Құрылыс орнының сипаттасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 20:17, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде елімізде көптеген мемлекеттің әр түрлі кәсіпорындарының салынуына құрылысшылардың қосып отырған үлесі зор. Құрылысқа республикамыздың жыл сайын өте мол қаржы жұмсалып келеді. Бұл қаржыларды ұтымды пайдалану, негізгі қорлардың сапалық құрлымын одан әрі жақсарту және өндірістік қуаттарды барынша жедел іске қосып, игеру керек. Құрылыс мерзімін елеулі қысқартып, құнын кеміті - құрылысшылар алдына қойып отырған маңызды міндет.

Работа содержит 1 файл

СЭЗиС-08 Акеева Айжан курсавой.doc

— 1.11 Мб (Скачать)

2.      Тасымалдау ыдысының түсіруге ыңғайлылығы;

3.      Тасмалдау кезінде бетон қоспасының қабаттанбауын қамтамасыз ету;

4.      Ыдыстардың қабырғаларын үнемі тазалап тұру керек;

5.      Тазалап су мен жуу;

Бетон қоспасын бетон тасмалдаушы машинамен 30км-ге дейін, тасуға болады (жолдың түріне қарай).

      Сонымен бірге құрғақ күйінде артылған компаненттерді құрылыс объектісіне 5-10 минут қалған кезде суды қосып дайындайды.

 

 

Бетон қоспасын төсеу және тығыздау

              Қалып пен арматураны бетон қоспасын төсеуі басталуына дейін ұқыпты тексеру және барлық жасырын жұмыстарға тиісті актылер жасау керек. Түзілістерді бетондау тұтас құймалы бетон  және темір- бетон түзілістер мен ғимараттарды тұрғызудың ең бір жауапты процестері болады.

              Бетондау технологиялық процесіне жұмыс операцияларын үш топқа бөлуге болады: дайындық, негізгі және қосалқы.

              Дайындық операцияларына объекті, бетондау блоктарын, механизмдер мен құрал- саймандарды дайындаумен байланысты операциялар жатады.

              Негізгі операцияларына бетон қоспасын қабылдау, үлестіру және тығыздау жатады. Бұл операциялар үздіксіз  технологиялық жүйелілікпен орындалады және олардың орындалуы техникалық  қызметкердің үнемі бақылауы мен жасалады. Сонымен бетон жұмыстарының журналы жүргізіледі, онда көрсетілетіндер: бетондаудың басталуы және соңының датасы; бетондалатын түзілістің аты; бетонның берілген маркасы;бетон қоспасының жұмыс құрамы;оның бетон араластырғыштан шыққандағы және төселгендегі температурасы; қалып типі; қоспаны тығыздау тәсілі(дірілдеткіш түрі); түзілісті қалыптан ажырату датасы;

              Қосалқы операциялар бетондауға ілеспелі болады және мыналардан тұрады: көлік құралдарын және құрылғыларды ( діріл тасығыштар, діріл науарлар, діріл пілтұмсықтар, бетон тасушы машиналар) орнату, бекіту және ауыстыру.

              Тұтас құймалы түзілістерге төселген бетон қоспасын тығыздау найзалау, таптау, дірілдету және вакумдаумен  жүзеге асыралады. Тығыздау мақсаты – қалып формасын бетон қоспасымен жақсы толтыруды қамтамасыз ету, сондай ақ оның тығыздылығын көтеруге жеткізеді. Ол өз кезегімен бетонның беріктігін, аязға төзімділігін, су сіңірмеушілігін арттырады және оның басқа қасиеттерін жақсартады.

              Бетон қоспасын таптау қол және пневматикалық таптағыштармен жүзеге асырылады. Бұл тәсіл арматурасы аз түзілістерге қатты бетон қоспасын төсегенде және жақында орналасқан жабдықтарға дірілдеткіштің әсері тиетін жағдайларда өте сирек қолданылады.

              Бетон қоспасын тығыздаудың негізгі тәсілдері дірілдету (дірілмен тығыздау) болады, ол екі параметрмен: теңселу жиілігі және амплитудамен сипатталады. Өнеркәсіп кәсіпорындары теңселу жиілігі 3-тен 20 мың тер/ мин дейін  және амплитудасы 0,1-ден 3 мм-ге дейін дірілдеткіштер шығарады.

              Дірілдеткіштер бетон қоспасына тербеліс беру тәсілі  бойынша бетон қоспасының қабатына жұмыс органымен батырылатын ішкі (терең), бетон қоспасының қабатына (діріл брусына немесе жұмыс алаңшасына) орнатылатын үстіңгі және қалыпқа бекітілген сыртқыға бөлінеді.(1-сурет)

              Ең тиімдісі ішкі дірілдету болады, сонымен бетон қоспасының тығыздалатын  қабаттың қалыңдығы оның жұмыс бөлігінің 1,25- нен артық алмайды. Қоспаның жеке қабаттары өзара жақсы тұтасу үшін бұрын төселген қабаттарға дірілдеткішті жарым- жартылай тереңдету керек жәнеде арматура мен бетон қоспасының жабысу беріктігін азайту үшін дірілдеткішті арматураға сүйеуге болмайды (2, а – сурет).

              Бір орында дірілдету ұзақтығы дірілдеткіш типіне және бетон қоспасының жылжымалылығына байланысты.

              Бетон қоспасы үстіңгі дірілдеткіштермен жеке үздіксіз тілім- тіліммен тығыздалады және де әр алдағы тілім келесімен 10-15 см асыра басылып отыру керек (2,б- сурет).

              Жиі арматураланға түзілістерді (ені 60 см-ге дейін бағаналар қалыңдығы 30 см-ге дейін қабырғалар) тығыздағанда қалыптың сыртына бекітілген сыртықы дірілдеткіштерді  қолданылады. Соңғы жылдары суперпластиктер қосымшасымен дайындалған бетон қоспасы дірілдетусіз қолданып жүр.

              Соңғы жылдары суперпластиктер қосымшасымен дайындалған бетон қоспасы дірілдетусіз қолданылып жүр. Қоспаны жоғары аққыштығы себебінен конструкцияға оны үлестіру операциясын болғызбайтын гравитациялық тәсілмен (ауырлық күш әсерімен) төсейді. Тек бұрыштар, жапсар және арматурсы өте көп  жерлердің бетон қоспасын икемі білікпен уақытша дірілмен өңдеу қажет болады. Қоспаны дірілдетусіз төсеуді қолдану бетондаудың еңбек сыйымдылығын кемітеді (шамамен үштен бір), жұмыс  барысын тездетеді және энергия шығындарын азайтады.

              Құйылған қоспаны конструкцияларға және қысым тәсілімен- бетон сорғыштармен беруге болады. Көбінесе қатары В30-дан артық жоғары берікті  бетондар үшін С-3 суперпластификаторлар және қатарлары В12,5-В30 бетондар үшін арзанырақ суперпластификаторлар МЛС (модификацияланған лигносульфат) қосымшаларын қолданудың практикалық тәжірибесі бар. Лигносульфаттар өнеркәсіптің қалдығы болады. Олардың хлоры кальциймен бірге үйлескен модификациясы қатуды тездетуге,ал цемент- жоғары жылжымалығын сақтау үшін, әсіресе ыстық ауа райында пайдалнады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бетонды баптау және қалыпты ажырату

             

              Бетон қату прцесінде гидратация әсерлестігі  өтеді, соның нәтижесінде цемент минералы сумен әрекет жасап, жаңа қоспалар пайда болады.

Сондықтан жоғары сапалыжәне жобаланған маркалы бетон алу үшін бетонды дұрыс баптау керек, әсіресе оның бастапқы қату кезеңінде.

              Бетонды баптау депоның қатуы үшін әдеттегі температура – дымқылдық тәртіпті қамтасасыз етуді ұғынады. Жаңа төселген бетонды бастапқы қату кезеңінде шайқалу, механикалық бүліну, шыжыған ысиық, күн сәулесі, жел, әсіресе аңызақ жел, тез кебу немесе желдету және температураның шұғыл өзгеруінен сақтау керек.

              Бетонды баптау тәсілдері түзілістің түріне, цемент типіне, жергілікті және климаттық жағдайларға байланысты. Баяу қататын цементте дайындалған бетонды баптау мерзімі 14 тәуліктен, дағдылы портланд- цементте -7 және тез қататын (глиноземді) цнментте – 3 тәуліктент кем болмау керек. Сонымен бапатау мерзімі ыстық және құрғақ ауа райында көбеюі мүмкін.

              Жаңа төселген бетонның ашық беттері кенеппен, жөкемен, дымқыл үгіндімен және 10-12 сағ.кешікпей, ал ыстық және желді ауа райында бетондау аяқталған соң 2-3 сағ.кейін сылауды бастау керек. Тәуліктің қай мезгілде болса да себу мерзімділігі бетонның тұрақты дымқыл күйін қамтамасыз ету керек.

              Бетондалған түзілістердің үстінен бетон 1,5 МПа-дан кем емес беріктік алуға дейін өтуге және адамдар жүруге, сонымен қатар ағаштар мен қалыптар орнатуға рұқсат етілмейді.

              Мөлшерлер бойынша және сеппен бекітілген уақыт өткенен кейін түзілістерді қалыптан ажыратады. Ол тұтас құймалы түзілістерді тұрғызудың кешенді процесінде ең маңызды және көп еңбек сіңіруді қажет ететін операциялардың бірі болып табылады.

              Түзілістерді формадан ажыратуды  қалыпты қайта қолдану мақсатымен бетон беті сапасының бұзылмаушылығын қамтамасыз етіп ұқыпты жасау керек. Ажырату бетон қажетті беріктікті алған соң басталады. Қалыпты алуды кешіктіру керек емес, себебі бұл оның айналымдылығын азайтады.

              Қалыпты көтергіш элементтері бетон түзілістерінің бұзылмаушылығын қамтамасыз ететін беріктікке жеткен соң алынады. Бұл беріктік нақты мөлшерінен  70%-тен кем болғанда: аралығы 3 м-ге дейін тақталар және аралығы 6 м-ге көтергіш түзілістер үшін 70%, аралықтары 6 м-ден артық түзілістер және ширатылған  арматурасы бар түзілістер үшін жобалықтан 80% болады. Егер нақты күштің мөлшері  70%-тен артық болған жағдайда күш алатын қалып осындай түзілістердің бетон жобалық беріктікті алғаннан кейін ажыратылады. Қатты көтергіш қаңқалармен арматураланған түзілістерде бүйі жақ және күш алатын қалыпты бетон беріктігі жобалықтың 25%-не жеткен соң рұқсат етіледі.  

 

 

 

 

Бетондау жұмыстарының арнайы тәсілдері- су астында бетондау, вакумдеу, торкреттеу

             

              Бетондардың арнайы тәсілдері – су астында бетондау, вакуум, торкрет әдісін қолдану, қатаю прцесі кезіндегі күтім сапасын бақылау.

              Торкреттеу және су астындағы бетондау жұмыстары арнайы бетондау тәсілдеріне жатады.

Торкреттеу- беткейіне сығылған ауа қысымы мен, ауа мен су өтпейтін цемент ерітінділерінің қабаттарын жасау. Мысалы: резервуарлар, метро, тунель т.б құрылымдар. Қабаттардың қалыңдығы 25 мм астынан үстіне қарайжазық беткейлерде – 50 см дейін, тігінен 75 мм дейін беріледі.

              Қолданылуы: шахта құрылысында, тунель, метро құрылысында, бетон қабырғаларды күшейтуге, темірбетон конструкцияларын жөндеу кезінде, пештерді, котелдарды жөндеу үшін қолданылады. Торкреттеу кезінде цемент ерітінділерінің құрамы (1:2;1:6 дейін). Тұтқыр зат ретінде 400 маркалы портландцемент қолданылады. Толтырғыштардың диаметрі 8 мм аспау керек. Әр қабатта, алдыңғы жасалған қабат кепкеннен кейін жасайды. Торкреттеу арнайы қондырғылар мен жүргізіледі. торкреттеу агрегаты цемент – пушка деп аталады. Цемент – пушка агрегатының көмегімен көлденеңінен 70 м, ал тігінен 40 м тасымалдауға болады. Ерітінеді шашу жылдамдығы 120-140 м/с. Шашу кезінде өңделетін беткейге шлангыны 90˚С бағытта , яғни перпендикуляр ұстау керек. Торкреттеу беткейлерін сумен сулап, соққылар арқылы айшықтар салып, жабысуын жақсартады.

              Вакумдеу- бетонды төсеу кезінде оның жылжымалылығын арттыру үшін су қосады, ол бетонның құрамындағы артық су, бетонның қату процесіне қажет емес. Бетонның құрамында артық су белгілі бір көлемді алып тұрады. Уақыт өте су буланып, бетонда қуыстар пайда болады. Осы қуыстар бетонның беріктігін азайтады.

              Вакумдеу жұмысы жаңа төселген бетон қоспасынан артық суларды және ауаны щығару.  Вакумдеу нәтижесінде бетонның беріктігі, аязға төзімділігі, суға төзімділігі жоғарлайды.

              Жазық конструкцияларды бетон қоспасын вакумдеу вакум- щиттер мен орындалды. Аралықтарда, бағаналарда, қөабырғаларда вакумдеу  вакум трубаларымен жүргізіледі. Вакумдердің стационарлық және жылжымалы қондырғылары қолданылады.

              Стационарлық вакумдеу полигондар мен зауыттарда темірбетон конструкцияларын дайындау кезінде қолданылады. Жылжымалы қабырғалар тікелей құрылыс басында орнатылады.вакумдеу процесін тығыздау беткейінен 15 минуттан соң бастау керек.             

              Су астында бетондау жұмыстары : гидротехникалық және басқада су астында орналасқан үймәреттерде бетондау жұмыстарын су астында орындайды.

              Су астында бетондау жұмыстары 2 әдіспен жүргізіледі:

1.      Тік жылжитын құбырлар әдісі.

2.      Өрлейтін ерітінділер әдісі.

Екі жағдайда да бетондау жұмыстары минералды және түщы суларда 1,5-5 м  тереңдіктерде жоғары беріктікпен құймалық талап етілетін  массивті үймәреттерде қолданылады.

Бетон қоспасының цементі мен майда бөлшектерінің жуылып кетуі мақсаттарында оларды қоршайды.  Осы мақсатта арнайы қалыптар, құдықтар, шпунтты қоршауыштар қолданылады.

Бірінші әдіспен құю кезінде бір- бірінен оңай ажыратылатын 0,5-1м ұзындықтағы болат құбырлар қолданылды. Бетонның жылжымалылығы 140-200 мм болуы тиіс. Құйылған бетонның деңгейі көтерілген сайын , болат құбырды да біркелкі көтеріп отыру керек.

Өрлейтін ерітінділер ( восходящие растворы) напорлы және напорсыз болып екіге бөлінеді.

Қоршалған шахтыларға бетон қоспасын болат құбырлары орнатылып, толтырғыш заттардың қуыстарын біртіндеп ерітінді мен толтыру арқылы жүргізіледі.

Напорсыз бетондау кезінде  шахтасыз құбыр толтырғыштарға кіргізу арқылы жүргізіледі.

 

 

Бетон жұмыстарын қысқы мазгілде және ыстық климатта өндіру,күту

 

              Су қатқан кезде цемент екеуінің арасындағы химиялық әсерлесу жүзеге аспайды. Ол бетонның қатаюына кедергісін тигізеді. Сонымен қатар су қатқан кезде көлемі 9% жоғарлайды. Қиыршық тас пен малта тастардың ерітінділерімен ілінісуін бұзып, бетон структурасын төмендетеді. Бетон қатқанға дейін өзінің критикалық беріктігін алу керек.

М 150- 50%

М 200,300- 40%

М 400,500- 30 %

              Қысқы күні жылжымалылығы төмен бетон қоспаларын қолдану қажет. Осыған орай бетон қоспаларын төсеу кезінде қоспаларды жылыту, қыздыру, қатуын жылдамдатқыш қолданылады.

1.      Термос әдісі- жылытылған сумен толтырғыштардан дайындалған бетон қоспасын жылу сақтайтын қалыптарға құю.  Ашық жерлерін жылу оқшаулайтын материалдармен жабамыз.  Термос әдісінде бетон қоспасын төсеу кезінде 20˚-25˚С болуы керек.

2.      Бумен жылыту әдісі- булы көйлек, іші бумен толтырған конструцияның қалпын құрайды.

3.      Электр тоғымен жылыту әдісі- жаңа төселген бетон қоспасынан тоқ өткенде ол жылу энергиясына айналады.

a)     Егер арматурасы болса тоқтың кернеуі 50-127В;

b)    Егер арматурасы жоқ болса 127-380 В;

4.      Жылыту приборларымен қыздыру – жұқа қабырғалы  темірбетон конструкциялары (10 см дейін) электр тоғымен жылытады.

Информация о работе Құрылыс орнының сипаттасы