Қылмыстық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 03:33, реферат

Описание работы

Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.

Содержание

I Кіріспе......................................................................................................3
II Негізгі бөлім
1.1. Қылмыстың көптігінің түсінігі...............................................................4
1.2. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі............5
1.3. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы.................................................7
а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы.............................................7
б) Қылмыстардың жиынтығы.................................................................8
в)Қылмыстардың айталануы..............................................................11 Қорытынды.................................................................................................14
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................16

Работа содержит 1 файл

кукык реф1.doc

— 107.00 Кб (Скачать)

    а) егер адам  бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы  орташа қасақана қылмыс жасағаны  үшін кемінде үш рет бас  бостандығынан айыруға сотталған  болса, осы адам қасақана жасаған  қылмысы үшін бас бостандығынан  айыруға сотталған жағдайда;

    ә) егер адам  бұрын ауыр қылмыс жасағаны  үшін екі ретбас бостандығынан  айыруға сотталса немесе аса  ауыр қылмыс жасағаны үшін  сотталған болса, осы адам жасаған  ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан  айыруға сотталған жағдайда;

    б) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда.

      Қылмыстың  қайталануының қарапайым, қауіпті  және өте қауіпті болып бөлінуінің  заң тұрғысынан алғандағы   мағынасы – ҚК-тің 59-бабының  екінші бөлігіне сәйкес, қайталанудың қандай да бір түрі орын алғанда, соттың жазаның мерзімі мен мөлшерін осы жасалған қылмыс үшін заң жүзінде көзделген ең қатаң жаза түрінің еі жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің шегінен төмен тағайындай алмайтындығында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III Қорытынды

     

      Сонымен, тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа қылмыстардың көптігі деп танылады.

      Жалпы  қылмыстың көптігі 3 түрге ажыратылады:

1) қылмыстың бірнеше  мәрте жасалуы;

2) қылмыстардың жиынтығы;

3) қылмыстың қайталануы.

      ҚК-тің  11-бабында Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы туралы жазылған.

1. ҚК-тің ерекше бөлімінің  белгілі бір бабында немесе  бабының бөлігінде көзделген  екі немесе одан да көп әрекетті  жасау – қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы деп танылады.

2.ҚК-тің Ерекше бөлімінің  түрлі баптарында көзделген екі  немесе одан да көп қылмыс жасауы ҚК-те арнайы көрсетілген жағдайларда ғана бірнеше рет жасалған деп танылуы мүмкін.

3. Егер адам бұрын  жасаған қылмысы үшін заңмен  белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық  жауаптылықтан босатылған болса  не адамның бұрын жасаған қылмысы үшін соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса, немесе мұндай қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетсе, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды.

4. Жалғасатын қылмыс, яғни бір ниетпен және бір  мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда  бір қылмысты құрайтын бірқатар бірдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс бірнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды.

5. Қылмыстардың әлденеше  рет жасалуы ҚК-те неғұрлым  қатаң жазаға әкеп соқтыратын  мән-жай ретінде көзделген жағдайларда  адамның жасаған қылмысы ҚК-тің Ерекше бөлімінің қылмыстарды бірнеше мәрте жасағаны үшін жазалауды көздейтін бабының тиісті бөлігі бойынша айқындалады.  

      Қылмыстардың  жиынтығына келетін болсақ, ҚК-тің  түрлі баптарында немесе баптарының  бөліктерінде көзделген, адам  солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердің белгілері ҚК-тің бір бабының немесе бабының бір бөлігінің неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса, әрбір жасалған қылмыс үшін ҚК-тің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.  ҚК-тің екі немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың белгілері бар бір іс-әрекет (әрекетсіздік) те қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, әрбір әрекеттің белгілері ҚК-тің бабының басқа әрекет үшін неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса, әрбір қылмыс үшін ҚК-тің тиісті баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Егер белгілі бір және нақ сол әрекет ҚК-тің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық ҚК-тің Ерекше бөлімінің арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.

      ҚК-тің  13-бабына сәйкес Қылмыстың қайталануы  бұрын қасақан жасаған қылмысы  үшін соттылығы бар адамның  қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.   Қылмыстың қайталануы:

а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін екі рет  бас бостандығынан айыруға сотталған  болса, осы адам қасақана жасаған  қылмысы үшін бас бостандығынан  айыруға сотталған жағдайда;

б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда қауіпті деп танылады.

Қылмыстың қайталануы:

а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшін кемінде үш рет  бас бостандығынан айыруға сотталған  болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас  бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, осы адам жасаған  ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда:

в) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда аса қауіпті  деп танылады.

      Он сегіз  жасқа толмаған адамның жасаған  қылмысы үшін соттылығы, сондай-ақ ҚК-те белгіленген тәртіп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді.  Қылмыстардың қайталануы ҚК-те көзделген негіздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады.

 

 

 

 

 

     

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. ҚР Конституциясы  1995 жылы 30 тамыз; 2007 жылы 21 мамырда өзгертулер  мен толықтырулар енгізілді.

2. ҚР Қылмыстық Кодексі  1997 жылы 16 шілде (№167-I); 2007 жылғы 15 мамырдағы №253-III енгізілген өзгерістер  мен толықтырулар енгізілді.

3. ҚР Қылмыстың құқығы  Жалпы бөлім Абдрашит А.А.  Алматы. Жеті Жарғы, 2001.- 134.

4. ҚР Қылмыстық құқығы  Жалпы бөлім Борчашвил И.Ш.  Алматы, 2001.

5. Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы  23 желтоқсандағы қаулысы.

6. Сб. Пост. Пленума Верховного Суда РК (Казахской ССР) 1961-1997. Алматы, «Санат», Т.1. С.220.

7. Куринов Б.А. Научные  основы и квалификации преступлений. М. МГУ. 1984, С.174.

 

 

 

 

 

                       

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Қылмыстық құқық