Экономикалық өсу

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 15:14, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық өсу параметрі, оның динамикасы ұлттық даму және мемлекеттік экономиканы реттеу үшін кең қолданылады. Халық шаруашылығы және саясат саласының жоғарғы органдарының қызметін экономикалық өсу динамикасы мен өмір сүру динамикасының деңгейіне қарап бағалайды. Экономикалық өсу, оның қарқыны, сапасы және басқа көрсеткіштер тек қана ұлттық шаруашылықтың потенциалына ғана байланысты емес. Сонымен қатар сыртқы саясат факторларына да едәуір деңгейде байланысты болды.

Содержание

Кіріспе
І Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-теңдік
1.1. Экономикалық өсу оның типтері мен факторлары
1.2. Экономикалық өсудегі мультипликатор және акселятор эфффектісі
1.3. Макроэкономикалық тепе-теңдіктер теориясы
ІІ Қазақстан экономикасындағы даму динамикасын талдау
2.1. Қазақстанның ЖІӨ және оның құрылымын талдау
2.2. Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ динамикасын талдау
2.3. Қазақстандағы экономиканы тұрақтандыру саясаты
ІІІ Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мәселелері мен оларды шешу жолдары
3.1. Экономикалық өсудің шетелдік тәжірибесі
3.2. Қазақстандағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Работа содержит 1 файл

Экономик осу факторлары.doc

— 338.50 Кб (Скачать)

     Сарапшылардың Қазақстанға қатысты келесі бір назар аударатын дерегіне тоқталсақ, олардың болжамынша, қазақ елі экономикалық дамуы жөнінен Малайзияға жақындады. Мысалы, Халқаралық беделді сарапшылар аталған елде ЖІӨ 2006 жылы 141 миллиард долларға жетті. Инфляция 2,5 пайызды құрап, малайлықтардың жылдық табысы 5300 доллардан айналды. Есесіне Қазақстан Филиппин (мұндағы жан басына шаққандағы жылдық табыс-1200 доллар), Таиланд (2000 доллар), Иран (2900 долар), Египет (1300 доллар), Вьетнам (670 доллар), Алжир (2900 доллар), Иордания (2200 доллар), Украина (2000 доллар) Румыния (5000 доллар), Латвия (6000 доллар), Болгария (3900 доллар), Литва (7000доллар), Бразилия (5000 доллар), Аргентина (5100 доллар)  және Түркия (4800 доллар) секілді елдердің  алдын орап отыр. Өйткені, 2007 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 8,6 пайызды құрайды деп күтуде, бұл адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің көлемі 6560 АҚШ долларына дейін жеткізуге мүмкіндік береді.  
 

3.2. Қазақстандағы экономикалық  өсуді қамтамасыз  ету шаралары

      Соңғы жылдары Қазақстанда инновациялық бағыттағы инвестициялық жобаларды  қаржыландырумен айналысатын даму институттары жемісті жұмыс істеуде. Жалпы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының құрамында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Қазақстанның Даму банкі», «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Қазына Капитал Менеджмент», «ҚазЭкспортГарант» СК» секілді бес даму институты бар. Олардың қолдауымен өткен жылы республикада 146 инвестициялық жоба қаржыландырылып, 96-сы пайдалануға берілді. Жаңа өндірістерде 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 
Айтып өткендей, «Самұрық-Қазынаның» міндеттерінің бірі - шикізаттық емес сектордағы ішкі жалпы өнімді арттыру арқылы экономиканы әртараптандыру және жаңғыртуға жәрдемдесу болып табылады. Бұған дейін біз былайғы мемлекеттерге тек шикізат шығарушы ел болып танылғанымыз рас. Алайда, жаңашыл бағытқа батыл қадам баспасақ, ескі сүрлеу бізді алысқа апармайтынына көзіміз жетіп отыр. 
«Самұрық-Қазына» қоры мен оған енетін даму институттары несиелеу, кепілдік беру, капиталға қатысу, экспорттық несиелерді сақтандыру, инвестицияларды сақтандыру, лизинг секілді қолдау түрлерімен қатар ақпараттық және ұйымдастыру тәрізді қызметтерді де көрсетеді. 
Мәселен, «Қазақстанның Даму банкі» орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік несие береді. Инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландырумен қатар агроөнеркәсіп кешеніне 20 млн. АҚШ долларына дейін қаражат ұсынады. Экспорттық операцияларға да несиелей көмек көрсетеді. 
Айта кетелік, осы «Қазақстанның Даму банкінің» қолдауымен Павлодар жерінде тұңғыш алюминий өндірісі іске қосылды. Толық жобалық қуатын игерген электролиз зауытында жылына 250 мың тонна бастапқы алюминий шығарылады. Жоғары сапалы өнімді әлемнің көптеген елдері сатып алуда. Даму банкінің сондай-ақ облысымызда болатты үздіксіз құю арқылы жылына 60 мың тоннаға дейін өнім өндіруді көздеген «Литмашкомплект» ЖШС-нің, жылына 38 мың километр кабель өткізгіш, 4 мың тонна электр оқшаулағышы жоқ сымдар шығаруды мақсат еткен «Қазэнергокабель» АҚ-ның жобаларын жүзеге асыруға қолдау танытқанын білеміз. 2010 жылдың қазан айына дейін Қазақстан Даму банкінің қаржыландыруы нәтижесінде 2776 жаңа жұмыс орны құрылды. Өткен жылдың желтоқсан айында Павлодар қаласында жаңа химиялық зауыттың тұсауы кесілді. Мұнда хлор және каустик ұнтағын бұрынғыдай сынап әдісімен емес, мембранды, яғни қауіпсіз тәсілмен шығарылады. Басшылардың айтуынша, оған біздегі тұзды көлдер пайдаланылады. Еліміздің іргелі өнеркәсіп орындары жаңа өнімге үлкен сұраныс танытуда. Ішкі нарықтан артылған өнімді көршілес Ресей еліне экспорттауға мүмкіндік бар. Жылына 30 мың тонна хлор және каустикалық ұнтақ шығаруға қабілетті өндірісті құруға Даму банкінің қосқан үлесі қомақты. Қазақстан Даму банкінің қаржыландыруға келіскен тағы бір жобасы – Екібастұзда жүк вагондарының өндірісін ұйымдастыру. «Таман» ЖШС-нің өндірістік кешенін техникалық тұрғыда қайта жарақтау бірнеше кезеңнен тұрады. Былтыр шілде айында іске қосылған бірінші кешен қазірде жұмыс істеуде. Осы кезге дейін 114 жүк вагоны жасалған. Алдағы жылдары тағы екі жаңа кешендегі жұмыстар басталады. Олардың жобалық қуатына сәйкес кәсіпорын жылына 3,5 мыңға жуық жартылай вагон және 500-ге жуық жабық вагондар жасап шығармақ. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ басшылығы кәсіпорын жылына кем дегенде 5 мың вагон жасап шығаруды көздейді. Осылайша елімізде жыл санап ұлғайып келе жатқан вагонға деген сұранысты өтеу жоспарлануда. Павлодар облысының инвестициялық жобалары ел көлемінде қызығуға тұрарлық екенін мынадан білуге болады. Даму банкі жалпы сомасы 1 534,09 млн АҚШ долларын болатын тағы 4 жобаны қарастыруда. Оның ішінде жыл сайын 300 мың тонна теміржол магистральдық рельстерін шығару, Екібастұз кешенді қорытпалар зауытын салу, фармацевтикалық зауыт салу және Павлодар қаласында медициналық зауыт жасақтауға байланысты жобалар бар. Алдағы уақытта қаржы институты тарапынан бұл жобалар да құпталады деген сенімдеміз. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ да Павлодар облысында бірқатар жобаларды қолдауда. Жалпы сомасы 24,98 млн АҚШ доллары болатын 4 жобаны іске асыруға қатысып отыр. Соның нәтижесінде 228 жұмыс орны құрылады. Жобалардың қатарында агорөнеркәсіптік холдингті дамытуға байланысты, жиһаз өндірісін кеңейтуге қатысты және қиыршық тас өндірісін қалпына келтіру жөнінде бизнес-бастамалар қолға алынған. Мәліметтерге жүгінсек, облыста «Даму» қорының қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті қолдау шарасы жүйелі түрде іске асуда. «Даму-Өңірлер» бағдарламасы жалпы сомасы 26,4 млрд.теңгеге 720 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды. 1166 жұмыс орны құрылып, қолдау көрсетілді. Институттардың барлығына аймақтарда орналасқан «Даму» қорының өкілдіктері арқылы өтініш тапсыруға болатындай жағдай қаралады. Бұл Астанаға қайта-қайта шапқылауға мәжбүр болып жүретін кәсіпкерлер үшін тиімді болмақ. Б.Саркеевтің тағы бір айтқаны, «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасын іске асырудың барлық мүмкіндіктері мен тетіктері 2010 жылы пысықталып болып, 2011 жылдан бастап Президенттің алға қойған талабы іс жүзінде орындалатын болады. Яғни, экономиканың негізіне айналуға тиіс шағын және орта бизнестің мемлекеттік қолдауға қолы жетеді. Бұл көптен күткен мәселе болатын.
 
 
 
 
 

Қорытынды

      Қорыта  келгенде айтарымыз, тұрақты экономикалық даму траекториясымен келе жатқан Қазақстан  таяу жылдары алдына әлемдегі 200-ге тарта елдердің  арасына дамыған 50елдің қатарына енуді мақсат етіп отырғандықтан, ол үшін Бүкіләлемдік экономикалық форумның әдістемесі бойынша техналогиялық  және инноватциялық даму бағыттарын жетілдіру керек. Оның нәтижесі ішкі шикізат байлықтарын ел ішінде өңдеу, ұлттық бизнесті қалыптастыру,  көлеңкелі экономиканы азайту мен салық жүйесін жақсарту арқылы ЖІӨ көрсеткішінің жоғарылай беруіне тікелей әсер етеді. Сондықтан ЖІӨ көрсеткішінің алдағы уақыттарда да жоғарғы деңгейде болуы- республиканың экономикалық басты мақсаттарының бірі.

       Экономикалық өсуді өлшеуде қолданылатын  ЖІӨ көрсеткіші көбінесе осы  уақытқа дейін экстенсивті түрдегі экономикалық өсуге байланыстыдамып келсе, ендігі инновациялық  экономикалық жағдайында интенсивті түрдегі дамуға жедел бетбұрыс  жасауы және қажет.

                Қазақстан өз дамуының жаңа белестеріне көтерілді. Экономикалық өсудің жоғары қарқыны көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуін жеделдете түсті.

     Дамудың жаңа тұжырымдамасында сапалық көрстекіштердің  мәні артып, әлемдік деңгейге бағдарланған тұрмыстың әлдеқайда жоғары стандарттары басымдылыққа ие болған.

      Барынша биік мақсаттарға қол жеткізу қалыпты бола бастайды. Әлемдік тәжірибе ресурстық, ғылым мен білімнің индустриялық әлеуметті жұмылдыру шаруашылық жүргізу ортасының жаңарын жеделдетіп, бәсекеге қабілеттілік деңгейінің артуын Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүргізу үрдістеріне толыққанды қатысуын қамтамасыз ететінін дәлелдеп берді.

      Еліміз  Президенті «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің  қатарына кіру стратегиясы» атты биылғы Жолдауында «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып  келе жатқан ел болуын қалаймыз.

     Әлемдегі  жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген дүниежүзілік шаруашылықтан  шағын болса да өзіне лайық  орнын иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге  қабілетті ел болуын қалаймыз деп  атап көрсетуі жаңа экономика инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.

      Қазақстан көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша  әлемде көшбасшылық шептерде тұр. Бұл  ең алдымен стратегиялық маңызы бар  бірқатар шикізат ресурстарының  қоры мен жалпы өндіру көлеміне қатысты.

                       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999
  2. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика» Алматы, 2004.
  3. Мэнкью Н.Г.: «Макроэкономика», М: ДИС, 2002
  4. Фишер С.: «Макроэкономика».М: Инфра-М,2003
  5. Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2006
  6. Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие. Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2007
  7. Селищев А.С. Макроэкономика.-С.Пб.:Питер,2005
  8. Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004
  9. Киселева Е.А. Макроэкономика.-М.: Эксмо,2005
  10. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006
  11. Макроэкономика./ Под ред. М.И.Плотницкого.-М:Новое знание,2004
  12. Задоя А.А. Макроэкономика.-Москва,2004
  13. Уразбаева Г.Ж., Қолдасова Л.С.«Макроэкономика» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен, Шымкент 2010
  14. Жұлдызбаев Н.Е., Уразбаева Г.Ж. «Макроэкономика» пәні бойынша лекция жинағы; әдістемелік нұсқау, Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2008
  15. Қазақстан Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы    Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Астана 2010
 
 
 
 
 
 
 

Қосымша

Экономикалық  өсімнің артуына 

факторлардың  қосқан үлесі 

ФАКТОРЛАР Жалпы ұлттық өнім өсіміне әр факторды қосқан өз үлесі %
Еңбек шығынының өсімі

Еңбек өнімділігінің артуы

Ғылыми-техникалық прогресс

Капитал шығындары 

Білім және кәсіби дайындық

Өндіріс масштабындағы үнемдеу 

Ресурстарды бөлуді жақсарту

Заңдылық–институтционалдық  және

басқа факторлар 

32

68

28

19

14

9

8

-9

Информация о работе Экономикалық өсу