Криминалистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 05:27, реферат

Описание работы

Қылмыстық процеске қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және занды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен оргаңдарды түсіну қерек.

Содержание

Негізгі бөлім
1.1. Қылмыстық процеске қатысушылар ұғымы. Олардың жіктелуі
1.2. Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде
1.3. Қылмыстық iзге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен
лауазымды адамдар
1.4. Өз құқықтары мен мүдделерiн немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi
қорғап процеске қатысушылар
1.5. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

кылмыс процесс.docx

— 49.30 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.1. Қылмыстық процеске қатысушылар ұғымы. Олардың жіктелуі

1.2. Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде

1.3. Қылмыстық iзге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен    

       лауазымды адамдар

1.4. Өз құқықтары мен мүдделерiн немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi   

       қорғап процеске қатысушылар

1.5. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Қылмысгық процеске қатысушылар ұғымы. Олардың жіктелуі

      Қылмыстық процеске қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және занды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен оргаңдарды түсіну қерек.

      Субъектілер - сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы лауазымды адамдар мен органдар ғана; басқалардың бәрі - процеске қатысушылар.

      Айырмашылық - сол құқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында.

      Сонымен бірге "процеске қатысушылар" категориясына жататын адамдар шеңберінің заң мен қылмыстық іс жүргізу теориясында бір мағынада түсінілуі:

- заңды бір ізге салу;

- заңды әмбебаптандыру;

- заң бұзылуының алдын алу;

- құқық нормаларын түсіндіруде, түсінуде және қолдануда біркелкілікке жету     

   мақсаттарында маңызды.

      Процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жетуге:

   1) сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;

   2) түрлі қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.

I. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар.

     Бұл топ екі шағын топқа бөлінеді:

   1) сот;

   2) қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы).

II. Өздерінің немесе өздері білдіретін қүқықтар мен мүдделерді корғайтын процеске қатысушылар (сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кәмелетке толмаған айыпталушының (сезіктінің) заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жеке айыптаушының өкілдері, азаматтық жауапкердің өкілдері).

III. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де түлғалар. Қылмыстық процеске қатысушылардың үшінші тобын шартты түрде үш шағын топқа бөлуге болады.

Бірінші шағын топ - дәлелдер беру жөніндегі міндеттерді орындайтын процеске қатысушылар. Оларға жататындар: куәлер мен сарапшылар;

Екінші шағын топ - іс жүргізу әрекетгерін жүзеге асыру үшін тартылатын процеске қатысушылар. Бұған кіретіндер: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшысы, кепілдік берушілер, тануды жүзеге асыратын статистер, тінту мен алу жүргізілетін адамдар, олардың отбасыларының кәмелетке толмаған мүшелері немесе тұрғын үй пайдалану ұйымының өкілдері және т.б.;

Үшінші шағын топ - сот шешімдерін орындауға және осыған байланысты үкімді орындау сатысында пайда болатын іс жүргізу мәселелерін шешуге қатысатын мекемелер мен ұйымдар. Бұл шағын топ құрамына мыналар кіреді: үкімдер мен қаулылардың нақты орындалуын жүзеге асыратын әкімшілік өкілдері, сотталушыны ауруына, мүгедектігіне байланысты босату немесе оны ауруханаға орналастыру туралы қорытынды берген дәрігерлік комиссиялар өкілдері және т.б.

 

 

 

1.2. Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде

 

       Мемлекеттің қатысуы арнайы тағайындалған органдар арқылы жанама түрде жүзеге асырылады, сол органдардың бірі - сот.

      Соттың қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны сот билігі органы деп белгіленген.

      Соттың процестегі басшылық рөлі оның істі әділ сот жүргізу арқылы нақты шешу жөніндегі функциясымен айқындалады.

     Сот функциясы мазмұнына мыналар кіреді:

   а) істі нақты шешу жөнінде қажетті жағдайлар жасау;

   ә) істің нақты жағын (объективті ақиқатты) анықтау;

   б) егер адам қылмыс жасаса, қылмысқа заң тұрғысынан баға беру және жазалау шарасын  

       белгілеу;

   в) егер қаралатын қылмыста қылмыс белгілері жоқ болса немесе сотталушының кінәсіз  

       екені анықталса, сотталушыны ақтау;

   г) заңды негіздер бар болса, істі қысқарту.

      Сот құрамының заңдылығы, тәуелсіздігі, құзыреттілігі және бейтараптылығы заңмен    

      белгіленген ережелердің сақталуымен қамтамасыз етіледі:

- қылмыстық істердің соттылығын анықтау;

- нақты қылмыстық істерді қарау үшін соттың құрамын жасақтау;

- судьяларды бөлу;

- істі шешу функциясын айыптау және қорғау функциясынан бөлектеу. 
      Заңда қылмыстық істерді қараудың екі түріне жол берілген:

1) судьяның жеке өзі;

2) үш судьядан, соның ішінде төрағалық етушіден тұратын судьялар алқасы.    ,

      Бәсекелесуші тараптар жөнінде сот бейтараптылығының маңызы мынада:

- істі толық, жан-жақты жөне объективті қарау үшін қажетті жағдайлар жасау;

- заңдылықтың сақталуына жәрдемдесу;

- процеске қатысушыларда сот әділдігіне сенім қалыптастыру;

- процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін пәрменді түрде қорғау

 

1.3. Қылмыстық iзге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар

1. Прокурор

Қылмыстық сот ісін жүргізудегі қадағалау функциясының мазмұнына мыналар жатады:

1) жедел-іздестіру қызметін қадағалау;

2) тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау;

3) сотта мемлекеттің мүдделерін  білдіру;

4) орындалу ісінің заңдылығын қадағалау;

      Заңдылықты қадағалаумен қатар прокуратура органдары қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырады, істерді сот барысында талқылауға қатысады, мемлекеттік айыптауды да қолдап отырады.

      Мұндай міндеттерге мыналар жатады:

1) әрбір істі жан-жақты, толық және объективті түрде тергеп, қарау үшін заңда көзделген шараларды қолдану;

2)  айыпталушының қорғануға деген құқығын, оның жеке және мүліктік құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету;

3) әрбір қылмыс жасаған адамның заңды және әділетті түрде жазалануын және кінәсі жоқ жерде бірде бір адамнын, сотталмауын қадағалап, қылмыстық ізге түсу мақсаттарына қол жеткізу;

4) азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік,  қоғамдық және жеке кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың заңды мүдделерін сотта қорғауды қамтамасыз ету.

Прокурор мәртебесінің ерекшелігі Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріменде анықталады (83-бап), оған сәйкес прокуратура органдары өз өкілеттілігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз түрде жүзеге асырады және заңға ғана бағынады.

Қылмыстық іс жүргізудін құқықтық қатынастар жүйесіндегі прокурор мәртебесінің мазмұны оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығына байланысты мынадай жағдайлармен айқындалады.

1. Прокурор іс жүргізу аяқталған  қылмыстық іс бойынша шешім қабылдауға құқығы бар.

2. Іс жүргізудің жекелеген сатыларында прокурордың істі шешу жөніңде ешқандай құқықтары болмайды.

3. Қадағалау қызметінің нысандары  іс бойынша белгілі бір қатысушылардың функцияларымен қиылысуы мүмкін.

      Істің мән-жайьш тергеу функциясы, әдетте, тергеушіге және аныктау жүргізетін түлғаға жүктеледі.

4. Прокурор қылмыстық істі қозғауға құқығы болса да қылмыстық істі қозғаудың заңдылығына қадағалау жүргізуге міндетті.

5. Прокурор, басқа да іске қатысушылар сияқты, сотта қаралатын нақты іс шегінде сот бақылауында болады.

6. Прокурор сотта ештеңе де шешпейді, ол тек сот тергеуіне белсенді қатысу жолымен айыптауды дәлелдеңді.

 

2. Тергеу бөлімінің бастығы

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу бөлімінің бастығы дегеніміз - алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы және өздерінің құзыреті шегінде жұмыс істейтін оның орынбасарлары. Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы:

- қылмыстық іс қозғау туралы  және өзге де қосымпа материалдар туралы қаулыны бере отырып, нақты тергеушіге тергеу жүргізуді тапсыруға құқығы бар.

- тергеу жүргізу бөлімі бастығының қылмыстық іс жүргізу бойынша тергеуші іс-қимылының мезгілінде болуына бақылау жасауда, тергеушілердің алдын ала тергеу мен қамауда ұстаудың мерзімдерін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.

- тергеу бөлімінің бастығы прокурордың нұсқауларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.

- ҚІЖК белгілеген жағдайларда басқа да тергеушілер тапсырмаларының орындалуы үшін бақылау жасанды.

- оған негіздер болған жағдайда тергеушіні іс жүргізуден шектету;

- алдын ала тергеуді жүзеге  асыратын өзіне бағынатын органның тергеу бөлімшелерінің бірінен қылмыстық істі алып, алдын ала тергеуді жүзеге асыратын осы немесе өзге де өзіне бағынышты органнан басқа тергеу бөлімшесіне беру.

- белгіленген тәртіппен одан әрі шаралар қабылдау үшін аяқталған кылмыстық істі прокурорға жіберу;

- қыллмыстық істерді қозғау және оларды өзінің іс жүргізуіне қабылдау, бұл орайда тергеушінің өкілеттілігін пайдалана отырып, алдын ала тергеуді жеке жүргізу.

Тергеу бөлімі бастығының қызметін реттеу екі деңгейдегі сипатта болады. Алғашқы деңгейі - заң тұрғысьында сипатталады. Ол өзіне ҚІЖК-тің 63-бабының ережелерін қамтиды. Екінші деңгейі - ІІМ-нің ҰҚК-тің тергеу аппараттарыньщ қызметін реттейтін ведомстволық нормативтік актілер. Тергеушінің өкілеттіктерін жүзеге асырумен қатар тергеу бөлімінің бастығы қылмысты ашу және алдын алу жөнінде өзіне бағынышты тергеушілердің іс-қимылының уақтылы болуына бақылау жасауды жүзеге асыруға, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеудің мейлінше толық, жан-жақты және объективті түрде жүргізілуіне шаралар қабылдауға міндетті.

Тергеу бөлімі бастығының процессуалдық  бақылау қызметіне мыналар жатады:

—  қылмыстық істі қозғаудың  уақытында болуын әрі негізділігін тексеру;

— алғашқы тергеу іс-қимыддарын жүргізудің нәтижелілігін және олардың қылмысты ашу мен тергеудегі маңызын анықтау;

— күдік тудырушыны ұстаудың заңдылығын мен негізділігін таңдап алынған бұлтартпау шараларының оларды қолданудың процессуалдық шарттарына сәйкестігін анықтау;

— айыпталушы ретінде адамды жауапқа тартудың заңдылығы мен негізділігін тексеру;

— алдын ала тергеуге қатысушылардың процессуалдық құқықтарын қамтамасыз етуді талдау, заң бұзушылықтарды жою;

— қажет болған жағдайда істі тергеудің жан-жақтылық, толықтылық және объективтілік талаптарын орындау жөніндегі шараларды қабылдау;

— қылмыс келтірген материалдық зияның орнын толтыруды қамтамасыз ету мақсатында тергеуші қабылдаған шаралардың сәйкестігін анықтау;

— іс жүргізуді тоқтата тұру туралы немесе қысқарту туралы тергеуші қаулысының заңдылығы мен негізділігін тексеру.

 

3. Тергеуші

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 64-бабьшың 1-бөлігіне сәйкес тергеуші - өз құзыреті шегінде (ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және салық полициясы органдарының тергеушісі) қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға өкілетті қызмет адамы.

Тергеушінің негізгі мақсаты - істі тергеу болып табылады. Тергеушінің процессуалдық жағдайы оның қылмыстық сот ісін жүргізудегі функцияларымен байланысты, соңғысының сипатында мыналар көрінеді:

1) қылмыстар туралы арыздар мен  хабарларды қарау.

2) істің жай-күйін зерттеу.

3) айыпталушы ретінде адамды  жауапқа тарту.

4)  қылмыс жасады деп негізсіз  айып тағудан кінәсіздерді қорғау.

5) қылмыстан келген материалдық зиянның орнын толтыруды және мүлікті тәркілеуге қатысты үкімнің орындалуын қамтамасыз ету.

6) қылмыстың жолын кесу және қылмыс жасауға жәрдемдесетін жағдайларды жою үшін шаралар қабылдау.

7) тұрын жатқан жері белгісіз айыпталушыларды іздестіру.

8) сотқа дейінгі кезеңдерде тоқтатуға  заңды негіздер болған жағдайда қылмыстық істерді шешу.

Тергеушінің аталған функциялар жиынтығын жүзеге асыруында мынадай ерекшеліктер бар.

1. Функциялардың бәрі де өзара байланысты. Бір функцияларды орындаудың нәтижелері келесі функцияларды жүзеге асырудың сипатына ықпал етеді.

Информация о работе Криминалистика