Экономикалық тиімділік

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 09:31, курсовая работа

Описание работы

Жұмыста Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы реттеу саясатын қалыптастыру және оның Қазақстанда қолданылу аспектілері зерттеледі. Жұмыста Қазақстандағы монополияға қарсы саясаттың қалыптасуы, оның ерекшеліктері мен даму барысы талданады. Диплом жұмысында жаһандану үрдісіне байланысты монополияға қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................................................3
І. МОНОПОЛИЯЖӘНЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Монополия және монополиялық билік, монополияның түрлері...................................6
1.2 Монополияға қарсы реттеуге байланысты теориялық аспект.......................................................................................................................20
1.3 Монополияны реттеудің халықаралық тәжірибесі ..................................29
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН МОНОПОЛИЯНЫ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы монополияға қарсы реттеу - экономикалық реттеудің маңызды құрамдас бөлігі...............................................................................................................37
2.2 Монополия жағдайындағы бағаны бақылау ..................................................................37
2.3 Қазақстандағы монополияға қарсы реттеуді талдау.............................................42
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН МОНОПОЛИЯНЫ РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы саясаттың ерекшеліктері мен қайшылықтары.......................................................................................................57

3.2 Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы саясаттың даму жолдары мен бағыттары...............................................................................................................59
3.3 Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жағдайындағы монополияға ќарсы агенттік қызметтері.............................................................................................62
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................................73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................................75

Работа содержит 1 файл

Монополия!.doc

— 90.00 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

КІРІСПЕ..........................................................................................................................................3

І.  МОНОПОЛИЯЖӘНЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1  Монополия және монополиялық билік, монополияның түрлері...................................6

1.2  Монополияға қарсы реттеуге байланысты теориялық аспект.......................................................................................................................20

1.3 Монополияны реттеудің халықаралық тәжірибесі      ..................................29

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ   МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН МОНОПОЛИЯНЫ РЕТТЕУДІ  ТАЛДАУ

2.1 Қазақстандағы  монополияға қарсы реттеу - экономикалық реттеудің маңызды құрамдас бөлігі...............................................................................................................37

2.2 Монополия  жағдайындағы  бағаны бақылау ..................................................................37

2.3 Қазақстандағы монополияға қарсы реттеуді талдау.............................................42

III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ   МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН МОНОПОЛИЯНЫ РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Республикасындағы  монополияға қарсы саясаттың  ерекшеліктері мен қайшылықтары.......................................................................................................57

 

3.2 Қазақстан Республикасындағы  монополияға қарсы саясаттың  даму жолдары мен бағыттары...............................................................................................................59

3.3 Қазақстан Республикасында бәсекелестікті  дамыту жағдайындағы монополияға  ќарсы агенттік қызметтері.............................................................................................62

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................................73

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................................75

 

КІРІСПЕ

 

 

Монополияга қарсы саясат:

Жұмыста Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы реттеу саясатын қалыптастыру және оның Қазақстанда қолданылу аспектілері зерттеледі. Жұмыста Қазақстандағы монополияға қарсы саясаттың қалыптасуы, оның ерекшеліктері мен даму барысы талданады. Диплом жұмысында жаһандану үрдісіне байланысты монополияға қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Саяси процестердегі экономиканың ролінің өсіп келе жатқандығын, XXI ғасырда  геосаясаттың біртіндеп геоэкономикаға жол беретіндігін ел Президенті айтқан болатын. Алайда әлемдік жаһандану үрдістерінде геоэкономиканың басымдылығы геосаясатты ешуақытта жоққа шығара алмайды. Келешекте бүл екі әлемдік үрдіс бірін бірі толықтырып отыратын үрдіске айналатыны сөзсіз. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясаты негізінен 1988 жылдың 9 шілдедегі N 272-1 "Табиғи монополиялар туралы", 2001 жылдың 19 қаңтарыңдағы N 144-11 "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы", 1998 жылдың 9 маусымындағы N 232-1 "Жосықсыз бәсеке туралы", Қазақ ССР - інің 1991 жылдың 5 маусымдағы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне және Қазақстан Республикасының Президентінің Жарғыларына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулыларына, нормативтік актілеріне сүйенеді.

Экономикалық саясаттың  маңызды бір саласы - монополияға  қарсы саясат жүргізу. Монополияға  қарсы саясат тек елдің ішкі экономикалық процестерін ғана емес, сыртқы байланыстарды жүйеге келтірудің бірден бір жолы. Әлемдік деңгейде бәсекелестікті арттырудың жолдарын көрсететін, нарық қатынастарын реттейтін шаралардың бір қатары осы монополияға қарсы саясат арқылы жүзеге асырылып отырады. Монополияға қарсы реттеу саясаты басқарушы билік институттарының экономиканы реттеушілік қызметін көрсететін маңызды сала.

Монополияға қарсы саясат нарықтағы субъектілердің шаруашылық әрекеттерін бәсекеге негіздей отырып, оларға біркелкі нарық жағдайларын тудыруға, сонымен қатар нарықтағы монополистердің үстемдік жағдайын асыра пайдалануға тосқауыл қоюға бағытталатын мемлекеттік шараларды іске асыруымен маңызды.

Монополияға қарсы күрес  саясаты да экономика мен саясаттың  өзара ықпалдасуының, өзара тәуелділігінің жалпы заңдылықтарына бағынады. Монополияға қарсы реттеу саясатын экономикалық саланың еншісіндегі құбылыс деп бір жақты қарау дұрыс емес. Монополияға қарсы саясат алдымен билік институттарының қызметі. Билік қызметі бұл салада экономикалық нарықтық қатынастарды мемлекет пен халық мүдделеріне сәйкес реттеуге бағытталған. Монополияға қарсы саясат билік қатынастары және билік субъектілерінің тікелей қызметі. Бұл саясаттан саяси процеске нақты тән саясаттың, биліктің, мемлекеттің бизнес пен қызметтерінің арқасында нарықтық модернизацияның іске асуының куәсі боламыз. Демек, монополияға қарсы саясат саясаттың субъектілері болып табылатын билік институттарының объективті экономикалық және қаржылық процестерді реттеу болып табылады. Монополияға қарсы саясатсыз экономиканы дамытушы факторлардың бірі бәсекелестік те іске қосылмайды. Монополияға қарсы саясаттан саясаттың нақты қолданбалы сипатын көре аламыз.

Нарықтық  қатынастар қалыптасып, дамудың иңдустриялық кезеңіне түскен Қазақстан Республикасы үшін жан жақты қамтылған монополияға қарсы саясаттың саяси — құқықтық негізін қалыптастыру маңызды мәселе. Монополияға қарсы реттеу пен бәсеке саясаты Қазақстан Республикасының экономикасын көтерудің нақты жолы болып саналады. Біз бұған ел экономикасының бәсекелестік қабілетін  арттыру арқылы қол жеткіземіз. Бұл елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарында көрсетілген. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанда парасатты экономика жасау монополияға қарсы ғылыми тұжырымдалған реттеу саясаты жүргізбейінше мүмкін емес. Әлемдік экономикалық даму үрдістеріне қосылған Қазақстан үшін ішкі бәсекені дамыту, әлемдік бәсекелестікке кабілетті болу, шағын және орта бизнесті дамыту экономикадағы басымдылықтардың бірі. Осы мақсатты жүзеге асыруда Қазақстандағы монополияға қарсы реттеудің ролі күшті, мемлекеттің билік органдары арқылы оның нәтижелігін арттыру өзекті міндет.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. ТМД  елдерінде, әсіресе Ресей ғалымдарының осы мәселеге байланысты жарық көрген еңбектері бар. Ресей ғалымдарының монополия мәселесіне назар аударуын осы тақырыпта арналған еңбектер санының өсуінен көруге болады. Соның ішінде И.Авдашева, К.Балацский, С.Б.Бутыркин, И.В.Князева, Н.М.Розанова, Ашаститко еңбектері Ресейде қазіргі кездегі монополияға қарсы саясаттың қалыптасуының теориялық негізін қалады деуге болады.

Біздің елімізде экономика және заң салаларының ғалымдары монополияға  қарсы саясаттың теориялық және құқықтық базаларына талдау жасады. Отандық  зерттеушілер Қазақстан Республикасында  монополияға қарсы саясатты калыптастыруда шетел тәжірибесін қолдану мүмкіндіктерін де көрсетті. Осындай бағыттағы еңбектерге Н.Ж.Ахметов, Л.АӘмірғалиева, К.И.Байзақов, О.А.Жандосов, Т.АЖұмагелдиева, Е.Б.Жатқанбаев, Г.И.Куренкеева, А.И.Ондасынова, П.Своиктағы да сол сияқты авторлардың зерттеулерін жатқызуға болады.

Тақырыпты зерттеудің мақсаттары мен  міндеттері. Қазақстан Республикасының  монополияға қарсы реттеу саясатын қалыптастыру ерекшеліктеріне саяси  талдау жасау диплом жұмысының негізгі  мақсаты болып табылады. Сонымен  қатар осы саясатты жүзеге асырушы саяси институттарының қоғамда алатын ролін анықтауды да мақсат етеді. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідеи міндеттерді анықтайды:

- Монополияға қарсы реттеудің  жалпы теориялық негізін зерттеу;

- Экономикасы дамыған елдер  мен ТМД елдеріндегі монополияға қарсы саясатының тарихы мен даму барысын саралау;

- Қазақстан Республикасындағы  монополияға қарсы реттеу пен  бәсеке саясатының қалыптасу  тарихы мен ерекшеліктерін талдау;

- Монополияға қарсы бағытталған  саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік билік институттарының ролін анықтау;

- Монополияға қарсы саясаттың  саяси-құқықтық негіздерін сараптау  және осы саясатты жүзеге асыруда  заңнамалардың атқаратын  ролін көрсету;

- Монополияға қарсы саясатты  реттеуді жүзеге асыру барысында  қоғам мүшелерінің мүдделерінің қорғалу деңгейін көрсету;

- Мемлекеттің монополияға қарсы  реттеудің жаһандану процесіне  байланысты келешектегі негізгі  бағыттарын анықтау.

Зерттеудің нысаны Қазақстан Республикасының  монополияға қарсы реттеу  саясаты мен бәсеке саясаты;

Зерттеу пәні үкіметтің монополияға қарсы қызметі, монополияға қарсы саясатты жүзеге атқарушы мемлекеттік институттар мен нарық субъектілерінің монополияға қарсы саясатты жүзеге асырудағы іс - әрекеттері мен өзара байланысы.

Мемлекеттік араласудың қажеттілігін атай отырып, біз бәсекелестік күрес монополияның пайда болуы факторларының бірі болып табылатынын атап өткенбіз. Монопоияның дамуы экономиканың бәсекелестік бастауларына тосқауыл қояды. Яғни, бәсекелестіктің бастауын арнаулы қолдау және монополиялық тенденцияны шектеу қажеттілігі туындайды. Бұл мемлекеттің монополияға қарсы қызметінің 
Сөйтіп, монополия бәсеке –лестікке қарама-қарсы жұмыс істейді.

Алайда,тазамонополияөмір-де сирек кездеседі. Нарық-та бір фирманың билік жүргізуі жеткі-лікті түрде шартты болады. Шы-найы өмірде белгілі бір салалардаірі фирманың шектеулі саны бол-ғанда, олигополия жиі кездеседі. 
 
Жетілген бәсекелестік үшін фирмалар көп болса және оның әрбірі монополиялық биліктің бір шағын бөлшегіне ие болса, оңтайлы болар еді. Мұндай жағдай монополистік бәсекелестік деп аталады, оған сатып алушылар мен сатушылардың көптігі, бағалық кемсітушіліктің болмауы, капиталдың құйылуының еркіндігі сипатты болады. 
Нарық құрылымының түрлері 
Жетілген Монополистік Олигополия Таза монополия 
2-сұрақ. Монополияға қарсы реттеудің басты міндеті – бөлек фирмалармен рыноктың монополиялануына жол бермеуге бағындырылған. Оған әкімшілік (заңдылық) және нормативтік бағыттамалы (тізетуші) ықпал жүргізетін әдістері енеді. 
Мемлекет тиімді нарықтық ортаның қалыптасуына мүдделі. Ол экономиканы мемлекеттік реттеу бағыттарының бірін құрайтын монополияға қарсы саясат жүргізеді және қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін көрсетеді. 
Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты бәсекелестік нарығында «ойын ережесін» белгілеуге шақыратын, бірінші кезекте, монополияға қарсы (трестке қарсы) заңдар жиынтығын жүзеге асырады. Әрекеттің нақты бағдарламасын үкімет әзірлейді және жүзеге асырады. 
Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты – тиімді нарық экономикасы мен бәсекелесті нарықтық ортаны қалыптастыру мақсатын жүзеге асыратын заң актілері мен әкімшілік шараларының жүйесі. 
Монополияға қарсы саясат шеңберінде екі негізгі бағытты бөліп алуға болады: монополиясыздандыру және кәсіпкерлік монополияны реттеу. 
Бірінші бағытқа төмендегілер жатады: 
жаңа фирма құру тәртібін мүмкіндігінше жеңілдету; 
бірігу тәртібіне және фирмалардың жұтылуына мемлекеттік бақылауды енгізу, кейбір жағдайда, бірігу мен жұтылудың мемлекеттің рұқсатымен болған кезінде, тәртіп орнату; 
ерекше күрделі жағдайда (бұл көбінесе табиғи монополияға қатысты) баға мен еңбекақыға тікелей мемлекеттік бақылау (бұл белгілі бір кездері теріс пайдалану туындаған жағдайда); 
бағалық кемсітушілік саясатын жүргізгені үшін фирманы жазалау; 
кішірейту жүргізу. 
Кәсіпкерлік монополияның қызметін реттеудің екінші бағытын қарастыра отырып, реттеудің дәстүрлі объектісі табиғи монополияның қызметі болып табылатынын қадағалау қажет. Белгілі бір тауарлар мен қызметтің барлық рыноктық ұсынысы бір сатушының қолына жинақталған болса және бәсекелестік ортаны құру тиімді болмаса, табиғи монополия орын алады. Көлем нәтижесінің зорлығы сондай, екі немесе бірнеше бәсекелесті фирмаларда пайда болуы мүмкін шығындармен салыстырғанда, өндірістің аз шығыны жағдайында бір фирма ұсынысты толық қанағаттандыруы мүмкін. 
 
Табиғи монополияның қызметін реттеу жоспарлы экономикадағы тәрізді, қағидалар негізінде жүзеге асады: мемлекеттік басқару органы (Монополияға қарсы комитет) немесе ьағалар бойынша басқарма баға мен тарифтер деңгейін, сондай-ақ, ұсынылатын тауарлар мен қызметтің негізгі сұрыпталымы мен көлемін сипаттайтын параметрін анықтайды. 
Қазіргі заманғы экономикалық ғылым мен заң қабылдауға болады деп есептейтін және сондықтан қуғындамайтын монополияның нысандары болады. 
Бәрінен бұрын, рыноктың төмендегі есебінен елеулі үлесін монополияған фирма жазалануға жатпайды:

Сирек кездесетін тауарлар шығару;

Тиімді маркетингті; 
Бағаға шығынды елеулі төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа технологияны әзірлеу мен игеруде және осы негізде пайдадан қағыл-май, тауарларды мүмкіндігін-ше төмен бағада сату. 
Табиғи монополияға бәрінен бұрын көлік, байланыс, газ-су –мен қамтамасыз ету, электр 
тораптары және әуе тасмалдауы кәсіпорындары жатады. Табиғи монополия үшін, өнім бағасы орта шығынға теңелгенде, әдетте, «әділ табыс» белгіленеді. Бірақ мұндай жағдай ережедегідей, монополист-кәсіпорынға шығынды төмендетуге ынталандыруға залал әкеледі. 
Табиғи монополияны мемлекеттік реттеудің мақсаты екі жақты: бір жағынан ол рынокта монополисттік жан-жақты билеуінен бағаны реттеу жолымен қоғамды қорғау үшін, екінші жағынын, оларды тиімді дамуына жағдайды қамтамасыз етеді. 
Табиғи монополияны реттеу кезінде келесі шаралардың құрамдастыруы қолданылады: 
өнімге белгіленген бағаны бекіту; 
баға өзгерістерінің шектеулі коффициентін бекіту; 
еркін бағаның тәртібін бекіту. 
3-сұрақ. Мемлекет тарапынан тұрақты көңіл аудару мен реттеудің объектісі баға болып табылады. 
Бағалар – тұтынушылардың, өндірушілердің, импорттаушылар – дың және экспорттаушылардың мүддесі тоғысатын, экономикалық және әлеуметтік-саясаи өмірдің сыни нүктесі. Бағаларға ықпал ету ЭМР-дің ғаламдық мақсаттарына, жағдаят және құрлымдық саясат мақсаттарына, инфляцияға қарсы күресте әлемдік рынокта ұлттық бәсекелестік қабілетін күшейтуге және әлеуметтік дағдарысты жұмсартуға қызмет етеді. 
Бағаларды бақылаумен орталық статистикалық басқару органы айналысады. Бағалардың қозғалысын жеке зерттеуді кәсіподақтардың ғылыми-зерттеу орталығы, халаықаралық ұйымдардың тапсытысымен арнаулы комиссия жүргізеді. 
Мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестер тарапынан бағаны бақылаудың басты мақсаты – еңбекақы мен зейнетақының жыл сайын атаулы көтерілуінің индексін анықтау үшін, өмір сүру құнының өсуін өлшеу, сондай-ақ өндірістің шығынына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне бағаның өсуінің ықпалын анықтау. 
Мемлекет сыртқы саудада бірігу одағына кіріп, есептік мөлшерлемені өзгертіп, салықты құбылтып, ақша шығаруды жүргізіп, сандық және кедендік шектеуді алып немесе енгізіп, бағаға ықпал жасауы мүмкін. Қандай мақсаттарға қызмет етпесін, тәжірибе жүзінде барлық мемлекеттік реттеуші акциялары бағаға жанама ықпал көрсетеді. 
Мемлекеттің араласуы көтерілген өтелім шегерімінің өзіндік құнын қосу арқылы және басқа қорға аудару арқылы өндіріс шығынын өсіруге мемлекеттік органдардың ықпал шара қолдану жолымен жүзеге асырылады. 
 
Нәтижесінде, тұтас салаларда «шығындар бағаны қысымға алатын» жағдай туындайды, және өндіріс шығындарының есеп айырысуы (шынайы емес) үкіметтің жарияланған жеңілдігі нәтижесінде барлық кәсіпорын салаларында өндіріс шығындары жоғары болатыны сондай, бағаны көтермесе болмайтын жағдай туады. өйткені жеңілдік барлық салаға тарйтындықтан, ішкі салалық бәсеке қолайлы жағдаят жағдайында бағаның өсуі үшін жеткілікті кедергі бола алмайды. 
Бағаның өзгеру үдерісіне тікелей мемлекеттің араласуы акциздік тауар деп аталатындарға, бағаны белгілеудің мемлекеттік саясаты болып табылады. 
Бағаның қалыптасуына мемлекеттік демеу қаржы тікелей ықпал етеді. Бағалық демеу қаржы өндірушіге немесе тұтынушыға арнаулы төлем беру жолымен бағаны төмендетуді қарастырады. Бағаға тікелей әсер ету және бағаның жетекшілігі тауар мен қызметті тұтынудың мемлекеттік үлесі елеулі салада, мысалы, өнеркәсіптік әскерей саласында, құрлыстың кейбір салалық бөлімдерінде орын алады. 
Үкіметтік органдар, жеке фирмалан белгілі бір тауарлар мен қызметтің түрлерін тұрақты сатып алушы немесе тапсырыс беруші болып, әріптеспен келсімшарт бойынша, кейін сала үшін базалық болып келетін «наөты бағаны» белгілейді. 
Бағаны реттеудің тиімді құралы – қосымша құнға салық болып табылады. Бұл салықты өндіруші тауар мен қызметтің бағасына қосылады және бұл салықтың мөлшерлемесінің саралау өзгерістері тікелей бағаға ықпал етеді.

Информация о работе Экономикалық тиімділік