Несиелік портфельдің сапасын бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 20:09, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қызмет ету сапасы соңғы жылдары едәуір жоғары деңгейге көтеріліп, экономика секторларының барлығына толық қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерді олардың несиемен қамтамасыз етуінен көруге болады. Жалпы несие дегеніміз – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға беріледі.

Содержание

Кіріспе
1.Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалаудың теориялық негіздері
1.1. Банктің несиелік портфелі: мәні және құрылымы
1.2. Банктің несиелік портфелін басқару
2. Коммерциялық банктердің несиелік портфелін қалыптастыру
2.1. Банктің несиелеу процесс және оның сатылары
2.2 Банктің несиелік портфелін бағалау
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

курс я.doc

— 266.50 Кб (Скачать)

  ЖОСПАР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

     Тақырыптың  өзектілігі. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қызмет ету сапасы соңғы  жылдары едәуір жоғары деңгейге көтеріліп, экономика секторларының барлығына толық қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерді олардың несиемен қамтамасыз етуінен көруге болады. Жалпы несие дегеніміз – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Несие  ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің   көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға беріледі.

     Сөйтіп,  несие қазіргі кездегі банктік  жүйенің ең маңызды элементі болып  табылғандықтан, оның қажеттілігі күннен күнге өсіп жатыр. Өйткені еліміз нарық экономикасына көшкен кезде  көптеген шағын және орта бизнестер  дами және көбее бастады. Сондықтан  да қазіргі кезде жақсы бізнес жобасы бар көптеген тұлғалардың, банк жүйесіндегі алдыңғы қатардағы кез келген банктен әртүрлі шартпен, әртүрлі мерзімге несие алу мүмкіндігі бар.

     Курстық жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің несиелік портфель және оның сапасын бағалауды теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, несиелік портфель құрылымын қарастыру болып табылады.

     Курстық жұмысының міндеттері:

     -банктің несиелік портфелінің мәні мен құрылымына теориялық жағынан түсініктер беру;

     -банктің  несиелік портфелін басқаруда  теориялық негізде түсініктер  беру;

     -банктің  несиелеу тәртібіне талдау жасау;

     -банктің  несиелік портфелін бағалауға  теориялық және тәжірибелік материалдар  негізінде талдау жүргізу;

     -проблемалық  несиелермен банктердің жұмысын анықтау;

     -несиелік  тәуекелдерді басқару әдістерін  анықтап беру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                  

             

1.Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалаудың теориялық негіздері

1.1. Банктің несиелік портфелі: мәні және құрылымы

     Несиелік портфель белгілі күнге коммерциялық банктің балансы бойынша несиелік берешектің қалдығын білдіреді. Қазақстандық экономикалық әдебиеттерінде: несиелік портфель белгілі критерий негізінде жіктелінген несиелер бойынша банктің талаптар жиынтығы негізінде анықталады. Отандық және шетелдік тәжірибедегі критерийлердің бірі – несиелік тәуекел деңгейі болып табылады. Осы критерий бойынша несиелік портфель сапасы анықталады. Банк менеджерлері несиелік портфельдің сапасын бағалау және талдау негізінде өздерінің несиелік операцияларын басқарады.

     Отандық тәжірибеде несиелік портфельді несиелік сипаттаманың мәмілесі бойынша жасалынған өзара шарт жиынтығымен анықтайды. Оған ссуда, факторингтік операциялар, лизинг, берілген банктік кепілдеме  және кепілгерлік бойынша міндеттерді орындау жатады.

      Несиелік  портфель – бұл  белгілі критерийлер  бойынша жіктелінген және берілген несиелердің  сапасы мен құрылымының  сипаттамасы. Сонымен қатар несиелік портфель – бұл несиені ұсыну  бойынша банк қызметінің нәтижесі, яғни белгілі уақыт кезеңіндегі банктің берген барлық несиелер жиынтығы. /17/

     Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді

      Банктік несие – бұл экономикадағы  кеңінен тараған несиелік қатынастардың  формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу.

      Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие қаржылық мекемелерінің қарыз  алушыларға ақшалай қарыз түрінде  беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиелердің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие кез келген бағытта қозғала алады.

      Банктік несие сферасы коммерциялық несие  сферасына қарағанда несиені  қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарынан капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.

      Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені  банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық секторларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген.

      Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен байланысты. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады. Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Қарыз алушылар – несиелік-қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет, жергілікті үкімет органдары болып табылады.

      Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныс та әсер етеді. /6/

     Банктік несиелер әртүрлі белгілеріне байланысты жіктелінуі мүмкін:                                

    I.Несие  беру мерзімі бойынша:

    • қысқа мерзімді;
    • орта мерзімді;
    • ұзақ мерзімді.

      Қысқа мерзімді несиелер – қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бір жылға дейін берілетін несиелер. Қазіргі жағдайда мақсатты қысқа мерзімді несиелер кең тараған болып табылады. Қысқа мерзімді несиелер нақты келісім шарттарға қызмет көрсетеді. Мақсатына қарай қысқа мерзімді несиелерді өндірістік мақсаттарға, сауда-делдалдық операцияларға, уақытша қажеттіліктерге бөлуге болады.

     Өндірістік  мақсаттағы несиелер шикізаттарды сатып алуды қаржыландыру үшін берілетін несиелер.

     Сауда-делдалдық  операцияларға несиелер қысқа мерзімді сипатта болады және клиенттің дебиторлық қарызының пайда болуымен байланысты. Қарыз алушыны несиелеу өндірістік мақсаттарды несиелеумен көрінеді. Қарыз алушы ретінде көтерме сауда және бөлшек сауда кәсіпорындары болып табылады.

      Уақытша қажеттіліктерге несиелер клиенттің  қажеттілігін ақшалай қаражаттарда қысқа мерзімді қанағаттандыру үшін, яғни еңбекақы және бюджетке төлемдерді төлеуді ұсынады.

     Орта  мерзімді несиелер – бір жылдан бес жылға дейінгі өтеу мерзімімен сипатталады. Орта мерзімді несиелер жабдықтау, көліктерді сатып алу, жаңа кәсіпорындарды, бағдарламаларды, жобаларды бастапқы қаржыландыру үшін қолданылады.

      Ұзақ  мерзімді несиелер елдің экономикасында маңызды рөл атқарады. Ұзақ мерзімді несиелер экономиканың нақты секторына қаражаттарды салумен байланысты және өндірістің техникалық деңгейін көтерудің негізгі көзі болып табылады.         

     Ұзақ  мерзімді несиелер – бес жылдан жоғары мерзімге берілетін несиелер болып табылады. Ұзақ мерзімді несиелер жылжымайтын мүлікке несие жұмсаумен байланысты. Бұл несиелік операциялар саласы негізінен өндірісті, қоғамды, жеке құрылысты қаржыландыру үшін және кәсіпорынның негізгі капиталын құру үшін  қажет. Бұл несиенің ерекшелігіне: ұзақ мерзімді өтеу, қарыз алушының қорланым қаражатының ең төменгі деңгейі, мүліктік кепілдікке берілген несиелердің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі, мүліктің құнынан, яғни кепілдік құнынан (60-70%) несие мөлшерінің тәуелдігі, қысқа мерзімді несиемен салыстырғанда несие пайызы мөлшерінің төмен болуы, банктің ресурсын ұзақ мерзімге оқшауландыру, банк пен қарыз алушының несиелік қатынастарының дамуына болжау жасау қиындығы жатады.                 

     Несиелердің мерзімі несиелік тәуекелге және банктің өтімділігіне әсер етеді. Егер несиенің мерзімі неғұрлым ұзақ болса, онда қысқа мерзімді несиемен салыстырғанда соғұрлым өтімді болады. Несие мерзімінің ұзартылуы тәуекелдің өсуіне әкеледі. Сондықтан да банктің маңызды міндеті – несиелерді беру мерзімі бойынша оңтайлы жиынтық құру болып табылады.

      Экономикалық  мазмұны жағынан тұтыну несиесі  банктік несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен  тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игіліктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі – бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларыды ынталандыруға тиіс.

      Сондай-ақ тұтыну несиесі жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға және құрылысына ұзақ мерзімді банктік сауда формасында  да берілуі мүмкін. Бүгінгі таңда тұтыну несиесінің біздің елімізде жете қолданылмай келудің себебі, отандық өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің қиындықтар кешуі нәтижесінде нарықтағы халық сұранысы мен төлем қабілеттігінің өсуі және олардың тауарлы-материалдық бағалылықтарымен өтеудің кері кетуі арасындағы теңсіздікке байланысты. /8/

     2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді./7/

     Ипотека несиені қамтамасыз етудің сенімді  әдістерінің бірі болып табылады. Нарықтық қатынастардың дамуына  байланысты біздің мемлекетімізде ипотекалық несиенің дамуы өсе береді. Бірақ  ипотеканың дамуы экономикаллық шарттардың болмауынсыз мүмкін емес, яғни мүлік иелерсіз. Кепілдік құқықтың әмбебап мөлшері бойынша мүлікті тек меншік иесі ғана кепілге сала алады.

     Қазіргі кезде ипотеканың дамуын ұстап тұрған фактор – бұл жерге жеке меншіктің  болмауы. Ал кепілге салынған осы мүліктер меншік иесіне тиісті емес ғимараттар мен жер телімдері (участок) ипотеканың дамуына не способствует. Жердің өзі кепілдің ең сенімді объектісі болып табылады.

     Ипотекалық  несиелендірудің дамуының жақын  келешегі Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының құрылуына байланысты болады, оны негізгі белгілері қарастырылуда.

     Біріншіден, бұл өте үлкен сиымдылық: бүгінгі күні сатылуға арналған жылжымайтын мүліктердің құны жүздеген миллиард теңгеге бағаланып отыр.

     Екіншіден, оның қатысушыларының кәсіби біліктілігі өсті. Енді жылжымайтын мүлік нарығының әрбір сегментінде өздерінің жетекшілері бар, яғни олар өздерінің белсенділігі мен қызметі бойынша бәсекелестеріне қарағанда алда келе жатыр.

     Үшіншіден, көпқырлылығы. Қазіргі кезде жылжымайтын мүлік нарығында пәтерлер, тұрғынсыз үй-жайлар, коттедждер және офистер салу үшін телімдер, аяқталмаған құрылыс объектілері, жерге жалға беру құқығы, бау-бақша телімдері айналыста жүр.

     Ипотеканың  басты артықшылығы – бұл жерде  адамдар тұрғын үйлерін бірден алады. Құрылысжинақ жүйесіне қарағанда, олар пәтерлерін сатып алғаннан кеін, бірден ішіне кіріп, банкке қарызын бірте-бірте пайызымен бірге қайтарады. Ал құрылысжинақ – бұл жүйе бойынша қарыз алушы алдымен несие алатын банкте қажетті соманың жартысын жинақтап алу керек, содан кейін ғана барып банктен жетпеген қаражаттарды несиеге алып, пәтерді сатып алып ішіне кіреді және қарызын қайтара бастайды. Сонымен қатар жинақтау процесі қатаң анықталған уақытта болу керек, яғни 2-3 жылдан кем емес.

     Ипотекалық несиелендірудің ұзақ мерзімді проблемаларын шешудің негізгі жолдары – нарықтық механизмдердің дамуы үшін жағдайлар жасау және қоғамның бюджеттен тыс ресурстарын жұмылдырып қаржы-несиелік салаға оларды бағыттау болып табылады.

Информация о работе Несиелік портфельдің сапасын бағалау