Кінәсіздік презумпциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 07:37, дипломная работа

Описание работы

Қылмыстық процесс принциптері қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет сот ісін жүргізудің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған ережелер.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
I-тарау. Кінә ұғымы және оның нысандары........................................................6
1.1. Кінәнің түсінігі.....................................................................................................6
1.2. Қасақаналық және оның түрлері.......................................................................12
1.3. Абайсыздық және оның түрлері.......................................................................19
II-тарау. Кінәсіздік презумпциясы түсінігі, құқықтық негізі және мәні.............................................................................................................................28
2.1. Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні......................................................28
2.2. Кінәсіздік презумпциясы принципінің ерекшелігі.........................................32
2.3. Кінәсіздік презумпциясы заңдылық қағидат...................................................36
III-тарау. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар, олардың себебі мен мақсаты.............................................................................................................41
3.1. Екі нысанды кінәнің түсінігі.............................................................................41
3.2. Қылмыстың себебі мен мақсаты.......................................................................43
3.3. Қате және оның маңызы....................................................................................46
Қорытынды............................................................

Работа содержит 1 файл

Кінәсіздік презумпциясы.doc

— 378.50 Кб (Скачать)
 
 

Мазмұны 

Кіріспе..........................................................................................................................3

I-тарау.  Кінә ұғымы және  оның нысандары........................................................6

1.1. Кінәнің  түсінігі.....................................................................................................6

1.2. Қасақаналық  және оның түрлері.......................................................................12

1.3. Абайсыздық  және оның түрлері.......................................................................19 

II-тарау.  Кінәсіздік презумпциясы  түсінігі, құқықтық  негізі және мәні.............................................................................................................................28

2.1. Кінәсіздік  презумпциясы ұғымы мен мәні......................................................28

2.2. Кінәсіздік  презумпциясы принципінің ерекшелігі.........................................32

2.3. Кінәсіздік  презумпциясы заңдылық қағидат...................................................36 

III-тарау.  Кінәнің екі нысанымен  жасалатын қылмыстар,  олардың себебі  мен мақсаты.............................................................................................................41

3.1. Екі  нысанды кінәнің түсінігі.............................................................................41

3.2. Қылмыстың  себебі мен мақсаты.......................................................................43

3.3. Қате  және оның маңызы....................................................................................46 

Қорытынды..............................................................................................................54

Қолданылған әдебиеттер........................................................................................57 
 
 
 
 
 
 

              Кіріспе

       Қылмыстық процесс принциптері қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет сот ісін жүргізудің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған ережелер.

  Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 9-бабына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні мынада: "оларды бұзу олардың сипаты мен мәніне қарай, іс бойынша болған іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады"1. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы тұңғыш рет сот төрелігінің негізгі принциптерін құрады. Сот төрелігі принциптері біртұтас сот жүйесін ұйымдастыру мен жүргізуге тікелей ықпал ететін құқықтық нормалардан тұрады. Бұл ретте сот төрелігі принциптердің соттар туралы заңдардың қалыптасуында, адам және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын айта кету керек. Сол принциптерінің ішіндегі қарастыратынымыз: "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі2.

  Кінәсіздік  презумпциясы (презумпция - лат. "ргаеsumptіо" сөзінен алынған 1. ықтималдыққа негізделген жорамал; 2. кері дәлел келтіргенге дейін фактіні заң тұрғысынан шек келтірмейтін деп тану) адамның кінәлі екені сот арқылы анықталғанға дейін оның кінәсіз деп саналатынын білдіреді.

Ю. И. Стецовский мен А. М. Лариннің дәлелдеуінше, кінәсіздік преумпциясы - қылмыстық сот ісін жүргізудің принципі ғана емес, ол жауапкершіліктің барлық түрлеріне қатысты жалпы құқықтық принцип3.

Кінәсіздік  презумпциясы өте ерте заманнан бері қолданылып келеді. Ол

__________________________

1ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы". Б.Қ.Төлеубекова. Алматы, 2000 162-167 б.

  2ҚР Конституциялық құқығы" 106 бет.

3Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы". А.Қ.Мұхтарова. Алматы,1999 ж

   Ежелгі  Грекия, Ежелгі Франк, Рим мемлекеттерінің  қүқықтық заңдарында кездеседі. Бірақ, олардың жүзеге асырылу нысаны қазіргі  кезге қарағанда өзгеше. Мысалы, ертедегі кезде адвокаттар болмаған. Сот қызметкерлері немес айыпталушы шығьш сөйлейтін, сондай-ақ, олардың туыстары да сөйлей алатын. Сотта сөйлейтін сөздерін оларға заңгерлер жазып береді. Жазылған сөзді жаттап альш, жылдам әрі дұрыс айту шарт еді. Яғни, айыпталушы өзінің кінәсіз екенін сот алдында өзі дәлелдеуге тиіс. Бұл Ежелгі Грекияда жүзеге асырылатын. Ертедегі адамдар өз кінәсін белгілі бір сынаудан өту арқылы дәлелдейтін болған. Мысалы, сумен сынап көру. Ежелгі Франк мемлекетінде айыпталған адамның аяқ-қолын байлап, оны судан шығарып, кінәсіз деп соттан босататын. Су кінәлі адамды өзіне алмайды деген бұрынғыдан келе жатқан ұғым болған. Ертедегі адам құқығының жүзеге асырылуының тағы бір ерекшелігі, ол кездерде тергеу, анықтау органдары болмаған. Сондықтан да айыпталушы өзін ақтап шығап, соттың үкімімен босатылатын және оны ешкім де кінәлі деп тануға құқығы болмады.

   XIX ғасырда құқық саласының дамуы өз өрісін кеңейтті. Жаңа заңдар, нормативтік актілер қабылданды. әсіресе Қылмыстық Кодексте кінәсіздік презумпциясына байланысты баптар енгізілді. Мысалы, Францияның 1810 жылғы Қылмыстық Кодексінің 4-ші бабында "Жасалғаны заңмен анықталғанға дейін бірде- бір тәртіп бұзушылық, бірде-бір жаза болу, бірде-бір қылмыс жазаланбайды».

   Франция Республикасының Конституциясында (1795 жылы 22 тамыз «Адам және азаматтардың құқығы мен міндеттерінің декларациясы») «заңдардың қағидалары тыңдалмағанға дейін ешкім де сотталмайды»1 делінген. Осылайша адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қоғам дамыған сайын тереңдей түсті.

   Кінәсіздік  презумпциясының түсінігі, мәні, құқықтық негізі екінші бөлімде баяндалып, негізгі бөлімнің екінші тарауында бастауы ретінде тақырыпқа түсінік беруі, оның амаңыздылығын ашады, ерекшелігін, құқық

_____________________

1ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы" Б.Қ. Төлеубекова 162-167 б.б.

саласында қолданылуын баяндайды. Бұл бөлімде  кінәсіздік презумпциясының жүзеге асырылуы мен оны бақылайтын, сот органы туралы айтылады.

  Тақырыптың  маңыздылығы алға қойылған мақсаттарынан  көрінеді, ол оның ғасырлар бойы өз мәнін  жоймай келе жатқан кінәлі болу мен  кінәсіздіктің ара – жігін  ажырату, сол арқылы қылмыскердің жауаптылығын, қылмыстың құрамын анықтау, қылмыстық іс жүргізуде жүйелілік пен бірізділікті қалыптастыру мәселесін саралай отырып ғалымдардың ой пікірлерін ортаға сала отырып талқылай келе ұтымды, үшқыр ойларға таңдау жасау болып табылады.

    Негізгі мақсат - ерте кезден бастап дамып келе жатқан кінәсіздік презумпциясы принципімен кінәлі болудың кемшіліктері мен жетістіктерін айқындап, ашып беру.

Бұл диплом жұмыс үш бөлімнен тұрады. I-тарау. Кінә ұғымы және оның нысандары. II-тарау. Кінәсіздік презумпциясы түсінігі, құқықтық негізі және мәні. III-тарау. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар, олардың себебі мен мақсаты. Аталмыш тараулар өзіндік нысананы басшылыққа ала отырып, бөлімдерге бөліну арқылы сипатталады.

   Бұл жұмысты жазу барысында мен көптеген ғалымдардың еңбектерін, оқу әдебиеттері мен құралдарын, заңдарды қарастырдым. Әдебиеттер тізімі жұмыстың соңында көрсетілді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I-тарау.  Кінә ұғымы және  оның нысандары. 

1.1. Кінәнің түсінігі

  Егер  қылмыстың объективті жағы - қылмыстың  сыртқы сипаты болса (қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамдық қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыс жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, қаруы мен құралдары), субъективті жағы оның ішкі (обьективті жаққа қатыстылығынан) сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы. Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілерге, аталып өткендей, қылмыстың кінәсі, себебі мен мақсаты, сонымен қатар, қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйі жатады. Бұл белгілердің әр түрлі мазмұнына қарамастан олар субъективті жағын құрайтын бір топқа бірігеді, себебі олардың барлығы қылмыс жасаушы тұлғаның психикасында болатын процестерді сипаттайды.

  Психика адам өмірінің ішкі мазмұнын, оның ойын, сезімдерін, ниетін, еркін білдіреді. Психикалық процестер, әдетте, интеллектуалдық, сезімдік және еркіне қарай болып бөлінеді. Сөйте тұра мұндай бөліну шартты түрде ғана екенін, мұндай процестер жекелеп (әрқайсысы өз бетімен) өмір сүрмейтіндігін ескеру керек. Тек бірлікпен, интеллект (таным), сезім мен еріктің тығыз бірлігімен ғана адамның психикасы тірі. Қылмыстың, тұтас алғанда, субъективті жағы сияқты, оны құрастырушы белгілердің де мағынасы мен мазмұнын анықтау үшін, психиканы құрастырушы элементтерге көңіл аудару пайдалы ғана емес, қажет те.

  Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілердің  әрқайсысы қылмыстың психикалық мазмұнын сипаттайды, бірақ әрқайсысы өзінше сипаттайды. Мысалы, кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне (әрекетіне немесе әрекетсіздігіне) және оның қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы салдарына психикалық қатынасы. Кінә - қылмыстың субъективті жағының, тіпті оны толық қамтымаса да, негізгі белгісі. Қасақана сияқты, абайсыз кінәні де құрастыру кезінде заң шығарушы психиканың екі-ақ - интеллектуалдық және еркіне қарай эдементтерің пайдаланады. Қасақаналық пен абайсыздықтың қылмыстық-құқықтық сипаты  үшін психикалық процестердің сезімдік мазмұны есепке алынбайды. Керісінше, қылмыстық іс-әрекеттің қоздырушы себебі және субъективті жағының белгісі болғандықтан, қылмыстың сылтауында қылмыс жасаушы тұлғаның психикасында болып жатқан, көбінесе, сезім процестерінің таңбасы болады. Жеке жағдайларда қылмыс жасаушы тұлғаның сезімінің күйі (мысалы, аффект күйінде болуы, яғни аяқ астынан пайда болған жан күйзелісі), дербес қылмыстық-құқықық мағынаға ие болады (ҚР ҚК-нің 98-бабы). Қылмыстың мақсаты, кінә сияқты, интеллектуалдық және еркіне қарай мазмұнымен шектеледі.

  Кінә - қылмыстың субъективті жағының міндетті белгісі. Кінә болмаған күнде қылмыстың құрамы да болмайды және болуы да мүмкін емес. Бұл субъективті жақтың қылмысты істі қылмысты емес істен ажыратып, бөліп отыратын негізгі белгісі. Заң шығарушының кінәға маңызды мағына беретіндігі соншалық, тіпті кінәлі жауаптылық Қылмыстық Кодекстің қағидасына дейін көтерген. ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-бөліміне сәйкес адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартьшуға тиіс. Осы баптың 2-бөлімінде объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық қолданылмайтыны атап көрсетіледі.

  Кінәлік жауаптылық қағидасы - заңгерлердің ойлап  шығарғаны емес, бұл - адам қылығын заңды және әлеуметтік адамгершілік тұрғыдан дұрыс бағалаудың қарапайым шарты. Көрнекті Кеңес психологі С.Л. Рубинштейн атап өткеніндей, «жалған, абстрактілі «обьективизімге» қарама-қарсы айтылатыны: қылықты бағалау кезінде ізінше орын алғанының түгел барлығына емес сол объективті түрде ізінше орын алғанның ішінен қайсысы алдын-ала ескерілуі мүмкін еді - тек соған сүйену керек»1.

  Осыған  байланысты, қылмыстық құқық теориясы мен құқықтық тәжірибе, қылмыстық жауаптылықтың тұлғаның жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне (әрекеті немесе әрекетсіздігіне) және оның салдарынан психикалық қатынасын (қасақаналық немесе абайсыздық күйінде) ескерумен ғана шектелмейтініне  

_______________________

1Рубинштсйн С.Л. Бытие и сознание. М., 1957. С. 286.

сүйенеді. Жасалған қылмыстың кез келген жағдайы (әсіресе ауырлататын) соттың оларға байланысты кінәлі қатынасын,    яғни    қасақаналық   немесе    абайсыздық   түріндегі психикалық қатынасын, анықтауынан кейін ғана айыпқа жүктеле алады (заң шығарушының бұл жағдайларды қылмыстық-құқықтық нормаларда құрастыру ерекшеліктерше байланысты).

  Қылмыстың мақсаты, себебі мен қылмыс жасау  кезіндегі тұлғаның сезім күйінің кінәдан айырмашылығы - олар қылмыс құрамының қажетті белгілері болып табылмайды. Заң шығарушы оларды барлық емес, тек кейбір қылмыстардың ғана құрамының белгілерінің қатарына қосады және бұл жағдайларды оларда қылмыстық жауаптылықтың негізіне айналады. Қылмыс құрамының белгілері болмаған күнде де олар жеңілдетуші не ауырлатушы жағдай ретінде, жазаның тағайындалуына айтарлықтай ықпал жасайды. Тіпті, бұл белгілердің қылмыстық жауаптылық пен жаза үшін жеке мағынасы болмаған жағдайда да, олардың қылмысты анықтаудағы, қасақана кінә мен абайсыздықты ажыратудағы мағынасының маңыздылығы сирек емес. Сондықтанда қылмыстық құқық кінәлі жауаптылық қағидасымен ғана шектеліп қоймайды, бірақ субъективті жүктеу көзқарасын ұстайды. Оның мағынасына үңілсек, қылмыс жасаған тұлғаның қылмысты жауаптылығы мен оны жазалау мәселесін шешер кезде тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті (әрекеті мен әрекетсіздігі) мен оның салдарына кінәлі қатынасы ғана есепке алынбай, қылмыстың субъективті жағының басқа элементтері де, яғни қылмыстың себебі мен мақсаты, тұлғаның қылмыс жасау кезіндегі сезімінің күйі де ескеріледі. Тегеу мен сот үшін анықтау және дәлелдеу жұмыстары кезінде қылмыс құрамының барлық элементтерінің ішіндегі ең күрделісі дәл осы субъективті жағы болып табылады. Бұл түсінікті де, себебі қылмыс жасаушының ойына, ниетіне, тілегіне, сезіміне жол табу, қылмыстың объективті жағын анықтаудан анағұрлым қиындау. «Ішінде не барын кім білсін» деген бекер емес шығар. Сондықтанда, тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның салдарына психикалық қатынасының қандай да болмасын түрін анықтауда, оның себебін, мақсатын, сезімдердің («әдетте осылай болады», «көбіне осылай жасайды» деумен дәлелдеиетін) анықтрауда барлығына ортақ тәсіл қолдануға болмайды және олай болуы мүмкін емес. Орыстың көрнекті әдебиет сыншысы В.Г. Белнискийдің әр--түрлі адамдардың қылығын бағалау үшін бірдей тәсіл қолдануға қарсы: «Тұлғалар сансыз және алуан түрлі, адам рухының әр-түрлі жағы сияқты. оның барлық жағының да жасап келе жатқандығы - оның қажеттілігінен. Сондықтан, біреудің тұлғасын басқаның тұлғасына шақтаудан асқан әділетсіздік жоқ, ол, бәрі-бір, ешқашан дәл келмейді, бәрі-бір одан өзгешелігі болады»1. Сондықтан, қылмыстың субъективті жағын бағалауға біркелкі (жеке басқа бейімделмеген) келу, қылмыстық заңды; одан кетіп қылмыстық істер бойынша әділ сот аясындағы адам құқығын пайдалануда өте өрескел қателерге соқтыруы мүмкін.

Информация о работе Кінәсіздік презумпциясы