Бюджеттеуді ұйымдастыру және банк бюджетінің құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 20:40, лекция

Описание работы

Бюджеттеу – есепті кезеңдегі банк қызметін жоспарлау және нақты нәтижелерді есепке алу үрдісі болып табылады. Оның мақсаты басқару есебінің мақсатына сәйкес келеді, яғни басқармаға банктің кірістері мен шығыстарын, оның активтері мен пассивтерінің құрылымын және басқа да салымдарды басқару қызметі туралы дер кезінде нақты ақпарат беру.

Содержание

1. Бюджеттеу – банктегі басқару есебінің негізі.
2. Бюджеттерді құру әдістері.
3. Бюджеттеу бойынша ескерілуге тиісті ішкі және сыртқы шектеулер.

Работа содержит 1 файл

бюджет.doc

— 55.00 Кб (Скачать)

     Сыртқы  шектеуге ҚР ҰБ-нің пруденциалды нормативтері кіреді, оның ішінде капиталдың жеткіліктігі, ашық валюталық ұстанымның (позицияның) мүмкін болатын шегі, өтімділік нормативтері және т.б.

     Ішкі  шектеулерге банктің ішкі құжаттарымен орнатылған лимиттер мен талаптар жатады, оған тәуекел деңгейіне салынатын салымдардың мөлшерінің шегі (лимиті), рентабельділіктің немесе банктің пайыздық маржасының талап етілетін деңгейі және т.б. жатады.

     Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік  ресурстардың аз-көптігін анықтауға мүмкіндік береді. Ішкі банк жүйесін қолданғанда ресурстардың аз-көп болуы, қазынашылық басқа бөлімшелермен барлық келісім-шарттарды орнатқаннан кейінгі құрылатын ресурстар көлемімен сәйкес келеді. Осы есептіліктің негізінде басқарма, соңғы басқару шешімдерді орнату барысында, бөлімшелердің бюжетінде сәйкес түзетулер енгізуі мүмкін.

     Тәжірибеде  бюджеттеуде алдағы көрсетілген  жолдарды басқару есебінің жалпы  концепция шегінде қолдану, банктің  және оның бөлімшелерінің жұмысының  тиімділігін арттырады, бұл оны банкте қолданудың қажетілігін және артықшылығын көрсетеді.

     Қорыта  айтқанда, банк басшылығы банктің  ақшасын қайда жұмсап, оларды қалай  табуға болатынын айқын түсіну қажет, сонымен қатар шығындарын, болашақтағы  пайдасын жорамалдай алу керек. Тек осыла ғана шығыстарды барынша азайтып, кірісті көбейтіп, пайдалылықты ұстап тұруға болады, сәйкесінше бұл мәселені шешу жолы бюджеттеу болады.

Информация о работе Бюджеттеуді ұйымдастыру және банк бюджетінің құрылымы