Құқық бұзушылықты қадағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 17:57, курсовая работа

Описание работы

Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi Iшкi iстер органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, iшкi iстер органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiне негiзделiп құрылады.
Iшкi iстер органдарының өзге де мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, лауазымды адамдармен және азаматтармен өзара iс-қимылы
Iшкi iстер органдары:
1) Өзге құқық қорғау органдарымен, соның iшiнде анықтама мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк органдармен;
2) қоғамдық тәртiптi қорғау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасайды.

Работа содержит 1 файл

кукык бузушылыкты кадагалау.doc

— 191.00 Кб (Скачать)

23) арнаулы және әскери тасымалдарды  ұйымдастыруға;

24) карантиндiк, санитарлық және  экологиялық iс-шараларды өткiзуге  қатысуға;

25) денсаулық сақтау мекемелерiне  шақыру бойынша келуден жалтарған маскүнемдiк, нашақорлық, уытқұмарлық, жыныс ауруларына шалдыққан немесе иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарды олардың ұсыныстары бойынша айдап алып келудi жүзеге асыруға;

26) иесiз қалған мүлiк пен қазыналардың  тиiстi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың қарауына берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шұғыл шаралар қолдануға; табылған және iшкi iстер органдарына тапсырылған құжаттардың, заттардың, құндылықтардың және басқа мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, оларды меншiк иелерiне қайтару не белгiленген тәртiппен сату жөнiнде шаралар қолдануға;

27) шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен, халықаралық ұйымдармен Қазақстан  Республикасының тиiстi халықаралық  шарттары негiзiнде ынтымақтастық  жасауға;

27-1) кәмелетке толмағандардың арасында қылмыскерліктің алдын-алу мақсатында: бас бостандығынан айыру орындары мен жабық үлгідегі арнаулы оқу орындарынан босатылғандардың; қылмыс жасаған кезінде заңға сәйкес жасы толған соң қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін жасқа толмағандардың; спиртті ішімдіктерді, есірткілік құралдар мен уытты заттарды қолданатындардың; әкімшілік жазалау шараларын қолдану көзделген өзге де құқық бұзушылықтар жасағандардың есебін жүргізуге және оларға ықпал ету шараларын қолдануға міндетті.

Iшкi iстер органдарының құқықтары

Iшкi iстер органдарының осыған  уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар  арқылы жүктелген мiндеттердi атқару  үшiн өз құзыретi шегiнде:

1) азаматтардан қоғамдық  тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды талап етуге, құқыққа  қарсы iс-қимылдар мен iшкi iстер  органдарының өкiлеттiгiн жүзеге  асыруға кедергi келтiретiн әрекеттердi тоқтатуды талап етуге құқығы  бар. Бұл талаптар орындалмаған жағдайларда тиiстi мәжбiрлеу шараларын қолдануға;

2) қылмыс пен әкiмшiлiк  құқық бұзушылық жасаған деп  сезiктелген жағдайда азаматтардың  жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын бақылау  iшкi iстер органдарына жiктелген  белгiленген ережелердiң сақталуын тексеруге қажеттi басқа құжаттарды тексеруге;

3) кез-келген жасалған  немесе әзiрленiп жатқан құқыққа  қарсы қарсы қол сұғу, соның  iшiнде олардың қарауына жатпайтындар  туралы арыздар мен хабарларды  қарауға, оларды тiркеуге, олардың  жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауiптi зардаптарға жол бермеу жөнiнде нақтылы шаралар қолдануға;

4) қылмыстарды анықтау,  тоқтату, ашу және тергеу кезiнде  басқа органдарға, ұйымдар мен  лауазымды тұлғаларға атқарылуы  мiндеттi тапсырмалар беруге;

5) азаматтарды iс жүргiзудегi  материалдар мен қылмыстық iстер  бойынша iшкi iстер органдарына  шақыруға, олардан түсiнiктемелер, құжаттар, олардың көшiрмелерiн алуға, жауап  алуға, сондай-ақ шақырғанда келуден  дәлелдi себепсiз жалтарған адамдарды  мәжбүрлеп алып келуге;

6) осы қызметтi реттейтiн  заңдарға сәйкес әкiмшiлiк iс  жүргiзудi жүзеге асыруға; хаттамалар  жасауға, әкiмшiлiк жазалау шараларын  қолдануға, тәртiп бұзушыларды  жеткiзуге, әкiмшiлiк ұстауды жүргiзуге, кiсiнiң жеке басын тексеруге,  сондай-ақ заттары мен құжаттарын тексеруге және алып қоюға;

7) құқық бұзған әскери  қызметшiлердi ұстауға және оларды  әскери коменданттарға, әскер бөлiмдерiнiң  командирлерiне немесе әскери  комиссарларға беруге;

8) егер оларды жедел  оқшаулау қажет болса, он сегіз  жасқа толмаған және құқық бұзған, сондай-ақ арнаулы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберілетін кәмелетке толмағандарды заңда белгіленген тәртіппен ұстауға және Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстап отыруға: 3-тен 16 жасқа дейінгі қадағалаусыз, сондай-ақ ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерді Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына жеткізуге және онда ұстап отыруға, одан әрі қорғаншылық және қамқоршылық орындарына беруге;

9) әкiмшiлiк қамауға  алынған адамдарды ұстауға;

10) Қазақстан Республикасының  заң актiлерiне сәйкес тексеру  материалдары, әкiмшiлiк және қылмыстық  iстер бойынша қажеттi зерттеулер  жүргiзуге;

11) қозғалған қылмыстық  iстер жөнiнде мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ ұйымдарда ақпарат пен материалдарды кедергiсiз және өтеусiз алуға;

12) заңдарда көзделген  жағдайларда белгiлi тұрғылықты  орны, құжаттары жоқ адамдарды  олардың жеке басын куәландыру  және кейiннен тиiстi органдар  мен мекемелерге (көшi-қон, медицина, әлеуметтiк және өзге де) беру мақсатында прокурордың санкциясымен отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауға және қабылдау-бөлу орындарында отырғызуға;

13) қоғамдық орындарда  адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық  имандылықты қорлайтындай мастық  күйде жүрген не айналадағыларғанемесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн,ал тұрғын үйде болып, қоғамдық тәртiптi бұзған адамдарды - олармен бiрге тұратын азаматтардың арыздары бойынша арнаулы медицина мекемелерiне не iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне жеткiзуге және оларда айыққанға дейiн ұстауға;

14) заңда көзделген  жағдайларда және тәртiппен қылмыстық  iс жүргiзу әрекеттерiн және  жедел iздестiру шараларын жүргiзуге, оларды жүргiзуге мамандарды тартуға,  дерек мәлiметтердi жинау және  зерттеу үшiн ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте мемлекеттiк және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғайтын мәлiметтер, сондай-ақ адамдардың жеке өмiрi, жеке басы мен отбасының құпиясы туралы мәлiметтер жария етiлуге тиiс емес;

15) қамауға алынған,  қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған, қылмыс жасады деп айып тағылған, әкiмшiлiк қамауға алынғандарды,сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдарды, олардыңжеке басын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, тiркеуге, фотосуретке түсiруге, дыбысын жазуға, кино және бейнекөрiнiске түсiруге, дактилоскопия жасауға;

16) құқық тәртiбiн қорғау  жөнiндегi мiндеттердi шешудi, соның iшiнде  әкiмшiлiк қадағалауға алынған  және ескерту арқылы ықпал  жасалуға тиiс адамдарды, әкiмшiлiк  құқық бұзған және оларды қайталап жасауы күшейтiлген жауаптылыққа әкелiп соғатын адамдарды есепке алуды қамтамасыз ететiн мамандандырылған есепке алуды, ақпарат жүйелерiн құрауға және пайдалануға, есепте тұратын адамдардың мінез-құлқын қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;

17) әкiмшiлiк құқық бұзу iстерi жөнiнде алдын ала тергеу, анықтама және iс жүргiзу барысында ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзуге;

18) адамдардың iшiмдiк,  есiрткi және психотроптық заттарды  қолданғандығын белгiленген тәртiппен  куәландыруға немесе оны жүргiзу  үшiн оларды медициналық мекемелерге жiберуге не жеткiзуге;

20) кiдiртуге болмайтын  жағдайларда қызмет мақсатында, қай жерде орналасқанына және  кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан  халықаралық және қалааралық  сөйлесуге кеткен шығындарды  өтей отырып, байланыс құралдарын пайдалануға;

20) өзге мүмкiндiктер  болмағанда меншiк нысанына қарамастан (дипломатиялық иммунитетi бар  шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен  халыәаралық ұйымдардан басқа)  жазатайым оқиғалар, дүлей апаттар  болған жерлерге бару және  жедел медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ кiдiртуге болмайтын өзге де жағдайларда, иелерiне залал келтiрiлген жағдайда оны өтей отырып, көлiк құралдарын пайдалануға;

21) iшкi iстер органдарының  қызметiн жария ету, қылмыстың  мән-жайын, сондай-ақ оны жасаған адамдарды анықтау үшiн, тергеуден, анықтама алудан және соттан бой тасалап жүрген адамдарды және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздестiру үшiн қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету барысында пайда болған өзге де жағдайларда мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгiн тегiн пайдалануға;

22) азаматтардың қауiпсiздiгiне  қатер төндiретiн қылмыс жасаған,  әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген  адамдардың iзiне түскен кезде  не ол жерде қылмыс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болса, сондай-ақ дүлей апаттар, күйреулер, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн азаматтардың тұрғын және басқа жайларына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, аумаққа және үй-жайларға (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiруге және оларды тексеруге хақылы. Азаматтарға тиесiлi тұрғын және басқа жайларға басып кiрген жағдайлар жайында осыған уәкiлдiк берiлген iшкi iстер органдары жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорды хабардар етуге;

23) азаматтардың жекелеген  учаскелер мен аумақтарға кiруiн шектеуге немесе оған тыйым салуға қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жедел iздестiру шаралары мен тергеу iс-әрекетiн жүргiзген кезде оларды белгiлi бiр орынды босатуға мiндеттеуге;

24) жергiлiктi атқарушы немесе басқа өкiлеттi мемлекеттiк орган өкiлiнiң ұйғаруымен, жиналысты, митингтi, демонстрацияны, шерудi, пикеттi, оның ұйымдастырушылары аталған шараларды өткiзу тәртiбi туралы заң талаптарын сақтамаған жағдайда, тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;

25) қамаудан қашқан  адамдарды iздестiруге байланысты  шараларды жүргiзген кезде өздiгiнен  бақылау-өткiзу пункттерiн орнатуға;

26) карантиндiк шаралар  жүргiзiлген кезде, сондай-ақ құрамында  есiрткi бар жабайы өсiмдiктер  жаппай өсетiн, балықтың құнды тұқымдарының уылдырық шашатын жерлерiне, ұлттық парктердiң, мемлекеттік қорықтар мен заказниктердің аумақтарына тиісті атқарушы органдар мен лауазымды адамдардың шешімімен бақылау-өткiзу пункттерiн орнатуға;

27) мемлекеттiк органдардың,  сондай-ақ ұйымдардың жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде қызметiн бақылауға және орындалуы мiндеттi ұйғарымдар беруге; автомобиль жолдарын, көшелердi, жол құрылыстарын, темiржол өткелдерiн, қалалық электркөлiгi желiлерiн, сондай-ақ автомотокөлiк техникасының жаңа үлгiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысуға; жол қозғалысы қауiпсiздiгiне, сондай-ақ көшелер мен жолдарды салуға және қалпына келтiруге қатысты ережелердiң, нормативтер мен стандарттардың, көлiк құралдарының конструкциялары мен жүргiзушiлер даярлау жөнiндегi оқу бағдарламаларының жобаларын келiсуге; техникалық жай-күйi жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн көлiк құралдарының пайдалануына тыйым салуға; ұйымдардың көлiк құралдарының, оларды пайдалануды жалғастыру жол қауiпсiздiгiне қатер төнгiзсе, ұйғарымдар орындалғанға дейiн, желiге шығарылуын тоқтата тұруға;

28) заңдарда белгiленген  тәртiппен және реттерде көлiк  құралдарын тоқтатуға және жүргiзушiлердiң  оларды пайдалануға және жүргiзуге  құқық беретiн құжаттарын, жүктер мен оларды тасымалдауға құқық беретiн құжаттарын тексеруге; мас адамдарды, көлiк құралдарын жүргiзуге немесе пайдалануға құқық беретiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа да жағдайларда, көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге; заңдарда көзделген негiздер бойынша көлiк құралдарын ұстауға және Ішкі істер министрлігі белгілейтін мәжбүрлеу тәртібімен оларды жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жасалған арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға уақытша сақтау үшін жеткiзуге, сондай-ақ көлік құралдарының жүріс бөліктерін жауып тастауға; көшелер мен жолдарда көлiктiң және жаяу адамдардың қозғалысын, сондай-ақ оларда жүргiзiлiп жатқан барлық жұмыстарды уақытша шектеуге немесе оларға тыйым салуға;

29) қажет болған жағдайларда  шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын тексеруде мемлекеттік өрттен қорғау қызметіне жәрдем көрсетуге;

30) төтенше жағдайларда  барлық тұрғын, өндірістік және  басқа да үй-жайларға бөгетсіз  кіруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға бағытталған өзге де шаралар қолдануға өртке қарсы күрес және апаттан құтқару қызметiнiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды меншік нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс және химиялық қорғану құралдарын тартуға, қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiруге өкiм жасауға; құтқару жұмыстарын жүргiзу және төтенше жағдайларды жою кезеңiне цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтатуға;

31) ұйымдарға Үкiмет  белгiлеген тiзбелер бойынша қару-жарақ, оқ-дәрi, түрлі-түсті бейнедегі көбейткіш-көшіргіш техниканы жарылғыш,күштi әсерi бар химиялық, есiрткi, психотроптық, улы және радиоактивтi материалдар мен заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге, ал азаматтарға - қару-жарақ пен оқ-дәрiнi сатып алуға, өзiмен алып жүруге және сақтауға, әкелуге, әкетуге рұқсаттар беруге; қару-жарақпен сауда жасайтын магазиндердi, атыс тирлерi мен стендтерiн, қару-жарақ жөндеу шеберханаларын ашуға рұқсаттар беруге;

31-1) қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ сотталған адамдарды және бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшін тергеу жүргізетін оқшау бөлмелер мен уақытша ұстайтын оқшау бөлмелер болуға;

31-2) әуе кемелері ұшуының, сондай-ақ жолаушылар поездарының, теңіз және өзен кемелерінің қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында авиажолаушыларды, поездардың, теңіз және өзен кемелерінің жолаушыларын және олардың теңдеме жүктерін тексеруді, оның ішінде үстеме тексеруді жүзеге асыруға; заңда белгіленген тәртіппен қаруды, оқ-дәрілерді, есірткілерді және алып жүруге тыйым салынған өзге де заттар мен нәрселерді алуға;

Информация о работе Құқық бұзушылықты қадағалау