Индустриялды-инновациялық даму

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:03, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде әлемде көптеген елдердің алдында тұратын өзекті мәселелердің бірі, ол – индустриалды-инновациялық процестер негізінде тұрақты экономикалық өсуге жету, яғни ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және еліміздің әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты қажетті индустриялық – инновациялық қызмет екені даусыз.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................
ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Индустрияландыру экономикалық өсудің негізі........................
Инновация – елдің бәсекелестілік қабілетін арттыратын басты
фактор.............................................................................................
ЭКОНОМИКАНЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БАСЫМДЫҚТАРЫ
Экономикалық дамудың құрылымдық шегі (Қ.Р. индустриялық саясаты).......................................................................................................
ҚР экономикасының ғылыми-технологиялық дамуы: аналитикалық талдау....................................................................................................
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мәселелері.............................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:................................................
Негізгі әдебиеттер………………………………………………………..
Қосымша әдебиеттер……………………………………………………

Работа содержит 1 файл

Индустриялдық-инновациялық дамуНЫ.docx 1.docx

— 24.36 Кб (Скачать)

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ...........................................................................

    1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
  1. Индустрияландыру  экономикалық өсудің негізі........................

  • Инновация – елдің  бәсекелестілік қабілетін арттыратын басты 
  • фактор.............................................................................................

      1. ЭКОНОМИКАНЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БАСЫМДЫҚТАРЫ
    1. Экономикалық  дамудың құрылымдық шегі (Қ.Р. индустриялық саясаты).......................................................................................................

  • ҚР экономикасының ғылыми-технологиялық дамуы: аналитикалық талдау....................................................................................................
  • Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мәселелері.............................................................................................
  •  

    ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:................................................

            Негізгі әдебиеттер………………………………………………………..          

    Қосымша әдебиеттер……………………………………………………

     

            

     

     

     

     

     

    Қазіргі кезде әлемде көптеген елдердің алдында  тұратын өзекті мәселелердің бірі, ол – индустриалды-инновациялық процестер  негізінде тұрақты экономикалық өсуге жету, яғни ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және еліміздің  әлем таныған алдыңғы қатарлы  елдер санатына қосылуына ең басты  қажетті индустриялық – инновациялық қызмет екені даусыз.

    Осындай экономиканың тұрақты дамуына өте  тиімді, шығынды көп қажет ететін шикізаттық бағыттағы экономикадан бас тартуға жағдай жасайтын сервистік  – технологиялық экономикаға  өтуіміз керек. Сондықтан еліміз 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық – инновациялық стратегиясын қабылдап, оны іске асыруда өңдеуші өнеркәсіпте  және қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті және экспотрқа негізделген  тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатының басты нысанасы болып  табылады.

    Осы оң шараларды  жүзеге асыру үшін, ең алдымен ұлттық инновациялық жүйенің қажеттілігі  туып отыр. Міне осы себептен соңғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгерді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуінде  атап өткендей, “елімізде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жетті” деп атап көрсетті.

    Бұл жүйеге инновацияны жүзеге асыру үшін оны  мемлекеттік қолдайтын құқықтық актілер, инновациялық қызметтердің іске асуы, оны қамтамасыз ететін қаржылық институттар және нақты түрде  қызмет ететін мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдары кіреді. Стратегияның негізгі мақсаты  – бәсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған  тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын орнықтыру.

    Индустриялық  – инновациялық даму бағдарламасына сәйкес экономиканың шикізаттық бағытынан  арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетілуі, машина жасаумен өнеркәсіп  жабдықтарын шығару жолға қойылуға тиіс, яғни инновация индустриялық-инновациялық стратегияның орындалуының негізгі қозғаушы күші болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында индустриалды – инновациялық саясаттың негізгі приоритеті – барлық потенциалды бәсекеге қабілетті, оның ішінде экспортқа бағытталған өндірістер мен қызметтер болып табылады. Сонымен қатар елімізде ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттемелерді шешу мақсатында ғылыми жабдықталған және жоғары технологиялық өндірістердің дамуы үшін жағдай жасауға аса назар аударуда. Сонымен бірге экономикамызда кейбір сыртқы факторлардан сақтау үшін елімізде технологиялық өндірістің деңгейін жоғарлатуымыз керек. Оның басты бағыттары Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы индустриалды-инновациялық стратегияда көрсетілген. Мақсаты – бәсекелестікке шыдайтын, экспорттауға бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын дамыту болып табылады.

    Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Басты мақсаты – шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарды сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.

    Бұл мақсат келесідей міндеттерді шешуді көздейді:

    • өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық қарқынын 8-8,4 % мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде үш есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын екі есе төмендету;
    • өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
    • кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;
    • ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
    • елдің экспорттық әлеуетін қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің мүддесіне қарай әртараптандыру;
    • сапаның әлемдік стандарттарына көшу;

    Дүние жүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы әлемдік  шаруашылық жүйесіне және өңірлік экономикаға  ықпалдасуды үдету болып табылады.

    Жұмыстың  негізгі бөлімдерінде мақсатты бағытты  түрде қойылған міндеттер шешіледі.

    Сөйте тұра, өзінің тұтынуынан артық  өндіріс  өсімшесінің көбеюі экспортты арттыра  отырып, импортқа төлеу үшін қаржы  табуға көмектесті. Нарықтық қатынастарға тосқауыл қойылып, оның орнына экономикалық үдерістерді басқаруда қатаң  билеп төсеуші тетіті қолданған  тоталитарлық экономика қалыптасты.

    Жиырмасыншы ғасырдың аяғында бұл жүйе таратылып, нарықтық экономикаға көшуге байланысты постиндустриялық немесе индустриялық қоғамнан кейінгі қоғамға көшу басталды. Бұл транзиттік экономика жағдайында әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамудың  үлгісін жасауды талап етті. Жалпы, индустриялық қоғам туралы ілімнің  пайда болуы француз социологы  Реймон Аронның атымен тығыз байланысты екені белгілі. Ол әртүрлі елдерді  индустрияландыру үдерістері нәтижесінде  біртұтас индустриялы қоғам құруға болады деген. Оның түрлеріне кеңестік және батыста қалыптасқан индустриялық даму жүйелері жатады. Келесі автор француз ғалымы Эминель техникалық прогресс тек экономикалық заңдардың қолданылуын жетілдіріп қоймайды, сонымен қатар заңдардың мазмұнына өзгерістер енгізеді, меншіктің маңызы жойылады, ірі корпорациялар экономикалық  билікті өз қолына алады, мемлекеттің көмегімен бай және кедей деген екіге бөліну болмайды деген пікір айтады.

    Ал, постиндустриялық қоғам тұжырымдамасын ең бірінші болып американ социологы  Даниел Белл дайындаған. Онда индустрияландыруды аяқтағаннан кейін қоғамда болатын  өзгерістер туралы мәселелер қарастырылған  және постиндустриялды қоғамның бес  белгісін анықтаған.

    1. Экономикалық тауар өндіруден қызмет көрсету сферасына өтуі;
    2. Жұмыскерлер арасында білікті мамандар мен техниктер санының артуы;
    3. Теориялық білімнің маңызды рөлге ие болуы;
    4. Технико-экономикалық ортаның технологияны бақылауға бейімделуі.
    5. Жаңа «интелектуалды технология» туралы шешім қабылдау үрдісін дамыту.

    Жаңа  индустриялды қоғам теориясы американ экономисі Джон Гелбрейттің бірқатар еңбектерінде соның ішінде «жаңа  индустриялдық қоғамда» (1967 жыл) қарастырылған. Онда жаңа капиталистік қоғамдағы экономикалық  жүйе екі түрлі сектордың жиынтығынан  тұрады делінген. Біріншісіне бағаға емес, қоғам мен мемлекетке билігі жүретін ірі корпорациялар әлемі, екіншісіне, ұсақ фирмалар жойылып  бара жатқан қолөнер кәсібі, қызмет көрсетуі жататындығы айтылған. Негізінен, индустриялық саясат дегеніміз мемлекеттің  бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар  жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған  шаралар  кешенін білдіреді. 

    Әлемдік экономикадағы индустрияландырудың  бірнеше негізгі сатыларын атап өтейік. Алғашқы саты жиырмасыншы  ғасырдың ортасына дейін ұласып, индустрияның дамуымен сипатталады. Экономиканың жағдайын қуатты базалық салалар, яғни тау-кен  өндірісі, металлургия, энергетика дамыды. Келесі сатыда индустриалды дамыған  елдер болып тұтынушылық сипаты бар өнім өндіруші болып саналады. Оларға телевизордан бастап автомобильге дейін өнім өндіретін мемлекеттерді  жатқызуға болады.

    Үшінші  кезең жоғарғы технологиялар  дайындаумен байланыста болады.

    Индустриалдық даму стратегиясының кезеңдерін Ресей  ғалымдары Д.Львов, В.Дементьев 4 кезеңге  бөлген.

    Бірінші кезеңде ұйымдастыру – экономикалық сипат алатын шараларды жүргізу  басты орын алады. Ол жаңа салаларда  мамандар мен шикізаттардың көп  жинақталуын қамтамасыз ете отырып, машина жасау өнеркәсібінің технологиялық  ядросын күшейтуді, ондағы жинақталған  резервтерді жұмылдыруды қажет  етеді. Ол үшін ішкі нарықтық тұтынушылығын  қанағаттандыруға қабілетті өндіріс  қуаттарын барынша пайдалану, осы  салалардың құрал-жабдықтармен жабдықтаушылармен  байланысын кеңейту, отандық машина жасаудың ұдайы өндірістік базасын  жаңартуды қарастырады.

    Екінші  кезеңнің негізгі міндетіне базалық  салаларда ресурстарды үнемдейтін технологияға көшу арқылы оның құрылымын  жетілдіру және оны экономиканың басқа салаларына тарату жатады.

    Үшінші  кезеңде жаңа технологиялар өндіру үшін отандық өндірістік жаппай қалпына  келтіру, сөйтіп Ресей өнеркәсібінде  кешіккен индустриалдық модернизацияны аяқтау үшін жоғары технологиялық тұтынушылықты  қалпына келтірудің ауқымдары анықталады.

    Төртінші  кезеңде экономикалық дамуының инновация  үлгісіне өту перспективасы бар  салалардың салыстырмалы артықшылықтарын  қалыптастыру негізінде жүргізілуі тиіс.

    Мұндай  экономиканың даму стратегиясын жүзеге асыру үшін Қазақстанда барлық жағдай бар деп есептеуге болады.

    Қазіргі кездерде елдерде аграрлық және индустриалық бөлу өзінің өзектілігін жоғалтуда, оның орнына индустриялды-шикізатты  және индустриялдық-технологиялық  деп бөлу қажеттігі туды. Себебі, әлемдегі елдерді аграрлық және индустриалдық  тетігін жіктеу өнеркәсіптік төңкерістен  кейін өндірісте ірі машиналық  дәуірдің басталуына байланысты болады. Әйтсе де аграрлық және индустриялық деп бөлудің қажет болмауын ауыл шаруашылығында машиналы, автоматтандырылған жүйелерді, кешенді механикаландырылған еңбекті пайдалану, жоғары технологиялардың жаңа үлгілерін енгізумен түсіндіруге болады. Соңғы уақытта индустриялық дамыған елдер арасында бір градациялар пайда болып, индустриаландыру деңгейін анықтауды қажет етеді. Біреулерінде аграрлық сектор басым болса, екіншісінде өнім өндіру, үшіншісінде өңдеу өнеркәсібі үстем болады. Елдер экономиканың ілгері дамуына, көп жағдайда олардың климаттық,  географиялық орналасуы, шикізат базасының және ресурстардың көлемі және т.б. көптеген факторлар ықпалын тигізетіні белгілі.

    Осыған  байланысты соңғы кезде ғылыми әдебиеттерде индустриалды шикізатты және индустриалды технологиялық деп бөлуге үлкен  мән беріліп жүр.

    Ұлттық  шаруашылық шикізатты өндіруде техникалық  жаңа үлгілерін пайдаланып автоматтандырылған, механикаландырылған еңбекті қолданса, индустриаландырудың бірінші түріне жатқызуға болады. Ал, шикізатты  өңдеуден өнім өңдеуге, содан келген тұтынушыға дайын өнімді жеткізуге  дейін барлық технологиялық тізбектілік  жаңа техникаға, технологияға, алдыңғы  қатарлы инновациялық жетістіктерге  негізделсе, онда оны индустриаландырудың  индустриалды – технологиялық түріне жатқызуға болады.

    Қазір әлемде нашар дамыған, артта қалушы және даму жолына енді түскен елдер  үшін индустриалды – шикізатты бағыт  ете алса, ал дамыған елдер индустриалды – технолгиялық сипатқа ие болады. Әрине, аралық жағдайда қалған елдер  де бар. Оларды өндіру мен өңдеу секторларының  арақатынасы анық емес, тұрақсыз, әр түрлі өзгерістерге бейім келеді. Кеңестік дәуірі кезінде макроэкономикалық  артықшылық ауыр өнеркәсіп кешенінде  болуына байланысты кеңестік экономикада  индустриалды – технологиялық деңгей басым болғаны сөзсіз. 1960 жылдарда шаруашылықта шығынды жүйенің басым болуына қарамастан жоғарыда аталған индустриалды – технологиялық деңгейі жоғары болады.

    Әрине, экономикалық жүйенің түбегейлі  өзгеруі, қайта құру үдерістері, тоқырау  мен дағдарыстар, жекешелендіру  мен мемлекет меншігінен алу үдерістерінде  болған қарама-қайшылықтар ТМД елдерін  индустриалды-технологиялық державадан индустриалды-шикізаттық деңгейге түсірді. Себебі, бұрын шикізатты сатудан  түскен валюта түсімінің 60-70 % индустриалды технологияны сатып алуға бағытталған  еді. Яғни, ол өндіргіш күштерді дамытуға, жаңа өндірістер ашуға, жұмыс орындарын  техникамен жарақтандыруға, модернациялық  жұмыстарын жүргізуге пайдаланатын.

    Нарықтық  экокномикаға өтуге байланысты меншік түрлерін өзгерту, жекешелендіру шараларын  жүргізу, бүкілхалықтық меншікті кең  ауқымда қайта құру индустриаландыру үрдістерін баяулатты. Өнеркәсіп кәсіпорындарын еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдікпен  беру және тұрғын-үй купондарына сату арқылы іске асырылды. «Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру» туралы Қазақстан  Республикасының заңына сәйкес концерндер, корпорациялар, бірлестіктер, одақтар  ерікті түрде құрылды. Бұл 1991-1992 жылдары  жүргізілді. Сөйтіп оның бірінші кезеңі анықталды.

    Екінші  кезеңде (1993-1995 жылдар) 200-500 мыңға дейін  адам жұмыс істейтін орташа кәсәпорындарды жаппай жекешелендіру, ірі және бірегей  кешендерді жеке жобалар бойынша  жекешелендіру жұмыстары жүргізілді.

    Информация о работе Индустриялды-инновациялық даму