Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 05:03, реферат

Описание работы

Біз осы жұмысты толықтай қарамастан бұрын, яғни Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық ахуалына тоқталмас бұрын, елбасымыздың осы жылғы халыққа жолдауына тоқтала кетсек деп отырмыз:
«Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.. Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.

Работа содержит 1 файл

орг статья.docx

— 32.07 Кб (Скачать)

  Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық жағдайы

  Бимендеев Бауыржан Баянхалиұлы ҚжЭФ ІІІ курс студенті 

      Біз осы жұмысты толықтай қарамастан бұрын, яғни Қазақстан Республикасының  қазіргі экономикалық ахуалына тоқталмас  бұрын, елбасымыздың осы жылғы  халыққа  жолдауына тоқтала кетсек деп  отырмыз:

       «Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.. Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық. Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық. Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады. Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды. Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз. Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады. Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді. Жалпы ішкі өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады. Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты. Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді. Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым  есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді. Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық. Алдымызға ұланғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік. Осының бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға баулу мақсатында жасалуда».[1]

     Жоғарыда  елбасымыздың жолдауынан көретініміз  еліміздің экономкалық ахуалы өте  жақсы болып көрінгенмен, қазіргі  таңда немесе келешекте де, қай  елде болмасын  экономиканың жағымсыз жақтары болып тұратыны мәлім. Ал біздің елдегі жалпы экономикаға  шолу жасап, ондағы праблемаларды айқындап, оларды шешу жолдарын қарастырайық. Негізінен Қазақстан Республикасында нарықтық экономика дамыған. Және салық жүйесі осы нарықтық экономикадағы проблемаларды шешудің бір көзі болып табылады.

     Нарықтық  экономика жағдайында қай мемлекет болмасын нарықтың жағымсыз салдарын реттеп, оңтайландыру құралы ретінде  салық саясатын кеңінен қолданады. Салықтар, сондай-ақ барлық салық жүйесі нарық жағдайындағы экономиканы  басқарудың қуатты құралы. Маңызды  қаржы құралымен қатар салық  механизмі мемлекеттің қоғамдық өндіріске, оның серпіні мен құрылымына, ғылыми-техникалық прогресс жағдайына  экономикалық әсер ету құралы болып  табылады.

     Және  де салық деңгейінің тербелісіне  келетін болсақ, салық мөлшерін көбейту  ол мемлекет бюджетінің көбейуіне әкелетіні  белгілі. Ал салық деңгейін төмендету, әрине, ол мемлекет күн көріп отырған  табысының бір бөлігінен айрылу деген сөз, яғни мемлекеттік бюджетке түсіп отырған кіріс төмендейді. Егер мемлекеттің мүмкіндігі көтеретін болса, онда оның экономиканы жандандыруға тигізетін үлесі оразан зор. Біздің көзқарасымыз бойынша салықты төмендетудің тиімділігі өте көп. Оларды ретімен атап өтетін болсақ:

  1. тауардың өзіндік құнының біраз бөлігін салықтар құрайтындықтан, салықты

төмендету тауардың өзіндік құнының төмендеуіне  де әсер етеді;

  1. салықтың бір бөлігінен босатылған кәсіпорындардың пайдасы артып,оның

нәтижесінде амортизациялық аударымдарды көбейтуге  мүмкіндіетері туады. Ол технологияны жаңарту процесін жылдамдатады;

  1. экономикамызға инвестиция тартудың қолайлы климаты туады, ол экономиканың

жандануына, серпінді дамуына және халықтың тұрмыс деңгейінің одан әрі көтерілуіне  мүмкіндік туғызады;

  1. инфляцияның деңгейі төмендейді, яғни экономиканың бәсекелестік қабілеті

артатындықтан тауар бағасы төмендеуі мүмкін;

  1. салықтан қашып отырған көлеңкелі экономиканың біраз бөлігі заңды түрде жұмыс

істеуге кіріседі, ол бюджетке қосымша салық  түсуіне мүмкіндік береді;

  1. жұмыс орындары көптеп ашылады.

     Сонымен салық экономикада ең маңызды  орын алумен қатар, макроэкономикалық  реттеуде негізгі құралдардың бірі болып саналады. Сондықтан салық  ставкаларын дұрыс белгілеп, салық  саясатын орынды жүргізу ол экономика  тұрақтылығының кепілі болмақ. Салық  түрлеріне ставкаларды өзгерту  мен экономиканың кейбір басымды  салаларына салық жеңілдіктерін  қарастырудағы мемлекеттің рөлі ол үкіметтің экономиканы реттеудің  негізгі тетіктері ретінде саналады.Және салық саясатын дұрыс қолданса, онда мемлекетіміздің өркендеп дамына септігін тигізетіні мәлім.[2]

     Тағы  бір қаралатын мәселелрдің бірі Қазақстандағы экономикалық өсудің институционалдық мүмкіндіктері. Нарықтық институттардың құрылуынсыз нарыққа  өту «жабайы» капитализмнің құрылуына  әкеліп соқтырады. ХХІ ғасырдың сұраныстарына  алғы жауап үшін нақты экономикалық реформаларды танудың нақты құралы қажет, және осындай құралдарға тиімді экономикалық шешімдер қабылдау аясындағы  институттардың негізгі назарын  алатын институционализм болып табылады. Институционалдық өзгерістерге мән  бермеу, жасалған экономикалық шаралардың үйлесімсіздігі алғашқы түбегейлі  өзгерістерді сәтсіздікке ұшыратты. Қазақстан экономикасын реформалау тәжірибесі трансформациялық институционалдық аспектісінің маңыздылығын дәлелдейді. Үкімет ұзақ мерзімді ғылыми жоспарлаудың негізінде «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасын өңдеп, кезеңімен жүзеге асыра бастады. Нәтижесінде Қазақстан экономикалық реформаларының қарқыны бойынша ТМД елдерінің арасында көшбасшы болды. Қайта өзгерудің келесі кезеңі елдегі басқару институттарын, билік заңдылықтарын реформалау болды. [3]

     Біздің  пікірімізше мемлекеттік институттар  басқару парадигмаларын үкіметтің  стратегиялық құрылғылары және экономикалық саясаты арқылы қалыптастырады. Мемлекетті экономикалық реттеу бюджеттік қаржыландыруға шартталады. Қазақстанда ұлттық ресурстар  және капиталдан рентаны тағайындауға құқықтық шектеулер жүйесі қалыптаспаған, шаруашылық қызметтің экономикалық тиімділігінің өсуіне заңдық ынталандырушылық жоқ. Сәйкесінше, жеке және мемлекеттік менеджменттің институттары «қызметтік» және «саяси» рентаны алуға, ұлттық рента нысанын тағайындауға бағытталған. Мемлекеттің кәсіпкерлік жүйесі басқару парадигмасының аса бақыланатын және сәйкесінше басқарылатын институты болып табылады. [4]

     Алдында айтып кеткеніміздей Қазақстан  экономикасы нарықтық экономикаға  айналды. Шет мемлекеттермен, оның ішінде, әсіресе, экономикасы мықтап дамыған  елдермен тиімді байланыстарға орнатуға қол жеткізілді.  Ел экономикасының 1999-2000 жылдардан бастап қалыпта дамуы  халықтың өмір сүруі жағдайына байланысты мәселелерді өз ретімен шешіп  отыруға бірден-бір оңтайлы мүмкіндіктер туғызды.

     Ғылыми  әзірлемелердің қажет болмауы, соның  салдарынан өнеркәсіптегі инновациялық белсенділіктің деңгейінің төмендігі  өндіріс факторларының өнімділігін  жоғарылату, ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс есебінен мүмкін бола тұра, экономиканы  реформалаудағы ғылым рөлінің жете бағаланбауынан туындап отыр.

           Халықтың тұрмыс-деңгейін көтеру, адамдардың әл-ауқаты мен өмір сүру жағдайын ұдайы жақсарта түсу мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының басым бағыты. Соңғы 10-12 жыл ішінде бұрыннан қалыптасқан  жүйені сапалық жағынан жаңа экономикалық жүйеге ауыстыру бағытында атқарылған қыруар да аса күрделі жұмыстар өзінің оң нәтижелерін бере бастады.  Реформаның ең маңызды стратегиялық ұстанымы –  жеке меншікке негізделген жаңа өндірістік қатынастар қалыптасты.

     Қазақстан Республикасы қазір әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі өлшемдері бойынша  әдемде дамыған, яғни орта деңгейден  жоғары табысы бар мемлекеттер қатарынан көрінуге қабілетті. Еліміздің деңгейін орта және арғы кезеңдерге жаңа белеске шығарудың Елбасы белгілеп берген келесі басым бағыты – бұл дамудың индустриялық-инновациялық  даму стратегиясын жүзеге асырудағы түпкі мақсат – мемлекетімізді шикізаттық кіріптарлықтан арылту. Бұдан туындайтын негізгі міндеттер: экономикадағы құрылымдық өзгерістерді байсалды жүргізу, өнім сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне көтеру, оларды өндіруді, әсіресе ұқсатуды әлемдік жаңа технологиялық әдістерге неіздеу. Дамудың индустриялық-инновациялық  бағытын нақты жүзеге асыруда қаржыландырудың, яғни қажетінше тиімді инвестиция тартудың алатын орны ерекше. Осы мақсатта құрылған Ұлттық қор қазірдің өзінде 5 млрд. долл. көлемінде болады.

     Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай ұлттық ресурстарды мақсатты түрде дұрыс  шоғырландыру, инвестициялық ресурстарды  стратегиялық бағытта қолдану бәсекелі ортаны қалыптастырып, фирма қызметінің тиімділігін арттыруға, инновациялық белсенділігін жеделдетуге және олардың ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, мемлекеттің инновациялық бағыттағы тұрақты өсімін анықтай алады. Республикамызда инновациялық белсенділікті арттыруға кедергі болып отырған негізгі факторларға келесілерді жатқызуға болады: бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі, банктердің несиелік мөлшерлемелерінің жоғарылығы, тапсырыс берушілердің төлем қабілетсіздігі сияқты макроэкономикалық факторлар. Егер жоспарланған инновациялық проэкттер орындалса, онда ел экономикасының жақсаруына септігін тигізетіні күмәнсіз.[5]

     Тағы  да айта кетерлік жайт еліміздің экономикасының алға жылжуындағы проблема ол қымбатшылық. Ел азаматтарының алған жалақысына, қымбатшылықтың сай келмеуі.

     Мұнайдың  үстінде отырып, бензин қымбатшылығы мен тапшылығынан қиналып қалып  жатамыз. Неге деген сауалға түрлі  сылтаулар келтірілгенмен, негізгі  себепердің бірі бүгін анық та айқын. Ол – мұнай өңдеуші отандық  зауыттардың технологиялық жағынан  артта қалғандығы.

     Үш  мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейтін, халқының саны шағын елімізде жанар-жағармай жетіспеушілігі мен оның сапасына қатысты  әңгіме мүлдем тумауға тиіс. Алайда жыл сайын көктемгі егін салу мен  күзгі орақ науқаны кезінде жанармайдың  тапшылығы мәселесі көтеріліп тұратынын  айтпағанда, биыл соңғы уақытта майқұю бекеттерінде орын алған жайдай шешімін  күткен мәселелердің ауқымдылығын көрсетеді.

     Ал  бір тамшы мұнайы жоқ кедендік одақтасымыз Беларусь болса, мұнай  өңдеу зауыттарын жаңартуды басым  бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Елдегі ең ірі инвестициялық жобалардың бірінен саналатын жаңарту жұмыстарын жоспарлы түрде жүргіще отырып, беларустар озық технологияға негізделген өңдеу  зауыттарының бірінен соң бірін  қатарға қосып жатыр, және бензиннің  Еуро-3 жіне Еуро-4 деген түрлерін өндіруде.Ал бізде 2015 жылы Еуро-2 және Еуро-3 бензинін шығару жоспарланып отыр, ол деген  сөз мұнайды техникалық жағынан  өндірістің артта қалғандығын көрсетеді  және осы мәселені де қолға алсақ  ел экономикасына пайдасын айтарлықтай  тигізетіні күмәнсіз.[6]

     Тағы  бір қаралатын фактордың бірі ол ел ішіндегі кез-келген институт (фирма болсын, компания болсын) арасындағы бәсеклестік, егеп бісеке болса онда экономиканың алға ұмтылу деген құлшынысы болады. Бәсекелестіктің түрлері негізінде көп болады біз оның бес түрін қарастырып кетейік:

  1. Техникалық (технологиялық) бәсекелік артықшылықтар саладағы қолданбалы

ғылым мен техника деңгейінің жоғары болуымен, құрал-жабдықтар мен машиналардың арнайы техникалық сипаттамаларымен, шикізат пен материалдың технологиялық  артықшылықтарымен, өнімнің техникалық параметрлерімен анықталады.

  1. Жақсы ақпараттандырылу арқылы анықталатын бәсекелік артықшылықтар

сатушы, сатып алушы, жарнама қызметі, нарық  инфроқұрылымы туралы ақпарат базасының  кең болуына негізделеді. Бісекелік  күрес жүргізуде ақпараттың болмауы  немесе жалған ақпарат үлкен кедергі  болып табылады.

  1. Географиялық факторларға негізделген бәсекелік артықшылықтар кәсіпорынның

географиялық  жағынан тиімді орналасуы мен  нарықтық географиялық шекараларынан  үнемді түрде өтуіне байланысты анықталады.

  1. Демографиялық факторларға негізделген бәсекелік артықшылықтар нарықтың

мақсатты  сегментіндегі демографиялық өзгерістер және оның сұраныс құрылымы мен көлеміне жаымды ықпал етуі, тұрғындардың мақсатты тобының санының өсуі, жастық-жыныстық құрамының өзгеруі және білім  мен кәсіби деңгейдегі өзгерістер нәтижесінде  құрылады.

  1. Құқықтық емес сипаттағы бісекелік артықшылықтар теріс пиғылды бәсеке,

криминалдық іс-әрекеттерден болады. Осы бәсекелк түрлер біздің энонмика саласында орын алса алға жылжушылық болатыны мәлім.[7]

     Ұлттық  экономикадағы жағымды нәтижелердің болғанына қарамастан, ел экономикасына  әлемдік дағдарыстың келеңсіз әсерлері де болды.  Бұл біріншіден елдің  қаржы секторын қамтыды. Мысалы, еліміздің  сарапшыларының пайымдауынша Қазақстан  әлемдік қаржы өтемпаздығы жағдайында басқа мемлекеттермен салыстырғанда  әлдеқайда қиын жағдайда болған. Бұл  жағдай әлемдік төлемпаздық дағдарыстың  басталуы мен біздің банктердің сыртқы қарыздарын өтеу мерзімімен сәйкес келуімен түсіндіріледі. Бұндай жағдай екінші дәрежедегі банктерге қауіп төндірумен қатар, әлемдік дағдарыс жағдайына еліміздің  қаржы секторымен бірге ұлттық экономиканың да тәуелді болуына алып келеді.  Осыған байланысты, еліміздің Ұлттық банкі әлемдік қаржы нарығындағы  жағдайдың нашарлауы мен банк өтемпаздығындағы жетіспеушіліктерге дер кезінде көңіл аударып, еліміздің  қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында шара қолданып, екінші деңгейдегі банктерге қысқа мерзімді өтемпаздық жарияланды. Қолданылған  шаралардың арқасында еліміздің  банк саласындағы тұрақсыздық қауіптері  біршама төмендеді.[8]

Информация о работе Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық жағдайы