Кылмыстык кукык

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 22:51, лекция

Описание работы

Кылмыстық құқық туралы сөз болғанда онын үш түрлі мағынасын ескеруіміз кажет. Қылмыстық құқық — бұл жалпы құқық жүйесінін негізгі бір саласы және пәні болып табылады. Осы ұғым дардың бәрінің жиынтығы косылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді. Қылмыстық құқык пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердін, негізгі принциптердің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке құқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

кылмыстык кукык.docx

— 27.39 Кб (Скачать)

Қылмыстық құқық жеке кұкык  саласы ретінде адамды, онын құқықтары  мен бостандыктарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғғшылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Мұндай реттеу үш түрлі  жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы  болып табылады. Ол қылмыс істеуге  байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа катысушылардың әркайсысының езіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындарға күшпен міндетгейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасынаб айланысты қылмыстық жауаптылыкты және жазаны колдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сиякты мәселелерді жүзеге асырады.

Екіншіден, қылмыстық құқық  нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық катынастар реттеледі.

Яғни, қылмыстық  заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілгеи құқықтық функцияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстык құққық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматгарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.

Кылмыстық құқық туралы сөз  болғанда онын үш түрлі мағынасын  ескеруіміз кажет. Қылмыстық құқық  — бұл жалпы құқық жүйесінін  негізгі бір саласы және пәні болып табылады. Осы ұғым дардың бәрінің жиынтығы косылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді. Қылмыстық құқык пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердін, негізгі принциптердің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке құқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып табылады. Құқықтық саласы ретіндс кылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған кылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыктан және жазадан босатуды белгілейтін зандылық нормаларының жиынтығы болып табылады. Басқа құқық салалары сиякты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы - Қазакстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарынын мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында анық көрсетілген. Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық құқықтың жалпы ережелерін, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым — қылмыс пен жазаны анықтайды.

Екінші бір нормалар қоғамға  кауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктін  қылмыс катарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін тағайындайтын  жазаның түрлері мен шегін  белгілейді. Мұндай нормалар қылмыстық  құқықтың Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды.

Қылмыстық құқық - іс-әрекеттің жазаланушылығын және қылмыстылығын бекітетін заң нормаларының жүйесі. Қылмыстық құқық өркениеттің және мәдениеттің құбылысы және құқықтың жеке сапасы.

Қылмыстық құқық - тарихи негізділігі, дүниежүзілік өркениеттің дамуы  мен қылмыстық құкыктың жетілуі. Қылмыстық құкықтың пәні және әдісі. Қылмыстық-құқықтық реттеу панінің және әдісінің ерекшелігі және баска құқық салаларының әдісі мен пәндерінен айырмашылығы.

Қылмыстық зан, қылмыс пен  жаза қылмыстық құқықтың басты түсініктері. Қылмыстық құқық институттары мен нормаларының қорғаушы, алдын алушы және тәрбиелеуші ретіндегі рөлі. Қылмыстық заңнама нормалары тиімділігінің проблемалары.

Конституциялық заңдар және қылмыстық заңнаманын міндеттері. Қылмыстық құқық мінлеттерін аныктау үшін жалпы адамзаттық құндылықтар мен олардың рөлі. Адамды, оның құкыктары мен мүдделерін қорғау кылмыстық кұқықтың басты міндеті ретінде. Басқа адамгершілік, ізгілік жане саяси бастаулардың қылмыстық құқықтың міндеттерін калыптастыру үшін маңызы.

Қылмыстық құқықтың қағидаларының  түсінігі. Қылмыстық құқықтың қағидаларынын  жүйесі, жалпы құқықтық қағидаларымен  өзара байланысы және оның маңызы. Өркениет пен мәдениеттің алға басуы қылмыстық құқық кағидаларының негізін қалыптастырушы бастама. Кеңес заңнамасының дамуы кезіндегі әр түрлі қылмыстық құқық кағидалары.

Қазіргі зандардағы кылмыстық  құқық қағидалары және оның түрлері  мен жалпы сипаттамасы. Кылмыстық  құқық кағидаларының кылмыстық  заңдарда және соттың және құқық қорғау органдарынын салаларында жүзеге асырылуы. Азаматтардың қылмыстық заң алдындағы тендік қағидасы. Қылмыс жасағаны үшін жеке жауаптылық қағидасы.

Қылмыс жасағаны үшін кінәлі жауаптылық кағидасы және жазаның заңға  сәйкес сот үкімінен кейін қолданылуы.

Бір рет жасаған қылмысы  үшін екі рет жазаға тартпау қылмыстық  заң қағидасы. Қылмыстық, Қылмыстык-іс жүргізушілік, Қылмыстык-аткару құқықтары - құқық жүйесіндегі жеке дара сала. Қылмыстық құқықтың басқа құқық  салаларымен арақатынасы (әкімшілік, азаматтық және т.б.) Қылмыстық саясат- мемлекет саясатының бір бағыты. Қылмыстық  саясаттың өзгермелілігі және тарихи негізділігі. Қылмыстық саясат және қылмыстық заң. Қылмыстық саясаттың  қатаң түрде конституциялық заннамамен және адамның құқықтары мен бостандықтары  туралы Декларациямен сайкес жүзеге асырылатындығы.

Қылмыстық құқықтың ғылымы. Қылмыстық құқық ғылымынын пәні мен әдісі. Қылмыстық құқық пәні мен әдісінің қылмыстық құқық  ғылымның пәні мен әдісі арасындағы қатынас. Қылмыстық құқық ғылымының  әдістемесі. Қылмыстық құқық ғылымында әр түрлі тану әдістерінің колданылуы: логикалық заңдық салыстырмалы құқық, статистикалык, накты әлеуметтік т.б. Қылмыстық құқық ғылымының міндеттері. Қылмыстық заңды дұрыс қолдану ұсыныстарын зерттеу үшін соттың және құқық қорғау органдарының тәжірибелік кызметін зерттеу қылмыстық кұқық ғылымының міндеті. Қылмыстық құқык ғылымының криминология мен әлеуметтану және әлеуметтік психологиямен, баска қоғамдық және нақты ғылымдармен байланысы. Қылмыстык құқық ғылымының заңдарды жетілдіру, қылмыстық заңды дұрыс түсіну мен оның тиімділігін арттыру үшін рөлі. Қылмыстық құқық курсының жүйесі. Қылмыстық құқык проблемалары бойынша оқу, басылымдық және монографиялық әдебиеттерге шолу жасау.

Қылмыстық заң — Қазақстан  Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті кабылдаған құқылық акті болып табылады.

Қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандыктары мен заңды  мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру  үшін қылмыстық зандар кылмыстық жауаптылыктың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе коғамға кауіпті іс-әрекеттердің қандайы қылмыс болып табылатынын айкыңдайды. Қылмыс істеген адаңдарға қолданылуы мүмкін және езге де ықпал ету шараларын белгілейді.

Кылмыстық заң жазалау  қатерімен тыйым салу арқылы адамның  жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады. Қылмыстық заң сонымен қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға іс-әрекетінде қылмыс белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілген негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы және міндеттеуші нормалар болып табылады. Бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық және тәрбиелік мәні бар.

Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы - істелген іс-әрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінәлі адамға тағайындау мүмкіндігі арқылы өз көрінісін табады, осы арқылы барлық азаматгарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтаңцыру арқылы тәрбиелік ыкпал ету шарасы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқықтық норма, сонымен бірге кез келген азаматтарды заңды бұлжытпай орындауға тәрбиелеумен бірге, оларды кылмыс істегендермен ымырасыз күрес жүргізу рухына баулиды. Қылмыстық құқықтық норма қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, ол сонымен бірге мұндай қатынастарды ретке келтіреді, өйткені қоғамдық қатынастарды қорғаудың өзі соны ретке келтіру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстык құқық белгілі бір қоғамдық мінез-құлық ережелерін белгілеумен бірге, осы ережелерді бұзушыларға қарсы қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану арқылы өз міндеттерін жүзеге асырады. Қылмыстық құқықтық норма өзінің реттеушілік ықпалымен, кез келген азаматтарды қылмысты құбылысқа төзімсіз болуға, олармен ымырасыз күрес жүргізуге баулу арқылы іске асырады. Қылмыстық заң - қылмыстық құқықтың ен негізгі көзі. Сот үкімі, ұйғаруы немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың нақты қылмыстық істер бойынша ғана зандылық күші бар.

Сондай-ак Республика Жоғарғы  Сотының нормативтік қаулылары да құкық нормасы болып табылады. Мұңдай қаулылар белгілі бір қылмыстық-құқылық норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондыктан да ондай каулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Сот прецеденті біздің Республикамызда құқық нормасы болып саналмайды. Ол Ұлыбритания, Канада сияқты мемлекеттерде ғана құқық нормасы болып табылады.

Қылмыстық заң үғымы мен  маңызы және оның негізгі мазмұны. Жеке тұлғаның мүддесін қорғау қажеттілігі, қоғам мен мемлекет мүддесін қорғау - қылмыстық заңды шығару немесе өзгерту негізі ретінде. Қылмыстық  заңның функциялары.

Қылмыстық заңның заңға сәйкес нормативтік актілер алдындағы  басымдылығы.

Қылмыстық заңның халықаралық  құжаттарға сәйкес келу міндеттілігі. Республикада қолданылып жүрген қылмыстық заң.

Қылмыстық заңдардың құрылымы. Қылмыстық құқықтық нормалардың  түсінігі мен ерекшелігі. Қылмыстық  заңнамадағы Жалпы және Ерекше бөлім  нормаларының кұрылымы. Диспозиция мен  санкцияның түсінігі және түрлері.

Қылмыстық заңдардың кеңістіктегі әрекеті. Қылмыстық заңдардың аумақтық қағидаларының әрекеті. Қылмыс жасалған жерді анықтау және қылмыстық  заңдардың кеңістіктегі әрекеті.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың іс әрекеттеріне қолданылатын қылмыстық заңның әрекеті. Қылмыскерлерді ұстап беру институты және оның маңызы.

Қылмыстық заңның уақыттағы  әрекеті. Қылмыстық заңдардың күшіне енуін және тоқтатылуын жариялау тәртібі. Қылмыстық заңның кері күші.

Қылмыстық заңдарды түсіндіру. Түсіндірудің түсінігі, түрлері және әдістері. Сот тергеу тәжірибесінде заңды дұрыс колдану үшін сот шешімдерінің және кұқық корғау органдарының нормативтік актілерінің маңызы.

1. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу 3 түрлі жолмен жүзеге асырылады:

2. Қылмыстық кодекстің  2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың  міндеттері болып:

1) Адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңдары мүделерін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңымен қорғалатын мүделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен азаматтық қауіпсіздікті қорғау, сондайақ қылмыстардың алдың алу болып табылады .

2) Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзгеде қылмыстық құқықтық ықпал етуші шаралары белгіленеді делінген.

Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың  міндеттері болып :

Қылмысты-құқық  принциптер - заң шығарушыға, ғылымға  құқық қорғау және қолдану органдары  мен азаматтарға қылмыспен қарсы  күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің  көрінісі болып табылады.

Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылданған  қылмыстық заңның құқық қолдану  тәжірбесінде де , заң нормаларын қабылдау саласында да үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше  құқықтық талаптардың жиынтығынан  құралады. Оның біріншісі - Республика Қылмыстық кодексінің халықаралық қылмыстық құқықтың жұрт таныған принциптері мен нормаларын басшылыққа алу болып табылады.

Конститутцияда  көрсетілген негізгі ережелерді қылмыстық заң сөзсіз басшылыққа алуы тиіс. Өйткені Конституцияның ең жоғарғы заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында  олтікелей қолданылады.(4-бап, 2-тармақ). Мысалы, Конститутцияның 15-бабының 2-тармағында өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заң мен  белгіленді, делінген. 17-бапта адамның  қадір-қасиетіне қолсұғылмайтыны, ал 16-бапта әркімнің жеке басының бостандығына құқы бар екендігі көрсетілген. Қылмыстық  кодекстің көптеген баптары осы  Конституциялық заңдарға негізделіп қабылданған.

Қылмыстық құқықтағы  негізгі мәселелердің бірі кылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының коғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылык шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу — қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уакытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқыныің сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.

Адамның құқыққа қайшы  мінез-құлкы белсенді әрекет күйінде  немесе әрекетсіздік күйде болуы  мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз  адамнын қылмыстық заң тыйым  салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік  актілер, нұсқаулар немесе арнаулы  жарлыктар, бұйрыктар бойынша өзіне  жүктелген міндетін орындамауы болып  табылады. Адамның қылмысқа қайшы  немесе оған қайшы емес мінез-құлқы  онын ойлау жүйелері арқылы, содан сон белгілі бір іс-әрекеттер аркылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалыкты катерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға кауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым жасалған.

Информация о работе Кылмыстык кукык