«Құрылыс» саласы бойынша өнімнің жалпы шығарылымын анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 10:37, курсовая работа

Описание работы

Ұсынылған әдістемелік ұсыныстар (бұдан әрі – Ұсыныстар) жасырын және бейресми қызметті ескерумен, құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібінен тұрады, тиісті халықаралық стандарттарға, атап айтқанда, 1993 жылғы Ұлттық Шоттар Жүйесіне (ҰШЖ-93) негізделеді және бақыланбайтын экономиканы өлшеу бойынша (БЭ) Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) ұсыныстарына сәйкес дайындалған. Ұсыныстар республикалық және аймақтық деңгейде қолдануға арналған.

Работа содержит 1 файл

№09.09 от 22.09.09_вал выпуск каз.DOC

— 109.50 Кб (Скачать)

Құрылыс өнімінің шығарылым көлемін анықтауға  мүмкіндік беретін шағын кәсіпорындар туралы ай сайынғы ақпарат жоқ болғандықтан, оның ай сайынғы есептеулері сараптамалық бағалаулар және жанама есептеулер арқылы жүргізіледі. Атап айтқанда, шағын кәсіпорындар бойынша айлық жұмыс көлемін есептеу үшін соңғы тоқсандағы мердігерлік жұмыстар көлемі бойынша деректер осы тоқсандағы айларға, құрылыс-монтаж жұмыстарына баға индексі есебімен ірі және орта кәсіпорындардың тоқсандық көлемінде әр айдың үлес салмағы бойынша бөлінеді*.

Шағын кәсіпорындар бойынша есептік айдағы алынған мердігерлік жұмыстар көлемі, осы кезең бойынша ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша жұмыстар көлеміне жатады және айлық көрсеткішті қалыптастыру үшін алгоритмде қолданылатын осы кәсіпорындарға бағалау коэффиценті анықталады

_______________________________

* құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша бағалар индексі 2003 жылғы 26 мамырдағы «Құрылыстағы бағалар индексін құрастыру әдістемесіне» сәйкес анықталады.

Шаруашылық  әдіспен (Vх) орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары көлемі негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы жылдық статистикалық байқау деректері бойынша анықталады. Айлық көрсеткішті есептеу үшін жылдық көлемнің 12/1 бөлігі алынады.

Жеке салушылармен (Vи) орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі туралы деректер жеке салушылар пайдалануға берген объектілер туралы статистикалық байқау бойынша анықталады.

Құрылыс объектісімен байланысты өзге де күрделі шығындар (Зп) туралы ақпарат айлық кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы статистикалық байқау деректері арқылы анықталады. Құрылыс объектісімен байланысты өзге де күрделі шығындарға тоқтап тұрған объектілер және уақытша тоқтап тұрған құрылыс бойынша, жойылған құрылыстың негізгі қорлары бойынша және с.с. шығындар жатады.

Сонымен бірге құрылысты есепке алынатын күрделі салымдар ҰШЖ түсінігінде негізгі капиталға салынған инвестицияларды қамтитын келесі   шығындарды қамтымайды.

- жобалау-іздестіру жұмыстарға жұмсалған шығындар;

- көп жылдық екпе ағаштар егуге жұмсалған шығындар;

- жұмысқа жегілетін, өнімді және асыл тұқымды мал сатып алуға жұмсалған шығындар;

- бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстарына жұмсалған шығындар;

- негізгі қорлардың құнын ұлғайтпайтын шығындар.

 

Құрылыс өнімдерінің  жалпы шығарылымын есептеу үшін қолданылатын өзге де капиталдық салымдар көлемін есептеу кезінде осы шығындар тізбесіндегі капиталдық салымдар көлемін алып тастау қажет.

 

3.2 Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемін анықтау

 

Құрылыс өнімдерінің  көлемін экономика саласы ретінде  анықтау үшін, тек жаңа құрылыс, жаңарту және ұлғайту бойынша өндірілген құрылыс жұмыстарының көлемін ғана емес, сондай-ақ кейінгі өндірілген капиталдық салымдар негізгі құралдар құнын ұлғайтатын болғандықтан ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу көлемін де есепке алу қажет. Сондықтан жалпы өнім шығарылымының бір құрамы оның ресурстарын орнына келтіру мақсатында қажет болған жағдайда конструкторлық элементтер және инженерлік жабдықтар жүйесін ауыстыру мердігерлік және шаруашылық әдіспен өндірілетін жұмыс көлемімен анықталатын ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі болып табылады.

Объектінің  құнын қымбаттатпайтын жөндеу жұмыстары, яғни ұлттық шоттар жүйесінің анықтамаларына сәйкес ғимараттар мен имараттардың ағымдағы жөндеулері құрылыстың жалпы шығарылымы көрсеткіштерінің құрамына қосуға жатпайды.

Ғимараттар  мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі келесі формула бойынша есептеледі:

 

Vкр = Vкрп + Vкрх + Vкри,      (3)

мұнда

Vкрп - мердігерлік әдіспен орындалған ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемі;

Vкрх - шаруашылық әдіспен орындалған ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемі;

Vкри - жеке тұрғын үй құрылысы бойынша орындалған күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемі.

 

Мердігерлік әдіспен (Vкрп) орындалған күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемі келесі формула бойынша есептеледі:

 

Vкрп = v3 + v4,        (4)

мұнда

v3 - ірі және орта кәсіпорындар мердігерлік әдіспен орындаған күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың көлемі;

v4 - шағын кәсіпорындар мердігерлік әдіспен орындаған күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың көлемі.

 

Ірі және орта кәсіпорындар (v3) мердігерлік әдіспен орындаған күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың көлемінің деректері құрылыс ұйымы орындаған жұмыстар (қызметтер) туралы айлық статистикалық байқау деректерінен қалыптасады.

Шағын кәсіпорындар (v2) мердігерлік әдіспен орындаған күрделі жөндеу бойынша жұмыстарының көлемі бойынша ақпараттық негізі тоқсандық кезеңдегі құрылыс ұйымдарымен орындалған жұмыстар (қызметтер) туралы статистикалық байқауы болып табылады. Шағын кәсіпорындар орындаған күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың көлемін ай сайын есептеу үшін жаңа құрылыста жұмыс көлемін есептеу қолданылады.

Шаруашылық  әдіспен (Vкрх) орындалатын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемінің көрсеткіштері және жеке тұрғын үй құрылысы (Vкри) бойынша орындалған жұмыстар көлемі инвестициялық қызмет бойынша және жеке құрылыс салушылар пайдалануға берген объектілер туралы статистикалық байқау деректерінен анықталады.

 

3.3 Құрылыс саласындағы бейресми және жасырын қызмет көлемін анықтау

 

Жалпы шығарылымның бағалауын толықтығына және кешенділігіне қол жеткізу шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық ресми, сондай-ақ бақыланбайтын қызметтер түрінің кіруін талап етеді. 1993 жылғы Ұлттық Шоттар Жүйесінің талаптарына жүгіне отырып жүргізілетін әртүрлі жасырын экономикалық қызметті есепке алу туралы, құрылыстың жалпы шығарылымының барлық бағалау есептерінің және түзетулерінің жиынтықтығын көрсету үшін бейресми экономикаға және жасырын өндіріске бағалау есебі қолданылады.

Бейресми  және жасырын қызметінің (Vнс) құрылыс жұмыстарының көлемін есептеу үшін «Жасырын және бейресми қызмет параметрлерін есепке алғандағы құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстар» қолданылады.

 

3.4 Құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын анықтау

 

Құрылыс өнімінің жалпы шығарылымы көлемі жаңа құрылыста орындалған жұмыстарының жиынтық құны, жасырын және бейресми қызметін есепке алғандағы құрылыс ұйымдарының мердігерлік және шаруашылық әдіспен және жеке құрылыс салушылармен өндірілетін, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемі болып табылады.

 

V = Vн  + Vкр + Vнс,       (7)

мұнда

V  – құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылым көлемі;

Vн   – жаңа құрылыстың құрылыс жұмыстары көлемі;

Vкр – ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемі;

Vнс – жасырын және бейресми қызметтің құрылыс жұмыстар көлемі.

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қосымша

Құрылыс өнімінің жалпы шығарылымын есептеу кезінде қолданылатын статистикалық есептілік нысандарының тізбесі

 

  1. 1-Инвест «Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп» (айлық, жылдық);
  2. 1-КҚ «Құрылыс ұйымы орындаған жұмыстар (қызметтер) туралы есеп» (айлық, жылдық);
  3. 1-КҚ (шағын) «Құрылыс ұйымы орындаған жұмыстар (қызметтер) туралы есеп» (тоқсандық, жылдық);
  4. 1-ЖТҚ «Жеке құрылысшылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» (айлық, жылдық);


 


Информация о работе «Құрылыс» саласы бойынша өнімнің жалпы шығарылымын анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстар