Даларпжозпекткл

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:58, реферат

Описание работы

«Криминалистика» пәнін оқытудың мақсаты қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, сот өндірісінде ақиқатты танудың жолдарын және құралдарын үйренген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау.

Содержание

Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)
3
Оқытушы туралы мәліметтер
5
Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері
5
Курстың мақсаты мен міндеттері
5
Оқу сабақтарының графигі
6
Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары
7
Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
10
СОӨЖ орындау және тапсыру графигі
12
СӨЖ орындау және тапсыру графигі
14
Тәжірибелік сабақтарды оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
15
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
16
Глоссарий
20
Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
20
Келісу, танысу, өзгерістерді тіркеу, мерзімді тексерулерді тіркеу парағы
21
Дәрістер тезисі
23

Работа содержит 1 файл

kriminalistika.doc

— 559.50 Кб (Скачать)

Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №17 Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын  тергеу әдістемесі

Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің  теориялық алғышарты. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы. Типтік тергеу ситуациялары, болжауалары және жоспарлануы. Қүш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері.

Адам  өміріне қылмыстық қол сұғушылықпен күрес жүргізудің маңызы, қылмысты дер уақытында  ашу мен оны жан-жақты тергеуде  ерекше орын алады. Адам өлтіру бойынша істің ашылмай қалуы, көбінде қылмыскерлердің қылмыстық әрекет жасау немесе оның ізін жасыру кезінде өте айлалы әдіс-тәсілдер  қолдануларына байланысты, әсіресе тергеу  барысында тергеушінің жіберген кемшіліктерінің, нақты айтқанда: оқиға болған жерге дер уакытында шықпауының (келмеуінің) немесе сол жерді қарау жұмыстарын  толық  немесе мұкият жүргізбеуінің, ғылыми-техникалық құралдар мен тактикалық тәсілдерді дұрыс қолданбауының салдарынан.

   Адам  өлтіру  қылмысын  нәтижелі тергеудің міндетті  шарттарына:  жедел-тергеу жұмыстарын  тез, әрі дер уақытында жүргізу; заттай дәлелдемелерді, сондай-ақ қылмыскерлердің оқиға болған жерлерде қалдырған іздерін – іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу үшін ғылыми-техникалык құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану; іс бойынша құрылған  болжауларды толық әрі  жан-жақты тексеру; жұмыс жасау кезектілігін  сақтай отырып, қолданылатын тәсілдерді дұрыс  таңдап алу; оларды  тергеу әрекеті барысында пайдалану шеберлігі жатады.

   Адам  өлтіру  қылмыстарын тергеу мен  ашу,  тәртіп бойынша күнделікті әрекет ететін топ құрамының  қызметкерлерінің топтық тәсілдерімен  немесе арнайы құрылған жедел тергеу топтарының  үздіксіз  жұмыс   сауларына байланысты  жүзеге  асырылады. Үздіксіз  әрекет  ететін жедел-тергеу  топ құрамына барынша тәжірибелі тергеушілер, маман-криминалистер,  дәрігерлер, жедел-іздестірушілер кіреді. Қасақана кісі  өлтіру бойынша жасалған қылмысты ашуға  байланысты  топ  құрғанда міндетті  түрде  әрбір кызметкерлердің мамандандырылу деңгейі,  біліктілігі  оның тәжірибелік  стажы мен  ептілігі ескеріледі. Жедел-тергеу топтарының жұмыстарындағы эдетте  кетіп жатқан (кездесетін) кемшіліктер, олардың құрамының әлсіздігі мен тұрақсыздығына, топ құрамы  мүшелерінің қасақана  кісі өлтіру қылмысымен байланысы жоқ басқа  шаралармен айналысуына, сонымен катар қажетті техникалык  кұралдармен,  жұмыс жасау үшін  ғимарат орындарымен, транспорт  құралдарымен қамтамасыз етілмеулеріне байланысты.

   Үздіксіз (күнделікті) әрекет ететін жедел-тергеу топтары оқиға болған жерге шыққан сәттен бастап қылмыскер анықталғанға дейін жұмыс жасаулары тиіс. Қылмыстық  әрекеттер  анықталғаннан  кейін, әрі қарай  қылмысты ашу жұмыстарын (әрекеттерін) тергеушілер  жалғастыруларына болады. Қылмыс қоғамдық ортаны дүрліктірітіндей ауырлататын жағдайда жасалған кездерде, тергеуді толык көлемде жүргізулері қажет.

   Адам өлтіру қылмысын тергеуде «ізі суымаған» қылмыстар бойынша жедел-іздестіру топтары  қылмыс болған жерлерге, пәтер-аулаларға жаппай тексеру жұмыстарын жүргізу жолымен іздестіру шараларын жүзеге асырады. Арнайы құрылған кестеге  байланысты  шешілетін сұрақтар тізімін тексеру кезінде жиналған  мәліметтер  мен  іздестірудегі тұлғаның  жүрген  жері  бойынша кұрылған кестені  көзделген  мақсатқа  сәйкес талдау  қажет.  Қажет болған жағдайларда жәбірленуші мен қылмысқа сезікті (қылмыс жасауы мүмкін деп жорамалданған) тұлғаның іс-әрекеттеріне (хронаметраж  әдісімен) бақылау жұмыстарын жүргізу керек, оқиға болған жердегі ауданда куәлар мен оқиғаны көзімен көрушілердің жүру мүмкіндігін ескеру кажет.

   Адамның жеке басына карсы жасалатын қылмыстың ішінде ең ауыры адам өлтіру қылмысы болып табылады. Бұл қылмысты ашуда кездесетін қиыншылықтар айтарлықтай үлкен жұмыс көлемін талап етеді, сондықтан адам өлтіру жөніндегі істі жоғары санаттағы күрделі қылмыс қатарына жатқызады.

   Адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсілдерінің әртүрлілігі, олардың себептері және мақсаттары, қылмыскердің пайдаланылатын қарулары және  амалдардың ерекшеліктері, қылмыстарды жасаудың орны және уақытының ерекшеліктері оларды тергеудің жалпы әдістемесінде кісі өлтірудің әртүрлі түрлерін тергеудің ерекшелігін көрсететін бірқатар жеке әдістеменің бар болуымен байланыстырылган. Соңғыларына қылмыстың типтік ситуациясына байланысты: атыс-қаруларын, жарылғыш заттарды, кесіп-жаншитын заттарды пайдаланып  жасалған  кісі өлтірулер, мәйітті бөлшектеумен, бүркемеленген (инсценировка) кісі өлтірулер;  пайдақорлық,  бұзакылық  ниетпен  және т.б.

көлікте, төбелесте жасалған кісі өлтірулер жатқызылуы мүмкін.

   Қылмыстық  істі  қөзғау  кезіндегі тергеушінің  қолындағы   алғашқы мәліметтердің сипаты мен көлеміне байланысты қылмыстарды шартты түрде мынандай  үлкен екі топқа бөлуге  болады:  1)  кісі өлтіру  анық жағдайда жасалған; 2) кісі өлтіру анық емес (белгісіз) жағдайда жасалған.

Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала  студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

 Тақырып №18 Алаяқтық және қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі

Алаяқтық қылмысының криминалистикалық  сипаттамасы. Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы. Кейінгі тергеу әрекеттері.

Қорқытып алушылық қылмыстарының  криминалистикалық сипаттамасы. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.

Алаяқтық қылмыстары  азаматтық  қуқықтық мәмілелермен немесе  каржышаруашылық операциялармен бүркемеленіп жасалған жағдайларда анықтама органдары тергеуге дейінгі келесідей тексеру жұмыстарын жүргізеді: құжаттар мен нормативтік актілерді талап ету және тексеру, жәбірленушіден, сезіктіден және т.б. түсініктемелер алу, ревизия тағайындау, мамандармен кеңес жүргізу. Осы жұмыстармен қатар жедел-іздестіру шараларын да жүргізеді.

   Алаяқтық  қылмыстарды тергеудің алғашқы  мазмуны  бастапқы  тергеу ситуациясына  байланысты құрылады.  Қылмыскердің  жеке  басы  туралы мәліметтерді негізге ала отырып, тергеу  ситуациясын торт категорияға бөліп

қарастыруға болады.

   1. Алаяқ белгілі, ол алаяқтық әрекет жасау үстінде немесе оны жасап біткен соң ұсталды.  Мұндай жағдайларда тергеу әрекеті келесідей  кезектілікпен жүргізіледі: сезіктіні жеке тінту және одан жауап алу; тінту кезінде алынған

заттай дәлелдемелерге қарау;  оқиға  болған  жерді қарау; жәбірленуші мен куәлерден жауап алу.

   2. Алаяқ белгілі, бірақ ол тергеуден бой тасалап жүр.  Бұл тергеу ситуациясындағы негізгі мәселелердің бірі алаяқты іздестіру. Жәбірленушіден,  куәдан жауап алу, заттай дәлелдемелерді қарау-тергеу әрекеттерінен басқа да келесідей

әрекеттер жүргізіледі: ішкі істер органдары бөлімшелерінің сезіктіні іздестіруге байланысты бағыты анықталады; жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылады; сезіктінің жеке басын  және  оның  болуы  мүмкін  жерлерді анықтауға байланысты шаралар қолданылады.

   3.  Алаяқ белгілі,  бірақ оның  әрекеттері  бүркемеленіп  заңды мәмілелер ретінде көрсетілген. Мұндай  ситуацияларда  сезікті  жүргізген әрекеттердің сипаты мен қүқыктық негіздерін анықтай отырып,  төмендегідей зерттеулер жүргізіледі: алаяқтық арқылы жасалған келісім туралы кужаттарды қарау және алу, осыған қатысты лауазымды адамдарды анықтау мен олардан жауап алу, бұл операцияларды реттейтін заңдарды қарастыру.

   Алаяқтық әрекеттерін жасыру мақсатымен заңцы тұлғалардың (акционерлік коғамдар, жауапкершілігі шектелген серіктестіктер, жеке кэсіпорындар және т.б.)  шаруашылық  қызметін   тексеру керек.  Сонымен қатар,  тексерілетін фирманың  жарғылық  және  өзге  де  құжаттарын  алу   және  зерттеу; инвентаризация мен ревизияны тағайындау; жұмыс орындарын қарау  немесе тінту;  салымшыларды  анықтау және  олардан  жауап алу (жеке адамдардан инвестиция  ретінде  жиналған   ақша  қаражаттары   орынсыз  жұмсалса); фирманың мүлкін,  қаражатын және құнды заттарын  іздеу; банктік есептеріне тыйым салу.

   4.   Алаяқ  белгісіз.  Мұндай жағдайда тергеуші:  жәбірленушіден, мүмкін куәлардан жауап алады; субьективті портрет құрастырады; криминалистикалық тіркеу арқылы ашылмаған алаяқтық қылмыстарын жасалу тәсілі бойынша және осыған  уқсас  жолмен жасалған қылмыстарды жасаған  қылмыскерлерді аты-жөні  бойынша іздестіру  шараларын  жүргізеді;  жедел-іздестіру  шараларын жүргізуді ұйымдастырады.

   Тергеудің   бастапқы  кезеңінде   келесідей  жалпы  типтік  болжаулар ұсынылады:

   •   алаяқтың қылмысы арызданушының хабарлаған  жағдайларындағыдай жасалған;

   •   алаяқтық қылмысы орын алмайды, қылмыстың басқа түрі (қорқытып талап ету, шабуыл жасап тонау және т.б.) жасалған;

   •   азаматтық-куқықтық мәміле заңды түрде жасалған (заем,  айырбастау, сату-сатып алу).

   Осы  үш  ситуацияның ақпараттық негізін  талдау  нәтижесінде  жалпы болжаулар құрып оны тексеру қажеттілігі туындайды, яғни алаяқтық қылмысы шынымен бастапқы алынған мәліметке байланысты жасалған ба,  сондай-ақ алаяқтылықты  инсценировкалау әрекеті болуы мүмкіндігін анықтау. Жеке болжаулар әдетте, міндетті түрде  қылмыскердің жеке басын, оның  жүрген жерін анықтау мен бурынғы ашылмаған ұрлық қылмысын жасаулары мүмкіндігі жайлы мәліметтер алумен, мүлкі үрланған мекемелердің қызметкерлері мен қылмыскерлердің байланысын, қылмыс жасаған  жері  мен оған  келтірген зиянньщ мөлшерін анықтаумен байланысты құрылады.

   Төртінші  ситуация  негізінен алаяқтың жеке басын анықтау максатында, оның бурыңғы қылмысқа катыстылығы  және оның осыған ұқсас жолмен жасалған ашылмаған қылмыстарына қатысының болу мүмкіндігі анықталады.

   Аталған санаттағы қылмыстық істер бойынша дәлелденуге жататын мән- жайлар: 1) алаяқтық қылмысы жасалды ма (орын алған ба); 2) қылмысты жүзеге асыру орны, уақыты, жағдайы,  тәсілі; 3) қылмыстық ниеттің болуы; 4) қылмыстық қол  суғылган  зат (нені иеленіп алды), алаяк қанша мөлшерде ақша заңсыз  алды;  5° алаяқтық  кімге  қатысты  жасалған (мемлекеттік  немесе қоғамдық ұйымдарға,  коммерциялық  құрылымдарға, жеке  тұлғаларға); 6) қылмыскерлердің жеке басы туралы мәліметтер  (жұмыс орны,  еңбек  ету сипаттамасы, сотталғандығы, қылмыс жасау ниеті мен тәсілі, бурын жасалған қылмыстағы,  қылмыстық топтағы  рөлі); 7) алаяқтық  топ  және  басқа да қылмыстық әрекетке қатысушылар туралы мәліметтер (құрамы, саны, техника мен  және қарумен қамсыздандыруы,  сыбайлас  жемқорлармен  байланысы, мамандандырылуы); 8) жәбірленушінің жеке басы, алаяқпен байланысқа түсу жағдайы туралы мәліметтер; 9) алаяқтык жасауға себеп болған мән-жайлар.   Алаяқтық қылмысы  заңды тұлғалардың инсценировкалауымен  жасалған жағдайда келесі  мән-жайлар  анықтауға жатады: мұндай тулганың құқықтық

 мәртебесі  және  ұйымдасқан-қуқықтык формасы,  мәміле мен  операцияны жүргізетін лицензиясының бар-жоқтыгы; бағалы қагаздар шыгару тәртібі мен валюталық, кедендік және басқа да заңдылықтардың сақталу тәртібі және т.б.

Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала  студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып № 19 Экономика  саласындағы қылмыстарды тергеу әдістемесі

Экономикалық қызмет саласындағы  қылмыстарды тергеу барысында тергеушінің  ІІМ-нің басқа қызметтерімен өзара  әрекеттестігі. Келесі тергеу әрекеттерінің тактикасы.  Сараптама түрлері мен оларды тағайындау реті. Қылмыскерлер қимылынан келген материалдық залал мөлшерін анықтау. Нақтылы кәсіпкерлік салалардағы экономикалық қызмет шеңберіндегі қылмыстарды тергеу ерекшеліктері . Қылмыстың жасалуына итермелейтін жағдайларды анықтау және жою.                                               

Экономика саласына байланысты жасалатын  қылмыстардың кримина-листикалық сипаттамасы  төмендегідей ерекшеліктерден тұрады:

  1. Экономика саласында жасалатын қылмыстар – мүліктік қатынастарға бағытталған  нақты бір материалдардағы (өндірістерге, зауыт, фабрика, акциялар мен ақшалай қаражаттарына, мұнай мен газ өнімдеріне, астық және дайын өнімдерге) қол сұғушылық болып табылады;\
  2. Экономика саласына байланысты белгілі бір жоғары білімі бар  кез келген экономикалық қылмыстарды жасаған субъектілер, бұл қылмыстарды көбінде осы салаға байланысты бір лауазымды құзыреттілік берілген тұлғалар жасайды;
  3. Экономикалық қылмыстарды жасау жағдайларына байланысты. Бұл қылмыстар міндетті түрде нақты бір шаруашылық ортасында, атап айтқанда: өнеркәсіптік немесе ауылшаруашылық, сонымен қатар сауда орындарында, кәсіпорын немесе офис, банк, фирмаларда және т.б. жасалады. Бұл жерде міндетті түрде мынадай операциялар жүргізіледі – қаржылық және материалдық есеп-шоттар, мұнда міндетті түрде мамандар, қызметкерлер және сол сияқты басқа да тұлғалар болуы тиіс;
  4. Барлық шаруашылық және қаржылық операциялар тиісті құжаттармен рәсімделеді. Сондықтан да қылмыскердің экономикалық қылмыстардан көрініс табатын кез келген әрекет немесе әрекетсіздіктері әрқашан да жазбаша ресми құжаттарда электрондық түрде немесе мәлімет беретін  құжаттың алғашқы нұсқасында бекітіледі. Мұнда қылмысқа қатысты кез келген құжаттар нақты дәлелдемелер болып табылады.
  5. Экономикалық қылмыстар негізінен жасырын (латенттік) сипатта жасалады. Қылмыскердің білімділігі – қылмыстың ізін жасыруңа байланысты әр түрлі шараларды ойлап табуына, оларды қамтамасыз етуге алдын ала әр түрлі айла- әдістерді, әрекеттерді жасауына мүмкіндік береді. Сондықтан да қылмыстық істі қөзғауға байланысты нақты әрі толық негіз алу үшін көп жағдайларда тергеу әрекеті  жүргізілмес бұрын алдын ала тексеру жұмыстары жүргізілуі тиіс.
  6. Қылмыскердің жасаған әрекеттері бірнеше қылмыс түрлерімен байланысты болады. Мысалы: несиені заңсыз алу қылмыстары жалған кәсіпкерлік қылмыстарымен байланысты болуы мүмкін.
  7. Экономка саласындағы қылмыс көбіне ұйымдасқан түрде жасалады. Қылмыстық әрекетке қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топ, сонымен қатар мемлекеттік қызмет деңгейіндегі құқық қорғау қызметкерлері қатысады. Кейде экономика саласындағы қылмыстарды ұйвмдасқан топ болып жасауға жоғары қызметтегі шенеуніктер қатысады.

Информация о работе Даларпжозпекткл