Азаматтық және құқықтық мемлекет

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 17:57, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыста жалпы құқықтық мемлекет пен азаматтық құқықтың арасындағы байланысы, өзара келісушілігі айтылған.Сонымен қатар азаматтық қоғамның түсінігі, құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері, құқықтық мемлекеттің қағидалары, құқықтық мемлекеттің басты қағидасы-адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі және Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы туралы да жазылған.

Содержание

Кіріспе 2
1. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің ара-қатынасы, байланысы 4
1.1 Азаматтық қоғам түсінігі .................................................................................6
1.2 Құқықтық мемлекеттің және оның негізгі белгілері 7
2. Құқықтық мемлекеттің қағидалары 15
2.1 Құқықтық мемлекеттің басты қағидасы- адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі 16
3. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы 17
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26

Работа содержит 1 файл

Азаматтық және құқықтық мемлекет.doc

— 141.50 Кб (Скачать)

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алып, толық мемлекеттік егемендікке ие болғасын азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру бағытын ұстанды. Осылайша тоталитарлық құрылымдағы зорлық-зомбылық пен заңсыздықты жоюға мүдделігіне және гуманистік құқықтық құндылықтарды, адам құқығы мен бостандығын басымды деп санайтынын білдірді. Өткен жылдар ішінде мемлекеттіліктің негізгі институттарының саяси-құқықтық мазмұны өзгерді. 1995 жылы қабылданған Республика Конституциясына сәйкес парламенттік – президенттік басқару нысаны таза президенттік нысанға өзгертілді. Президенттік институты мемлекеттік жүйенің басты институты болып, елдегі ахуалға, биліктің барлық үш тармағының қызметіне, ішкі және сыртқы саясаттың қалыптасуына анықтаушы ықпалын тигізеді.

“Заң шығару билігі институты да өзгерді. Кезінде бірқатар маңызды актілерді (мемлекеттік егемендік туралы Декларация, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заң, 1993 жылғы Конституция, меншік туралы, азаматтық туралы және т.б. заңдар) қабылданған бұрынғы бір палаталы жоғарғы Кеңес қызмет тұрпаты өзгерген екі палаталы Парламентке орын берді.”[1] Ол азаматтардың құқықтары мен бостандығын заңды түрде қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру бойынша, демократияны дамытуға, нарықтық қатынасқа өтуге, жеке меншікті енгізуге және кәсіпкерлік құрылымдарды қолдауға қатысты жұмысты жалғастырады.

Үкіметтің тікелей басқаруымен атқарушы билік қызмет атқарады. Оған экономикалық реформаларды жүзеге асыру, елді дағдарыстан шығару жөніндегі шараларды әзірлеу және асыру, заңдардың орындалуын ұйымдастыру, күнделікті мемлекеттік басқару жүктелген. Сот билігі де өзгеріске ұшырады. Жалпы және арбитражды соттар бір жүйеге біріктірілді. Бұл жүйені қазір жоғарғы сот басқарады. Үш жыл қызмет атқарған (1992-1995) бұрынғы Конституциялық Соттың орнына Конституциялық Кеңес құрылды. Құқық қорғау органдарының жүйесі қайта құрылуда.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттарын қалыптастыру аяқталып келеді, әскер бар, ұлттық гвардия құрылды, мемлекеттік символика бекітіліп, пайдалануда. Республика ұлттық валютаға көшті.

Құқықтық мемлекет – біздің болашағымыз, оған баратын жол жақын да, оңай да емес, бірқатар даму кезеңдерін қамтиды және мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, жұртшылықтан, халықтан елеулі күш–жігерді талап етеді. Мемлекеттік және қоғамдық қызметке салауатты дем беру керек, жемқорлық жолына бөгет қою қажет, қылмыспен күресу керек, қоғамның заңы және моральды – адамгершілік негіздерін дамыту қажет. Құқықтың жаңартылуын жеделдету, оның өнімдерін қолдану және қорғау механизмдерін жетілдіру туралы қамдану, азаматтардың бойында  оларды сыйлау қасиетін дарыту, қоғамдағы нақты құқықтық қатынас пен басқа да заңды байланыстарды құрайтынның бәрін жүзеге асыру шараларын белгілеу қажет.

Осындай кешенді тәсілдеме құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құру міндеттерін жүзеге асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Қазақстан мемлекетінің демократиялық сипаты конституциялық қағидаларда анықталады. Мемлекетті ұйымдастырудың негіз құраушы қағидаларының бірі – мемлекет басшысын, парламент депутаттарын, жергілікті өкілетті органдарды сайлау. Демократиялық мемлекет қызметінің  басқа бір негіз құрушы қағидасы – мемлекеттік өмірдің ең маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу. Референдум өткізу, Парламентте дауыс беру тәртібі осыған жатады.

М.Сәрсенбаев көрсеткендей, тәуелсіздікке қол жеткізілгеннен кейін қазақстандық мемлекеттің құрылысы, оның сыртқы саясатын әзірлеу, қазақ халқының тарихындағы тарихи, рухани тамырларын, оның ұлттық мемлекеттілігін зерделеу басталды. Біздің заманымыздағы жаңа болмыс тұрғысындағы осы ой ислам дінінің, мұсылман құқығының түркі тайпаларының олардың рухани, құқықтық мәдениетінің дамуында қазақ мемлекеттілігінің бастапқыда пайда болуында белгілі рөл атқарғанын көрсетеді.

Қазақстан мемлекетінің зайырлы сипаты ресми, мемлекеттік діннің болмауынан көрінеді. Көптеген діни ілімдердің бір де бірі міндетті немесе артықшылықты болып танылмайды.

Мемлекеттік органдар діни бірлестіктердің істеріне заңсыз араласуға жол бермеуіне, сондай-ақ діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын жүктемеуі қажет. Сонымен қатар мемлекет діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын жүктемеуі қажет. Сонымен қатар мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмауы қажет. Сондай-ақ діни негіздегі саяси партиялардың қызмет атқаруына жол берілмейді.

Діннің мемлекеттен бөлек болуы мемлекеттік оқу орындарында діни догмаларды оқытуға болмайды дегенді білдіреді.

Қазақстан мемлекетінің  зайырлы сипаты діни бірлестіктерді мемлекет тарапынан қаржыландыруға жол бермеуден де көрінеді.

Дербестік жолға түскен Қазақстан құқықтық мемлекет идеясын  бірден қабылдады. Құқықтық мемлекет - ұзақ тарихи дамудың жемісі. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ақырындап құқықтық мемлекет идеясына жақындайды. Конституцияның 1-бабы Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекетті бекіту жолына түскенін, мемлекет құру жолына түскенін білдіреді. Қазақстан халқы алдына жоғарғы мақсат қояды – құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету оңай емес. Құқықтық мемлекетте заңдар белгілі бір бөлігінің емес, баршасының шынайы еркін білдіреді, онда заң үстемдік етеді. Ең жоғарғы лауазымды тұлғадан бастап қатардағы азаматқа дейін – барлық адам заңдардың барша халықтың мүддесі үшін қабылданып, әрекет ететінін, әр адамның құқығы мен бостандығын қорғайтынын, адамдардың оқуы үшін, отбасы құру үшін, жұмыс істеуі үшін, өздері таңдаған іспен шұғылдану үшін, лайықты өмір үшін пайда табуы мақсатында, өздерін ерікті сезінуі үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін қажет болатын қоғамдық тәртіп белгілейтін түсінулер қажет. Азаматтардың өздері бұзылған құқықтарын қорғауға үйренулері керек. Ол үшін соттар объективті болуы керек, азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну керек.

Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі заңның қоғам өміріндегі үстемдігі, жоғарылылығы. Қоғам өмірінің анағұрлым маңызды жақтары заңдар арқылы реттелуі керек.

Мемлекет тек дамыған ұлттық құқықтық жүйенің болуымен, оның шынайы жұмыс істеуімен ғана құқықтық мемлекет болып танылмайды. Мемлекеттің құқықтың сипатының деңгейі барынша демократиялық, прогрессивті және гуманистік құқықтың идеялардан тұратын халықаралық құқық тұрғысында өзін қалай сезінетінімен анықталады. Конституцияда Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидаларымен нормаларын құрметтейді деп жазылған. Қазақстан Рсепубликасының қолданылып жүрген құқығына республиканың халықаралық келісімішарттық және басқа да міндеттемелері кіреді. Республикамен ратификацияланған халықаралық келісімшарттың және басқада міндеттемелері кіреді. Республика ратификациялаған халықаралық шарттар оның заңдарынан басым болады және халықаралық шартқа сәйкес оның қолдануына заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа басқа уақытта тікелей қолданылады. Аталмыш конституциялық қағидалар құқықтық мемлекеттердің негізгі заңдарының деңгейінде қолданылады.

Қазақстан Республикасының  әлеуметтік мемлекет  ретінде қалыптасу процесінде.

“Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша біздің мемлекетіміздің әлеуметтік базасы - бүкіл халықтық, барша тұрғындар. Осылайша, әлеуметтік-экономикалық жағынан да халық (әлдебір тап емес) қоғамның жалғыз әлеуметтік субъектісі болып табылады. Сондықтан да қалыптасып келе жатқан мемлекеттік үлкен сенімділікпен әлеуметтік мемлекет деп атауға болады. Оған қосымша дәлел – конституцияның халықаралық құқығының жалпыға ортақ нормаларында көрсетілген жалпы адамзаттың құндылықтарға бағытталуы.”[1]

Мемлекеттік құрылым жағынан Қазақстан Республикасы әкімшілік – аумақтың бірліктерден тұратын унитарлық мемлекет болып табылады.

“Қазақстан Республикасының унитарлық құрылымы оның аумағының, мемлекеттік билік органдары жүйесінің біртұтас заңнаманың және азаматтықтың бастамасы болып табылатын бірқатар принциптерге негізделеді.

1.              Қазақстан Республикасының аумақтық және мемлекеттік біртұтастығы;

2.              Мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі;

3.              Заңнама жүйесінің бірлігі;

4.              Бір азаматтық;”[2]

Қазақстанда басқарудың республикалық нысаны бекітілген. Басқарудың осындай нысаны таңдау үшін мынадай конституциялық қағидалар заңды негіздеме болады: парламентаризм халықтың мемлекеттік биліктің жалғыз көзі ретінде қарастырылуы; мемлекеттік биліктің үш тармаққа (заң шығарушы, атқарушы және сот) бөлінуі; халық қабылдаған конституцияның үстемдігі мен жоғары заңы күші.

Басқарудың республикалық формасы жай ғана халықтың еркіне негізделмейді. Ол мемлекеттік органдарға азаматтардың құқығы мен бостандығын, заңды мүдделерін қорғауға олардың мүдделерін мемлекет мүдделерімен үйлестіруге бағыт-бағдар береді. Бұл ретте адам құқығы мен бостандығының мемлекеттік мүдделерден басымдылығы қамтамасыз етеді. Мемлекет конституциясы тікелей көзделген жағдайлардан басқа кезде адамның, азаматтың құқығы мен бостандығын шектей алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келе құқықтық мемлекет деген түсінік анықтамасы мен мәніне қайта тоқталып өткен жоқ.

Сонымен, құқықтық мемлекет – көпшілік саяси биліктік құқықтың нысанындағы құрылған қызметті, заңның жоғарлығына негізделген қоғамның жан-жақты заңға бағынышты актілерге қатысты нормативтік – құқықтық актілердің түрлері ретіндегі заң басымдығы мен ғана емес, қолданылып жүрген заңдар мен қоғам мүшелеріне бекітілген құқықтар мен бостандықтың кен аясымен сипатталады. Құқықтық мемлекетте адам құқығын  қандай болмасын шектеуге жол берілмейді. Сонымен бірге құқықтық мемлекет осы құқықтардың жүзеге асырылуын дәйекті және бұлжытпай қамтамасыз етуге және оларды қорғауға міндетті. Осыған байланысты қоғам мен мемлекет өміріндегі түрлі саладағы құқықтың теңдік проблемасы принципті мәнге ие болады. Бұл мәселенің шешілуі мемлекеттің сондай теңдікті қамтамасыз ететін сенімді кепілдерді жасауын көздейді.

“Құқықтық мемлекеттің айырықша сипаттарына назар аудару керек және олардың ерекше мазмұнның жақсы игерген жөн. Бізде неліктен әлі құқықтық мемлекет қалыптасып болмағанын және ол үшін не қажет екенін түсіндіре білу қажет.  

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуына байланысты маңызды мәселелердің бірі ретінде заңнаманың дамуы мен жетілуін жаңа құқықтық жүйенің қалыптасуын қарастырған жөн. Соңғы кездері біздің мемлекетіміздің демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде дамуы үшін негіз қалайтын көптеген заң актілері қабылданды.

Ондаған жылдар бойы біздің елімізде бір партиялы жүйе болды”[9]. Ол заңды оппозициялық партиялардың пайда болу және қызмет атқару мүмкіндігіне жол бермеді. Ресми, мемлекеттік идеология марксизм –ленинизм болды. Қазіргі кездегі демократиялық құқықтық мемлекет түрлі қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар өзара әрекет ететін, ресми мемлекеттік идеология ретінде ешбір идеология танылмайтын кемелденген азаматтық қоғамның болуын көздейді. Құқықтық мемлекеттегі саяси өмір идеологиялық, саяси көптүрлік (плюрализм), көп партиялық негізінде қалыптасады. Сондықтан құқықтық мемлекеттің құрылу жолдарының бірі, осы жұмыстың бағыттарының бірі – жеке адам мен мемлекет арасында маңызды звено болатын, адам құқықтары мен бостандығын басым бөлігі жүзеге асатын азаматтың қоғамның дамуы, саяси көптүрлік қағидаларының бекітілуі.

Қоғамымыздың мемлекеттік және саяси өміріндегі көптеген жаңаруларының табысын анықтайтын қажетті фактор - қоғамдағы саяси  және құқықтық мәдениеттің деңгейі. Соңғы кездері тек азаматтардың ғана емес, мемлекеттік аппарат өкілдерінен анық көрінген құқықтың нигилизмнен арылу қажет. Демократиялық мемлекеттің бөлінбес сипаты - оның барлы мүшелерінің, лауазымды тұлғаларының конституцияны, заңды құрметтеуі және сақтауы.

              Қазіргі кезде бұрынғы КСРО аумағында мемлекет пен құқықтың дамуындағы күрделі процестер - жаңа тәуелсіз - мемлекеттерде қазіргі азаматтық қоғам талаптарына сәйкес болатын мемлекеттік және құқықтың жүйелердің қалыптасуы жүріп жатыр. Қоғам адамның өмір деңгейіне елеулі әсерін тигізген және тоталитарлық жүйенің ондаған жылдар бойындағы өзінің үстемдігі кезінде тудырған жағымсыз нәтижелерді күрт білдірген қатты экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырап, қоғам мен құқықтың дамуы одан сайын қиындай түсуде. 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Нормативті-құқықтық актілер

1.      Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж. толықтырулар мен өзгерістер енгізілген 07.10.98ж. Баспа «Жеті жарғы» А., 2001

2.      Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 01.07.1999ж. А., «Жеті жарғы» 2002ж.

3.      Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік Кодексі 13.07.1999ж. А., «Юрист»

4.      Қазақстан Республикасының Қылмыстық Процестік Кодексі 13.12.97ж. №206-1 (өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңдарына № 163-ІІ 09.12.98ж.; № 238-ІІ 11.07.01ж.; № 244-ІІ 16.07.01ж. сәйкес енгізілген) Алматы, «Жеті жарғы» 2002ж.

5.      Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. (Қазақстан Республикасының заңдарына № 277-1 9 шілде 1998ж.; № 283-1, 10 шілде 1998ж.; № 430-1, 16.07.1999ж.; № 454-1, 23.07.99ж. сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Алматы «Жеті жарғы» 2002ж.

6.      Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсініктеме. Баспа «Жеті жарғы» А., 2002ж.

 

Арнайы әдебиет

7.      Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы., 2003.125 б

8.      Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы., 2003 45 б, 57б

9.      Основы государства и права. Под ред. Сапаргалиева Г.А., 2000 29б

10. Комаров С.А., Малько А.В. Теория государства и права. – М.НОРМА – ИНФРА., 1999. С 245б

11. Козлихин И.Ю. Идея правового государства: история и современность. СПб., 1993 158 б

12. Малько А.В. Правовое государство. //Правоведение. 1997. № 379 б

13. Мартышин О.В. Несколько тезисов о перспективах правового государства в России. // Государство и право. 1996. № 5 87б

Информация о работе Азаматтық және құқықтық мемлекет