Радиолокация на казахском языке

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:06, реферат

Описание работы

Радиолокация (лат. lokatio - орналасу орны) — радиотолқын көмегімен түрлі объектілерді іздеп табу және оның орнын анықтау. Белгілі бір бағытта жіберіліп, жолындағы объектіден шағылған импульс түріндегі толқын экран бетінен импульс түрінде көрінеді. Оның оралу уақыты арқылы объектіден станцияға дейінгі қашықтығы анықталады.

Работа содержит 1 файл

Радиолокация.docx

— 13.33 Кб (Скачать)

Радиолокация (лат. lokatio - орналасу орны) — радиотолқын көмегімен түрлі объектілерді іздеп табу және оның орнын анықтау. Белгілі бір бағытта жіберіліп, жолындағы объектіден шағылған импульс түріндегі толқын экран бетінен импульс түрінде көрінеді. Оның оралу уақыты арқылы объектіден станцияға дейінгі қашықтығы анықталады.

Радиотолқындар, өлшемі толқын ұзындығынан  үлкен объектілерден ғана кері шағылатын болғандықтан, іздестірілетін объектінің көлеміне қарай радиолокацияда метрлік, дециметрлік, сантиметрлік толқындар диапазоны пайдаланылады. Бақыланатын объектінің кеңістіктегі орнын анықтау үшін оның мынадай координаталары анықталады: станциядан қашықтығы, азимуты, яғни объектінің солтүстік бағытпен салыстырғандағы бұрышы, көкжиекпен жасайтын бұрышы. Қабылдагышы мен таратқышы бір блок ретінде жасалуынан және олар үшін бір антеннаның пайдалануынан, таратқыш пенқабылдағыш уақыт бойынша кезектесіп жұмыс істейді. Ұшақтарда оның келе жатқан аумағын толық бақылауға мүмкіндік беретін айналмалы экран пайдаланылады. Радиолокацияның маңызды сипаттамаларының бірі — ажырату қабілеттілігі. Ол —екі объектінің шағылған толқындарын бір-бірінен ажырата алатын арақашықтық: D = 150/tм. Мұндағы t — импульс ұзақтығы.

Телевизия жөнінде  түсінік. Радиотолқынедар-алыс қашықтыққа, дыбыспен қатар  кескіндерді де жеткізуге пайдаланылады. Кескінді алыс қашықтыққа жеткізу принципі мынадай: Хабарлағыш станцияларда кескін тізбекті электр сигналдарына түрлендіріледі. Содан соң, ол сигналдар жиілігі доғары генератор өндіріп шығаратын тербелістерді модуляциялайды. Модуляцияланған электромагниттік толқындар хабарды алысқа жеткізіп, оны керек жердегі қабылдағыш антенна қабылдап алады. Бұл жоғары жиілікті тербелістер детектрленеді де  жеткізілген сигнал - көрінетін синалдарға түрлендіріледі. Ал кескіннің қозғалысын жеткізу үшін Кино принципі қолданылады: бір бірінен сәл ғана  өзгене қозғалыстағы  объектінің кескіндерін (кадрлерді) бір секундта сандаған рет береді. Біздің аймақтың телевизиясында 1 секундта 50 кадр көрсетіледі.

Радиолокация көптеген салаларда  қолданылады. Мысалы: аэропорттарда, кемелер  мен ұшақтарда, метерологияда, ғарыштық кемелерде, тіпті қазіргі кездегі  аспан денелеріндегі өзгерістерді бақылауға.


Информация о работе Радиолокация на казахском языке