Меншікті капитал

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 11:17, монография

Описание работы

Акционерлік (жарналық) капитал түрінде құрылған банктің алғашқы сатысында қалыптасатын меншікті капитал банк қызметінің алғашқы сатысында өте қажет болады. Әрі қарай да, операциялардың кеңейтілуіне негізделген оның барлық қызметі меншікті капиталдың көлеміне тікелей байланысты.
Банктің белсенді операцияларын қаржыландыруда меншікті капиталдың үлесі онша үлкен болмауына қарамастан, ол белсенді операциялардың өсуіне жағдай тудырады.

Работа содержит 1 файл

Меншікті капитал.docx

— 27.96 Кб (Скачать)

Меншікті капитал - коммерциялық банктің қаржылық ресурстарының  қажетті бөлігі. Ол акционерлік, жеке меншіктік немесе шектелген жауапкершілікті  серіктестік нысанында құрылады.

Жарғылық капитал  түріндегі (қор) банктің меншікті капиталы банкті құрудың алғашқы сатысындағы міндеттілігі болып табылады. Банктердің өндірістік кәсіпорындардан айырмашылығы - оларда ресурстар сұранымының 1/5 бөлігі, ал, өндірістік кәсіпорындарда 2/3-тен жоғары меншікті капитал есебінен жабылады. Ресурстарға сұранымның жабылуына меншікті капиталдың қатысуының мұндай қатынасы, біріншіден, елдің салымы мен депозит түріндегі ірі қаржылық қорды тарта білуіне байланысты болса, екіншіден, ғимарат, құралдар және басқа да материалдық құндылықтар тәрізді кәсіпорын активтеріне қарағанда, әр түрлі талаптар түріндегі банк активтерінің көп жағдайда өтемпаздығы және тез өткізілетіндігіне байланысты. Сондықтан банктер мен басқа да кредиттік мекемелер өнеркәсіп кәсіпорындарымен салыстырғанда меншікті капиталы мен активтерінің арасындағы шағын қатынастарды қолдай алады. Соған қарамастан банктің меншікті капиталы банк жұмысының тұрақтылығы мен оның тиімділігін қолдауда ерекше маңызға ие.

Акционерлік (жарналық) капитал түрінде құрылған банктің алғашқы сатысында қалыптасатын меншікті капитал банк қызметінің алғашқы сатысында өте қажет болады. Әрі қарай да, операциялардың кеңейтілуіне негізделген оның барлық қызметі меншікті капиталдың көлеміне тікелей байланысты.

Банктің белсенді операцияларын  қаржыландыруда меншікті капиталдың үлесі  онша үлкен болмауына қарамастан, ол белсенді операциялардың өсуіне жағдай тудырады.

Банк капиталының  басқа бір атқарылымы - қорғаушылық. Ол салым салушылар мен кредит берушілердің мүддесін қорғауды қамтамасыз ете отырып, ағымдағы залалдарды жабу жолымен жүзеге асады.

Сөйтіп, банк меншікті капитал есебінен банк жабылған жағдайда салымшыларға өтемақы төлей алады, сондай-ақ өзінің төлем төлеу қабілетін қамтамасыз ете алады.

Банктің меншікті капиталының  келесі атқарылымы реттеушілік болып  табылады. Ол мемлекет және қоғамның банктердің іс жүзіндегі заңдар мен ережелерге сай тұрақты қызмет көрсетуіне мүдделі екеніне байланысты.

Меншікті капиталдың қалыптасу ережесімен белгіленетіндері:

- банк қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін жарғылық капиталдың төменгі көлемі;

- бір қарыз алушының кредиттік сомасының шегі.

Банк капиталы бұл атқарылымды оның көлемі жеткілікті болғанда ғана орындай алады.

Банктің пассивтік операциялары негізінде  қалыптасқан және барлық активтік операцмялар  бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.  
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:  
Банктің меншікті капиталы  
Банктің заемдік және тартылған қаражаттар  
Банк русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.  
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.  
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.  
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.  
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.  
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:  
Жарғылық капитал;  
Резервтік капитал;  
Қосымша капиталдар;  
Банк операцияларына бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);  
Бөлінбеген банк пайдасы;  
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер акционерлік формада құрыла алады.  
Әдістемелік негіз ретінде: ҚР «Банк және банк қызметі туралы» Заңы, ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қағалау мен реттеу Агенттігінің және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқааралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым

Банктің меншікті капиталының құрылымы.

Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категориларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан улесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:  
Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден сақтайды;  
Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;  
Ағымды шығындарды жабады;  
Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;  
Клиенттердің комерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын қанағаттандырады және т.с.с.  
Сондықтан мемлекеттік қадағалау органдары екінші деңгейлі банктер үшін әр түрлі шектеулер қояды және де бұл шектеулердің орындалмауы туралы мәлімет алған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу агенттігі және тағы басқа мемлекеттік қадағалау органдары әр түрлі санкциялар мен шараларды қолданады және олар салымшылар мен инвесторлардың мәртебесін қорғайды. Осыдан келе, қазіргі кездегі банк ісіндегі басты қиын мәселелерінің бірі болып саналатын – банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін анықтау болып табылады.  
Оданда басқа, банктің меншікті капиталы салымшылардың өз қаржыларын банктік айналымға, соның ішінде: несиелік, факторинктік, лизинктік операциялар мен бағалы қағаздарды сатып алу және тағы басқа инвестицялық операцияларға салу кезінде күтпеген шығындардың пайда болу тәуекелдігінен қорғайды. Осыған қоса, меншікті капиталдың есебінен қаржылық резерв құрылады және бұл резервтер банктің төлем қабілетін сақтаумен қатар, шығындар пайда болған кезде банктің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.  
Банк қызметі үнемі белгілі бір тәуекелділіктермен байланысты болады, сондықтан активтерді тәуекелділігі бойынша топтарға бөлу керек. Активтердің тәуекелділігі бойынша сыныпталуы мен олардың меншікті капиталдың көлемімен өзара байланыстылығы, банктің басқару сапасын, сонымен қатар банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға өз әсерін тигізеді. Банктің меншікті құралдарына салымдар көлемінің көбеюі, қаржыландырудың ең қауіпсіз формасы болып табылады деп те айтуға болады және ол жүйелік төңкерістердің болдырмауына өз ықпалын тигізеді.  
Банктің меншікті капиталы банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған ресурстармен тығыз байланыста болып, олармен бірге айналымға қатысады. Банктің меншікті каиталы банктің тартылған ресурстарына қарағанда сенімділігі жоғары ресурс болып табылады. Активті опеациялардың жүргізілуі мумкін шығындардың пайда болуына әкеледі және олар өз кезегінде резервтердің құрылуын талап етеді. Егер де банк қызметін жүргізген кезде және оның қорытындысы бойынша банкте шығындар пайда болса, онда банк жарғылық капиталдың белгілі бір бөлігінен айырылады, ал резервтердің бар болу кезінде, жарғылық капитал резервтер есебінен толықтырылады да банк қызметінің қалыпты жұмыс атқаруына жол береді.  
Банктер «Резервтік талаптардың ең төмеңгі мөлшері» атты нормативке сай, тартылған несиелік ресурстардің бір бөлігін жеке шотта депонирлеуге міндетті. Бырақ ол банктің өтімді активтері мен актив операцяларынан алған кірісті төмендетеді, ал меншікті капиталдың есебінен құрылған резерв Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде депонирленбейді, яғни ол банктің айналым капиталының бір бөлімі ретінде саналады. Бырақ оның жарғылық капиталға қатынасы, оның депонирленген тартылған ресурстардың қатынасыан кем болмауы керек.  
Осыдан келе, банктің меншікті капиталы бір жағынан тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтерді анықтау құралы ретінде, екінші жағынан қаржылық шығындарды жабу үшін жинақталған қаржылар құралы ретінде де деп айтуға болады. Банкке жататын тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің жалпы сомасы мен айналымдағы банктің меншікті қржылардың сомасының арасндағы айырма, банктің төлемділік қабілетін көрсетеді.  
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігімен қоятын пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес, банктің активтеріне баға беру үшін, оларды тәуекелділігі бойыша топтастырады. Тәукелділігі бойынша топтастырылған активтердің коэффициенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттағы қаржылар 0-ден бастап, мерзімінде төленбеген қарыз 100-ге дейін процент түрінде көрсетілген. Бұл көрсетткіштер курсттық жұмыстың «қосымша мәліметтер» атты бөлімінде толық көрсетілген.  
Топтастырылған активтер банктің меншікті қаражаттарымен салыстырылады. Активтерді топқа бөлу, тәуекелділік деңгейінің, банк қызметінің қатерлі жағдайларға ұшырау қауіптілігімен мінезделеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілген меншікті капиталдың жеткіліктілігінің төмен нормативтік деңгейінің себебінен, соңғы кездері қаржылық тұрақтылығы төмен банкттік ұйымдардың қалыптасуына әкеп соқты. Сондықтан, қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банк қызметін қадағалайтын нормативтерінің орындалуын қатал қадағалап, меншікті капиталдың минималды мөлшерін ұлғайтты.  
Меншікті капитлалдың негізгі қиыншылықтарының бірі – меншікті капиталдың жеткіліктілігін сақтау болып табылады. Оны 3 әдіспен шешуге болады:  
Әрбір кезең арқылы капиталдың мөлшерін ұлғайту;  
Жалпы активтердің соммасын қысқарту;  
Тәуекелділігі жоғары салымдардың көлемін қысқарту арқылы активтер құрылымын өзгерту;  
Банк қызметін қадағалау жүйесінде ағымды, есеп айыру, депозиттік шоттардағы қалдықтар бойынша міндеттемелерді орындау үшін, өтімділігі жоғары активтер көлемінің жеткіліктілігін сақтаудың маңызы өте зор. Олардың ішіндегі маңыздысы болып табылатын: олардың орындалуының нәтижесінен банктің корреспонденттік шотына қаржылар түсуімен байланысты операциялар болып табылады. Себебі, бұдан ең алдымен банктің мерзімінде және толығымен өз міндеттемелерін орындау мүмкіншілігі тәуелді.  
Резев капиталының болмауы немесе оның жетіспеушілігі, банктің тартылған ресурстардың көп бөлігін мерзімді төлемдерді өтеу мақсатында, оларды өтімді активтер ретінде қолдануға мәжбүр етеді. Осыдан келе, банктің несиелер бойынша проценттік кірістермен қатар, кірістердің жалпы сомасы азайып, капиталдандыру мүмкіншілігі кемиді.  
Халықаралық тәжірибеге келетін болсақ, банк өтімділігінің көрсеткіштері, актив операцияларының қолдану мүмкіншілігі мен міндеттемелердің және олардың өтеу мерзімін есепке ала отырып, арасындағы нормативтік қатынастар ретінде көрсетіледі.  
Банктің заңды және жеке тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттарының мөлшерін анықтау үшін, банктің тартылған қаржыларын банктің меншікті капиталымен салыстырамыз. Оның маңызы өте зор. Себебі, заңді және жеке тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттары, банктің активті операциялары мен инвестициялық қызметтің негізгі көзі болып табылады.  
Банктің тартылған ресурстардың оңтайлы үлес салмағы, банктің меншікті қаржылары мен тәуекелділігі бойынша салмақталған активтердің арасындағы қатынасы ретінде меншікті капиталдың жеткілікті нормативі арқылы қадағаланады.  
Банктің меншікті капиталы пассив операцияларына жатады және ол келесі баптардан тұрады:  
Жарғылық капитал – жай акциялар (мерзімі шексіз бағалы қағаздар), ерекшелігі бар акциялар (дауыс беруге құқығы жоқ бағалы қағаздар);  
Банктік резервтер – яғни, алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздардың орнын жабуға арналады;  
Қосымша төленген капитал – жай және ерекшелігі бар акциялардың сату курсы мен номеналдық курсы арасындағы айырмадан құрылады;  
Қосымша төленбеген капитал – активтерді қайта бағалаудан құрылады;  
Бөлінбеген таза кіріс – банк меншігінде қалатын, жылдан жылға жинақталатын кіріс сомасы;

Қосымшалар  мен өзгерістер енгізілген, нотариалды расталған жарғы көшірмесі немесе жарғыға өзгерістер мен қосымшалар еңгізу туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бар хаттама (хаттамадан көшірме);  
Құрылтайшы құжаттарға өзгерістер еңгізілген датадан бастап, бір ай мерзімде тіркеуші органның хабарламасын растайтын пошталық түбіртек немесебасқада құжаттар (егер қоғам көрсетілген өзгерістермен қайта тіркеуден өтпеген болса);  
Әр акция түрінің үлгілері – шығару құжаттамасы нысаны түрінде екі данада;  
Тәуелсіз тіркеушімен келісім-шарт көшірмесі және маманның біліктілік куәлігінің көшірмесі бар акционерлердің тізімін жүргізу туралы ішкі жағдай (атаулы акциялар шығарған кезде, егер алдыңғы шығаруларда бекітілмесе немесе өзгерістер барда);  
Акцияларды шығаруды тіркеу кезінде бағалы қағаздармен жұмыс операциясына салық төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмесі;  
Бухгалтерлік баланстармен тігілген эмиссия проспектілері (шығару шарттары) екі данада;  
Аудиторлық қорытынды;  
Акциялардың бұрыңғы шығарудың мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі;  
Қоғамды тіркеушісі берген, 5% жоғары акцияны иеленуші акционерлердің мәліметі тізімінен көшірме;

Шығарушы  банк бағалы қағаздарды тек эмиссия жарияланып, проспект тіркелгеннен кейін ғана өткізеді.  
Банк тәжірибесінде бағалы қағаздарды өткізудің бірнеше әдістері бар:  
Акционерлердің акцияларды материалдық құндылықтармен, материалдық емес активтермен, сондай-ақ ұшінші тұлғалар шығарған және нарықтың белгісі бар бағалы қағаздармен төлеу. Акционерлер өздері шығарған бағалы қағаздармен акцияларді төлеуге құқығы жоқ;  
Акцияның белгілі бір санына келісім-шарт сатып алушысымен келісілген негізде акцияны теңгеге немес ешетел валютаға сату. Бұл жағдайда шығарушы банк бағалы қағаздар нарығының делдалының қызметін пайдалана алады. Қазақстан Республикасында қаржылық делдалдарының қызметі бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және диллерлік лицензиялау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы №293 қаулысымен бекітілген Ережемен реттеледі;  
Акционерлердің арасында тиістімөлшердегі акцияларды бөлу арқылы банктің басқа да меншікті қаражатын капиталға айналдыру (мысалы, жай акцияларды бөлінбеген табысқа немесе дивиденттерді қайта капиталға айналдыру);  
Банктің бұрыңғы шығарған айырбас акцияларын акцияларға айырбастау;

Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі  
Егер банк өзінің меншікті қаржыларын тиімді қолдана алса, онда ол олардың көмегімен банк кірісін көтеріп, салымдардың сақталуын қамтамасыз ете алады. Кіріс деңгейін арттыру үшін, банк ең алдымен өзінің меншікті қаржыларын қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салмай, оның орнына несиелердіберумен айналысатын жағдайда, өзінің кіріс деңгейін көтере алады. Қосымша төлемділік қабілеттілігін немесе міндетті резервтердің көлемін ұлғайту қажеттілігін қанағаттындыру үшін, несиелік портфельдің немесе бағалы қағаздардың кейбір бөлігін нақты ақшаға айналымдар арқылы жетуге болады. Егер менеджер қосымша салымдарды тартумен байланысты сұранысты қанағаттандырған болса, онда ол банктің төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейін сақтай отырып, тартылған салымдарды инвестициялаумен қатар, несиелерді берумен байланысты операцияларды жүзеге асыра алады. Өзінің қысқа мерзімді берешектері мен депозиттік шоттарын реттей отырып, банк өзінің төлем қабілеттілігін және кіріс көлемінің деңгейін арттыра алады.  
Капиталдың көрсеткіштері арқылы мемлекеттік қадағалау органдар банктердің қызметін қадағалап, оларға баға бере алады. Әдетте меншікті капиталға жататын көсеткіштерге:  
Меншікті капиталдың минималды көлемі;  
Активтер бойынша шектеулер мен басқа банктің активтерін сатып алу шарттары кіреді;  
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.  
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төмеңгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төмеңгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.  
«Капиталдың жеткіліктілігі» термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның туекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл банк капиталының мөлшерін тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ыңтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары, екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.  
Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төмеңгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.  
Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды ескеру қажет:  
Банктердің дивиденттері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;  
Банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бырақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.  
Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты қатынас 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12%-ды (пруденциялдық номативтердегі КII-нің мәні) құрайды.Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.  
Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.  
Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бырақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәуекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында мынадай міндеттер тұрады: тәекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәекелдерге тәелді ме, жоқ па? деген балама сауал туындайды.  
Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылдың Базель комитеті келісімінің шешімімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім-шарт» негізінде «Кук коэффициенті» деп аталатын капитал жеткіліктілігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде пруденциялдық норматив қатарында пайдаланылуда.  
Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төмеңгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиді: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс мендеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етуімен қатар, төмеңгі туекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.  
Базель келісіміне сәйкес, меншікті капиталдың жеткіліктілігін анықтайтын басты көрсеткіш ретінде, тәуекелді актевтер көрсеткіші болып саналады:


Информация о работе Меншікті капитал