Құрылыс салуға жасалған шарттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 22:20, реферат

Описание работы

Осы Стандарттың мақсаты құрылыс салуға жасалған шарттармен байланысты кірістер мен шығыстар есебі тәртібін белгілеу болып табылады. Құрылыс салуға жасалған шарттарға сәйкес жасалатын қызметтің сипатына қарай шарт бойынша жұмыстарды бастау күні мен шарт бойынша жұмыстарды аяқтау күні әдетте түрлі есептік кезеңдерде көрсетіледі.

Работа содержит 1 файл

Құрылыс салуға жасалған шарттар реферат.docx

— 37.03 Кб (Скачать)

Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша табыстар мен шығыстарды тану

22.  Егер құрылыс салуға жасалған шарттың нәтижесі сенімді бағаланған болса, ол бойынша түсім және шығындар тиісінше есепті күнгі құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыстың аяқталу кезеңіне сілтемелер беру арқылы түсімдер мен шығыстар ретінде танылуға тиіс. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша күтілетін залал 36-параграфқа сәйкес шығыстар ретінде дереу танылуға тиіс.

23.  Белгіленген бағасы бар шарт жағдайында құрылыс салуға жасалған шарт бойынша нәтиже мына төмендегі барлық жағдайларды сақтаған кезде сенімді бағалануы мүмкін:

(а) шарт бойынша жиынтық түсім сенімді түрде бағалануы мүмкін;

(b) шартпен байланысты экономикалық пайдалардың компанияға түсуі ықтимал болғанда;

(с) құрылыс салуға жасалған шартты аяқтау үшін қажетті шарт бойынша шығындар, сондай-ақ есепті күнгі құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыстардың аяқталуының сатысы сенімді түрде бағалануы мүмкін; және

(d) құрылыс салуға жасалған шартқа жатқызылатын шарт бойынша шығындар айқын сәйкестендірілуі және сенімді түрде бағалануы мүмкін, демек құрылыс салуға жасалған шарт бойынша іс жүзінде шеккен шығындар бұрын жүргізілген есептік бағалаулармен салыстырылуы мүмкін.

24.  «Шығындарды қосу» шарты жағдайында құрылыс салуға жасалған шарт бойынша төмендегі барлық жағдайларды сақтаған кезде дұрыс бағалануы мүмкін:

(а) шартпен байланысты экономикалық пайдаларды компания алу ықтимал болғанда;

(b) құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындар, олардың нақты өтеуге жатқызылуына немесе жатқызылмауына қарамастан, оған жататын шығындар айқын сәйкестендірілуі және сенімді түрде бағалануы мүмкін.

  1. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыстардың аяқталу сатысына қатысты түсімдер мен шығыстарды тану көбінесе «орындалған жұмыстың үлесі бойынша» әдіс деп аталады. Осы әдіске сәйкес шарт бойынша түсімдер белгілі бір аяқталу сатысына жету кезінде шеккен шарт бойынша шығындармен қатыстылықта болады, бұл ретте олар есептілікте жұмыстардың аяқталған бөлігіне жатқызылуы мүмкін түсімдер, шығыстар және пайда туралы хабарлама беріледі. Бұл әдіс құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыстардың көлемі және кезең ішіндегі қызмет нәтижелері туралы пайдалы ақпарат береді.
  2. «Орындалған жұмыстың үлесі бойынша» әдіске сәйкес құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім тиісті жұмыс орындалған кездегі есепті кезеңдердегі пайда мен залал туралы есепте көрсетіледі. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындар әдетте жұмыс орындалған кезде осы кезеңдерге жататын жұмыс орындалған кезде есепті кезеңдердегі пайда мен залал туралы есепте көрсетіледі. Алайда шарт бойынша сомалық шығындардың шарт бойынша сомалық кірістен күтілетін артуы 36-параграфқа сәйкес шығыс ретінде дереу танылады.
  3. Мердігер ол жөніндегі болашақ қызметпен байланысты құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындар шегуі мүмкін. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша мұндай шығындар, егер оларды өтеу ықтимал болса, актив ретінде есептеледі. Мұндай шығындар тапсырыс берушіден алынуға тиісті сома болып табылады және көбінесе құрылыс салуға жасалған шарт бойынша аяқталмаған өндіріс болып бағаланады.
  4. Құрылыс шартының нәтижесі компания одан экономикалық пайда алуы ықтимал жағдайында ғана, сенімді түрде бағалануы мүмкін. Алайда, ендігі жерде құрылыс салуға жасалған шарт бойынша кіріске енгізілген және ендігі жерде пайда мен залал туралы есепте танылған соманы алу мүмкіндігіне қатысты екіұштылық туындаған кезде алынуы мүмкін емес сома, немесе өтелуі ықтимал болудан қалған сома құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім сомасын түзету ретінде емес, қайта шығыс ретінде танылады.
  5. Әдетте, компания шарт жасалғаннан кейін сенімді бағалаулар жүргізуі мүмкін, ол мыналарды белгілейді:

(а) салыну көзделетін объектіге қатысты әрбір тараптың заңды құқықтары;

(b) болжамды қарсы өтеуді; және

(с) өзара есеп айырысулардың тәртібі мен шарттарын.

Компанияның, сондай-ақ, қаржылық жоспарлары мен есептілігінің тиімді ішкі жүйесі болуы қажет. Шарттың орындалуына  қарай ол құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімдер мен шығыстарды тексереді және қажет болған жағдайда оларды қайта қарайды. Мұндай қайта  қараудың қажеттілігі шарт нәтижесінің  сенімді түрде бағалануы мүмкін емес екенін білдіреді.

  1. Шарттың орындалу сатысы бірқатар әдістермен анықталуы мүмкін. Компания ол әдістерден орындалған жұмыстың сенімді түрде өлшенетінін қамтамасыз ететін әдісті пайдаланады. Шарттың сипатына қарай бұл әдістерге мыналар жатады:

(а)  есеп жасалған күні жұмыстарды орындау үшін шеккен құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындардың құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жалпы шығындардың есептік деңгейіне қатынасын айқындау;

(b) орындалған жұмыстарды байқау; не

(с) құрылыс салуға жасалған шарт бойынша орындалған жұмыстардың қандай да бір табиғи үлесін нақты есептеу.

Тапсырыс берушілерден алынған  аралық төлемдер мен аванстар көбінесе орындалған жұмысты көрсете бермейді.

  1. Орындалу сатысы есеп жасалған күні шеккен шарт бойынша шығындарға қатынасы бойынша анықталған кезде, тек орындалған жұмысты көрсететін құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындар ғана белгілі бір күнге шеккен шығындарға жатқызылады. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша орындалған жұмыс дәрежесін көрсетпейтін шығындардың мысалдары мыналар болып табылады:

(а)  құрылыс алаңына жеткізілген немесе шарттың орындалуы жағдайында пайдалану үшін кейінге қалдырылған, бірақ әлі пайдаланыла қоймаған немесе, егер осы материалдар осы шарт үшін арнайы дайындалмаған болса, құрылыс салуға жасалған шарт бойынша пайдаланылмаған немесе қолданылмаған материалдардың құны сияқты, құрылыс салуға жасалған шарт бойынша болашақ қызметке жататын шығындар; және

(b)  көмекші мердігер шарттары бойынша орындалған жұмыстар есебіне көмекші мердігерлерге аванстық төлемдер.

32. Егер құрылыс салуға жасалған шарттың нәтижесі сенімді түрде бағаланбайтын болса:

(а)  түсім құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шеккен шығындардың қандай дәрежеде өтелуі ықтимал болғанда ғана танылуы тиіс; және

(b)  құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шығындар олардың туындауы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылуға тиіс.

Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша  күтілетін залал 36-параграфқа сәйкес шығыс ретінде дереу танылуға тиіс.

33.  Шартты орындаудың басталу сатыларында оның нәтижесін сенімді түрде бағалау көбіне қиын болады. Соған қарамастан компанияның құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шеккен шығындарды өтеуі ықтимал болады. Сондықтан құрылыс салуға жасалған шарт бойынша кіріс шеккен шығындар өтелуі күтілетін деңгейде ғана танылады. Өйткені шартты орындау нәтижесі сенімді түрде бағалануы мүмкін болмайды, пайда танылмайды. Алайда, тіпті егер шартты орындау нәтижесі сенімді түрде бағалануы мүмкін болмайтын болса, шарт бойынша жалпы шығындар құрылыс салуға жасалған шарт бойынша кірістің жалпы сомасынан артып кетуі де ықтимал. Мұндай жағдайларда шарт бойынша күтілетін жалпы шығындардың осы шарт бойынша жалпы түсімнен артуы 36-параграфқа сәйкес шығыс ретінде дереу танылады.

34.  Мердігер шарты бойынша шығындар, олардың өтелу ықтималдығы нөлге тең болғанда, шығыс ретінде дереу танылады. Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша шеккен шығындарды өтеу ықтималдығы болмайтын және оларды шығыс ретінде дереу тану жағдайларының мысалдарына мына шарттар жатады:

(а)  құқықтық қорғау толық дәрежесінде қамтамасыз етілмеген, яғни олардың заңдық күші үлкен күмәнді мәселе болып қалатын шарттар;

  1. орындалуы күтілетін соттық талқылаулардың немесе заң актілерінің нәтижесіне байланысты;
  2. соттың шешімі бойынша иеліктен айыруы немесе тәркілену ықтимал мүлікке қатысты;
  3. тапсырыс беруші өзінің міндеттемелерін орындай алмаған кездегі; не
  4. құрылыс ұйымы шартты аяқтай алмаған немесе ол бойынша міндеттемесін орындай алмаған кездегі шарттар.

35.  Егер шарттың нәтижелерін сенімді түрде бағалауға кедергі келтіретін екіұштылықтар болмаса, құрылыс салуға жасалған шартпен байланысты кірістер мен шығыстар 32-параграфқа сәйкес емес, керісінше 22-параграфқа сәйкес танылуға тиіс.

КҮТІЛЕТІН ЗАЛАЛДАРДЫ ТАНУ

36.  Шарт бойынша жалпы шығындар шарт бойынша жалпы түсімнен артып кетуі ықтимал болған кезде күтілетін залал шығыс ретінде дереу танылуға тиіс.

37. Мұндай залалдың деңгейі мыналарға қарамастан анықталады:

(а) құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыстың басталуына немесе басталмауына;

(b) құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыстардың орындалу сатысына; не

(с) 9-параграфқа сәйкес құрылыс салуға жасалған бірыңғай шарт ретінде қарастырылмайтын басқа шарттардан алынуы күтілетін пайда мөлшеріне.

ЕСЕПТІК БАҒАЛАУЛАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

38. «Орындалған жұмыстың үлесі бойынша» әдіс әрбір есеп кезеңіндегі құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімдер мен шығындардың ағымдағы есептік бағалауларына кумулятивтік негізінде қолданылады. Сондықтан құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсімдер мен шығындардың есептік бағалауындағы өзгерістен тиімділік немесе шарт нәтижесі есептемесіндегі өзгеріс тиімділігі есептік бағалаудағы өзгеріс ретінде ескеріледі  (8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» IAS Халықаралық стандартын қараңыз). Өзгертілген есептемелер өзгерістер жасалған кезеңдегі және одан кейінгі кезеңдердегі пайда мен залал туралы есепте танылған түсімдер мен шығыстар деңгейін анықтау кезінде пайдаланылады.

Ақпаратты ашып көрсету

39.  Компания мыналарды:

(а) кезең ішінде түсім ретінде танылған шарт бойынша түсім сомасын;

(b) кезең ішінде танылған шарт бойынша түсімді анықтау үшін пайдаланылған әдістерді; және

(с) орындалу процесіндегі шарттардың орындау сатысын анықтау үшін пайдаланылған әдістерді ашуы керек.

40.  Есепті күні орындалу процесіндегі аяқталмаған келісім-шарттар үшін мына төмендегілерді ашуға тиіс:

(а)  ағымдағы күнгі шеккен шығындар мен танылған пайданың жалпы сомасы (танылған пайданы шегергенде);

(b) алынған аванстар сомасы; және

(с) ұстап қалулар сомасы.

41.  Ұстап қалулар осындай төлемдер үшін шартпен көзделген талаптарды орындағанға дейін немесе ақаулар жойылғанға дейін төленбейтін ұзақ мерзімді шарт бойынша аралық шоттар түрінде ұсынылған сома болып табылады. Ұзақ мерзімді шарт бойынша аралық шоттар - бұл тапсырыс берушінің төлегеніне немесе төлемегеніне қарамастан, құрылыс салуға жасалған шарт бойынша орындалған жұмыс үшін қойылған сомалар. Құрылыс ұйымының тиісті жұмысты орындағанға дейін алған сомалары аванстар деп аталады.

42.  Компания мыналарды есептілікте:

(а) құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіден алынуға тиесілі жалпы сомасын актив ретінде; және

(b)құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіге төленуге тиісті жалпы сомасын міндеттеме ретінде көрсетуі тиіс.

43.  Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіден алынуға тиісті жалпы сома - бұл нетто-мөлшер:

(а) шеккен шығындар, оған қосу танылған пайда; минус

  1. орындау процесіндегі барлық шарттар үшін танылған залал және ұсынылған аралық шоттар сомасы, оларда танылған пайдамен (танылған залалдарды алып тастағанда) сомадағы шеккен шығындар ұсынылған аралық шоттардан артық болады.

44.  Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіге төленуге тиіс жалпы сома - бұл нетто-мөлшер:

(а) шеккен шығындар, оған қосу танылған пайда; минус

(b) танылған залалдар мен аралық шоттар сомасы

іске асыру процесіндегі барлық шарттар үшін, олардағы ұсынылған  аралық шоттар шеккен шығындар және танылған пайда (танылған залалдарсыз) сомасынан  артық болады.

45.  Компания 37-«Бағалау міндететмелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес кез келген шартты міндеттемелер мен шартты активтерді ашады. Шартты міндеттемелер мен шартты активтер кепілдік жөндеуге арналған шығындар, шағымдар, айыппұлдар немесе ықтимал залалдар сияқты баптарға байланысты туындауы мүмкін.

Күшіне ену күні

46.  Осы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 1995 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңді қамтитын қаржы есептілігіне қатысты күшіне енеді.

 

___________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі  ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі  Комитет Қорымен жасалған шарттың  негізінде Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет  Қорына тиесілі.


Информация о работе Құрылыс салуға жасалған шарттар