Инновациялық қызметтің басқару тетіктерінің қазіргі жағдайын талдау
Реферат, 04 Мая 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Нарыққа көшерде ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда стратегиялық шикізат ресурстарына бай Қазақстан әлдеқайда қолайлы экономикалық жағдайда болды. Бірақ, шикізатқа ғана сену елді әлемдік конъюнктураға бағынышты етіп қояды. Экономика әсіресе қазіргі таңда ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, ресурстарды үнемдеуші технологияларды өндіріске енгізе отырып қана дами алады.
Работа содержит 1 файл
иновация docx.docx
— 90.97 Кб (Скачать)
Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсiптi қалыптастыру үшiн кәсiпкерлiкке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.
Яғни елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеге қабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы “Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеге қабiлеттi экономика” және “Бәсекеге қабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегияның негiзгi бағыттарын атап көрсеттi.
Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау. [5]
Индустриялық-инновациялық
даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың
шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның
индустрияландыруының тездетуге, машина
жасау мен өнеркөсiп
Ендi осы
тұрақты экономикалық өсудiң бүгiнгi
таңдағы ең негiзгi қозғаушы факторы
болып отырған Индустриялы-
Стратегияның басты мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет.
Бәсекелестiк – экономиканың тиiмдi дамуы мен жұмыс iстеуiнiң басты тетiгi. Тиiмдi бәсекелестiк үшiн жағдай жасау, адал бәсекелестiктi қолдау мен қорғау мемлекеттiң индустриялық және инновациялық саясатының негiзгi мiндетi – экономиканың әртараптануы мен өнеркәсiптi жаңғыртуды iске асыруға ықпал ету тиiс.
Байсалды инвестициялық саясат, сондай-ақ биржа саудасы тауар рыноктарында бәсекелестiк ортаны қалыптастырудың негiзi болып табылады. Бәсекелестiк саласындағы мемлекеттiк саясат жосықсыз бәсекелестiкке жол бермеу, шектеу практикасының шектен тыс шоғырлануы мен өсуi проблемаларын шешуге бағытталған.
Бәсекелестiк саясатының негiзгi бағыттары:
- монополиялық бағаларды белгiлеу, өндiрiстi негiзсiз қысқарту мен монополиялық тауарлар мен қызмет көрсетулердi жеткiзу, шарттарға кем қою талаптарын енгiзу, басқа кәсiпорындардың тауар және қаржы нарықтарына кiруiне кедергi жасау, рынок субъектiлерi және олардың бiрлестiктерiн құру, қайта ұйымдастыру, тарату, рынок субъектiлерiнiң жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестердi, пайларды) сатып алу жөнiндегi монополистер әрекеттерiнiң жолын кесу арқылы басым жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң асыра сiлтеуiне жол бермеу;
- бiрыңғай бағалар мен тарифтердi белгiлеуге, рынокты аумақтық принципi бойынша бөлуге, ықтимал бәсекелестердiң рынокқа қол жеткiзуiн шектеуге немесе рыноктағы бәсекелестiк субъектiлер арасында сөз байласуға бағытталған, бәсекелестер арасындағы келiсiлген әрекеттердiң жолын кесу арқылы бәсекелестiктi жоюға немесе шектеуге бағытталған жосықсыз бәсекелестiк пен бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге тыйым салу;
- мемлекеттiк органдардың кәсiпкерлiк қызметке негiзсiз араласуына жол бермеу. Мемлекеттiк органдардың жекеленген кәсiпорындарға жеңiлдiктер беруi, сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң белгiлi бiр тобына тауарлар мен қызмет көрсетудiң бiрiншi кезектегi жеткiзiлiмi туралы шаруашылық субъектiлерiне нұсқау беруi арқылы бәсекелестiктi шектеуге бағытталған әрекетiнiң жолын кесу.
Бұл көзқарас экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпкерлер үшiн жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетiлдiруге және экспорттық бағыттағы өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруға кедергi жасамайды.
Нақты ұсыныстар
жеке секторда туындауы тиiс, ал екiншi
деңгейдегi банктер және құрылатын
инвестициялық мемлекеттiк даму
институттары осындай ұсыныстарды
жеке сектормен әрiптестiктiк қарым-
Әдетте, мемлекет нақты компанияларға тiкелей қаржылық қолдау көрсете алмайды және онымен айналыспауға тиiс, бiрақ экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру мәселелерiнде, жеке кәсiпорындарды жаңғыртуға, инновациялық үдерістерге қатысуға және осы арқылы өзiнiң өндiрiстiк және бәсекелестiк әлеуетiн құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрi бастамашы болуы мүмкiн және болуы тиiс.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым сәттi мысалдары Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерiнiң экономикалық даму саласында iрi бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар. Қазiргi Қытай индустриялық дамудың стратегиялық бағыттарын дамыту саласында жеке сектормен ынтымақтасу саясатын жүргізуде.
Дүниежүзiлiк Банктiң зерттеулерi мемлекеттiк индустриялық саясатқа қатысты барлық көзқарастар кең ауқымды үш санатқа: инвестицияларды үйлестiруге, iскерлiк ынтымақтастықты дамытуға және рыноктың орнын басуға ұштастырылуы мүмкiн екендiгін көрсеттi.
Жеткiлiктi
дамымаған рынок жағдайында фирмалардың
өндiрiстiң кеңеюiне қарай қалыптасатын
жаңа және барынша сапалы өнiмге
сұраныстың көлемiн бағалауға мүмкiндiгi
болмайды. Мемлекет инвестицияларды
үйлестiру функциясын өз мойнына алады,
олар инвестициялық жобаларды
Инвестицияларды
үйлестiрудiң осы үлгiсiн
Бюджеттiк
инвестициялар басымдықтарының
арасында индустриялық-инновациялық даму
үшiн зияткерлiк және инфрақұрылымдық
негiз құратын салалар қалуы
тиiс. Бюджеттiк инвестициялар
Бюджеттiк
инвестицияларды тiкелей
Басқаша айтқанда, мемлекеттің инвестициялық және әкiмшiлiк ресурстары шектеулi және барлық ресурстарды көптеген салаларға бөлшектеу қосылған құны жоғары, бiрақ салыстырмалы түрде алғанда, халықаралық ауқымда бәсекеге қабiлетi жоғары eмec деңгейдегi орташа дамыған бiрқатар салалардың пайда болуына әкеп соғады.
Индустриялық-инновациялық дамуда мемлекеттiк индустриялық саясатты жүзеге асырудың басқа құралы ұлттық компаниялар болуы тиiс. Мемлекет экономиканың стратегиялық салаларында осы компаниялардың меншiк иесi ретiндегi оларды ресурстарын шикiзаттық емес сектордың жоғарғы технологиялы өндiрiсiн дамытуға инвесторлар, сондай-ақ өнiмдi тұтынушылар ретiнде де белсендi түрде тартуы тиiс.
Әлемдiк
тәжiрибенi ескере отырып, Стратегияны
iске асыру кезiнде
Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету
саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi
және экспортқа негiзделген
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:
- экономиканың бiр жақты шикiзат бағыттылығы;
- әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
- ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
- iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
- өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
- кластерлiк желiлердiң дамымауы, яғни кәсiпорындардың бiр орталыққа шоғырланбауы;
- мұнай-газ және кен-металургиялық кешенге жатпайтын экономика саларында негiзгi қорлардың тез тозуы;
- кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
- ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-констукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi;
- ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстыболмауы;
- мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;
- экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;
Осы мәселелердi шешу қызметi барысында
стратегияның келесi мiндеттерiн атап өтсе
болады:
Стратегияның мiндеттерi:
- өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету:
- өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
- кәсiпкерлiк құрылымды қалыптастыру; бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту; қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрестерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi итеру;
- ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
- сапаның әлемдiк стандартына көшу;
- дүниежүзiлiк ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту.[5]
Осы стратегияны iске асыру мерзiмi 2003-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесiдей кезеңдерден тұрады:
1-шi кезең – 2003-2005 жылдар
2-шi кезең – 2006-2010 жылдар
3-шi кезең – 2011-2015 жылдар
Бiрiншi кезең (2003-2005 жж.) басты түрде дайындық сипатындағы iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа заңдар әзiрлеу, инвестициялық және инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк институттар құру, ҚҚT талдау жүргiзу жөнiнде мамандарды даярлау, мемлекеттiң қатысуымен iске асырылатын тиiмдi жобаларды айқындау көзделедi.
Бұл кезеңде
Қазақстан Республикасының
Осы кезеңде
қорларды құруға көзделген капиталды
түзу, Даму Банкiнiң жарғылық капиталын
ұлғайту, жобаларды инвестициялаудың
мемлекеттiк жүйесiн
Ғылымды,
бiлiмдi дамыту және оны индустриялық-инновациялық
дамытуға бағыттай отырып, кәсiби кадрларды
даярлау саласындағы реформаны
бастау, стандарттау мен