Неке және отбасы ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 10:39, реферат

Описание работы

Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып абылады.
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайып

Содержание

1. Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынастар ұғымы
2. Туыстық және туысқандардың түрлері
3. Отбасының түрлері. Толық және толық емес отбасы
4. Неке мен отбасын қорғау
5. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі
6. Неке жасы
7. Некелік шарт
8. Некені тоқтату және оның негізі
9. Некені сот тәртібімен бұзу
10. Некені тоқтатудың құқықтық салдары

Работа содержит 1 файл

НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҰҒЫМЫ.doc

— 94.00 Кб (Скачать)



Некені сот тәртібімен бұзу

Ол мынадай жағдайларда іске асырылады: 
ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;
ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;
егер ерлі – зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса, т.б.;
ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.
Некелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады.
Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді.
Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады.
Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды».
Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі.
Сот тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.

 

 

 



Некені тоқтатудың құқықтық салдары

Жоғарыда айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен - өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады. 
Некенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру құқығын туғызады.
Ажырасу жолымен некенің бұзылуы ата – аналарының балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

Қорытынды


Сонымен, отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. 
Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады:
адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі;
өзара имандылық және материалдық қолдау;
бала туу және оларды тәрбиелеу;
өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар.
Бір негізден немесе ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық – кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама.
Ерлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік АХАТ органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі – зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы 18 – ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады.
Ерлі – зайыптылар арасындағы қатынастар құқықтары мен мінднттерінің теңдік қағидаларына негізделеді.
Азаматтық некеден туған балалар, тіркелген некеден туған балалар сияқты заңмен қорғалады. Алайда мұндай қатынастар әдетте тараптар үшін заңдық салдар туындатпайды.
Мемлекет аналар мен балалары қолдайды, отбасын қорғауға алады.
Ерлі – зайыптылардың жеке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуы некенің тоқтатылуы деп түсініледі. Неке заңда айқындалған оқиғалардың туындауы салдарынан не ерлі – зайыптылардың бірінің немесе екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.
Ажырасу жолымен некенің тоқтатылуы заңда белгіленген тәртіп бойынша АХАТ органдарында немесе сотта іске асырылады. 










Пайдаланыған әдебиет:


Құқықтану 
 

Авторлары:

 

А.Ибраева,

 

Г.Әлібаев,
 

Қ.Айтхожин
 



Информация о работе Неке және отбасы ұғымы