Әкімшілік құқықтық қатынастың мазмұны мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 08:55, реферат

Описание работы

Әскери демократия— көне грек қоғамындағы әскери көсемдердің алғашқы адамдар қауымындағы ұжымшылдық пен демократия қалдықтарын сақтай отырып, билік жүргезген жүйесін атау үшін, тұңғыш рет америкалық тарихшы Л.Г.Морган (1818—1881) қолданған ғылыми термин.[1] Әскери демократияны гректер сияқты кельттер мен германдар, нормандар, сақтар тағы басқа басынан өткізген. Біздің заманымыздан бұрын 1

Работа содержит 1 файл

мемл және құқық тарихы.docx

— 37.65 Кб (Скачать)

Әскери демократия— көне грек қоғамындағы әскери көсемдердің алғашқы адамдар қауымындағы ұжымшылдық пен демократия қалдықтарын сақтай отырып, билік жүргезген жүйесін атау үшін, тұңғыш рет америкалық тарихшы Л.Г.Морган (1818—1881) қолданған ғылыми термин.[1] Әскери демократияны гректер сияқты кельттер мен германдар, нормандар, сақтар тағы басқа басынан өткізген. Біздің заманымыздан бұрын 1- мыңжылдықтың басында сақ қоғамында алғашқы рулық қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасуы жеделдеді. Бұған экономикалық қатынастағы прогрестік өзгерістер себеп болды. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен мен металлургия өндірісінің өркендеуі қосымша өнімді арттырып, айырбасты дамытты, жеке меншікті қорландырды. Алғашқы қауымдағыдай емес, өндірістің негізгі құрал-жабдықтары мен еңбек өнімдерін бөлуде теңсіздік пайда болды. Жаңа өндірістік қатынастың нәтижесінде қандастық-туыстық белгілермен біріккен рулық қауым әлсіреп, оны бірте-бірте аймақтық-өндірістік принцип бойынша қалыптасқан қауым алмастырды. Рулық қауым мен көршілік қауымның қайшылығы күшейді. Бұл суармалы егіншілікпен айналысатын аймақтарда алдымен байқалды. Міне, осы рулық қатынастардың ыдырай бастаған тұсын әскери демократия немесе алғашқы көршілестік қауым кезеңі деп атайды. Сақ заманында қоғамдық құрылым — әулет-ру-тайпа — тайпалар одағынан (мемлекет) тұрды. Тайпаны көсем не әскери басшы басқарды. Тайпалық одақтар — алғашқы қоғам ыдырағаннан кейінгі әлеуметтік одақтастықтың жаңа және жоғары үлгісі, мемлекеттің алғашқы сатысы. Олардың сайланып қойылатын көсемдерінің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды. Темір дәуірінде Қазақстанның оңтүстік, шығыс, орталық аудандарында сақ, батысы мен ішінара солтүстігінде сармат тайпалар бірлестігі (мемллекеті) болды.

Қазақ мемлекеттігінің тұп-тамырын зерттеуді сақ, үйсін, қаңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік құрылымынан бастаған жөн. Ғылымда бұл көшпелі тайпалардың әлеуметтік құрылымы аз зерттелген.

 

Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д. VII ғ. — б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда малға жеке меншіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерғе бәлінді. Сейтіп, мемлекеттік құрылымның пайда болуы жүзеге асты. Сақтардың мемлекеттік құрылымынан олардың көршілері Ахеменидтік Иран мен Грек-Бактриялық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі.

 

Сақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіруде жазба деректері мардымсыз, сондықтан археологиялық деректерге көбірек жүгінетін боламыз.

 

Жетісудағы сақ дәуірінің обалары біршама жақсы зерттелген. Биіктігі 18—20 метрге дейін жететін патша обалары ағаштан салынған. Мұндай сақ пирамидаларының ішіндегі зәулімі — Үлкен Бесиштыр қорымы (Іле өзені маңы).

 

Орасан зор Бесшатыр патшалық обасының салынуы қоғамда әлеуметтік жіктелудің болғандығын көрсетеді. Жекелеген адамдардың әлеуметтік артықшылығын білдіреді. Ал әлеуметтік теңсіздіктің болуы мемлекеттіліктің алғашкы баспалдақтарының біріне жатады.

 

Алғашкы кездегі сақ қоғамын әскери-демократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскери-демократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери-демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана жасалмайды. Байлық — ендігі жерде — соғыс, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болған. Бұл бара-бара мүлік теңсіздігіне әкеліп соқты, бара-бара қоғамда бай, кедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптық қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат — мемлекет пайда болды.

 

Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған. Олардың қол астындағы жұртына әмірі күшті болды. Сақ патшалары соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті, басқа елдерге елші тағайындады, сырт елдермен одақ құру мәселесіне басшылық жасады, әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана сайлады. Егер патша өлсе, оның орнына інісі патша болып сайланды. Үлкен мемлекеттік істерді шешуде патша кейде ел құрылтайын шақырды. Бұл сақтар мемлекеттік жүйесінде демократиялық қағиданың болғандығын көрсетеді.

 

Антикалық автор Аррианның дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді езінің сатраптары (қызметшілері) арқылы басқарды. Олар патшаның белгілі бір аймақтағы немесе тайпадағы өкілі болып есептелді. Сақтардың басқару жүйесіндегі келесі бір буын — әскери-тайпалық ақсүйектер болатын.

 

Сақтардың әлеуметтік құрылымы жөнінде тікелей жазба деректер жоқ. Сақтармен мәдени-генетикалық туыстас, қоғамдық дамуы деңгейлес скиф тайпалары жөніндегі жазба деректерді сақтар тарихына қатысты ғалымдар жиі пайдаланады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, сақтардың әлеуметтік құрылымында қоғамдық- әлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұл дәстүр жерімізде сақтардан кейін өмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан.

 

Алтайдағы, Шілікті жазығындағы, Жетісудың Бесшатыр, Есік алқабындағы сақтардың "патша қорғандары" осы патша әулеті мен ел басқарған ірі ақсүйектердің молалары.

 

Скифтер мен сақтарда ел басқарудың ұлыстық қағидасіл болғанға ұқсайды. Олардың патшалығы үш белікке бөлініп басқарылған.

 

Ел басқару жүйесінде, қоғамның келесі әлеуметтік биік тұғырында тайпа, ру көсемдері, ақсүйектер тұрды. Антикалық жазбалар деректеріне сүйенер болсақ, скифтердің осындай ақсүйектерінің сыртқы ерекшелігі — олардың ерекше қалпақ киюі.

 

Сақтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе қолбасшылар мен батырлардың орны жоғары. Патша маңайындағы нөкер әскердің де қоғамдық байлықтан алатын үлесі мол болған.

 

Мемлекеттін келесі бір әлеуметтік тобын дінбасылар, сәуегейлер, бақсылар, ем-домшылар құрады. Бұлар да сақ қоғамының сыйлы адамдарына жатты. Жалпы, ғылым-білім әлі дұрыс дамымаған ерте кездегі, тіпті орта ғасырлардағы мемлекеттерде елді өзінің тылсым өнерімен соңынан ертетін, діни сеніммен ұйытатын адамдар сол заманның идеологтарының рөлін аткарған. Сондықтан діни адамдар мен олардың арасынан шыққан үлкен басшылармен, көрнекі тұлғалармен кейінгі замандардағы мемлекеттер де санасып отырған.

 

Сақ мемлекетіндегі келесі әлеуметтік топ — қауымның еркін мүшелері. Мемлекеттің көпшілік халқын да осы әлеуметтік топ құрады. Олардың әрқайсысының өз меншік малы, жеке үй-жайы, шаруашылығы болды. Бұлардың еркек кіндіктілері тыныштық кезде өз шаруашылығымен айналысты да, ал жаулап алушылық немесе ел корғау соғысы кезінде әскер сапынан табылды. Сақтардың кішілеу, орташа қорғандары осындай еркін қауым мүшелерінікі. Олардың барлығына жуығынан жебенің ұшы, қанжар, найзаның ұшы сияқты қарулар табылуы жоғарыда айтқан ойымызды дәлелдейді. Сақтардың ерлерімен қатар әйелдерін де кейде қарумен жерлеген. Мұның өзі сақ әйелдерінің де жауынгер болғандығын көрсетеді.

 

Сақ-скиф қоғамында өз малы, мінетін аты, қосын тігетін арбасы жоқ өте кедей-кепшіктер де болды. Олар қоғамның баскалардан тәуелді бөлігін құрады.

 

Сақ мемлекетіндегі әлеуметтік сатының ең төменінде құлдар болды. Әдетте, құлдар басқа елді жаулаған кезде қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылатын. Жалпы, көшпелі елді мекендегі құлдық мәселесі — көп талас тудырған мәселе. Бүгінгі ғылыми тұжырымдар бойынша, көшпелі елдерде құлдық отырықшы елдердегідей аса дамымаған. Көшпелілерде құлдықтың тек алғашқы түрі — үй-ішілік түрі ғана болатын. Яғни, құлдар қоғамдық өндірісте елеулі рөл атқармаған, тек ауқатты адамдардың есігінде жүріп, үй-ішілік жұмыстар атқарған.

 

Сонымен, сақ қоғамы — патшасы, нөкер-жасақтары, ел басқарушылары, елшілері, әскері, діни идеологтары, байлары, кедейлері, құлдары бар қоғам болған. Ал мұндай әлеуметтік құрылымды басқару мемлекеттіліксіз мүмкін болмағандығы анық.

[өңдеу]

Ғұн мемлекеттілігі

 

Ғұндар

 

Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ, Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген.

 

Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды.

 

Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық құрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған.

 

Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық қалыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды.

 

Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ. Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды.

 

Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар.

 

Мөде тәңірқұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау қағаз жүзінде ғана жүрді. Так мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды.

 

Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люань ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды.

 

Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс және Батыс бөліктерін басқаратын кіші хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскер-басылары, мал-жанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді.

 

Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды.

 

Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді.

 

Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Кешпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғұндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді.

 

Ғұндардың әзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізш, мөр басу рәсімі қалыптасты.

 

 

Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты.

[өңдеу]

Үйсін мемлекеттілігі

 

Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады.

 

Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байкалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді.

 

Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік- экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды.

 

Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық құрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін қоғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді.

 

Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жок, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың колында байлыктың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", — деп көрсетілген.

 

Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылна- машылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған.

Информация о работе Әкімшілік құқықтық қатынастың мазмұны мен түрлері