жасаудың, қараудың, бекітудің, атқарудың және атқарылуын бақылаудың тәртібі регламенттелінді. Субвенциялар, субсидиялар, ресми трансферттер, мемлекеттік кепілдер, қарыздар, қарыз алу және борыш, үкіметтін және жергілікті атқарушы орғандардын резервтері сиякты жаңа үғымдар енгізілді. Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы мемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер және жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінді. 1998 жылдан бастап Ұлттық банктен тура қарыз алу токтатылды. 
1997 жылы кірістер мен шығыстардың жаңа бюджеттік сыныптамасы енгізілді, ол бюджеттің шығыстарын багдарламалардың орындалуымен өзара үйлесуіне жағдай жасады. 
1999 жылдың сәуірінде «Бюджет жүйесі туралы» үшінші зан кабылданды. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді және бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың механизмі белгіленді. Түсімдердің түрлері бойынша респүбликалық және жергілікті бюджеттердің арасында кіріс бөлігін бөлу жүргізілді;тиісінше республикалықбюджеттен жәнежергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттің функциялары шектелінді. Республикалық 
бюджет пен жергілікті бюджеттер арасында ресми трансферттердің ұзак мерзімді мөлшерлері негізінде жергілікті бюджеттердің теңгерімділігі жүтеге асырылатыны анықталды. Мемлекеттік бюджетте мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар шоғырландырылды. 
2002 жылы 
Стратегиялық жоспарлау агенттігінЭкономика және сауда министрлігін, Мемлекеттік кірістер министрлігін, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін Қаржы министрлігін қайта ұйымдастыру бюджеттік үдерісті реформапауда маңызды кадам болды. Соньшбн бірге бюджетті жоспарлау мен оның атқарылу функциялары бөлінді, ал стратегиялықэкономикалық және бюджеттік жоспарлау шоғырландырылды. 
Бұл әдіске сәйкес мұнайлық кірістерден түсетін түсімдер түгелдей 
Ұлттық қорға бағытталатын болды. Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар экономиканың мұнайлық емес бөлігінен республикалық бюджетке аударылатын аударымдар есебінен қаржыландырылады, ал дамудың бюджеттік бағдарламапарына жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан алынатын кепілденілген трансферттер есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте бюджеттің шығыс бөлігінің белгілі бір үлесі, соның ішінде белгіленген шектеулер шеңберіндегі қарыз алу (ішкі және сыртқы) есебінен жабылуы мүмкін. 
2009 жылы қолданысқа енгізілген Бюджеттік кодекстің жаңа нұскасы бюджет жүйесін жаңғыртуга мүмкіндікберді.Оның негізінде бюджетті күдерістегі стратегиялықжәнебагдарламалық құжаттардың рөлі, нәтижеге бағдарланған бюджетті жоспарлауға көшуге сәйкес бюджеттік багдарламаларды қалыптастыру, қызмет нәтижелеріне кол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру, нәтижелерді бағалау, мемлекеттік қаржылық бақылауды жандандыру сиякты шешуші салаларды камтитын үш жылдық бюджет жасалынды. Бюджеттік кодекстің жаңа нүсқасы бюджеттің үдерістің стадиясындағы барлық операцияларды - стратегиялық бағыттар мен мақсаттар негізінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру мезетінен - әрбір мемлекеттік орған қызметінің нәтижелерін кешенді бағалауды жүргізуге дейін регламенттейді. Министрліктер мен 
ведомстволардың қызметі мемлекеттік қызметтер көрсетуге қайта бағдарланған. Жаңа Бюджеттік кодекстін нормалары бюджеттік қаражаттармен мемлекет активтердін пайдалану тиімділігін артғыруға мүмкіндік туғызуға жетелейді. 
Бюджеттік заңнама бюджеттік,бюджетаралық қатынастар, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджеттік қаражаттардың құралуы мен пайдаланылуының негізгі кағидапарын, қағидаттары мен механизмдерін, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптасуы мен пайдаланылуын белгілейді. Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі. 
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мына кағидаттарға негізделеді. 
Бірлік қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық-экономикапық орталықтандырудың дэрежесін білдіреді. Бірлік кағидаты бүрынғы КСРО-ның бюджет жүйесінде негұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті орғандарының дербестік алуымен және оларға қаржылық ресурстарды иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты Бұл кағидат біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржылық саясатты қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-эрекетіне, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта белудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген. Бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуінің бірыңғай кағидаттарын қолданумен,бірынғай бюджеттік сыныптаманы және бюджеттік үдерістің бірыңғай рәсімдерін пайдаланумен камтамасыз етіледі. 
Бюджет жүйесінің бірлігі салықтық саясатты коса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады. 
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жокка шығармайды. Бюджеттің дербестік қағидаты - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және Бюджеттік кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттік үдерісін дербес жүзеге асыру құқығы,жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының калдықтарын жоғарғы бюджеттерг^алып коюға жол берілмеуі төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі. 
Бюджеттің толымдылығы кагидаты Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджетте және 
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсетуді, бюджеттік қаражаттарды пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға, сол сияқты бюджеттік қаражаттар бойынша талап құқықтарынан шегінуге жол бермеуді білдіреді. Сөйтіп ол мемлекеттік билік пен басқару орғандарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін бейнелеп көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақшалай түсімдерді, сондай-ак бюджет шығыстарының көлемі мен нактылы бағыттарын айқындау қажет. Әлемдік практикада бұл кағидат оны дэл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса кеп шығыстарды жүктейтіндіктен казіргі кезде орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі кабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың - зейнетақы, әлеуметтік сактандыру, жол, халықтың жұмыспен камтылуына жәрдемдесу және т.б. қорлардың қаражаттары кіріктірілген. 
Реалистік қағидаты - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттік көрсеткіштердің 
әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік, параметрлеріне бекітілген (түзетілген), мемлекеттік орғандардың стратегиялық жоспарлары параметрлеріне болжамдарының бағыттарына сәйкестігі. Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарларын және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау үдерісінде кол жетеді. Трсінспсіренттілік қағидаты мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ак коғам мен бұқаралық акпарат құралдары үшін бюджеттік үдерістін міндетті ашықтығын қоспағанда, бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген, нактыланған (түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау. Дәйектілік қағидаты деп мемлекеттік орғандардың бюджеттік қатынастар сферасында бұрын кабылдаған шешімдерді сақтауын айтады. Нәтижелтік қағидаты мемлекеттік орғандардың стратегиялық жоспарларында көзделген тура және түпкілікті нәтижелерге кол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару. 
Сабақтастық қағидаты - өткен кезендерде бекітілген әлеуметтік-эконо-микалық даму мен бюджеттік параметрлер, базапық шығыстар, болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау. Негізділік қағидаты - бюджет жобасына кандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды кіріктіру қажеттігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің және басқа құжаттардың негізінде бюджетті жоспарлау. Касса бірлігінің қағидаты - бюджеттке түсетін барлық түсімдерді бірыңғай казынашылық шотқа есептеу және бірыңғай казынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютада жүзеге асыру. 
Уақтылық қиғидаты - республикалық және жергілікті бюджеттерге, 
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының колма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу және оларды Ұлттық банктегі Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың дара жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердік міндеттемелер кабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың дара жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сактай отырып, мерзімінде бюджеттік қаражаттарды алушылар шоттарына аудару. 
Тиімділік қағидаты - бюджеттік қаражаттардың бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тура нәтижелерге кол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттардың аз көлемін пайдаланып тура нәтижеге кол жеткізу. 
Жауапкершілік қағидаты - тура және түпкілікті нәтижелерге колжетімділікке және бюджеттік бағдарламапар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының 
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінін қабылдануы. 
Бюджеттік қаражаттардың атаулық және нысаналық сипаты қағидаты - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінін Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтай отырып, бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік орғандардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне кол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы. 
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджеттік кодексте,«Жергілікті өкілді және атқарушы орғандар туралы»«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы заңдарында және басқа заңнамалық актілерінде көрсетілген. Нақтылы жағдайларда бұл қағидаттардан жиі ауытқу болады. Мысалы, кейде бюджеттің бірлігі қағидатынан ауытқиды, өйткені көптеген арнаулы және бюджеттен тыс қорлар пайда болады. 
Реалистік кағидаты да өзінің маңызын жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін, олар арқылы мемлекет қаржылық қатынастарды саралауға ұмтылады. Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және өңірлік бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-эрекеттеріне негізделген.

2005 жылы бюджетті  қалыптастырудан бастап, оны атқарумен  және бақылаумен аяқтаудың барлық  қаржылық рәсімдерін регламенттейтін  бірыңғай заң - Бюджеттік кодекс  күшіне енді. Бюджеттік кодексте бюджет жүйесінің жаңа кағидаттары қойылған, бюджеттік жоспарлаудың бұрынғы қағидаттары,барлықденгейлербюджеттерініңкірісжәнешығысбөлімдерін қалыптастыру жөніндегі амалдар түбегейлі қайта қаралды. Орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды әзірлеу өзінің дамуы жағынан жетілдірілді, бюджеттің атқарылу үдерісі тәртіпке келтірілді, бюджеттік қаражаттарды пайдалануды бақылау жүйесі туралы қағида күшейтілді. 
Стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру үшін үш жылдық кезеңге арналған салықтық-бюджеттік саясатты анықтайтын құжат - орта мерзімді фискалдық саясат әзірленді. Сонымен бірге бюджеттің атқарылу үдерісі де тым егжей-тегжейлі регламенттелінді, бюджеттік үдерістің жаңа кагидаттары енгізілді. 
Бюджет деңгейлері жүйеленілді, әрбір деңгейдің кала мен аудан бюджетіне дейінгі шығыстары, олардың түсімдері мен бюджеттерді әзірлеудің тәртібі егжей-тегжейлі жазылып койылды. 
Заңнамада бюджеттердіңтек екі деңгейі - республикалық және облыстық денгейі ретке келтірілген, ап төменгілері «ойын ережелерін» өздері анықтайды. Айқындықты қамтамасыз ету және олардың қызметіне бірыңғай талаптарды белгілеу үшін тиісті нормалар енгізілді. 
Шығыстарды бөлудің негізгі уәжі шығыстардың үлкен бөлігін жергілікті деңгейге табыстау болып табылады. Әрбір бюджеттің белгілі бір, қатаң жүйеленілген және орнықты шектері болуы тиіс. Шығыстардың бағыттары 
Бюджеттік кодексте мемлекеттік басқарудың ауылдық деңгейіне дейін анықталған. Ауылға (селоға) бекітілген шығыстар жекелеген багдарламалармен аудандық бюджетге бекітілетін болды, олардың әкімшілері ауылдың және поселкелердің экімдері болады. 
Республикалық және жергілікті бюджеттерді ішкі бақылаудың сатылас сызбасы енгізілді: ішкі бақылауды Қаржы министірлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті жүргізеді.Сыртқы бақылаудың функциялары Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі Есеп комитеті мен мэслихаттардың 
ревизиялық комиссияларында калды.Бюджеттік инвестициялар ұғымы кеңейтілді, инвестициялық жобаларды кезеңдік іріктеу, сондай-ақ жобалардың тиімділігін бағалау тәртібі енгізілді. Капиталдың ішкі және сыртқы рыноктарында жергілікті атқарушы орғандар-дың қарыз алуы жойылған, тек жоғарғы бюджеттен олардың қарыз алуы сақталынған. 
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражаттарды аударудың жаңа механизмі енгізілді. Ұлттық қордың койылған міндеттерін тиімді іске асыру мақсаттарында оңтайлы дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып баланыстандырылған бюджеттік әдіс әзірленді. Қазақстан Республикасындағы баланстандырылған бюджеттік әдіс сызба түрінде 14.3 сызбада көрсетілген.[1]

 

[өңдеу]Пайдаланылған әдебиет

  1. ↑ Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет ISBN 978-601-225-169-2

Информация о работе Бюджет жүйесі