Азаматтық шарт мазмұны мен нысаны

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 06:58, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Рсепубликасы
құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.

Работа содержит 1 файл

Курc_Мемлекет түсінігі, белгілері.doc

— 239.00 Кб (Скачать)

Парламент бір палаталы немесе екі палаталы болуы мүмкін. Парламенттің құрылу тәртібі оның өз құрылымына байланысты болады. Жалпы парламентте жоғарғы және төменгі палата болады.

Әдетте Парламент бір  палаталы билік органы немесе қос  палаталы парламенттің төменгі палатасы деп түсінеді. Бірақ заңи тұрғыда ол өте күрделі жүйе.

 

   Атқарушы билік органдары заңдар орындауымен шектелмейді. Олар атқырылатын істерге бұйрық беріп және заңдарды орындауға нормативті акт шығарады. Тоталитарлық социолизм концепциясы бойынша үкімет атқарушы - бұйрық беруші орган болып саналады. Сонымен қатар атқарушы билік және норматив шығарушылық құқықтармен атқарушы заңды қолданумен ерекшеленеді. Бірақ Еуропа елдерінде, Жапонияда монарх контитуциясымен атқарушы биліктен босатылған немесе тек бірлігінің символы ретінде қаралады.     Президенттік және жартылай президенттік республикаларда премьер - министрдің, министрлер кеңесінің жұмыстары ұйымдастырылған, олар дәстүрлі президенттік  республикада жоқ.

   Кейбір елдерде атқарушы билік федерация субъектілерінің басшысы, сайланған облыстың губернаторлар, аудан бастығы, префект, суперпрефект және т.б. президентпен үкімет атынан қызметтер атқарады.

    Атқарушы билік  сот органдар жүйесінен айырмашылығы төменгі органдар; жоғарғы органга бағынады, олардың заңдары мен биліктерін атқаруға тиісті. 

  Мемлекет басшысы бұл - конституциялық  орган және мелекеттің жоғарғы дәрежелі тұлғасы.  Мемлекеттің сыртқы және ішкі құрамын басқаратын, халық мелекеттің символы. Әрбір елде мемлекет басшысы сол елдің контитуциясына сәйкес парламеттің бір бөлігі, заң шығарушы билік, қолының заң күшіне енеді немесе атқарушы билік басшысы мен мемлекет басшысы және ешқандай билікке  араласпайтын басшысы ретіндегі рөлді атқарады.

Мемлекет басшысы барлық елде мынандай қызметтер атқарады: парламентті шақыру заң шығару, вето құқығы. Ол үкіметті құрайды министрлерді жұмыстан шығарады, сот тағайындау, азаматтық береді, халықарлық келісім шарт жасасады, марапаттайды, сотталғандарға кешірім береді.

 Монарх мемлекет  басшысы және атқарушы билік  басшысы болады. Абсолютті монархияда бұл билік толығымен жүзеге асады, ал дуалистік монархияда мемлекет басшысының , ал парламенттік монархияда барлық актілер үкіметтің билігімен жүзеге асады. Монарх өзінің орнын мұрагерлікпен алып, оны жолмен қалдырады.

1)  тақты тек ер адамдар алады.                                               

2)  әйелдің, отбасында  ер адам жоқ болған кезде  таққа отыруы                                            

3) ағасының орнына қарындасының отыруы;                                                                                        4)  Шведтік онда отбасындағы әйелдер мен ерлер тең құқықта болады;                           5)  мұсылмандық бұнда өлген монарх орнын отбасының шешімімен                                                                                 

     жақындарының  бірі басады.

   Дәстүр бойынша және контитуцияға сәйкес монархқа мынандай міндеттер жүктеледі: ол ешқандай партияға мүше болмауы тиіс және ол белгілі бір дінге бағынуы тиіс.

Президент мелекет билігі жүйесінде әртүрлі рөлдер атқарады: ол мемлекет басшысы, мемлекет басшысы және атқарушы билік. Президент белгілі бір уақытқа сайланады. Латвияда 3 жыл, АҚШ 4 жыл, Бразилияда 5 жыл. Президентікке сайлау үшін мынадай шарттар бар: осы мемлекеттің азаматтығы, толық азаматтық және саясаттық құқық, сайлау жасына жету, сол мелекетте белгілі бір уақыт кезінде тұрақты тұру.

Президентті сайлаудың  жолдары.

1. Парламентте дауысберу.  Онда қатысуда үміткерлер абсолютті  дауыс жинау қажет.

2. Сайлаушылардың дауыс  беруі. Президентікке үміткерлерді сайлаушылардың даусымен анықталады.

3. Президентті арнайы  сайлау коллигиясымен сайлау.

   Көптеген елдерде президентікке ер адамдар сайланып жүрді, қазіргі кезде Ирландия, Исландия, Шри - Ланка президенті әйел адам. Президенттің құқықтары мен міндеттері: конституция президентке қол сұғуға, оны әкімшілік жауаптылыққа  тартуға, президентке қылмыстық жазаны оны орнынан түскеннен ғана тағайындайды.

  Президенттің өзінің резиденциясы, ерекше транспорты, ұшағы , күзеті, президент билігінің символы - жалауы болады. Президентті қамтамасыз ету парламент заңымен белгіленіп және ол басқа тұлғалардан жоғары болуы тиіс.

Президенттің мынадай  құқықтары бар.

1. палаталар, федерациялар  арасындағы келіспеушілікті тоқтату

2. парламент сайлауларының  уақытын белгілеу

3. президент үкіметті жеке құрады, министр мен премьер министрді парламенттің мақұлдауымен.

4. президент нормативтік  акт шығарадыатқарушы орагндардың   актілерін кері қайтарады.

5. президент төтенше,  әскери жағдайды хабарлайды.

6. Контситуция бойынша  президент жоғарғы әскербасы болады. Ол жоғарғы армия құрамын, әскери атақтар береді, мемлекет қауіпсіздігі үшін жауап береді.

7. президент тұлғаларға  азаматтық беруге азаматтықтан  шығуға рұқсат береді, жазаны  жұмсартуға, медальмен, орденмен марапаттау.

    Президент контситуция, құқық пен бостандықтың кепілі. Президентке тыйым салынады:  акционерлік компанияларда жұмыс істеуге, жұмыстың басқа да түрлерімен айналысуға, мемлекеттік меншікті алуға, пратия құрамында болуында.

    Вице - президент, президенттің жоқ кезінде, ол ауырған кезде, қайтыс болғанда, президент орнынан түскен кезде уақытша президент болады.

Вице - президент көбінде президентпен бірге бір жүйемен сайланады. Дамушы елдерде вице- президент президент болып сайланады. Вице- президент жоқ елдерде президент орнын парламент палатысының төрағасы немесе үкімет басшысы алады.

    Үкіметтің әртүрлі атаулары бар: мемлекет кеңесі, кабинет, министрлер кабинеті, мемлекет кеңесі, әкімшілдік кеңес, федералдық үкімет, үкімет.

Үкімет атқарушы органның кллегияалдық органы, ол мемлекеттік басқаруды қолға алады. Ол әкімшілдік, атқарушының бұйрықтық қызметтер атқарып, олардың қол астына мемлекеттік аппарат, қарулы күштер, мемлекеттік қаржы және шетел істерімен айналысады.

Үкіметтің құрамында  жұмыс жасасуға 4 формадағы орган болады.

1 Үкімет құрамына министрлер, министрлер кабинеті біріктіріледі

2 Кейбір елдерде үкімет  құрамындағы министрлер кеңесімен  министрлер кабинетін бөледі.

3 Тоталитарлық социолизм  елдерінде үкіметтің ішінде ерекше  құрамы- перзидиум және бюро үкіметі.

4 Үкіметті ведомоствалық  комитетпен комиссия құрамын  министрліктерді байланыстырады.

    Үкіметте маңызды рөл атқаратын тұлға ол премьер- министр. Үкімет құрамын пермьер министр анықтайды. Ол көбінде үкімет атынан шешім шығарады. Оның жеке секретариаты болады.

Үкіметтің құрылу тәртібі  екі негізде жүзеге асады.

  1. Президенттік
  2. Парламенттік.

Президенттік – республикада Үкіметті президент құрады.

Кез-келген мемлекетте түрлі  заңды мекемелер бар. Оларға прокуратура, натариат, адвокатура жәнет.б. Осылардың  ішінде маңызды орынды сот иемденеді. Сот қоғамда болып жатқан түрлі келіспеушіліктермен, жанжалдарды қарастырады. Бұндай сұрақтар сотта сот процесі кезінде шешіледі.

Соттарды түрлі тәсілдермен тағайындайды. АҚШ-тың көптеген штаттарында азаматтармен сайланады. Тоталитарлы социолизм елдерінде де азаматтармен немесе жоғарғы органдармен сайланады. Сот тек заңға ғана бағынады.

  

 

 

 

            2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың демократиялық қағидаларына сәйкес қызмет етуі

           2.1 Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы

          Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу – бұл Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретіндегі қызметінің ең басты қағидасы. Ол қазақстан Республикасының Конституциясында былай анықталған:  Республикада мемлекеттік билік біртұтас, Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Билікті тармақтарға бөлу мынаған негізделген: мемлекет заңдарды қабылдауға, оларды орындауға және төрелігін жүргізуге (адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, осы ережені бұзғандарға жаза қолдану, заңдарды қолдауға байланысты іркілісті, қақтығысуды және басқа өзекті мәселелерді шешу). Былайша билікті бөлу табиғи туынды. Бірақта, мұның басқа да жақтарының бар екендігін ұмытпауымыз керек, мәселен, оның саяси тұрғысы. Демократияны сақтап, қамтамасыз ету үшін мемлекет қызметінің  үш бағытын әр түрлі үш мемлекеттік органдардың арасында бірдей бөліп, билікті бір адамның, органның қолында шоғырландырылмайтындай етіп ұстап тұратындай ету. Ең бастысы- бір-біріне тәуелді емес үш тармақтар билігі өздерін-өздері бақылап тұруы, бір органның заңды бұзғанына орасан зор көңіл бөлулері қажет. Осы биліктің үш тармаққа бөлінуінің өзі бірін-бірі ұстап тұруға жәрдемдесетіні сөзсіз.

Мемлекеттік билік –  бұл мемлекеттік құралдар, әдістер  мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен  билік етуші субьектілердің ерік-жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік  буындар жүйесі арқылы көрінеді. Олар әр алуан. Солай бола тұрса да бірде-бір мемлекеттік органдар Конституцияға және басқа заңдарда белгіленген өз өкілеттілік шеңберінен тыс шығып кетулеріне құқығы жоқ.

Кез келген елде билікті  бөлудің бір өзіндік ерекшеліктері  бар. Мұның өзі Қазақстан өміріне  де қатысы бар.

Қазақстан Республикасында  мемлекеттік органдарды құру және оларды қызмет етуін айқындаушы негізгі  қағидат билікті бөлу теориясы болып табылады.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды.

Президент – Қазақстан  даму тарихында бұрын – соңды  болып көрмеген, бұрын кеңестік өкімет органдарының нұқсандарына орасан зор  өзгерістер енгізуіне байланысты пайда болған жаңа тұрғыдағы мемлекеттік институттарының бірі.

Қазақстан Республикасында  Президенттің саяси-құқықтық мәртебесі  өзінің даму барысында бірнеше сатыдан  өтті. Бірінші сатысы 1990 жылғы 24 сәуірдегі  «Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР-нің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңынан басталады.Ешқандай өкімет органдарына бағынбайды және олардың  алдында есеп бермейді, өйткені ол Конституцияға сәйкес өз өкілеттігін халықтан алған, сондықтан да болар мемлекет саясатын іске асырардағы өзінің саяси бағыты, әр заңды іс-әрекеттері үшін парламент алдында саяси  жауапкершілігінің болмауы.

Ол мемлекет билігінің  барлық тармағының келісіп жұмыс  істеуін және өкімет органдарының халық  алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік  билік бірлігінің , Конституцияның мызғымастығының  адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. 

Заң шығарушы биліктің тармағы  – бұл Қазақстан Республикасының  өкілді органы: Парламент.

Парламент – заң шығарушы функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі – төрт жыл. Парламент тұрақты негізде жұмыс жасайтын  екі палатадан: Сенат және Мәжілістен  тұрады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық – мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен  сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Сенат депутатының өкілеттік  мерзімі – бес жыл.

Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.

Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі. Парламент депутаты Қазақстан халқына ант береді. Парламент сессиясы оның Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі.Парламенттің бірінші  сессиясын  Қазақстан Республикасының Президенті сайлау  қортындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады. Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.

Информация о работе Азаматтық шарт мазмұны мен нысаны