Қолданыстағы байланыс желісінің жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Voice over IP мағынасының өзі интернет желісі арқылы сөйлесу мәліметін таратуды білдіреді, IP протоколы және технология сияқты, олар хабарласу ақпаратын жоғары сапалы десте коммутация желісі арқылы жеткізу.
Осылайша, ІР-телефония – бұл бизнестің нақты сферасы және оның телекоммуникация нарығындағы бір бөлігі тез қарқындап өсуін жалғастыра береді IP протоколы және технология сияқты, олар хабарласу ақпаратын жоғары сапалы десте коммутация желісі арқылы жеткізуді қамтамасыз етеді.
Бұл жұмыстың мақсаты – дестелік желілер бойынша дауыс таратудың таңдалған әдісін бөлшекті талдау және оның жалпы қолданыстағы телефондық желілермен интергация мүмкіндігін бағалау болып табылады.

Работа содержит 1 файл

толык нуска диплом.docx

— 2.83 Мб (Скачать)
  • негізгі талаптар мен жобалаудың техникалық есептерін өңдеу;
  • техникалық құралдарды қондыру;
  • қолданбалы бағдарламалық жабдықтауды құру;
  • білікті мамандарды пайдалануды қамтамасыз ету;
  • жүйені ашу;
  • қажетті коммутациялық жабдықтардың есептелуін жүргізу;
  • қажетті арналар санының бағасын есептеу;
  • бизнес-жоспар құру;
  • өміртіршілік  қауіпсіздігінің сұрақтарын қарастыру.

2 ІР – телефония технологиясының жүзеге асуы

 

 

2.1 IP – телефонияның жалпы жұмыс принциптері

 

 

”Интернет – телефония” немесе “дестелік телефония” деген терминмен бізге көбірек белгілі IP – телефония компьютерлік телефония қосымшаларының  бірі болып табылады. IP – телефония телефондық сөйлесулердің тасушысы ретінде ІР – протоколы бар мәліметтер тарату желісін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда сөйлесу қалалық немесе кеңселік АТС абоненттері арасында жүріп отырады, яғни жай ғана «ІР-бойынша дауыс» емес, нақты ІР – телефония.

ІР – телефония деп – нақты уақыт режимінде қалааралық және халықаралық телефондық сөйлесулерді ұйымдастыру және жүргізу, сонымен қатар, факстер жіберудің құралы ретінде Интернет немесе басқада кез-келген ІР – желісін қолдануға мүмкіндік беретін технологияны айтамыз. IP – телефония компьютерлік телефонияның ең күрделі және жүйелік қосымшаларының бірі болып табылады.

IP – телефония Интернет  протокол (IP) қолданатын, желі үстіндегі  дауыстың байланысты қамтамасыз  етеді. Бұл технология мобильдік  жұмысшыларды біріккен конвергентті  желіге қосатын, ұйымның көптеген  бөлініп орналасқан обьектілерді  біріктіруге рұқсат береді. IP –  телефония дауыстың байланысты  және мәліметтер берілісін бір  желіге біріктіру арқылы шығын  үнемділігіне жетуге мүмкіндік  береді, оның техникалық қуаттануы,  сол сияқты алыстаған обьектілерге  қоңырау шалу негізінде қалааралық  және ұлтаралық байланысқа келетін  шығындар ликвидациялары арқылы  бір орталыққа шоғырлануы мүмкін.

IP – телефония жұмыс  істеу принципі – бұл мәліметтер  пакеттеріндегі дауыстың байланыс  конвертациясы. Телефонды аппараттар IP – желінің беріліс мәліметтер  порттарына қосылған. Сонымен қатар  телефонды функциялар желіге  қосылған, басқа құрылғылармен жеңіл  түрде орындала алады. Мұндай  функйияны ЖК орындай алады.         «Клиент – сервер» типті телефония, телефониф функциялары бар LAN, таза IP – телефония, конвергентті телефония және LAN телефония – бұл барлық терминдер IP – телефонияның бір және сол базалық таратылған архитектураны білдіреді. Жай айтқанда, Avaya таратылған IP – телефония сияқты (клиент – сервер ), сол сияқты функциялары бар IP АТС-ты сүйемелейді және кез-келген мұндай тәсілдерді қолданғанда компрмисске бармайды.

Белгілі тәсілге қарсы, бөлек  көп каналды телефон әрбір жұмысшы орында ЖК-да орналастырылады, IP – телефония ЖК-ға орнатылған және телефонның «бағдарланатын» функцияларын орындайтын ақпараттық қамтамасыз етуді қолданады. Телефонды жабдықтан басқа, ақпараттық қамтамсыз етуді жеңіл модеризациялауға және жетілдіруге болады. Сонымен қатар жұмыс процесін үзу, жабдықты жасап шығару, әрбір жұмысшы орнына жақындау сияқты қажеттіліктер тумайды.

Мәліметтер желісі үстіндегі  дауысты беру концепциясы компания үшін өте көп уәде береді, олар барлық бөлімшелермен  интернет – байланысты сүйемелейді және мұндай бөлімшелерде АТС-ң дауысты байланыс контурларын пайдаланғаны үшін бір уақытта ақша төлейді.

Құралдарды үнемдеу өздігінен  тартымды фактор болып табылады, ал қауіпсіздік параметрлері, байланыстың сапасы мен сенімділігі желі менеджерлерінің IP – телефония пайдасына таңдау жасау үшін күмәнсіз жақын. Сондықтан Avaya кәсіпорын шеңберінде IP – телефонияның масштабталатын жүйелері мен қауіпсіздікті енгізу бойынша комплексті шешімдерді ұсынады.

IP – телефония желісі  жоғары сапалы және тиімді  дыбыстың байланысты қамтамасыз  етуі үшін, Avaya қызметкерлері бар  комплекстегі осы шешімдерді  ұсынады, олар компанияларға ең  тиімді шешімдерді таңдауға, LAN-ң  өз желісінің дауыстың трафикке  беру дайындылығын бағалауға,  мұндай шешімдерді шешуге және  орнатқаннан кейін олардың техникалық  келісулерін іске асыруға көмек  береді.

IP – телефонияның телефондық  серверлерінің жалпы әрекет ету  принципі  мынадай: 

  • бір жағынан, сервер телефондық линиялармен байланысқан және әлемнің кез-келген телефонымен байланыса алады;
  • екінші жағынан, сервер Интернетпен байланысқан және әлемнің кез-келген компьютерімен байланыса алады. Сервер стандартты телефон сигналын қабылдайды, оны цифрлайды (егер ол басында цифрлық емес болса), едәуір қысады, дестелерге бөледі және интернет протоколын (ТСР/ІР) қолдана отырып, бағыты бойынша интернет арқылы жібереді. Желіден телефондық серверге келетін және телефондық линияға кететін дестелер үшін, операция кейін қарай жүреді. Операцияның екі құраушысы да (сигналдың телефон желісіне кіруі және телефон желісінен шығуы) бір мезгілде жүреді, бұл толық дуплексті сөйлесуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы базалық операциялар негізінде әртүрлі көптеген конфигурациялар құруға болады. Айталық, телефон-компьютер немесе компьютер-телефон қоңырауы бір телефон серверін қамтамасыз ете алады. Телефон (факс) – телефон (факс) байланысын ұйымдастыру үшін екі сервер қажет.

Жалпы алғанда, ІР – желісіндегі дауысты тарату келесі түрде жүргізіледі:

  • кіріс қоңырауы және сигналдық ақпарат телефон желісінен телефондық шлюз деп аталатын шекаралық желілік құрылғыға таратылады және дауыстық қызмет көрсету құрылғысының арнайы картасымен өңделеді. Н.323 тұқымдас басқарушы протоколын қолдана отырып, шлюз ІР – желісінің қабылдау жағында орналасқан шлюзға сигналдық ақпаратты қайта бағыттайды [3];
  • қабылдау шлюзі нөмірлер жоспарына сәйкес, тікелей қосылуға кепілдік бере отырып, телефондық қабылдау жабдығына сигналдық ақпаратты таратуға мүмкіндік береді. Қосылыс орнатылғаннан кейін желілік кіріс құрылғысындағы дауыс цифрланады (егер ол цифрлы болмаса), G.711 немесе G.729 ITU стандартты алгоритмдеріне сәйкес кодталады, қысылады, дестелерге инкапсуляцияланады және ТСР/ІР протоколдар стегін қолдана отырып, алыстатылған құрылғыларға тағайындалуы бойынша жіберіледі.

Сөйтіп, ІР – желісін қолдана отырып, нақты уақыт ішінде екі компьютер арасында дауыстық немесе факсимильді хабарларды жіберу үшін цифрлық ақпаратпен алмасуға болады. Internet-ті қолдану берілген қызметті кең көлемде іске асыруға мүмкіндік береді.

 

 

2.2 IP–телефония желісіндегі қосылу түрлері

 

 

IP – телефония үш типті  сценарий түрінде болады:

  • «компьютер – компьютер»;
  • «компьютер – телефон»;
  • «телефон – телефон».

«Компьютер – компьютер» сценарийі мультимедиа құралдарымен жабдықталған және Интернет желісіне қосылған тұрмыстық компьютерлер негізінде  іске асырылады. Ең кең таралған программалық қамтамасыз етуі Microsoft NetMeeting. 2.1-суретте «компьютер – компьютер» сценарийі көрсетілген.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 – cурет. «Компьютер – компьютер» сценарийі

 

«Компьютер – компьютер» әдісі стандартты компьютерлер базасында іске асады, сонымен қатар мультимедиа және интернет желісіне қосылған болуы керек.             «Компьютер – компьютер» әдісі бойынша IP – телефонии моделінің компонентері 2.2-суретте көрсетілген. Бұл әдісте аналогты сөз сигналдары А абонент микрофонынан аналогты цифрлық түрлендіргіш (АЦТ)құрылғысы арқылы цифрлық сигналға айналады, әдетте 8000 есебі/с, 8 бит/есебі, қорытындысында – 64 Кбит/с. Содан соң цифрлық сөз мәліметтері колалаушы құрылғыда 4:1, 8:1 немесе 10:1 қатынаста жолақты тарату үшін  тығыздалады. Шығыстағы мәліметтер тығыздалудан соң мәліметтер протоколы кіретін дестелерге айналдырылады, осыдан кейін IP – желі арқылы Б абонентіне қызмет көрсетілетін IP – телефония жүйесіне барады.

Б абоненті жүйемен дестелерді қабылдап жатқанда, потоколдың тақырыптары  жойылады, ал тығыздалған сөз мәліметтері  бастапқы қалпына жаймалайтын құрылғыға  келіп түседі, содан соң сөз  мәліметтері цифрлы – аналогты түрлендіргіш (ЦАТ) арқылы қайта аналогты түрге  айналады да Б абонентінің телефонына келіп түседі. IP – телефония жүйесінің екі абоненттерін арасын қарапайым байланыстыру үшін, әр қайсысының соңында бір уақытта тарату функциясы сияқты, қабылдау функциясы іске асып жатады. IP – желінің қарамағында, 2.2-суретте көрсетілгендей глобалды Интернет желісі немесе Intranet мекемелі корпоративті желісі түсіндіріледі.

 

 

2.2- cурет. IP-телефонияның "компьютер – компьютер" әдісі

 

 «Компьютер – компьютер» әдісіне қолдау көрсету үшін  қызмет көрсетуші Интернет үшін қолданушылардың есімдерім динамикалық ІР адреске түрлендіретін жеке сервер болғаны дұрыс. Әдістің өзі торапты қажет ететін қолданушыға бағытталған, негізінен мәліметтерді тарату үшін арналған, ал ІР телефонияның бағдарламалық қамтамасыздандыруы кей кезде әріптестерімен сөйлесу үшін керек. «Компьютер – компьютер» әдісі бойынша телефондық байланысты тиімді қолдануы үлкен компаниялардың жұмысының өнімділігінің жоғары болуымен байланысты, мысалы, корпоративті торапта виртуалды презинтацияны ұйысдастыру кезінде, Web-серверде документтерді көру ғана емес сонымен қатар ІР – телефон арқылы соның мазмұнын талдауға мүмкіндік бар. Осымен қатар екі ІР – желі араларында ЖҚТф элементтерін қолдана алады, ал шақырылып жатқан жақтың идентификациясы Е.164 негізінде іске асатындай ІР – адрестеу негізінде де жұмыс жасайды. Бұл мақсаттар үшін ең кең қолданылатын бағдарламалық қамтамасыздандыру Microsoft NetMeeting дестесі болып табылады, Microsoft түйінінен тегін жүктеуге болады.

Суретте көрсетілген «компьютер – компьютер» әдісінің байланыс ұйымдастыруын толығырақ қарастырамыз.

А және Б абоненттері бір бірімен телефондық сөйлесулері үшін Интернет торабына қатынау болуы керек немесе ІР протоколы бар басқа торапқа қосылуы керек. Сонымен, мұндай ІР торабы бар және екі абонентте оған қосылған делік. Абоненттер арасында байланыс ұйымдастыру алгоритмін қарастырайық:

  • А абоненті Н.323. протоколы бар ІР – телефонияның қосымшаларын жібереді;
  • Б абоненті  өзінің Н.323. протоколы бар ІР – телефонияның қосымшаларын әлдеқашан жіберіп қойған;
  • А абоненті Б абонентінің доменін біледі, Domain Name System (DNS)- домендер мен жүйелер элементі, «кімге қоңырау шалу» бөліміне осы есімді енгізедіде және Return батырмасын басады;
  • IP – телефония қосымшалары DNS-серверіне, Б абонентінің домендік есімін ІР – адреске түрлендіру үшін жүгінеді;
  • DNS сервері Б абонентіне ІР – адресін қайтарады;
  • А абонентінің ІР – телефония қосымшалары Б абонентінің ІР – адресін алады да Н.225 Setup сигналды хабарлама жібереді;
  • Н.225 Setup хабарламасын алған соң, Б абонентінің қосымшалары оған кіріс шақыру туралы сингал береді;
  • Б абоненті шақыруларды қабылдайды және ІР – телефония қосымшалары жауап ретінде Н.225 Connect хабарламасын жібереді;
  • А абонентінің ІР – телефония қосымшалары Н.245 рекомендациясына сәйкес Б абонентінің қосымшаларымен өзара әрекет етеді;

Н.245 протоколы бойынша өзара  әрекет ету аяқталғаннан соң А  және Б абоненттері бір бірімен ІР – желі арқылы сөйлесе алады. «Компьютер – телефон» сценарийі Интернеттің әртүрлі анықтамалық және ақпараттық қызметтерінде, мысалы, техникалық қолдау қызметінде, WEB- беттерінде өз қолданысын табады. 2.3-cуретте «Компьютер – телефон» сценарийі көрсетілген. «Телефон–телефон» сценарийі IP–телефонияның басқа сценарийлерінен біраз алыстау жатыр.

 

 

2.3-cурет. «Компьютер – телефон» сценарий

 

Себебі оның қолданылу мақсаты ЖҚТф-ның әдеттегі абоненттеріне альтернативті қалааралық және халықаралық телефон байланысын ұсыну болып табылады. IP – телефония қызметі мұндай сценарий бойынша келесі түрде болады. Қызмет көрсетуші өзінің шлюздік жабдығын ЖҚТф-ның коммутация түйініне бір жағынан қосады және Интернет желісі арқылы немесе белгіленген арна бойынша басқа қалада немесе басқа елдегі қызмет көрсетушінің ұқсас шлюздік жабдығымен қосылады.

 «Телефон–телефон» сценарийі бойынша қызмет келесі түрде ұсынылуы мүмкін. Қызмет көрсетуші өзінің телефондық карточкаларын шығарады. «Телефон-телефон» сценарийі 2.4-суретте көрсетілген.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4-cурет. «Телефон-телефон» сценарийі

 

Бұл сценарийді іске асырудың басқа да нұсқалары бар: телефондық краточканың орнына альтернативті  шот туралы ақпаратты қолдануға  болады. ЖҚТф-дағы қалааралық қосылыстағыдай, төлем шотын абонентке сөйлесуден кейін де жіберуге болады [4].

 

 

2.3 IP-телефондамадағы сөз өңдеу процедурасы

 

 

Сөздік сигналдардың сапалы таратуын қамтамасыз ету үшін IP – телефондамада келесі өңделулер орындалу қажет.

  • кіріс аудиосигналынан барлық керек емес компоненттерді шеттету. Сөзді цифрлағаннан кейін микрофондағы динамикадан жаңғырықты және үздіксіз фондық шуылды өшіру қажет (мысалы, желдеткіш шуылын), сонымен қатар төменгі спектрдің төменгі жиіліктеріндегі айнымалы тоқтың шуылын сүзгіштен өткізу қажет.

Тиімді жаңғырық басқыш және шуылды төмендету дәстүрлі және IP – телефондама үшін дербес компьтер (ДК) негізінде «ашық микрофонмен» және дауыс зорайтқышпен әр түрлі кескін үйлесімінде міндетті түрде қажет. Бұл функциялардың барлығы үлкен мөлшерде ДК аудио кескін үйлесімдерімен іске асырылады, сондықтан IP – телефондама жүйесінің өзінде сол функцияның болмауы да мүмкін. IP – телефондама шлюздеріне ақырғы шешім қарағанда аз көлемде алдын-ала өңделуінің орындалуына талап етіледі, өйткені мекемелік АТС және телефондық желі сузгілену мен шуылдардың азаюын қамтамасыз етеді;

Информация о работе Қолданыстағы байланыс желісінің жағдайы