Кылмыстық іс жүргізудегі ақшалай жазаны жауапкершілік ретінде карастыру мәселесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 12:36, доклад

Описание работы

Мемлекетіміз әрқашанда қоғамның дұрыс дамуы мен қауіпісіздігін қамтамасыз етуді көздеп отырады. Дегенмен, әлі де қоғам қылмыстан арылған емес. Осыған орай, қоғамдағы орын алатын қылымыспен күресудің заңды тұрғыда жасалатын тиімді жолдарын қарастыру қажет. Осы жөнінде ел басы — Н. Ә. Назарбаев 2007 жылғы Қазақстан Халқына Жолдауында былай деген: «...құқық қорғау мен басқа мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдық және заңнамалық шараларын жетілдіру жөніндегі іс қимылын үйлестіруді күшейту керек1. Сондықтан, қоғамда қылмыспен күресетін барлық органдардың қызметін жетілдіру қажет.

Работа содержит 1 файл

сая доклад.doc

— 47.00 Кб (Скачать)

 

қылмыстық іс жүргізудегі  ақшалай жазаны жауапкершілік ретінде  карастыру мәселесі

 

Мемлекетіміз әрқашанда қоғамның дұрыс дамуы мен қауіпісіздігін қамтамасыз етуді көздеп отырады. Дегенмен, әлі де қоғам қылмыстан арылған емес. Осыған орай, қоғамдағы орын алатын қылымыспен күресудің заңды тұрғыда жасалатын тиімді жолдарын қарастыру қажет. Осы жөнінде ел басы — Н. Ә. Назарбаев 2007 жылғы Қазақстан Халқына Жолдауында былай деген: «...құқық қорғау мен басқа мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдық және заңнамалық шараларын жетілдіру жөніндегі іс қимылын үйлестіруді күшейту керек1. Сондықтан, қоғамда қылмыспен күресетін барлық органдардың қызметін жетілдіру қажет.

Қазіргі кезеңде заңдылықты нығайту, экономикалық және қоғамдық қатынастарды дамыту ең негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Қылмыспен күрес жолында құқық қорғау органдарының қызметкерлері — тергеушілер, анықтаушылар заңдылықты бұлжытпай орындау үшін Қылмыстық іс жүргізу кодексін басшылыққа ала отырып, жұмыс жүргізулері тиіс.

Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұқара халықтың, еңбек  ұжымдары мен қоғамдық ұйымдардың қолдауы  мен көмегіне сүйене отырып, адам мен азаматтардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін; қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті; қоршаған ортаны; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын; қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін; бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау жолында қылмыстың алдын алу шараларын жүзеге асырулары тиіс.

Алдын ала тергеу жүргізу органдары, прокурорлар мен соттар қылмыстық іс жүргізу шараларын жүзеге асыру арқылы өздерінің алдарында тұрған міндеттерін орындайды. Қылмыстық іс жүргізу шараларының бірі — мәжбүрлеу шаралары алдын ала тергеуді жүзеге асыруға көмектеседі. Ол мемлекеттің қылмыспен күресуге, әшкерелеуге және алдын алуға бағытталған күшті құрал -арсеналының бірі. Мәжбүрлеу шаралары сезіктінің немесе айыпталушының тергеуден, не болмаса соттан бойтасалап кетуінен сақтайды. Мемлекет, сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізудің басқа да қатысушыларына (жәбірленуші, куә, жеке кепіл беруші, кәмелетке толмағанды өз қарауына алған тұлға т. б.) қатысты шараларды қарастырған. Оның бірі ақшалай жаза. Ол өздерінің іс жүргізулік міндеттерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған қылмыстық іс жүргізудің басқа да қатысушыларына қатысты қолданылады.

Ақшалай жаза- алдын ала тергеудің  алдында тұрған міндеттерінің толық және тиімді орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерінің бірі. Алайда, зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек, ақшалай жаза ҚР ҚІЖ заңнамасында кеңінен қолданылатын тиімді амалы ретінде көрініс таппайды. Неліктен? Тиімді амал ретінде көрініс табу үшін не қажет? Қалай орындалуы керек? Орындау тәсілі қалай жүргізілуі керек? Осы секілді сұрақтар өте көп. Біздің пікірімізше, ақшалай жазаны түпкілікті зерттеу үшін, алдымен оны жеке институт ретінде қарастыруымыз қажет.

ҚР ҚІЖ заңнамасы ақшалай  жазаны өзге де мәжбүрлеу шарасына жатқызған (ҚР ҚІЖК 19-тарау), ал З. Ф. Ковриганың пікірінше ол — қамтамасыз ету амалдарының бір түрі2. Ал, орын алған құқық бұзушылық үшін ақшалай жаза — жауапкершілік. Осы бойынша, З. З. Зинатуллин ақшалай жазаны негативтік қылмыстық іс жүргізушілік жауапкершілігі қатарына жатқызады3. Осы бағытта ойымызды өрбіте келе, мәжбүрлеу мен жауапкершіліктің өзара байланыстылығын қарастырайық, жауапкершіліктің «табиғатын» талдайық.

Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу  мен жауапкершілік өз беттерінше бір күрделі құқықтық құбылыс  болып табылады. Дегенмен, оларсыз алдын ала тергеудің алдына қойылған міндеттерді шешу мүмкін емес4.

Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу  шараларының үлкен тәрбиелік  мәні бар. Процессуалдық мәжбүрлеу  шараларын тәжірибеде қолдану мүмкіндігінің болуы, іс жүргізуге қатысушылардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы немесе дұрыс орындамауы жолындағы басты тежеуші факторы болып табылады. Сонымен қатар, осындай шараларды заңды, негізді, әділ қолдану, жасалған заңсыз әрекет үшін міндетті түрде белгілі бір жауапкершіліктің болатындығын көрсетеді және ол, жасалған қылмыстарды әшкерелейтін мемлекеттің жеткілікті құрал -арсеналының бар екендігін жарқын безендіреді. Осының барлығы азаматтардың мінез -құлқын дұрыстауға, санасына, ерік -жігеріне дұрыс әсер береді. Өздерінің заңсыз әрекеттеріне сын беруге, бағалауға, мемлекетпен қойылған тәртіп пен талаптарға мойынсынуға бағыттайды. Ал, алдын ала тергеудің міндеттерін толық орындалуына қылмыстық іс жүргізушілік жауапкершілігі сияқты, құқық қамтамасыз ету құралы әсер береді. З. З. Зинатуллин қылмыстық іс жүргізушілік жауапкершілігін екі аспектіде қарастырады; позитивтік және негативтік.

Позитив — бұл, «оң» деген мағынаны береді5. Позитивтік қылмыстық іс жүргізулік жауапкершілігінің алдын ала тергеу үшін өзіндік бір құндылығы бар. Ол, мүдделі азаматтар үшін маңызды болып табылатын тергеуші әрекетінің дұрыстығы қоғам үшін маңызды екендігін тереңірек ұғындырады. Тергеуші әрқашанда заң негізінде, өзіне тәуелді азаматтардың Конституциялық құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдер қабылдайды. Сондықтан, ол өз шешімінің азаматтар алдында маңыздылығын жете түсініп, жоғары жауапкершілікпен қарап, өз міндеттерін толық атқарып қылмыстық іс бойынша әділдікке жетудің ең тиімді жолы екендігін көрсетеді. Яғни, позитивтік қылмыстық іс жүргізулік жауапкершілігі дегеніміз, бұл лауазымды тұлғалардың өз қызметін атқару кезінде жіберген іс жүргізулік қателіктері мен заңсыз әрекеттері үшін жауапкершіліктері (қылмыстық, тәртіптік) болып табылады.

Негативтік қылмыстық  іс жүргізулік жауапкершілігінің қажеттілігі, қылмыстық іс жүргізудің қандай да бір болмасын қатысушылары өздерінің іс жүргізулік міндеттерін орындамауы салдарынан туындайды. Негатив — «жағымсыз» деген мағынаны береді. Оның маңызы — өз міндетін орындамаған құқық бұзушыға әсер ету тәсілімен айқындалады. Осының әсерінен құқық бұзушыға заңдық міндеттеме қойылады: сотталуы, белгілі — бір құқығынан айырылуы немесе ақшалай жазаға тартылуы. Осы айтылғанның негізінде, мына жағдай едәур көңіл бөлуді талап етеді. Яғни, негативтік қылмыстық іс жүргізулік жауапкершілігімен жазалануы, азаматтардың іс жүргізулік міндеттерін дұрыс және толық орындалуына тәуелділігін білдіреді. Міне, осыдан бірінші кезекте, тергеу органына шақыртылған азаматтың келмеуі нәтижесінде, оның мәжбүрлеп жеткізілуі, жеңіл бұлтартпау шарасының бұлтартпау шарасының ауыр түріне ауыстырылуы, өздерінің іс жүргізулік міндеттерін дұрыс орындамаған аудармашыға, маманға, куәға, жеке кепіл берушіге, сарапшыға қолданылатын ақшалай жаза мәселелерін сотқа ұсыну тәсілін регламенттеп, оның әлеуметтік маңыздылығын бағалау қажет. Сонымен, негативтік қылмыстық іс жүргізулік жауапкершілігі — қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың, өздеріне жүктелген іс жүргізулік міндеттерін орындамауы немесе дұрыс орындамауы салдарынан келген құқық бұзушылық үшін қолданылатын жаза. Алайда, қылмыстық іс жүргізу заңнамасы қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың өз міндеттерін орындамағаны үшін бір ғана жазаны қарастырған — ол ақшалай жаза. Бірақ, негативтік іс жүргізулік жауапкершілігі — бұл, тек қана ақшалай жаза деген тұжырымға жол беруге болмайды. Процессуалист ғалымдардың пікірінше, тергеушінің заңсыз шығарған қаулыларын прокурордың бұзуы, оны тергеуден босатуын да негативтік іс жүргізулік жауапкершілігіне жатқызамыз. Ал, осыған ұқсас тергеушінің әрекетінде құқық бұзушылық белгілерінің болмағанымен прокурордың нұсқауын, тапсырмасын орындамағаны үшін жауапкершілікті негативті іс жүргізулік жауапкершілігіне жатқызбаймыз6.

Сонымен, іс жүргізулік жауапкершілік  — бұл, қылмыстық іс жүргізу барысында іс жүргізуге қатысушылардың, не болмаса басқа да қатысушыларының өздерінің іс жүргізулік міндеттерін орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін жазалануы.

Кез-келген құқықтық норма  өздерінің үшмүшелік құрылымдық элементтерімен белгілі: гипотеза, диспозиция, санкция. Осы құрылымдық элементтерді қылмыстық іс жүргізу кодексінде табаламызба? Ал, ақшалай жазаны санкцияның бір түрі ретінде қарастыруға болад ма? Осыны талдайық.

Қылмыстық іс жүргізуде  гипотеза — бұл, құқықтық нормадағы  белгілі бір ережелердің орындалуын қамтамасыз ететін шарт. Бұған кодексте көрсетілген бап атауларын жатқызуға болады.

Қылмыстық іс жүргізу  нормасының диспозициясы — бұл, қылмыстық  іс жүргізу субъектісінің немесе субъектілерінің құқықтық тәртібін қамтитын шарт болып табылады. Мысалыға, ҚІЖК 206-бабын алатын болсақ, бұл норма қылмыс жасады деп айыптау үшін негіз беретін жеткілікті дәлелдемелер болған кезде, тергеушіні адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы дәлелді қаулы шығаруға ұйғарады.

Санкция — бұл, диспозиция нормасын орындамауы немесе дұрыс орындамауы салдарынан келетін құқық бұзушылықтың нәтижесіне нұсқауы, қандай жауапкершілік келетіндігін көрсетуі. Оған субъектілердің де (тергеуші, анықтаушы) құқық бұзған әрекеттері кіреді.

Қылмыстық іс жүргізу  кодексімен санкцияның келесі түрлері анықталған:

  1. Іс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары (мәжбүрлеп әкелу ҚІЖК 158-б.).
  2. Іс жүргізулік айыппұл шаралары. Ол айыппұл салу, ақшалай жазаға тарту немесе кепіл ретінде енгізілген ақшаны, не болмаса мүлікті мемлекет меншігіне айналдыруды көздейді (ҚІЖК 148, 160).
  3. Іс жүргізуді жандандыру шаралары. Ол, қабылданған іс жүргізулік шешімді бұзуды; өзгертуді; істі қосымша тергеуге жіберуді немесе жаңа соттық талқылауды ашуды көздейді.
  4. Іс жүргізулік ескерту шаралары. Ол, судьяға, прокурорға, тергеуші мен анықтаушыға, аудармашыға, маманға, сарапшыға, қорғаушыға, өкілге, сот отырысы хатшысы мен сот приставына қарсылық білдіруді көздейді (ҚІЖК 90-96-б.); қылмыстық іске қатысудан босату туралы өтініштер, қылмыстық іске қатысудан шеттету(ҚІЖК 89, 97-б.); прокурордың қылмыстық істі бір органнан алып екінші алдын ала тергеуді жүргізетін органға беруі, сонымен қатар, бір тергеушіден алып екінші тергеушіге беруі, прокурордың қылмыстық істі тергеу барысында жасаған заңсыз әрекеттері үшін анықтаушыны немесе тергеушіні тергеуден шеттетуі.

Ақшалай жаза — қылмыстық  іс жүргізудің басқа да қатысушыларының  өздеріне жүктелген іс жүргізулік міндеттерін  орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін қолданылатын материалдық жауапкершілігі (ҚР ҚІЖК 160-б.)

Сонымен, біздің пікірімізше, қылмыстық заңнамамен өзге де мәжбүрлеу  шаралары қатарына жатқызылған ақшалай  жазаны жауапкершілік ретінде қарастыруымыз  негізді деп есептейміз. Бұл ақшалай  жазаның жаңа көкжиектерін ашуына сөзсіз септігін тигізеді. Сонымен қатар, «Ақшалай жаза» тақырыбына қатысты зерттеуімізді осы бағытта әрмен қарай жүргізуіміздің басты объектісі болып табылатындығы айдан ашық болып отыр.

 

1  Қар.: ҚР Президенті Н.Назарбаевтің 2007 жылғы Қазақстан Халқына Жолдауынан.

2  Қар.: Коврига З. Ф. Уголовно-процессуальное принуждение. — Воронеж, 1975.

3  Қар.: Зинатуллин З. З. Социальное назначение уголовно-процессуального принуждения и ответственности на предварительном следствии // Уголовно-процессуальное принуждение и ответственность, их место в решении задач предварительного расследования. — Волгоград, 1987. — 6-7-б.

4  Осы жерде. — 4-5-б.

5  Қар: М. А. Айымбетов, Б. К. Бодаубай, С. Ш. Оразалинов, О. Ақыпбекұлы. Заң терминдерінің сөздігі. — 545-б.

6  Қар.: Зинатуллин З. З. Көрсетілген еңбек. — 6-7-б.


Информация о работе Кылмыстық іс жүргізудегі ақшалай жазаны жауапкершілік ретінде карастыру мәселесі