Құжатты аккредетив маңызы, аккредетив түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2012 в 12:00, реферат

Описание работы

Аккредитив - банктің бір немесе бірнеше банктерге аккредетивте көрсетілген шарт негізінде қамтамасыз етілген сома шегінде жеке немесе заңды тұлғаларға клиент есебінен нұсқау бойынша тапсырысы.
Аккредитивтік операция - банктің күрделі делдалдық операциясы.

Работа содержит 1 файл

Лекции БЕ.doc

— 79.00 Кб (Скачать)

Дәріс№6

  Құжатты аккредетив маңызы, аккредетив түрлері  

  Аккредитив - банктің бір немесе бірнеше банктерге аккредетивте көрсетілген шарт негізінде қамтамасыз етілген сома шегінде жеке немесе заңды тұлғаларға клиент есебінен нұсқау бойынша тапсырысы.

    Аккредитивтік операция - банктің күрделі делдалдық операциясы.

   Банктер аккредитивтік операцияларды жүргізумен қатар аккредитивті ашқаны және немесе жүргізгені үшін клиенттерден комиссиялық ақыалады.

   Аккредитивтің негізгі түрлеріне ақшалай және құжаттық аккредитивтер жатады.

   Ақшалай аккредитив - бұл клиенттің банкке ақша сомасын енгізгендігін растайтын  құжат және осы банктің бір  немесе бірнеше банкке аккредитив ұстаушының сонда көрсетілген соманы төлеуі туралы тапсырысының сәйкестігі.

   Құжаттық аккредитив - клиент өтініші және нүсқауы бойынша немесе жеке өз қарауы бойынша, онда көрсетілген бенефициарға немесе оның бүйрығы бойынша төлем жүргізуге банктің міндеттемесін қарастыратың құжаттық есеп айырысу нысаны, сондай-ақ бенифициар қойған аудармалы вексель акцепті мен төлемін немесе аккредитивтің барлық шарттары сақталған жағдайда, белгіленген мерзімде аккредитивте көрсетілген құжаттарга қарсы негоциацияны көрсетеді, яғни сәйкес құжатты көрсеткен кезде төленеді.

   Қазақстан Республикасынъщ Ұлттық банкінен кепіл операцияларын өткізуге лицензиясы болған жағдайда ғана банк аккредитив ашуға құқылы. Аккредитив ашу үшін бұйрық беруші қызмет көрсетуші эмитент банкке1 келесі деректемелерден тұратын өтінішті ұсынады:

  • бұйрық берушінің аты және мекен-жайы;
  • бенефициардың   аты   және   мекен-жайы,   оның   банктік деректемелері;
  • эмитент банктің аты;
  • аккредитив түрі;
  • аккредитив сомасы;
  • аккредитивтің орындалу шарттары;
  • аккредитивке қарсы орындалатын құжаттар тізімі;
  • аккредитивтің ірекет ету мерзімі, тиеу мерзімдері, құжаттарды ұсыну мерзімдері
  • аккретив бойынша банктік шығындарды жабатын тараптар аты

 Эмитент-банк - бұйрық берушінің етінішіне сәйкес аккредитив ашатын (сәне аккредитив шарттарына сәйкес оның орындалуына міндетті банк.

 

Дәріс №9

Несиелендіру  шарттарына сәйкес қысқа  мерзімді, орта мрзімді және ұзақ мерзімді несиелендіру бойынша операциялар  есебін ұйымдастыру  

   Кәсіпорындар   мен   тұрғындарды   несиелеу   банк   қызметінің дәстүрлі   түріне   жатады.   Сол   себептен   банкті   несиелеңдіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрыңғай кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстаңңың екінші деңгейдегі банктерінің орналастырылган   каражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72% келді Сондықтан табыстың 85%-ы ұсынылған қарыздарды төлеу түріңде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз алады. Коммерциялық банктердің шығындар құрылымын 80%-ға жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындары құрайды.

   Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.

    1. Кредиторлар бойынша:

    - орталықтандырылған,   бюджеттік,   банктік,   банктік   емес қаржылық ұйымдар, коммерциялық, сыртқы;

    2. Қарыз алушылар бойынша:

  • қаржылық   институттарға,   үкіметке   (Қаржы   министрлігі), бюджеттен тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылық ұйымдарға несиелер;
  • экономиканың салалары бойынша барлық меншік турлері, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, саудаға және т.б.
  • жеке кәсіпкерлер (заңды тұлға емес қызметті іске асыру);

    3. Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты мынадай түрлерін ажыратуға болады:

  • қысқа мерзімді;
  • ұзак мерзімді.
  1. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша:  негізгі қорларға несиелер, айналым капиталына несиелер;
  1. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:
  • қамтамасыз етілген. тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл затымен;
  • сақтандырылған;
  • қамтамасыз етілмеген: бланкті (сенімді).
  1. Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютасымен, теңгемен
  1. Ұсынылған   шарт   бойынша:  авальді,   акцепті,   акцепті-рамбурсты,  аукционды,  валюталық,  ипотекалық  несиелер' консорциалды, дебетті сальдоны жабу несиесі (овердрафт), лизингті, ломбардты, жеңілдікті, онкольді, тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие, факторинг, фор-фейтинг.

8. Несиелеудің объектісі бойынша: меншіктік айналым құралдарының жетіспеушілігін толықтыру; материалдық корлардың  жиынтығын;   экспортты  және  импортты  тауарларды әкелу және  ішкі экономикалық іс-әрекетінің шығындары, жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынған шикізат,

материалдар, құралдар және басқа да мүліктер, ломбардтың кепілді-несиелік операциялары, тауарлардың табыстары мен шығыстарының арасындағы маусымдық үзілістер;  күрделі салымдарды қаржыландыруға; еңбекақы төлеуге; тиімділігі жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу.

       Қысқа мерзімді несие - пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер. Олар тауарлы-материалды құндылықтарга, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктері мен шыгындарына беріледі.

      Ұзақ мерзімді несиеге мерзімі 1 жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі қорлардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді. Қазіргі кезде осы уақытқа дейін қолданылып келген, кәсіпорындардың, ұйымдардың халықты несиелеу жүйесі енді неғұрлым оңтайлы жүйе болып табылады. Клиент банкке бекітілмейді, өзі қызметін пайдаланғысы келетін несиелік үйымды өзі таіщайды. Клиент несиелік шотты тек бір банкте емес, бірнеше банктерде ашуға қүқылы.

   Қалыптасқан несиелік механизм коммерциялық сипатта. Осыған байланысты сауда, экономика мәтіндеріне ерекше көңіл бөлінуде. Тек несиелеу, кәсіпорындардың уақытша ақша ресурстарында деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ несие мекемесінің өтімдігіне негіз беретін артықшылықтар маңызды болып табылады. Бұл клиенттердің депозиттері мен несиелеріне және де банкаралык несиеге де қатысты. Бірқатар коммерциялық банктер аталған несиені сатып алып қана қоймайды, сонымен бірге оны басқа банктерге сатады. Коммерциялық банктің жұмысына талдау жүргізу оның ақша каражатын мобилизациялау мүмкіндігі тек жартылай ғана қолданылатынын корсетеді. Сонымен бірге ресурстарды сату фактісін және несиелеу жүйесіндегі жалпы "сауда" акцептін сөзсіз құбылыс ретінде сипаттауға болады.

   Қазіргі несиелеу жүйесіндегі ерекшеліктер олардың ресурстарға тәуелділігіне ғана емес, сондай-ақ ҚРҰБ белгілеген пруденциялык нормативтерге байланысты. Қазіргі пруденциялық нормативтер

тартуға   мүмкін   қаражаттардың   шекті   көлемін,   ең   аз   резерв мөлшерін,  несие беруінің шекті сомасын,  оны ұсыну мерзімін коммерциялық  банк  балансының өтімділігіне  байланысты  несие механизмін жасауды реттейді. Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызд. белгісі   оның шартты негізі болып табылады. Несиелеу бойынша туындайтын сұрақтардың барлығын банк пен қарыз алушы өзара келісіп    шешеді.    Шартқа    сәйкес    әрбір    жақ    белгілі бір міндеттемелерді   мойнына   алады,   шарт   жағдайларын   сақтауға бақылау жасау үшін белгілі құқықтарға ие болады. Айта кететін жайт,   несие   шарттары   бұрын   да   жасалған,   бірақ   олардың экономикалық мәні әлсіз болды. Тек коммерциялык ынта пайда болған кезде, банк пен кәсіпорын арасындағы шарттың бұзылуы сезілген кезде ғана несиелік шарт қарыз берушінің де,  қарыз алушының да жауапкершілігін арттыратын күш болып табылады.

   Қалыптасқан несие жүйесінің маңызды белгілері - оның несиелеу объектісінен несиелеу субъектісіне өтуі болып табылады. Бұрын қолданылған несиелеу жүйесі несиелеу объектісіне тиімді болған. Тауарлы-материалдық кұндылық қорларының, өндірістік шығындардың болуы клиентке несие алуға мүмкіндік береді; несиені қайтару мүмкіншілігі арнайы талданбады, клиент үшін ең басты деп автоматты түрде несиені қайтаруға кепіл беретін жоспар есептелді. Сонымен бірге тауарлы-материалдық құндылықтардың қорын жабатын меншікті қаражат деңгейі ескерілмеді.

   Жаңа  несиелеу жүйесі дәстүрлі жалпы және ерекше қағидаларға негізделінеді, оның ішінде мерзімділігі және қамтамасыз етушілігі, несиенің төлем сипаты ескеріледі. Оның бірқатар құрамдары өзгеріске ұшырады. Өзгерістер негізінен несиенің саралану қағидасына енгізілді. Осыдан бірнеше жылдар бұрын несиелеуге саралау режімі қолданылатын жақсы және жаман жұмыс істейтін кәсіпорындар категориясы болғаны бәрімізге мәлім.

   Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы алынған. Қазіргі уақытта қальштасқан жүйеде несиені уақытында қайтармау тәуекелділігін төмендететін клиенттін несиеқабілеттілігі ескеріледі. Ең алғаш рет қарыз алушынын төлемқабілетсіздігі анықталған кезде, коммерциялық банк несиелеуші банктің қатысуымен белгіленген әкімшілікке жедел басқаруға беруге, оларды қайта құру және жабу мәселелерін қарастыруғз құқықтары пайда болды.

   Өзгертулер  несиені қамтамасыз ету қағидасына да әсер етті. Тәжірибе бұндай материалдык  қамтамасыздық несиені уақытында  қайтаруға кепілдік етпейтінін көрсетті. Кәсіпорында несиелеу жүйесінің жаңа белгілері ретінде жоғары деңгейде банк несиесін қайтаруды кепілдендіретін форма түріне ету қарастырылады.

   Несиені қайтаруды қамтамасыз ету тұрғысынан әлемдік тәжірибеде кепілдеме   құқығы   (ипотека,   бағалы   қағаздар   кепілдігі,   кепілге салу   кепілдік беру және кепілдеме, жалпы алғанда сақтандыру сенімді кепіл құқы болып табылады. Аталған формаларды іске қосатын несие механизмі банкке өзінің тәуелсіздігін күшейтуге мүмкіндік бере отырып, несиелік тәуекелді төмендетуге қол жеткізеді. Кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа қаржы-несиелік қызмет көрсететін ұйымдар шаруашылық кұрылымдарын дамытуда маңызды рөл атқарады.

  Қаржы-несиелік механизмінің қызмет ету тиімділігі уақытында әр түрлі шаруашылық бірліктерінен ақша алу ғана емес, сондай-ақ жалпы елдің экономикалық өсу қарқынына әсер етеді. Несие жүйесінің қызмет ету механизмі оның ұйымдық құрылымдарының, несиелік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық формаларда, несиелеу әдісі мен формаларының өзгеру әсеріне байланысты әрқашан ауысып отырады. Пайда алу көзқарасы түрғысынан коммерциялық банктер қызметінің негізгі түрі несие ұсыну болып табылады. Қаражатын әр түрлі несиелік операцияларға орналастыра отырып, банк басшысы бір мезгілде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандырады әрі өздері де табыс алу кезі деп санайды. Несиелік шарттың өтімділік деңгейінің маңызы бар. Мысалы, банк кейбір жағдайларда ғана басқа институттар мен жеке тұлғаларға несиені қайта бере алады, себебі ақша талаптарының аталған түрінде екінші реттегі нарық жоқ, бұған тұрғын үйді кепілдікке салу түріндегі несие ғана жатпайды.

  Сонымен қатар банк басшысы «несиелік  қоржын» ішінде ақша қаражатын бөлуді қарастыруы керек, демек бөліп-бөліп  төлеу, сауда-өнеркәсіп компаниялары, жылжымайтын мүліктер сияқты несие  түрлеріне белу. Оңдай бөлудің негізі ретінде салыстырмалы несие табысы, әр түрлі шектеулері бар несиелерге сұраныс қарастырылды. Банк қаражаттарын әр түрлі активтер түріне орналастыру әр түрлі заңдар мен реттеуші актілерге байланысты.

   «Қаражатгардың  жалпы қоры» әдісіне сәйкес орналастырылуына коммерциялық банк басшысы жауап беретін қаражат әр түрлі көздерден түседі, оның ішінде талап еткенге дейінгі салымдар, жинақтық, мерзімдік салымдар және банктің меншікті капиталы жатады. Бұл әдіс негізіне банктердің ресурстарды біріктіруі алынған. Одан кейін жинақ қаражаты сәйкес деп саналатын активтер түрінің арасында бөлінеді. Қаражатты орналастыру құрылымын анықтаудағы бірінші мәселе, алғашқы резерв ретіндс қарастырылатын үлестерін белгілеу. Көп жағдайда алғашқы резерв рөлінде «басқа банктердің қарыздары және қолда бар ақшалары» бабына кіретін активтер қарастырылады. Оған басқа коммерциялық банктің корреспонденттік шотындағы ақша және де инкассолық үрдісіндегі   басқа   да   құжаттар   кіреді.   Қаражаттарды   орналастырудағы екінші мәселе, белгілі бір табыс алып келетін «кассалк емес»  өтімді активтерді  құру  мәселесі.  Бұл  резервтері жоғары өтімді табысты активтер, олар өз кезегінде жоғалту тәуекелі төмен және ең аз пайызды ұстай отырып қолма-қол ақшаға айнала алады

   Қаражаттардың жалпы қоры әдісі бойынша қаражаттарды, орналастырудың үшінші кезеңі - несие қоржыны портфелін құру Банк бірінші жэне екінші реттегі резервтер мөлшерін белгілегеннен кейін, ол өз клиенттеріне несие ұсына алады. Бұл банктің табыс әкелетін қызметінің ерекше түрі. Несие банктік активтердің ең маңызды бөлігі, ал несиелер бойынша табыс банктік пайданың ең ірі құрушысы. Несиелік операциялар банктің өте тәуекелді қызметі.

   Жалпы банктік несиелік операциялар екі  үлкен топқа бөлінеді: активті - банк қарыз беруші ретінде шыққанда; пассивті - төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық жағдайында банкке клиенттерден және басқа банктерден ақша қаражатын тарта отырып, банк қарыз алушы ретінде шығады. Несиелік опера-цияларды жүзеге асырудың екі негізгі нысаны ажыратылады: несие және депозит. Тиісінше банктің активті және пассивті несиелік операциялары несиелік нысан ретінде де, депозиттік нысан ретінде де жүргізіледі.

   Активті несиелік операциялар - біріншіден, клиенттер  мен несиелік операцияларды және банкаралық несиені ұсыну опера-циясынан; екіншіден - басқа банктерде орналасқан депозиттерден тұрады. Пассивтің несиелік операциялары үшінші тұлғаның және жеке тұлғалардың депозиттерінен және банктің банкаралық несие алу несиелік операцияларынан түрады. Аталған сипаттамалардан несиелік және қарыз беру операцияларының, несие мен карыз арасындағы ерекшелікті көруге болады. Несие - банктің қаражатын ұйымдастыру көзі және оларды салудың әр түрлі нысандарьш ұсынатын, несиелік қатынастарды үйымдастырудың әр түрлі нысандарын қарастыратын кең мағынадағы түсінік. Қарыз болса -нәтижесінде қарыз шотын ашуға болатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысаны. Сонымен бірге, несиелік қатынастар тек банктік несие шеңберінде ғана ұйымдастырыльіп қоймайды, сондай-ақ кәсіпорын кредитор және қарыз алушы болатын коммерциялық несиелеу ретінде де ұйымдастырылады. АЛ олардың арасындағы несиелік қатынас векселмен рәсімделеді, Бұдай әрі коммерциялық несие, банкке векселді кепілге қоя отырьІП. банктік несиеге айналуы мүмкін. Тікелей банктік несиелеу, яғяй кәсіпорынның несиелік қатынасы басында банкпен арақатынасынан басталады, сонымен бірге жанама банктік несиелеу, яғни алдымен сіпорындар арасында несиелік қатынас пайда болады, нәтижесінде олар банкке жедел түрде вексель бойынша ақша алу әдісін үйлестіру үшін жүргізеді.

Информация о работе Құжатты аккредетив маңызы, аккредетив түрлері