Бағалы қағаздар

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 12:40, реферат

Описание работы

Бағалы қағаздардың ең кең тараған түрі акциялар мен облигациялар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы:
- Акцияны сатып алу арқылы сіз өз капиталыңыздың бөлігін акционерлік қоғамға салғандығыңыз бен оның иесі болғандығыңыз туралы куәлік аласыз.
- Облигацияны сатып алу арқылы сіз компания немесе мемлекеттің кредит берушісі боласыз. Соңғысы сізден облигацияларды сатып алуға міндеттенетін борышкеріңіз болады.

Работа содержит 1 файл

бағалы кағаздар нарыы сурактар.doc

— 52.50 Кб (Скачать)

Бағалы қағаздардың  ең кең тараған түрі акциялар мен облигациялар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы:

- Акцияны сатып алу арқылы сіз өз капиталыңыздың бөлігін акционерлік қоғамға салғандығыңыз бен оның иесі болғандығыңыз туралы куәлік аласыз.

- Облигацияны сатып алу арқылы сіз компания немесе мемлекеттің кредит берушісі боласыз. Соңғысы сізден облигацияларды сатып алуға міндеттенетін борышкеріңіз болады.

Акция дивидент, ал облигация пайыз түрінде кіріс әкеледі. Ең басты кіріс бағалы қағаздарды сату барысында алынатын бағалы қағаздар құнының өсімінен түседі.

Қор нарығында акциялар мен облигациялар түріндегі бағалы қағаздарды сатып  алу барысында  жеке тұлға қандай кіріс түрін алады?

Бағалы қағаздардың  аталған түрінен түсетін кірісті  екі категорияға бөлуге болады: Эмитенттердің төлейтін кірісі: Акциялар бойынша — дивиденттер (акционерлік қоғам төлейтін акция бойынша төлеуге жататын кіріс). Облигациялар бойынша — дисконт немесе купон түрінде сыйақы беру. Купон — шығарылым шарттарына сәйкес эмитенттердің облигация номиналдық құнынан жоғары төлейтін қаражаты. Негізінен әр жарты жылдықта. Дисконт — номиналдық және алғашқы орналастыру құны немесе облигацияны сатып алу құнының арасындағы айырмашылық. Баға өсімі — бағалы қағазды сатып алу бағасы мен оны нарықта сату бағасының арасындағы айырмашылық. 

Акция немесе облигация иесі болып табылатын жеке тұлға-резидентте қандай салық міндетінің туындауы мүмкін?

«Бюджет салығы мен өзге де міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 144 бабына сәйкес, салық салуға акциялар бойынша дивиденттер түріндегі кіріс, облигациялар бойынша сыйақы, сонымен қатар, бағалы қағаздарды сату барысындағы баға өсімі түріндегі кіріс жатпайды. 

Бағалы қағазды қалай сатып алуға болады?

Қазақстанда бағалы қағаздар операциясын биржада және биржадан тыс жерде жүргізуге болады. Биржалық қордағы жұмыс брокерлер арқылы жасалынады, алайда оларға комиссия төлеу қажет. Биржадан тыс нарықта брокерлерсіз-ақ жұмыс жасауға болады. Қор операциялары орталығы арқылы жүзеге асырылатын мәмілелерге делдалдар қатысады. Тағы бір айта кететін жайт, биржада эмитенттердің барлығының акциялары қатыспайды. Өйткені сатып алынатын бағалы қағаздар сатылатын бағалы қағаздар тізіміне енуі тиіс. Егер биржадан тыс бағалы қағаздарды сатып/сатып алсаңыз, қарапайым жазбаша түрде контрагентпен бағалы қағаздарды сату-сатып алу келісімшартын жасап, оны нотариуста тіркету қажет. Содан кейін сатушы тіркеушіде ресімдететін бағалы қағаздарға деген меншік құқығын өткізуі туралы бұйрықты толтырады. Тіркеуші — қор нарығының кәсіби қатысушысы, ол реестр үлгісінде бағалы қағаздардың меншік құқығын тіркейді. Биржалық сауда — ұйымдастырылған нарықта сатып алу дегенді білдіреді. Саудаға түсу үшін, брокерді таңдап, онымен брокерлік қызмет туралы келісімшарт жасасу қажет. Одан кейін инвесторлар брокерлік шот ашып, оған бағалы қағаздарды инвестициялауға бағытталған ақшаны аударулары керек. Осы шоттан бағалы қағаздар төлемақысы жүргізіледі, сонымен қатар қағаздардан түскен қаражат та аталған шотқа келіп түседі. Мұнымен қоса, инвесторлар брокерден депо шотын ашуы тиіс. Егер клиенттер ақшасы арнайы брокерлік шотта жатса, бағалы қағаздар депода сақталынады. Сатып алынған бағалы қағаздар дәл осы жерге аударылады. 
 

Бағалы қағазды ашық тәсілмен немесе тікелей мәміле әдісімен сату деген не?

Аталған жағдайда биржада саудаластықты өткізу тәсілі айтылуда. «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да әрбір тәсілге анықтама беретін «Саудаластықты жүргізу тәсілі туралы қағида» жұмыс жасайды. Ашық саудаластық тәсілі — өзге тең жағдайда өтінішті қанағаттандыру не қанағаттандырмау мәселесі саудаға қатысушының ұсынған өтінішіне байланысты емес және саудаға қатысушылардың әлеуетті шектеусіз саны арасында бәсекелестіктің болатын саудаластығы. Тікелей мәмілелер жасасу тәсілімен өтетін саудаластықта өтініштің қанағаттандырылуы немесе қанағаттандырылмауы аталған өтінішті берген сауда қатысушысына байланысты, ал мәмілелер қатаң түрде келісімді. 

Бағалы  қағазды ашық тәсілмен немесе тікелей мәміле әдісімен сату деген  не?

Аталған жағдайда биржада саудаластықты өткізу тәсілі айтылуда. «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да әрбір тәсілге анықтама беретін «Саудаластықты жүргізу тәсілі туралы қағида» жұмыс жасайды. Ашық саудаластық тәсілі — өзге тең жағдайда өтінішті қанағаттандыру не қанағаттандырмау мәселесі саудаға қатысушының ұсынған өтінішіне байланысты емес және саудаға қатысушылардың әлеуетті шектеусіз саны арасында бәсекелестіктің болатын саудаластығы. Тікелей мәмілелер жасасу тәсілімен өтетін саудаластықта өтініштің қанағаттандырылуы немесе қанағаттандырылмауы аталған өтінішті берген сауда қатысушысына байланысты, ал мәмілелер қатаң түрде келісімді. 

Сатылып жатқан бағалы қағаздар тізімін қайдан алуыма болады?

Листингтік компаниялар  тізімін қор биржасы сайттарынан табуға болады. Жекелеп айтсақ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ http://www.kase.kz/ сайтының «Эмитенттер» айдарында қажетті ақпараттар ұсынады. Басқа бағалы қағаздар жайлы ақпарат шетелдік қор биржалары сайттарында және брокерлердің өздерінде болады. 

Биржадан  тыс мәміле деген  не?

Биржадан тыс мәміле — тауарлар немесе бағалы қағаздары ұйымдастырылмаған нарықта, яғни биржадан тыс жерде сату/сатып алу. Мәміле нотариуста тіркелетін сату-сатып алу келісімшартын жасау тәсілі бойынша ресімделеді. Есептесуді тікелей мәміле жасаушы тараптар қаағалайды. 

Қор нарығы деген не?

Қор нарығы — акциялар, облигациялар және т. б. бағалы қағаздарды сату-сатып алу жөніндегі ұйымдасқан және үнемі қызмет көрсететін нарық түрі. 

Портфель диверсификациясы деген не?

Портфель диверсификациясы — бір немесе бірнеше бағалы қағаздар құнының төмендеуі барысында қатаң шығындардан құтылу мақсатында өте көп бағалы қағаздардан инвестициялық портфельді құру.

«Акция» деген не?

Акция — акционерлік қоғам тарапынан шығарылатын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, яғни жалпы жиындарда дауыс беру, сол бойынша ликвидация кезінде дивиденд және қоғамның жарты мүлкін алу құқығын дәлелдейтін бағалы қағаз, сонымен қатар Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғам туралы» заңда қарастырылған өзге де құқықтар. Акцияның екі түрі болады — қарапайым және артықшылықты. 

Дивидендтер деген не?

Дивидендтер -акционерлік қоғам тарапынан өз акцияларының иелеріне (акционерлерге) төленетін сыйақы, яғни акционерлік қоғам акционерлер арасында өзінің таза кірісін дивидендтерді төлеу тәсілі арқылы жүзеге асырады. 

Жеке инвестор деген кім?

Жеке инвестор — пайда табу мақсатында өз қаражатын бағалы қағаздарға салатын жеке тұлға. Жеке инвесторлар бағалы қағаздарға инветицияны өз бетінше салады немесе бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары — брокерлер не портфельді басқарушылар қызметін қолданады.

Артықшылықты облигациялар деген не?

Жазылушыға нарықтық бағадан төмен баға бойынша ұсынылатын облигация. 
 

Брокер – эмиссиялық бағалы қағаздарға байланысты мәмілені және басқадай қаржылық құралдарға қатысты  мәмілені клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және оның мүддесі үшін орындайтын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

Информация о работе Бағалы қағаздар