Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықы бойыншы жазанның мақсаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 12:00, реферат

Описание работы

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................

I. ТАРАУ: ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МӘНІ, ҚҰРАМЫ. МАҒЫЗЫ, ТҮРЛЕРІ
1.1 Қылмыстық құқықтың жалпы ұғымы..............................................................
1.2 Қылмыстық құқықтың құрамы мен маңызы..................................

II. ТАРАУ: ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ........................
2.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері........................................................
2.2 Жазаның тағайындау түрлері..............................................................................

III. ТАРАУ: ҚЫЛМЫСТЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗАНЫҢ МАҚСАТЫ..............................................................................................................

3.1 Бірнеше қылмыс бойынша жазаның максаты...............................................
3.2 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.............................................................................................................

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық құқықығы бойынша жазанын максаты.doc

— 263.00 Кб (Скачать)

Жаза тағайындау кезінде қылмыстардың қайталануы, бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамға қауіптілік дәрежесі, алдыңғы жазаның тәрбиелік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жайлар, сондай-ақ, жаңадан жасалған қылмыстың сипаты ескеріледі. Егер айыпкер үкім шығарғаннан кейін, жазаны толық өтемей жатып жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкім бойынша тағайындаған жазаға алдыңғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе ішінара қосады. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде сот әрбір қылмыс үшін бөлек жаза тағайындап, түпкілікті жазаны тағайындалған жазалармен толық немесе ішінара біріктіру жолымен белгілейді. Ал әкімшілік жауапкершілікке тартылған немесе әкімшілік қадағалауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын жазалар әкімшілік шара деп аталады.{3:15-18 б.}

 

3.2 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолдану


ҚК-тің Ерекше бөліміндегі баптардың санкциялары жазаны жеке даралауы үшін сотқа көптеген мүмкіндіктер беруді көздейді. Бірақ өмірде кездесіп қалатын кейбір нақты істердің өзіндік ерекше мән-жайларын ескерсек, санкцияның ең төмен шегіне тең жазаны немесе балама санкцияның ең жеңіл жазасын тағайындағанның өзі жосықсыз катал боп саналады, жазаның ҚК-тің 38-бабында көзделген мақсатын қанағаттандырмайды. Сондай жағдайлар ескеріліп ҚК-тің 55-бабында былай көрсетілген: ерекше мән-жайлар және әрекеттің қоғамда қауіптілік дәрежесін едөуір азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы сол топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен кезде жаза осы кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін, не сот жазаның осы бапта көзделгенінен неғұрлым жеңіл түрін тағайындауы не міндетті жаза ретінде көзделген қосымша жаза түрін қолданбауы мүмкін.
Төменгі шектен төмен жаза тағайындағанда сот сотталған адамға жазаның санкцияға көрсетілген түрін анықтайды, бірақ бұл жаза төменгі шектен төмен мөлшерде тағайындалады. Мысалы, санкцияда 100-ден 200-ге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген, ал сот 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындайды. Басқа мысал. Санкцияда 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Сот ҚК-тің 55-бабын басшылыққа алып, сол бап бойынша 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды. Бірақ, жазаның осы түрі үшін ҚК-тің Жалпы бөлімінде көрсетілген ең аз мөлшерден төмен жаза ҚК-тің 55-бабы бойынша тағайындалуы мүмкін емес. Мысалы, 25 айлық есептік көрсеткіштен аз мөлшердегі айыппұл немесе 6 айдан аз мерзімге бас бостандығынан айыру. ҚК-тің сотталған адамның әрекеті сараланатын бабының санкциясында көзделгеннен жеңілірек жаза тағайындағанда жазаның сол санкцияда көрсетілмеген, бірақ одан жеңіл түрін тағайындайды. Жазаның заңда көрсетілгенінен жеңілірек түрін белгілегенде сот ҚК-тің 39-бабында келтірілген жазалар жүйесін басшылыққа алады. Мысалы, ҚК-тің бұл бабы бойынша санкция бас бостандығынан айыру мен қамауға алуды балама қарастырады. Сот бостандығын шектеуді тағайындайды.
Істің ерекше мән-жайы, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушының топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдесуі ҚК-тің 55-бабын қолдана отырып жаза тағайындауға негіз болады.{9: 11:}
Істің ерекше жағдайы дегеніміз қылмыс жасау барысында оң мақсаттар мен игі себептердің болуы, айыпкердің қосалқы рөлі, оның қылмыс жасау кезіндегі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, күшпен немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде қылмыс жасау, т.б. Бұл жерде ескеріліп отырғаны қылмыс зардабын болдырмауға бағытталған мінез-құлық, залалдың орнын өз еркімен толтыру, шын жүректен өкіну, кінәсін мойындап келу, т.б. Жекелеген жеңілдетуші мән-жайлар да, ондай мән-жайлардың жиынтығы да ерекше мән-жайлар бола алады.{10: 12:}

 

 

 

 

 

 

 


                                                          ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен курстық жұмысымның тақырыбы болған, «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықы бойыншы жазанның мақсаты» мәселесін жүйелі түрде талдау барысында, кіріспе бөлімінде көрсетілген мақсат міндеттерге қол жеткізе отырып мынадай ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделген ой-қорытындысына келдім: 
Қылмыстық жауаптылықтың түсінігіне келсек, сонымен, қылмыстық жауаптылық деп қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы айыптаушылығын айтамыз. 
Қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалатын және жаза тағайындалмайтын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалау фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық құқылық түсінік екендігін оның жазасыз ақ қолдананылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз. Негізгі бөлімде қылмыс құрамының түсінігі мен элементтерін қарастырдым. 
Қылмыстың құрамы деп – қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының элементтері мен қылмыс құрамының түрлерін қосымшада көрсеттім. 
Бұл институттың жекелеген түрлеріне талдау курстық жұмысты жазу барысында жүргізілді. Әрбір түріне қатысты өзіндік ерекшеліктері жүйелі түрде сипатталып, қажет болған жерлерінде практикамен байланыстырылып, өмірдегі болған нақты фактілі мәліметтер жиынтығымен бекітілді. Ал жалпы қорытынды жасайтын болсақ, қылмыстық жауаптылық және оның негіздерінің институттары бірін-бірі толықтырып отыратын, тұтастай бір бүтінді құрайтын біздің қоғамымыздағы әділеттілікті орнатуға көмектесуші құралдардың бірі, құқықтық мемлекетімізді қалауға септігін тигізерлік бір тетігі деп есептеймін.
Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар дегеніміз -  айыпкердің жеке басына және ол жасаған қылмысқа қатысты әртүрлі факторлар, олар жасалған қылмыс пен оны жасаған қылмыскердің қоғамға қауіптілігін тиісінше азайтады немесе арттырады, нәтижесінде жауаптылық деңгейі де өзгереді, ол факторлар жаза белгілеуге де ықпалын тигізеді.
Жеңілдететін мән-жайларды есепке алу сотқа мынадай құқық береді:
а) балама санкция болса жазаның жеңілірек түрін қолдануға;
б)  ҚК-тің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкция белгілеген ең аз немесе соған жақын мерзім тағайындауға;
в)  ҚК-тің 55-бабын пайдаланып, сол қылмыс үшін көзделгеннен жеңілдеу жаза қолдануға;
г)  шартты түрде соттауды немесе жаза өтеуді кейінге қалдыруды қолдануға.
Ал,   ауырлататын   мән-жайлардың   болуы, керісінше, сотқа мынадай мүмкіндік береді:
а) балама санкцияда көрсетілген жазалардың ауырын тағайындауға;
б)  ҚК-тің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкция белгілеген ең көп немесе соған жақын мерзім тағайындауға;
в)   ҚК-тің   55-бабын  қолдану  мүмкіндігін болдырмауға;.
Жеңілдедетін және ауырлататын мән-жайлардың болуы тек жаза тағайындау процесінде ғана емес, айыпкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту-тартпау немесе жауапкершіліктен мүлде босату жөніндегі мәселені қарастырғанда да ескерілуі тиіс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                    Қолданылған әдебиеттер


1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 1997ж. 16 шілде,1-13б, 29-46-б.
2. Коментарий к Уголовному кодексу РК/Отв.ред.: Борчашвили И.Ш., Рахимжанова Г.К.- Караганда, РГК ПО “Полиграфия”,1999ж. 14-36-б.
3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім.Оқулық. Алматы:Жеті Жарғы, 2001ж. 2-18-б.
4. Қайыржанов Е. ҚР Қылмыстық құқығы.(Жалпы бөлім), Алматы,2003ж.46-52-б. 
5. Наумов А.В. ҚР Қылмыстық құқығы, Астана, 2001ж.22-47-б. 
6. Аскеров Э. “Институт освобождения от уголовного наказания в уголовном законодательстве зарубежных стран”, // Уголовное право, №4, 2005ж.,8-10-б. 
7. Алауханов Е. “Қылмыс және қылмыстық әрекет”, // Заң, №8,2005ж., 30-33-б. 
8. Әбілқасымов Е. “Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың бастапқы негіздерінің ерекшеліктері”, // Заң және заман, №8, 2004ж., 44-46-б. 

9. “ҚР Қылмыстық Кодексінің 67 бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы ” ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы, №4, 21 маусым 2001ж. 
10. “Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатутуралы ереже”, 7мамыр 1996ж. 
11. “Ауруға шалдығуына байланысты қылмыстық жазадан босату туралы” ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы. 
12. “Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы” ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы, 30сәуір 1999ж. 
13. “Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы ” ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы, 13 желтоқсан 2001ж

14. Интернет жүйесі www.zakon.kz.1-3-б

15 Интернет жүйесі www.zhety-zhargi.kz 2-3-б.

.


 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

 



Информация о работе Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықы бойыншы жазанның мақсаты