Имандылық – тәрбие негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:24, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз.

Работа содержит 1 файл

Имандылық.doc

— 110.00 Кб (Скачать)

 Сондықтан, діни білім беру мәселесін қарастырған кезде қоғамның талаптары мен ұсыныстарын есепке ала отырып, аса байыптылықпен шешім қабылдаған дұрыс. Себебі, діни білім беру саламыздың біржақты дамуының салдарынан заңсыз жолдар арқылы діни білім беруге тырысушылардың әрекеттеріне жол ашуы мүмкін. Оған мысал ретінде Оңтүстік Қазақстан облысында 2005 жылы “Хизб-ут-Тахрир-әл-Ислами” діни саяси партиясы мүшелерінің 72 рет парақшалар таратқандығының фактісі тіркеліп, 174 адамның ұсталғандығын, заңға қайшы мазмұндағы 7720 парақша, 1127 кітап, 236 журнал, 486 брошюра, 23 бейнетаспа, 4 компакт-диск тәркіленгендігін келтіруімізге болады. Дегенмен, Қазақстанда “дінтану” және “тео­логия” мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ.), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлемдік тілдер университеті (Алматы қ.), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ.), “Нұр-Мүбәрак” Ислам мәдениеті Египет университеті (Алматы қ.) ғана мамандар даяр­лауда. Бұл Білім және ғылым министрлігінің барлық жоғары оқу орындарының оқу жоспарына “дінтану” пәнін енгізу мүмкіндігінің бар екендігін көрсетеді.

 Бүгінгі таңда Қазақстанның әлемдегі ерекше орнын жоғалтып алмау үшін қоғамымызға толеранттылық дүниетанымды нығайту арқылы экстремистік пиғылдардың алдын алу қажет. Ол үшін мемлекет діни білім беру жүйесін өз қолына алуға тиіс. Сонда ғана дін қоғам өмірімен үйлесім тауып, ұрпақ тәрбиесіне оң әсерін тигізеді. Діндер халқымызды шынайы жақсылыққа үндеп, діндераралық толеранттылықтың заманы орнайды.Діни бірлестіктер - діни сенімді уағыздау, тарату мақсатында құрылған. Осы мақсатқа лайықты белгілері: дін тұту, құдайға құлшылық ету, басқа діни салттар мен ырым-жоралғылары бар, сондай-ақ дінге үйрету және өз ізбасарларына діни тәрбие беруге ұмтылатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Олар діни топтар (заңды тұлға емес) және діни ұйымдар (заңды тұлға ретінде тікеуден өткен) ретінде құрыла алады. Діни ұйымдар жергілікті (ізін қуған адам оннан кем емес) және орталықтандырылған (құрамында үштен кем емес жергілікті ұйымдар кіретін) болып бөлінед

Адам баласы дін арқылы өзінің  тірліктен қажитын жанына тыным іздеп, баянсыз дүниеден берік тірек, мәңгілік тиянақ табуға тырысады. Бірақ, өкінішке орай қазіргі кезеңде бір дінбасыға бой ұсынып, бір діннің аясында  алаңсыз құлшылық ететін заман келмеске кетіп барады. Өйткені, жаппай сауаттылық, «жаппай ақылдылыққа» жол ашып, соның нәтижесінде, кім көрінген дін мәселелері жөнінде білгіштік танытып, «бас-басына би болған өңкей қиқым, бұзбады ма мінеки «діннің» сиқын» дейтін жағдайға туындады. Соның салдарынан дін өзінің мейрімділік, сабырлылық, бірігу, өркендеу, кемелдік тәрізді сипаттарынан айрылып,  өшпенділік, төзімсіздік, ыдырау, тоқырау, пендешілік сипаттарымен көбірек көрініс бере бастады.

     Мұндай жағдайда дін  өзінің қарапайым тартымдылығынан да айрылып,  көпшілік тарапынан оған қатысты жақтырмаушылықтың, тіпті жеккөрініш сезімдерінің пайда болуы заңды. Өйткені, сөздері мен істері үйлеспейтін, көкейге қорқыныш ұялатып, болашаққа қатысты зор алаңдаушылық тудыратын «ақиқатты» ұстанатын небір әсіре топтардың әрекеттеріне қарасаң,  жалпы діннен көңілің суйтыны рас. Сол себепті де қоғамда «көйлек көк, қарын тоқ, қызық көп мына заманда дінсіз де тым жақсы өмір сүруге болады ғой, осыларға не жетпейді екен, жұрттың мазасын алып»  деген көңіл күй өрістеп, «дін жоқ болса, ешқандай мәселе де жоқ» деген дінге қарсы пікір орныға бастайды. Соның нәтижесінде дінсіздікті ту еткен «коммунизм елесінен» шаққа арылған халық тағы  да бір дінсіз  қоғам құрып,  сол арқылы тағы бір «жарқын болашаққа аттанбақ» болады.

      Бірақ, шындығына келгенде адам баласы үшін дінсіз қоғам құрмақ түгел, діннен тыс өмір сүруі де мүмкін емес. Өйткені, діни ұғым бойынша Алла бар, Ол біреу, Ол жаратылыс иесі, және де бәрі де Соның қолында.  Және бұл ақиқат ұғым болып табылады. Олай болса, адам баласы қаласа да, қаламаса да, мойындаса да, мойындамаса да  осы ақиқаттың  аясында, басқаша айтқанда діннің аясында өмір сүреді. Бірақ, кейбір жандар дін жөнінде қате  түсінікте болуы себепті «құдайға сенбесем, белгілі бір дінді ұстанбасам болды мен діннен аулақ боламын» деп ойлайды.

     Бірақ, адам бұл дүниеге белгілі бір мерзімге келеді, және жақсылық пен жамандық арасында таңдау жасап өмір сүреді, және ақирет күні сол өмірінің қортындысы шығарылып ол өз істерінің түпкілікті бағасын алатын болады. Сондықтан да оның «дінді ұстанбасам болды мен діннен тыс боламын» деген түсінігі қате түсінік болып табылады. Ол қалай болғанда да ақиқат болып табылатын діннің аясында өмір сүріп, одан ешқайда да қашып құтыла алмайды. Бұл дүниеде қанша жерден шындықтан жалтарса да, ақирет күні ол діннің ақиқат, ал, ақиқаттың дін екенін түпкілікті мойындайтын болады.

     Дін өзінің ақиқат болмысымен жақсылық жөніндегі шым- шытырық түсініктерді бір ізге салып, оны  бірден-бір тура жолға айналдыратын кемел ілімге айналса, ақиқат  өзінің дін ретіндегі көрінісімен адам жанына кір шалдырмай, оны үздіксіз тазартып отыратын, оның мәңгілік табиғатын жалғандық қоспалардан аршып, оны нұрландыратын нақты амалға айналады.

      Дін- санамен танығанда ақиқат болса, жүрекпен танығанда ол махаббатқа айналады. Осы дүниемен ғана шектелген адамзат санасына ақиқатты  тану қиынға соғады. Өйткені, ол көбінесе игерген білімдері мен ашылған жаңалықтардың ауанымен үнемі құбылып, бүгін ақиқат деген нәрсесінен ертең күманданып, бас тартып отырады.

     Ол білімге тәуелді болып,  білім арқылы дүниеден қисын іздейді. Ал, санасы шектеулі болған соң, оның алатын білімінің де ауқымы шектеулі. Сол себепті де  қандай дүниетанымнан болмасын белгілі бір қисынсыздық табуға болады. Сондықтан да тек білімге ғана тәуелді болған адам адасуға бейім тұрады. Сондықтан да діндар адам иманын білімге тәуелді етпей, иманды басшылыққа ала отырып қана өз танымын кеңейтуге тиісті. Имани негіздегі ізденістер ғана адаспаудың кепілі.

     Білім арқылы адамның иманын жойып, оны ақиқаттан адастыру әрекеттері жүйелі   түрде жүргізілуде. Бірақ, кезінде иманды жоққа шығарған талай ілімдер мен білімдер уақыт өте келе көнеріп жайына қалды. Ал, иман болса әлі жас, әлі қуатты, әлі өміршең.

     Мұндай жағдай қашанда да болған, және ақиретке дейін солай бола береді. Небір көкейге қонымды ілім-білімдер алдыдан шығып, жолды кесіп, адамның иманын үздіксіз сынаумен болады. Оларға алданып жолдан тайған  адам болса сол ілім-білімдермен бірге көнеріп, солардың қоқыстарының  астында тұншығып қала беретін болады.

     Ал, діннан ажырамай, дінге берік табан тіреген адам құлшына құлшылық етеді. Ал, құлшына құлшылық еткен жанның жүрегінде  Аллаға  деген  махаббат  оты  жанып тұратын болады. Ондай жан дінді махаббат деп жүрегімен түсінеді. Ондай жанға күманданып тайғақтық таныту жат мінез. Себебі, Алланың барлығына да, діннің хақтығына да оның жүрегіндегі махаббат куә. Ондай жан жан-жүрегін нұрландырған Аллаға деген махаббатын ешқашанда, ешнәрсеге де айырбастауы мүмкін емес. Өйткені, ондай нәрсе бұл дүниеде жоқ!                                                                                   

     Бірақ, дінге ішінен емес сыртынан көз салып, сол себепті де оның ішкі мәнін түсіне алмаған кейбір жандар дін жайындағы өздерінің үстірт те шала танымдарының құлы болуда. Осындай жандардың қатарындағы небір ғалымдар дінді жалған ілім деп дәлелдеумен келсе, небір ойшылдар  оны алмастыратын ілімдерді жетілдіруде. Ал, қоғамның бетке ұстар азаматтары болса сондай ілімдерді ұстана отырып, сөздерімен де істерімен де оларды қызу насихаттауда. Сол себепті де оларға сенім артқан қарапайым көпшілік   дінді надан халықты билеу үшін ойлап табылған, өркениетті жаңа заманға ілесе алмай аяққа оратылған жалған ілім деп түсінуде.

     «Егер дін жалған болса, онда жұмақ пен тозақтың да жоқ болғаны, демек, өмір бойына талғажау болатын жұмақ үміті пен сананы буатын тозақ үрейінің де бекер болғаны. Ендеше, ескіліктің қалдығы болған тыйымдар мен шектеулерді серпіп тастап, еркін де ашық түрде жаңа заманға лайық жарқын өмір сүру керек.» Міне, осындай шолақ қортындыға келген әр адамның да көңіліне желік кіріп, ол өзінің кемшіліктері мен әлсіздіктеріне бой алдырып, алаңсыз азғындай бастайды.

     Шындығына келгенде Алланы ескерусіз тастап, Оның дінін де айналып өтіп, бар мәселені олардың қатысынсыз-ақ шешуді ұсынатын мұндай ілім-білімдер адамдарды ақиқатқа жолатпай, оларды қаңғыртып қоятын жалған ілім-білімдер болып табылады. Осындай  жалған бағыттарда сөз сапырып, мәселелерді шешілмейтін қырларынан шексіз талқылап жүріп-ақ абырой-атақ жинап, тіпті кемеңгер атануға да болады. Және, осындай  «кемеңгерлерді» пір тұтып соңына ілесетіндер де көптеп табылып отырады. Өйткені, ақиқатты жаны қаламайтын жандардың басқа таңдаулары жоқ!

     Мұндай жалған ілім-білімдердің қай-қайсысы болмасын қашанда адамгершілік құндылықтарды бетке ұстанады. Бірақ, шын мәнінде, адамгершілік мәселесіне діннен тыс қарап, оны діни танымсыз өркендету әрекеті тиісті нәтиже бермейтін бос әурешілік. Ғасырлар бойына небір ойшылдар адамшылық жайында ұлы сөздер айтып, соны негізге алған небір жарқын ілімдер ойлап тапты. Бірақ, олар сөз жүзінде ғана өрбіген адамгершіліктің небір асқақ көріністерін жасағанмен іс жүзінде, қарапайым өмірде ол ілімдерге сұраныс болмай, тірлік қисыны өз дегенін істеп, пендешіліктің тасы жоғары өрлеумен болды.

 

 

Пайдаланған әдебиет

   Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,

   Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: 2007. — 344 бет.

Имам әл-Хафиз Хааким «Әл-Мустадрак лис-сахихайн» І-том, 323-бет. «Мәктәбә шәмила» электрондық кітапхана

бу Абдурахман Ахмад ән-Насаии «Сунан ән-Насаии» ІІІ-том, 209-бет. "Дарул Мағрифа", Бейрут-1999 ж.
 Сахих әл-Муслим, білім бабы.

 

 



Информация о работе Имандылық – тәрбие негізі