Қосымша

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 07:52, курсовая работа

Описание работы

Қаржы нарығы басыңқы салаларды инвестициялау үшін уақытша басы бос қаражаттың шоғырлануын қамтамасыз етеді. Қаржы нарығы экономикада өз жұмыстарын жақсы біледі, қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуын талдау арқылы оның негізгі кезеңдерін анықтау керек.
Қаржы нарығын экономикада қор нарығы деп те атайды. Қазақстанда қор нарығының инфрақұрылымы қалыптасқан деп айтуға болатындығына қарамастан алайда оның өтімділігі де тиімсіз пайдаланылуда. Әрі отандық, әрі шетелдік инвесторлардың қор нарығына мүдделігін күшейту үшін тетіктер мен шарттар қажет. Оның одан әрі дамуына жаңа қаржы құралдарын, қор биржаларының қосымша бөлімшелерін енгізу, инвесторлар үшін жеңілдікті шарттар жасауға мүмкіндік береді.

Содержание

1 Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері
1.1. Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары...................................5-8
1.2. Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттіктері........................9-14
1.3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттігінің міндеттері...15-19

2 Қазақстандағы қаржы нарығы мен ұйымдарды басқару мен бақылау негіздері
2.1.Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттерінің қызметтері..20-22
2.2. Қаржы нарығын ұйымдастырушылар мен оларыдың жай күйі.........23-24
2.3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеудегі негізгі жұмыс процестері.....................................................................................................25-27

3 Қазақстан Республикасында қаржы нарығын жетілдіру жолдары
3.1. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеу мен бақылауды дамыту ерекшеліктері................................................................................................28-30

Қорытынды.................................................................................................31-32

Қолданылған әдебиеттер................................................................................33

Работа содержит 1 файл

каржы нарыгы.doc

— 218.50 Кб (Скачать)

 

 

1.2 Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттіктері

 

Қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарына мыналар жатады :

  1) реттеліген тауар  нарығының болуы, яғни кез келген  түрлердегі және арналымдағы  тауарлар мен қызмет көрсетулер  бойынша сұраным мен ұсынымның  теңгерімдігі;

  2) Ұлттық (орталық)  банк тарапынан ақша айналысын  қалыпты реттеп отыру: бұған  қолма – қол және қолма –  қолсыз айналым бойынша эмиссияға  бақылау жатады;

  3) несие нарығының  жандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни ресурстарын еркін нарыққа  орналастыру; несие ресурстарының қозғалысы орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

     Кез келген  субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

    1) бәсекені  дамыту мен монополизмді шектеу  мақсатындағы материалдық өндіріс  сферасының бастапқы шаруашылық  буындарының – меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;

    2) қаржы ресурстарын  қайта бөлудегі мемлекет рөлінің  қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды  орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды  кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;

    3) шаруашылық  жүргізуші субъектілер мен халықтың  бағалы қағаздарға және басқа  активтерге инвестицияланатын ақшалай  табыстарының өсуі;

    4) бюджет тапшылықтарын  қаржыландыру үшін несие қорын  пайдалануды тоқтату; распубликалық, сондай –ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

     Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды.

Оның жұмыс істеу  әкімшіл - әміршіл экономикаға тән  «сатылас»  әдістің орнына «деңгейлес»  қозғалысы бойынша ресурстарды  қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес  қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші  субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс- әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

   Қаржы нарығы  бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

    Қаржы нарығының  болуы инфляцияны тежейді, өйткені  бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссисын пайдаланбайды, рынокте еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.

     Экономикалық  реформа процесінде қаржы рыногінің  қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың  дағдарысын тудыратын және оның  инфляциясымен қосарланатын қарама- қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.

   Инфляция бағалы  қағаздарға айтарлықтай шектеу  жасайды- олар қысқа мерзімді  немесе құны жоғалмай жеңіл  өтетіндей болуы тиіс. Бағаның  өнімі өсіп отырған жағдайында  инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние – мүлікке, таурларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.

    Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежелеп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның тәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша – кредит операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.

   Қаржы нарығыныің жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның рентабелдігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамының мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді

     Қаржы нарығының  жандануы корпоративтік бағалы  қағаздарды – экономиканың нақты  секторы кәсіпорындарының акциялары  мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногінің бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.

    Инвестициялық  институттар, қор биржалары, биржадан  тыс сауда, депозит мекемелері түріндегі құрамды элементтерді қамтитын ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнаналық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі тиіс.

Капиталды және басқа халықаралық, аймақтық және жергілікті қаржының қаржы  нарықтарымен ұлттық және халықаралық  операцияларды қолдау үшін мынандай орталық элементтердің белгілі бір жиындарына ие болуы керек. Біріншіден, қаржы нарықтарының айқын қызмет етуін қамтамасыз ететін тұрақты қаржы жүйелері мен институттарынан тұрады.

Кредит берушілер мен  қарыз алушылардан шығын, тәуекелділік, табыс, өтемпаздық және бақылау мерзімдері көзқарастарынан варианттардың алуан түрлілігін тудыратын, қаржы құралдарының икемді жиыны талап етіледі.

Шетел капиталына арна жүргізу  қабілеті маңызды, яғни барлық халықаралық  операицяларды жүргізу тәсілдерін, құқықтық қамтамасыз етуді меңгерген, жақсы даярланған, кәсіпқой штат керек, оған сонда халықаралық қарызға алушылар мен инвесторлар сенетін болады.

Халықаралық қаржы орталығының  міндеттері әртүрлі валюта секторлары арасындағы күшті байланыстары бар  біріктірілген нарық жүйесі ретінде  қарастырылады. Бұл байланыстар банкілер мен басқа да қатысушылардың ақша қаражаттарын айырбастау операциялары арқылы бір валюталық сектордан басқасына ауыстыру қабілетінен көрінеді.

Қаржы нарығының элементтері  дүниежүзілік қаржы жүйесін құрайды, ол бірқатар негізгі операцияларды орындайды:

  • өзара байланысқан ақша нарықтарында активтермен сауданы ірі банктермен орталықтандыру, дилингілік операциялар халықаралық ақша нарығы активтерінің әртүрлерімен сауда жасау арқылы біртұтас қосылады;
  • делдал банктерге қаражаттың төрелік ағындарының бір секторынан басқа секторға өтуіне мүмкіндік жасайды;
  • халықаралық ақша нарығының нақтырақ бағасы бойынша операцияларына қатынасатын қарыз алушылар мен кредит берушілер үшін үлкен икемділік және еркіндік жасайды.

Қаржы нарығының дамуы  оған жаңа қатысушылардың пайда болуы және қаржы құралдарының нысандары мен түрлерінің көбеюі капиталдың жылыстау жолдарын реттеудің икемдірек тетігін жасауды, нормалар тізбесін кеңейтуді талап етті. Оларды бұзу валюталық заңдарға сәйкес жазалауға апарып соқтырар еді. Шағын кәсіпкерлік саласынан банк және сақтандыру қызметінің субъектілерін айыру аталған ұйымдарға қадағалауды күшейтеді, қаржы жүйесінің тұрақтылығын нығайту мен тұтынушылардың мүддесін қорғау мақсатында олардың қызметіне талаптарды өзгертеді.

Қазақстанның қаржы нарығына халықаралық беделге ие болған шетелдік кәсіпқой қаржы делдалдарын жіберуге мүмкіндік береді:

  • нарықтық бәсекелестіктің қажетті деңгейін қолдау;
  • қаржы жүйесінің клиенттеріне отандық қаржы институттары талап етпеген қызметтерді көрсету;
  • жергілікті қаржы жүйесінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Мұндай ұстанымды орындау  үшін мыналар қажет:

  • тіркеу шартын теңестіру жөніндегі мәселені қарастыру, отандық және шетел қаржы институттарының қызметтерін лицензиялау және реттеу;
  • уақытша индекстің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу, соған сәйкес шетел банктері өкілдіктерінің елде бір жыл жұмыс істегеннен кейін барып, олардың Қазақстанда өздерінің еншілес банктерін ашуына құқығы болатын;
  • республикада жұмыс істеуге отандық қаржы делдалдары меңгермеген қызмет түрлері бойынша шетел қаржы институттарын жұмысқа тарту;
  • шетелдің кәсіпқой қаржы делдалдарына банк аралық төлемдер жүйесіне тікелей жол ашу;

Қаржы нарығы өзіне тән  инфрақұрылымы және жаңа принципті  ақпаратты ағымы бар күрделі  экономикалық қатынастар саласы. Сондықтан қаржы нарығын құру үшін бағалы қағаздарды эмиссиялау, қаржы инфрақұрылымын құру  және ақпаратпен қамтамасыз етуге байланысты жүйелі мәселелерді зерттеу қажеттілігі пайда болды.

Қаржы нарығы сату-сатып  алу обьектісі болып спецификалық тауарлар ақша және бағалы қағаздар болып табылады.

Қор биржасы бағалы қағаздар (акция, облигация) сатылатын және сатып  алынатын, өзінің тұрақты орны мен  жұмыс уақыты бар, қатаң белгіленген  тұрақты түрде әрекет жасайтын қаржы  мекемесі. Қор биржасы, негізінен шығарылған және айналыста жүрген қағаздарды қайта сататын екінші кезектегі бағалы қағаздар нарығына қызмет етеді. Қор биржасына оның комиссиясының мұқият тексеруінен (экспертиза) өтетін бірінші класты бағалы қағаздар жіберіледі. Нарықтық экономиканың маңызды элементі бола тұра, қор биржасы бағалы қағаздарды сату арқылы уақытша бос ақша құралдарын жинақтап таратуға жағдай жасайды. Биржада бағалы қағаздарды сатып алу –сату биржалық курс негізінде жүзеге асырылады. Биржалық курс-бұл қор биржасында айналыста жүрген бағалы қағаздардың сатылу бағасы. Биржалық курс дивиденттің шамасынан тікелей тәуклділікте, ал қарыз процентінен кері тәуелділікте болады. оны мына формула түрінде көрсетуге болады:

Ан = Д/ Кп*100%

Бұнда А/ н-акция нарқы  немесе биржалық курс

Д-дивиденд

Бұл формула экономикалық мағынасы мынада: егер акцияны сатып  алушы банкте дивидентіне тең  кіріс алғысы келсе, оның банкке акция  нарқына тең сома салуына тура келер еді.

Бағалы қағаздар курсы  қозғалысының ең белгілі қорытынды  көрсеткіші Доу-джонс индексі болып табылады. Ол ХІХ ғасырдың аяғынан бері «Доу-джонс энд компании» фирмасы жариялап келе жатқан, АҚШ-тың бір топ аса ірі компанияларының акциялар курсының орташа көрсеткіші.

Қалыптасып келе жатқан қаржы нарығының ең маңызды элементі-бағалы қағаздар болып табылады. Оны акционерлік қоғамдар мен банктер, акция, облигация, вексель, сертификаттар және тағы басқа түрінде шығарады. Осы бағалы қағаздарға қысқаша болса да түсініктеме берейік, онсыз қаржы нарығының мәнін түсіну қиынға түседі.

Акция (француз сөзі) дегеніміз- акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде қаржы енгізілгенін және дивидент түрінде табыс алып отыру құқын куәландыратын бағалы қағаз. Ал дивидент-латын тілінен аударғанда бөлініске түсетін деген мағынаны береді. Дивидент акция иесінің, яғни акционерлік қоғам құрылтайшыларының алатын табысы, басқаш айтқанда акционерлік қоғам пайдасының белгілі бір бөлігі.

Акциялар категриялары бойынша елеулі түрде айрықшаланады: еңбек ұжымының акциясы, кәсіпорындардың  акциясы және акционерлік қоғамдардың  акциялары. Еңбек ұжымының акцияларын шығару құқы мемлекеттік кәсіпорындарда, арендалық, ұжымдық кәсіпорындарда болады. Еңбек ұжымының акциялары кәсіпорынның өз жұмыскерлерінің арасында ғана таратылады, ал еңбек ұжымына мүше емес азаматтарға берілмейді.

Кәсіпорынның акциялары еңбек ұжымының акцияларын шығаруға құқы бар кәсіпорындар ғана емес, сонымен бірге кооперативтер одақтарымен, коммерциялық банктермен, шаруашылық қоғамдары және серіктестерімен, шаруашылық ассоциацияларымен де шығарылады.

Акционерлік қоғамның акциялары кәсіпорын мүлкінің барлық сомасына немесе оның жарғылық қорына шығарылады, сондықтан меншіктің кез-келген нысанындағы кәсіпорын акционерлік кәсіпорынға айналады.

Облигация дегеніміз - көрсетілген  кірісті оның иесіне төлеу жөніндегі  міндеттеме. Мұндай бағалы қағазды мемлекет немесе кәсіпорындар шығарады. Облигация, оның иесінің ақша қаражатын салғанын куәландырады және соған белгіленген проценті төлеу уақыты көрсетілген нақты (номиналды) құнының орнын толтыру міндетін дәлелдейді. Процент, әдетте бірдей мөлшерде займның барлық мерзімі бойынша төленеді. Кейбір облигациялар бойынша процент ресми есептелмейді, бірақ өтеу кезінде облигациялар сатып алынатын баға мен олардың иелеріне сатылған баға арасындағы айырмашылық түрінде төленеді.

Облигацияның бірнеше түрі болады: мемлекеттік, жергілікті (муниципалды) және кәсіпорындар облигациялары. Олар атаулы және мәлімдеушіге арналған, және пайызсыз (мақсатты), еркін айналатын және айналым өрісі шектелген облигациялар болып та шығарылады.

Вексель заң бойынша үлгіде толтырылатын құжат. Ол вексель иесіне вексель бойынша қарыз адамнан көрсетілген соманы белгілі бірмерзімде және белгілі бір орында талап етуге құқық береді. Нарықты экономикада вексель несие құралы және төлем қаржысы ертінде үлкен роль атқарады, ал вексельдік айналым жолымен-ақшаның орнына жұмсалады. Вексельді басқа біреуге беру индоссамент нысанындағы берілу жобасы жолымен жүзеге асады. Өздерінің нысанына қарай вексельдер жай және аударылатын болып бөлінеді. Жай немесе қарапайым вексель-бұл бір немесе бірнеше адамның белгілі бір ақша сомасын белгілі бір мерзімде төлейтіні туралы шұбасыз жазбаша міндеттемесі: жай вексель ортақ жауапкершілікті бірнеше адамдармен берілуі мүмкін.

Информация о работе Қосымша