Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Августа 2011 в 17:14, дипломная работа

Описание работы

Қылмыскер тұлғасы,оның маңыздылығына,зерттелуіне,құрылымына,типологиясына жаңаша көзқараста ғылыми теориялық және практикалық ұсыныстар беріп әрі қарай дамытуында негізделеді. ”Қылмыскер тұлғасы” ұғымының ғылыми және практикалық мәні мен маңыздылығына қатысты криминологтар арасында түпкілікті шешімін тапқан пікір жоқ.Қылмыскер тұлғасына жүргізілген психологиялық және әлеуметтік зерттеулер тынымсыз жүру үстінде.Бұл мәселеге байланысты бір – біріне қарама – қарсы екі көзқарас бар, осыларды қарастырып өз тұжырымын беруде жатыр.

Работа содержит 1 файл

кылмыскер тулгасы дипломка.doc

— 464.00 Кб (Скачать)

       Қазіргі  кезде   таралып  жатқан  қылмыстардың  бірі  экономикалық  қылмыстар,  олар  көптеген түрлерінің  көбейіп  кетуіне  байланысты  қылмыскердің  тұлғасын  жетілуіне  қиыншылықтар  тудырады.  Яғни,  экономика  саласында  қылмыстың  мақсатына  жету  жолында  бухгалтерлік  құжаттарды  бұрмалауда  кішігірім  алдаушылықтан  бастап,  көлемді  ақшалай  операцияларды,  есеп  жүргізуін  бұзуға  дейін  жететіндей  түрлі  қылмыстардың  болуы  себеп  болып  отыр.  Сондықтан  экономика  аясындағы  жалпылама  қылмыстарға  қарағанда  (  общеуголовные  преступности)    қарастыру,  зерттеуде  өзгешелігі  бар.

       Г.И.Шнайдердің  дәл   тауып  айтқаны   бойынша  әр  адамның  бұл   қоғамда  өзінің  алып  тұрған  орнына  қарамастан,  не  қылмыскерге,  я  болмаса  қылмыскердің  құрбанына  айналып  кетуі  әбден  мүмкін.  Кәмелет  жасына  толмаған  ересек  балалардың  екінің  бірі  өмірінде  міндетті  түрде  бір  рет  болса да  ұсақ – түйек  қылмысқа  барады,  ол  мысалға  (  ұрлық,  бұзақылық,  вандализм ).

       Күндердің  күнінде   әр  қайсымыз  әр  жағдайда  белгілі   бір   қылмыскердің  қолынан  зардап  шегеміз.

       Бүгінгі  күннің  қылмыстардың  қатарына  және  зардап  шегудің   қатеріне  біз   манадай  мысалдарды  келтіре  аламыз. Мысалы  базарлардағы  таразылардың  дұрыс   тура  болмауы,  белгілі  бір   заттардың   үстінен  баға  қосып сату,  жала  жабу,  ұрып –  соғып  денсаулыққа  зиян  келтіру,  сонымен қатар оның автокөлігінің (  радио антенасын,  дөңгелегін  шешіп алу, көліктегі приемникті )  ұрлап кету  және  тағы  басқа заттар,  осының  бәрі  күнделікті  жеңіл,  ұсақ – түйік қылмыстарға жатқызамыз.

        Сондай ақ  өте ауыр  заң бұзушылықтар  көп кездеседі. ( Шаруашылық  қоршаған  ортаға  қарсы )  мүліктік  кесірін тигізетін,  көпшілік  адамдардың   көбісіне  физикалық   және  моральдық   тұрғыдағы   ауыртпалық   тигізеді, бірақ   өкінішке   орай   әрбір   қылмыстарды   қылмыстық   жазасы   бар   екендігіне   күмін   келтіріп, сенімсіздік   білдіреді.

       Қылмыскер   тұлғасына   арналған   алғашқы   монографиялық    жұмыстардың    бірінде   айтылады, қылмыскердің   қатарына   біз   өзінің   істеп   жатқан   қоғамға   қарсы   қылмысының   толықтай  жауапкершілігін   мойындай   тұрып, заңмен   тыйым   салынған   және   қылмыстық   жауапкершілігінің   мөлшері   өте жоғары   екені   туралы   толық   түсінігі  бар бола  тұрып сол   қылмысқа   баратын   адамды  айтуға  болады.

       Кеңестік  криминология  Қазан  төңкерісінен ( 1917 жылдары ) кейін  бірінші  жылдарынан  бастап  қылмыстылықтың  саны,  қамқорсыз  және  үйсіз  қалған  адамдардың  көбеюі  Ресейдің  ғалымдарымен  қылмыскердің  тұлғасын  зерттеуге  себеп  болды.

       Криминология  проблемалармен  айналысатын  ғылыми  мекемелердің  теориялық  бастаулар  мен  методологиялық  базалары   қандай  болған  екен ? Айта  кетсек,  20 – шы жылдардың  басында  бұрынғы хандық Ресейдегі  унивесиверситеттің  профессорлары  еңбектері бастау салған.  Сол жылдары  үлкен  үлес  қосқандар:  К.А.Темирязев  және  М.Н.Вернадсакий  деген  табиғи  сынаушылар;  Б.М.Бехтерев  психолог  және  психиатр;  И.П.Павлов  физиолог; М.Н. Гернет  юрист  және  криминолог;  П.И.Люблинский  және  А.Н.Трайнин  криминалистер және  көптеген  басқада  танымал ғалымдар  болған.

       Қылмыстар  мен   қылмыскер   мәселелері  біршама    олардың   ойлары   мен  көзқарастары  ғылыми  келістерге   сәйкес   болды.  Ломброзияндық   толуларға   қарсы   бағытталып   пікірлер   пайда   бола   бастады,  яғни   адам  қылмыскер   болып туылмайды,  ол  қандай  да  бір сыртқы   жағдай   мен ортасының әсер  ету   негізінде болады.

       20 – жылдарда   қылмыстылық   пен   қылмыскерді   оқып   білу  үшін   пайда  болған   алғашқы  ғылыми   мекемелер  нақты   қолданбалы   зерттеулерге   кірісе  бастады.

       Атқару – еңбек,  денсаулық,  әділет  органдарының  тікелей  қатысуымен  қылмыстылық  пен  қылмыскерді  оқып  білуде  кабинеттер  мен  клиникалар,  осы  бағыт  бойынша  ведомствалар  құрыла  бастады.  Жас  өспірімдер  арасындағы  қылмыстылық  және  қадағалаусыздық  пен  күресу  Наркомпрос  РСФСР  өз  үлесін  қосып  қатысты.

        1923  жылдары МосЗдрав  отделдің  қарамағында қылмыстылық пен  қылмыскерді зерттеуге арналған  арнайы  кабинет құрды.  Нәтижесінде,  1920  жылдарда  тар бағыты  бар криминология  мен проблемалардың  ішіндегі  қылмыскер тұлғасы септігін  зерттеуде   көптеген   мекемелер,  ұйымдар,  ведомостволар орын   алды.  Бірақ зерттеулердің тематикасы   біріккен   ойды  және  нақты   жоспарлы  негізді  болған   жоқ.  Сыртқы   ортаны   зерттеудің   орнына,  қылмыскерлердің   арнайы   психикасының   сипатын   зерттеуде   уақытын   алды,  яғни  қамалған   адамдардың   ішкі   күйзеліс   сипатының   түсіндіруімен   орын   алды.

       Бүкіл   аталған    кемшіліктер    қоғаммен   байқап   қалуынсыз    өтпеді.  «Революция  құқығы »   № 1  журналында   1929  жылы  « Кеңес криминологиясындағы   Ломброзоның   жандануы » деген С.Я.Булатованың   мақаласымен   бүкіл   қылмыскер   тұлғасын   зерттеудегі   Мәскеу  кабинеттері тез арада сынға түсті. С.Я.Булатованың пікірінше қылмыскер тұлғасын  зерттеуде өздерінің мамандығының  күшінде қылмыскердің  әлеуметтік  проблемаларын терең  оқып  білуде  мүмкіндігі  жоқ  психиатр  дәрігерлерінің  қолына  бергені өзекті  мәселе  ретінде қарастырылды.  Жалпы танып білудің бастысы тұлғалардың биологиялық детерминантын ашуды ғана  қарастыра отырып,  нәтижесінде Ломброзиандық теориясының  жандануына  әкеп  соқты.  Бұл  мақала  ғылым  аясында  үлкен  резонанс  тудырды. 

         «Қылмыскер» сөзімен «қылмыс жасаған адамды» (жеке мағынада) немесе «қылмыс жасаған немесе жасап жатқан адамды» аитады. Сонымен, «қылмыскердің тұлғасын» «қылмыс жасаған немесе жасап жатқан адамға тән оның даралығын құрайтын қасиеттер жиынтығы» деп көрсетуге болады.

       Криминологтар бұл қасиеттер жинтығын қылымыстық істерді тергеу мен қарау үшін пайдаланады, сондай – ақ индивидуалды ескерту әдістемесі мен негізін жасау кезінде зерттейді. Нақты бір қылмыскерге ғана тән қасиеттер мен сипаттарын зерттеп, оған байланысты оның қылмыстық әрекетінің себебін айтуға болады, алайда бұл тұрғыдан қылмыстың жалпы себептерін анықтау мүмкін емес. Сондықтан, қылмыскердің тұлғасын топ деңгейінде және «қылмыстылық субьектісінің» жиынтығы ретінде біртұтастай, яғни типологияны пайдалана отырып зерттеу қажет. Мұндай зертеуде жасаған қылмыстың ұқсастығына және қылмыстық әрекет субьектісінің жекелік қасиеттерінің мазмұнына байланысты қылмыскерлердің категориялары мен типтері зерттеледі. Қылмыскер тұлғасын зерттеудің жалпы қабылданған үш зерттелу деңгейі бар.Олар:

  • жалпы, яғни қылмыскер тұлғасы жөніндегі жалпы ұғым тұрғысынан;
  • топтық, яғни қылмыскерлердің әртүрлі категориясына тән болып табылатын белгілерді анықтау тұрғысынан;

         және

  • индивидуалды, яғни қылмыс түрлерін жасаған адамдарды жеке деңгейде зерттеу.

       Профессор Е.І.Қайыржановтың  пікірінше қылмыскер  тұлғасын бұл үш  деңгейде зерттеу  кезінде зерттелу  дәрежесі мен тұлғалық белгірінің анықтамасы әртүрлі болуы мүмкін, өйткені мұнда жалпылаудың (абстракцияның) әртүрлі дәрежесі қолданылады.6 Бұл айтылғанмен келіспеуге болмайды, сол себепті қылмыскер тұлғасын біршама толық сипаттау тек оны жеке деңгейде зерттеуде жүзеге асады. Расында да, қылмыскер тұлғасын жеке деңгейде зерттеу қылмыспен күресте әртүрлі қылмыс категориясындағы қылмыскерлер тұлғасының ерекшелігін ашып, олармен күресте және қылмыстың алдын алуда сәйкес шараларды жасауға көмектеседі.

        Сонымен қатар,  жалпы деңгейде «қылмыскер тұлғасын» қарастыру қылмыстылықпен байланысты адамдық қасиеттер сапалық белгілерді есепке алу мен зерттеуге пайдасы зор болып табылады және автор өз енбегінде «қылмыскер тұлғасының» жалпы ұғымының қажет еместігі деген пікірлерге қарсы шығып, ондай пікірлердің шалалығын сынға алады.7

         Қылмыскер тұлағасын  үш деңгейде зерттеу  дұрыс өйткені  кез келген тұлғаны  ең әуелі жалпы түрде, ал одан кейін оны өз алдына жекелеген категорияларға бөле отырып зерттемей, оны жеке деңгейде қарастыру мүмкін емес. Тағы бір айта кететін жай, кез келген танымды жан – жақты анықтау үшін оның өзіндік ерекшеліктерін назардан тыс қалдырмау қажет сияқты. Сондықтан да біз қылмыскер тұлғасын зерттеудің төртінші деңгейі болуы қажет деп ойлаймыз. Бұл деңгейде қылмыс жасаған әр бір адамның тән тұлғалық ерекшеліктері, яғни, психологиялық, демографиялық, әлеуметтік,өнегелік ерекшеліктері мен қатар оның ортасының ерекшелігі және оның әрі қарай қоғамдық нормалармен жалпы қалыптасқан дұрыс өмір сүру ниеттері зерттелуі қажет. Бұл аталған зерттеу әлеуметтік – психологиялық жолмен шешілуі керек. Сонда ғана қылмыскерлер тұлғасына жүргізілген зерттеу толық әрі жан – жақты сипатқа ие болады. Егер, аталған қылмыскер тұлғасын зерттеудің үш деңгейін жалпыласақ, оның негізінде қылмыскер тұлғасының ұғымын кең мағынада беруге болады. Сонымен, «қылмыскердің тұлғасы» кең мағынада қылмыс жасаған адамның тұлғасын зерттеу мен қылмыс жасау себептерін анықтау үшін пайдаланылатын сипаттамалар жүйесі.

       Жоғарыда аталған қылмыскер тұлғасын зерттеу деңгейлерінде ескерілетін келесі ұстанымдарды айта кеткен жөн деп ойлаймыз:

       Сонымен қылмыскер  тұлғасын қарастырғанда: 

  1. Қылмыскер тұлғасының әлеуметтік келбеті.Бұл аспект қылмыскер тұлғасын:
    • қоғам мүшесі;
    • әлеуметтік топтар немесе басқа қауымдастықтардың мүшесі (мысалы, әскери қызметкерлер );
    • әлеуметтік – типтік сипаттар тасушы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
  2. Адам қылмыскер болып дүниеге келмейді, ол қылмыскер болады. Яғни, әр адам тұлға ретінде – тек қана болып жатқан қатынастар нәтижесі емес, сонымен қатар өзінің жеке дамуының жемісі. Бір қоғамдық жағдай тұлғамен әртүрлі бағаланып және қабылданып, оны әртүрлі әрекеттер жасауға итермелі. Адамның әртүрлі әлеуметтік құндылықтарға,нормалар мен институттарға, өзіне және өзінің міндеттеріне, түрлі қауымдастықтарға, топтарға және тағы басқа жүйелі қатынастары сыртқы және ішкі тұлғалық мән – жайларға байланысты.
  3. Әртүрлі қылмыстар жасаған субьектілерді, соның ішінде абайсызда жасағандарды қоса алғанда жан жақты зерттеу қажет. Барлық қылмыс жасағандар тұлғалары криминологиялық зерттеу пәні болуы қажет. Бұл үлкен тәжірибелік мәнге ие және ең алдымен құқықбұзушыларды ескерту үшін.
  4. Барлық қылмыс жасаған адамдарға тұрақты қоғамға қарсы көзқарастар мен бағдарлар және айқын көрініс тапқан дараланған бағыт тән. Сондықтан, қылмыскерлердің кейбір бөліктерінде аталған сипаттардың болмау, қылмыстық мінез – құлық иеленушісі ретінде олардың тұлғасын зерттеу қажеттілігін жоймайды.
  5. Қылмыскер тұлғасын зерттеу тұрақты бекітілген құқықтық негізде құруы қажет, яғни қылмыс жасағаны дәлелденгеннен бастап қылмыстық жазасын өтегенге дейін қылмыс субъектісі ретінде мойындалатын адамдар тұлғасы зерттелу қажет. Сондықтан, қарастырылып отырған категория уақытша ғана қарастырылды. Себебі, жазасын өтегенен кейін адам қылмыскерлер емес, сондықтан қылмыстық тұлға ретінде қарастырылмайды. Жазасын өтегеннен кейін түзелуі міндетті емес. Өйткені, заңмен белгіленген мерзім аяқталды. Әлеуметтік мақұлданған шектерде өмір сүру, өнегелік және психологиялық құндылықтар жүйесін дұрыс бағытта қайта құрылуы түріндегі түзелу біршама кейін болуы мүмкін немесе мүлдем болмауыда мүмкін. Онда соңғы жағдайда, ол қоғамға қауіптілік тұғызатын тұлға болады.
  6. Қылмыскерлердің тұлғасы заң сақтаушы тұлғадан өзінің қоғамдық қауіптілігімен ажыратылады. Бірақ, азамат тұлғасының қоғамға қауіптілігі оның міндетті түрде қылмыстық мінез – құлық әрекетін білдірмейді. Бұл сапалық белгі мұндай мінез – құлық тосқауыл болатын немесе тіптен жоятын тұлғаның өзіне де, оны қоршаған сыртқы орта мән – жайларына да байланысты.
  7. Қылмыскер тұлғасының әртүрлі аспектілері криминологиядан басқа да заң ғылымдармен зерттеледі: криминалистика, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару құқығы және т.б. , сонымен қатар екі жақты табиғаты және шығуы бар ғылымдармен: заң психологиясы, еңбекпен түзеу психологиясы, сот психиатриясы, сот статистикасы және т.с.с. зерттеледі.

       Сонымен бірге,  қылмыскер тұлғасын  қарастыру кезінде  жоғарда аталғандарды  төмендегі жалпы  қабылданған постулаттармен  толықтыруға болады:

    • басқа адамдармен жүйелі түрде және әралуан өзара қарым – қатынас процесінде қалыптасқан әлеуметтік – маңызды қасиеттер жиынтығы. Тұлғаның бұл аспектісі қылмыкер тұлғасы төмендегідей қарастыруға мүмкіндік береді:

    а) қоғам мүшесі ретінде;

    ә) әлеуметтік топтар немесе басқа да қауымдастықтар мүшесі ретінде (мысалы, әскерилер);

    б) әлеуметтік – типтер иеленушісі ретінде.

    • әртүрлі қылмыстар жасаған субьектілерді, соның ішінде абайсызда жасаған субьектілерді зерттеу қажет;
    • тұрақты қоғамға қарсы көзқарастар мен бағыттар және айқын көрініс тапқан индивидуалистік бағытталушылық сипаттары қылмыс жасаған барлық адамдарға тән емес;
    • қылмыскер тұлғасы заң сақтаушы адам тұлғасынан оның қоғамға қауіптілігімен ерекшеленеді. Бірақ, азаматтың тұлғасының қоғамға қауіптілігі қылмыстық мінез – құлықтың фатальдылығын білдірмейді. Бұл қасиет іс жүзіне асуы немесе аспауы тұлғаның өзіне, және мұндай мінез – құлыққа кедергі жасауға ықпал ететін сырт мән жайға байланысты.

       Сонымен, аталған  зерттеулерге байланысты  қорытынды жасасақ  қылмыскер тұлғасына оған тән:

      а) психологиялық ерекшеліктер,

      ә) қоғамға қарсы  көзқарастар ,

      б) өнегелік қасиеттерге  теріс қатынас  және

      в) өзінің қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін қоғамға қауіпті  жолды таңдау мүмкіндігі бар немесе теріс  нәтижені қайтаруға  тиісті белсенділік таныптау нәтижесінде қылмыс жасаған адам тұлғасы ретінде анықтама беруге болады.8

       Басқаша сөзбен  айтқанда қылмыстық  жолға түсуі мүмкін  адамның немесе  қылмыскер мұндай  қасиеттері қылмыс  жасау себептерін  түсінуге мүмкін  беретін криминологияның пәніне кіреді.Мұндай зерттеу негіздері қылмыстың алдын алудың криминологиялық мәселелеріне негіз болып табылады.

       Қылмыскердің тұлғасын  зеттеу барысында  аталғандардан да  басқа көптеген  таласты пікір  – тұжырымдар  жасалғаны белгілі.

Информация о работе Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі