Құқық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 10:55, реферат

Описание работы

Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы - реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржы-лар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетгі мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып сана-лады.

Работа содержит 1 файл

КР мемл. мен кұкық негіздері.doc

— 413.50 Кб (Скачать)
tify">      Қаржылық құқықтық қатынас субъектілері өздерінің құқықтық және басқа да мән — жайларына байланысты өктем билік жүргізуші және бағынышты (тәуелді) болып бөлінеді.

      Өктем билік жүргізуші өзінің құқықтары мен занды мүдделерін: 1. қаржылық берешектерді біржақты — мәж-бүрлеу түрінде өндіріп алу. 2. мемлекет алдындағы өзінің қаржылық міндеттемесін орындамаған тұлғаны осы уәкілетті субъектінің біржақты шешімінің негізінде қаржылық -құқықтық немесе әкімшілік — құқықтық жауапкершілікке тарту. 3. қаржылық заңдарды бүзған тұлгаларды зандарда көзделген қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында тиісті құжаттарды құқық қорғау органдарына жіберу жолымен қорғайды.

      Бағынышты субъектілер өз құқықтары мен заңды мүдделерін: қаржылық органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттері жөнінде солар бағынатын органдарға шағымдану, сондай-ақ қаржылық органның іс-әрекеті жөнінде сотқа шағымдану тәсілдері арқылы қорғай алады.

      Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болуының, өзгеруінің және тоқтатылуының негізіне жататын, қаржылық заңдарда көзделген кұзыретті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың, занды және жеке тұлғалардың саналы, құқыққа сай іс - қимылдарының нәтижесі, сондай-ақ адамның, қоғамның еркінен тыс құбылыс — оқиғалар ретінде көрініс табатын занды маңызы бар фактілер қаржылық құқықтағы заңи фактілер болып табылады.

      Қаржылық құқықтагы заңи фактілер мынадай функцияларды:

      1. қаржылық құқықтық қатынастардың туындауын, өзгертілуін және тоқтатылуын қамтамасыз етеді. 2. қаржылық құқықтық реттеу әдісінің элементі қызметін атқарады.

      3. өте маңызды ақпараттық қызмет атқарады. 4. мемлекеттің 
қаржылық қызметінің аясындағы зандылықты кепілдендіреді. 
5. кейде ынталандыру қызметін де атқарады.

      Қаржылық құқықтық қатынастың пайда болуының негізіне:

      1. тиісті қаржылық органның жекелеген қаржылық актіні шығаруы; 2. қаржылық шарт жасасу (шартқа отыру); 3. белгілі бір тұлғаның салық салуға жататын объектіні сатып алуы, не болмаса қаржылық зандардың ауқымына жататын өзге де іс-қимылдарды жүзеге асыруының нәтижесінде салық немесе басқа міндетті төлемді төлеуші мәртебесіне ие болуы сияқты заңи фактілер жатады.

      Ал қаржылық құқықтық қатынастың өзгеруі негізіне мына: 1. салықтық міндеттеменің негізіне жататын қаржылық-жоспарлық актіні өзгерту. 2. салық салу объектісінің өзгеруі. 3. салық төлеушінің құқықтық мәртебесінің өзгеруі.

      4. белгіленген тәртіп бойынша бұрын жасалынған қаржы- 
лық шартты өзгерту сияқты заңи фактілер жатады.

      Қаржылық құқықтық қатынастың тоқтатылуы негізіне жататын заңи фактілер: 1. қаржылық міндеттемені атқару; 2. қаржылық міндеттемені туындатқан қаржылық шартгы бүзу; 3. қаржылық құқықтық қатынастың бір тарабы болып табылатын мемлекеттің басқа тараптың алдындағы өзінің қар-жылық міндеттемесін орындаудан бас тартуы, не болмаса тиісті контрагентін өзінің алдьшдағы қаржылық міндеттемесін атқарудан босатуы түрінде көрініс табады.

      Осы айтылғандарды қорыта келіп, қаржылық құқықтық қатынастарға мынадай түсінік беруге болады: қаржылық құқықтық қатынастар деп, мемлекет және қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған, өктем-мүліктік сипатта бола-тын, қаржылық құқықтық нормаларға негізделген және сол нормалармен реттелетін, маңызы бойынша экономикалық болып табылатын, мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының қаржылық қызметтерінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

          15.3. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет.

      Бюджеттік құқық мемлекеттік бюджетті (Республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығы) қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ бюджеттен бөлінген қаражаттарды пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын бюджетгік қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың аса маңызды бөлімі болып табылады.

      Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ бюджеттік ресурстарды пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын бюджеттік қатынастар бюджеттік құқықтың пәні ретінде қарастырылады.

      Осы бюджеттік қатынастарға мына келесідей белгілер тән болады:

      І.бұл қатынастар республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын қальштастыруға байланысты жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік қызметінің барысында туындайды;

  1. бұл қатынастар әрқашанда бөлу және қайта бөлу сипатында көрініс табатын ақшалай қатынастар болып саналады;
  2. бұл қатынастар әрдайым республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістеріне түсетін ақша сипатындағы құнның және сол бюджетгердің шығыстарынан бөлінетін ақша қаражаттарының біржақты қозғалыстарын білдіреді;
  3. бұл қатынастар орталықтандырыған мемлекеттің ақша қоры және жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылымдар көлемінде орталықтандырылған ақша қорлары арқылы қалыптастырылатын және бөлінетін бюджеттік ресурстар нысанындағы ақша қаражаттарының ағымын көрсететін базистік қатынастарға жатады;
  4. бұл қатынастар әрдайым мемлекеттің және жергілікті өкілді органдардың негізгі кіріс және шығыс баланстарының заңи нысанда болуына байланысты бюджеттік-құқықтық қатынастар сипатында көрініс табады.

      Бір-бірімен өте тығыз іс-әрекет жасай отырып, өздері реттейтін тиісті қатынастарьша қарай жүйеленген түрде жалпы және ерекше болімдерде белгілі бір тәртіппен орналасқан бюджеттік құқықтық нормалар арқылы көрсетілетін бюджеттік құқықтың ішкі құрылысы бюджеттік құқықтың жүйесін білдіреді.

      Бюджеттік құқықтың жалпы бөлімі мына: 1. мемлекеттің бюджеттік құрылысы; 2. бюджет саласындағы мемлекеттік басқару; 3. бюджетттік жоспарлау; 4. бюджеттік бақылау; 5. бюджеттік-құқықтық жауапкершілік сияқты институттардан құралады.

      Ал ерекше бөлімінде мына институггар көрініс тапқан: 1. бюджеттің кірістерін құқықтық реттеу; 2. бюджеттің шығыстарын құқықтық реттеу; 3. мемлекеттік кредитті құқықтық реттеу.

      Мемлекеттің бюджеттік құрылысының құқықтық негіздері - Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің үйымдастырылу құрылысын, құрылым негізіндегі қағидаттарын және бюджет жүйесіндегі уәкілетті органдардың құрылымы мен өзара іс қимылдарын, сондай-ақ бюджеттік реттеудің мақсаты мен әдістерін белгілейтін бюджеттік құқықтың институты болып табылады.

      Мемлекеттік бюджет саласындағы басқару - бюджеттік қызмет аясында тәртіптеуші және жүйелеуші іс-әрекеттерді, ұйымдастырушы ықпал сипатындағы іс-қимылдарды немесе бюджеттерге байланысты өкілеттіліктерін жүзеге асыруға тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін айқындайтын, сондай-ақ олардың осы сала бойынша құзыреттерін белгілейтін бюджеттік құқықтың институтына жатады.

      Бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері -мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және болу процестерін жоспарлауды жүзеге асыруға қажетгі біліктіліктері бар уәкілетгі мемлекеттік органдар шеңберін және олардың тиісті бюджет қүзыреттерін белгілейтін, сондай-ақ бюджеттік жоспарлауды (процесті) мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде заңи регламенттеп, оның негізгі қағидаларын белгілейтін бюджеттік құқықтың институты болып табылады.

      Бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері — бюджетті қалыптастыру, болу және бюджеттен бөлінген қаражаттарды пайдалану процестерінің заңды негізде, мақсатқа сай жүргізілуін бақылап, тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті, арнайы мамандандырылған мемлекетгік органдардьщ шеңбері мен дәреже-деңгейлерін және құзыреттерін айқындайтын, сондай-ақ осы бақылаудың түрлері мен әдістерін белгілейтін бюджеттік құқықтың институты Бюджеттік зандарды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік — мемлекеттің бюджеттік қызметі аясындағы тиісті субъектілердің бюджеттік құқық бүзушылық жасағандары үшін оларға заңда көзделінген мемлекеттік мәжбүрлеу түрлерін қолдану қағидалары мен тәртібін және жауапкершілік шараларын белгілейтін бюджетгік қүқықтың институты болып саналады.

      Бюджеттің кірістерін құқықтық реттеу - әртүрлі деңгейдегі бюджетгерге салықтық және салықтық емес негізде, тұрақты бекітілген және реттеуші кірістер түріндегі ақысыз аударымдар есебінен құралатын төлемдер жүйесін, сондай-ақ оларды мәжбүрлеп алу, қабылдап алу және кірістерге енгізу тәртібін белгілейтін бюджеттік құқықтың аса маңызды институты болып табылады.

      Бюджеттің шығыстарын құқықтық реттеу —Республикалық бюджетте немесе жергілікті бюджеттерде жинақталған бюджеттік ресурстарды бюджет кодексіне және бюджеттер туралы нормативтік-құқықтық шешімдерге сәйкес бөлу және пайдалану процестерін белгілейтін бюджетгік құқықтың айрықша институты болып есептелінеді.

      Мемлекеттік несиелеуді құқықтық реттеу - мемлекеттік немесе жергілікті деңгейдегі бюджетке заңды және жеке тұлғалардың уақытша басы бос қаражаттарын мемлекеттік заемдарда орналастыру арқылы қайтарымды және ақылы негізде тарту және оларды өтеу - қайтару мерзімдері мен механизмдерін белгілеу барысында туындайтын қатынастарды реттейтін бюджеттік құқықтың институты ретінде сипатталады.

          Мемлекеттік бюджет мына келесідей:

      - материалдық мағынасында бюджет мемлекет ауқымында орталықтандырылған мемлекеттің ақшалай қоры, сондай-ақ жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде орталықтандырылған жергілікті ақшалай қорлар.

  • экономикалық мағынасында бюджет жалпы мемлекеттік және жергілікті маңызы бар міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға қажетті, мемлекеттік және жергілікгі деңгейлерде орталықтандырылатын ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

      ұйымдастырылу - қаржылық мағынасында бюджет мемлекеттің және жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылымдардың негізгі қаржылық жоспарлары, яғни мемлекеттің немесе жергілікті өкілді органдардың кіріс және шығыс баланстары.

      - құқықтық мағынасында бюджет мемлекеттің әр жыл сайын қабылдайтын негізгі қаржылық заңы немесе әр жыл сайын жергілікті өкілді органдар шығаратын негізгі нормативтік қаржылық-құқықтық актілері тұрғысынан қарастырылады.

      Бюджеттік қызмет Республикалық және тиісті жергілікті бюджетті қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ бюджеттік ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік басқару органдарының жоспарланған және жүйеленген экономикалық-құқықтық қызметтері болып табылады.

          Бюджетті қалыптастыру әдістеріне:

  • салықтарды белгілеу;
  • алымдарды, баждарды, төлемақыларды белгілеу;
  • салыққа жатпайтын кірістерді белгілеу;
  • үлттық банктің кірістерінен қаражат алу;
  • алынған ресми трансферттерді пайдалану;
  • республикалық бюджеттен берілген ссуда үшін төлен-ген қаражаттарды пайдалану;
  • сыртқы қарыз алу негізінде ақша қаражаттарын тарту;
  • ішкі қарыз алу негізінде ақша қаражаттарын тарту;
  • бюджеттік-банкілік несиелер алу;
  • сыртқы экономикалық қызметтерден түсетін кірістерді пайдалану;

      - бағалы қағаздарды шығару (әмиссиялау) жатады. Бюджетті бөлу әдістері:

  • мемлекеттік органдар мен мемелкетгік кәсіпорьщдарды бюджеттік қаржыландыру;
  • мемлекеттік мекемелерді сметалық-бюджеттік қаржыландыру;
  • бюджетаралық қаржыландыру;
  • қайтарымды (кейде ақылы) негізде бюджетаралық қар-жыландыру;
  • қайтарымды және ақылы негізде бюджетгік ссуда беру;
 
      
  • әлеуметтік-экономикалық аяны, ғылым мен мәдениетті, елімізді қорғау істерін қаржыландыру;
  • бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін ұстауға кететін шығындарды қаржыландыру;

      мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарды өтеу арқылы жүзеге асырылады.

          Бюджетті пайдалануды ұйымдастыру:

  • бюджетті артқару тәртібін белгілеу;
  • бюджеттік ресурстарды бөлу тәртібін белгілеу;
  • бюджеттік ресурстарды пайдалануды жоспарлау;
  • бюджеттік ресурстарды пайдалану тәртібін белгілеу;
  • бюджеттен бөлінген ақша қаражаттарын мақсатқа сай және тиімді пайдалану үшін оған бақылау жүргізу сипатында көрініс табады.

      Бюджетгік құқықтың құқықтық реттеу аясына - пәніне мыналар:

  • бюджеттің кірістерінің құрамын анықтау;
  • бюджетгің шығыстарының бағьпъш (құрамын) анықтау;
  • мемлекеттік бюджеттің құрылысын анықтау;
  • республикалық және жергілікті өкілді органдардың бюджет саласындағы құзыреттерін анықтау;
  • бюджеттік процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілеу жатады.

Информация о работе Құқық негіздері