Қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаны жан жақты дамытудың қажеттілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 11:50, реферат

Описание работы

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Работа содержит 1 файл

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев.docx

— 33.95 Кб (Скачать)

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Отбасы және балалық шағы

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай  ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге  келген.

Қызмет жолы

1960 жылы Днепродзержинск  техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды  металлургия комбинатына қарасты  жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия  комбинатында қатардағы жұмысшы  болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960—69 жж. — Қарағанды  металлургия зауытында жұмыс  істеді.

1969—73 жж. — Қарағанды  облысы Теміртау қаласындағы  партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың  партком хатшысы.

1977—79 жж. — Қарағанды  облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

1979—84 жж. — Қазақстан  КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984—89 жж. — Қазақ КСР  Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989—91 жж. — Қазақстан  КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде  тұңғыш рет Қазақстан Республикасы  Президентінің жалпыхалықтық сайлауы  өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1999 ж. қаңтардың 10-ында  өткен жалпыхалықтық сайлаудың  нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде  сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан  Республикасының Президенті болып  қайта сайланды.[1]

Оппозиция Назарбаевті келіспеушілікті  басты деп айыптады. Ол жеңген президенттік сайлауды Қазақ оппозициясы және батыс бақылаушылары қатты сынга алып, сайлау демократиялық стандартарға сәйкес келмеді деді.[2]

Егемендік. Президент

Ғылыми еңбектері

Кітаптары

Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:

«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),

«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),

«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),

«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как  суверенного государства» (А., 1992),

«Стратегия ресурсосбережения  и переход к рынку» (М., 1992),

«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),

«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),

«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),

«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),

«Тарих толқынында» (А., 1997),

«О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),

«Стратегия трансформации  общества и возрождение евразийской  цивилизации» (М., 2002),

«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),

«Сындарлы он жыл» (А., 2002),

«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

Өлеңдері

Дәйексөздері

“Қазақстанның болашағы —  қазақ тілінде.”

“Кеше болмағанның бүгін  болуы мүмкін, бүгін болмағанның  ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық­тарға соқтыратыны сөзсіз.”

“Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”

“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”

“Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды  да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”

Нұрсұлтан Назарбаев атында

Нұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті пен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.

Реформалары

Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.

1992 жылдың басында Назарбаев  «Қазақстанның егеменді мемлекет  ретінде қалыптасуы мен даму  стратегиясын» әзірлеп, елдің  ішкі және сыртқы саясатының  бағыт-бағдарын айқындады.

Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық  тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.

Назарбаевтың «Қазақстан-2030»  стратегиясы мемлекет дамуының басым  бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.

Назарбаевтың экономист  және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен  қарқынды экономикалық ынтымақтасуға  игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.

2011 ж желтоқсан айында  Маңғыстау оқиғасы орын алды. ВВС-дің айтуы бойынша бұл Назарбаевтің билікте болған уақытындағы оппозицияның ең үлкен қозғалысы. 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Жаңаөзен мұнай қаласында мемлекеттің Тәуелсіздік Күніне орайы демонстрацияғы шыққандар мен полиция қызметкерлерінің арасында қақтығыс туды. Қарулы күштер қару қолдану салдарынан 15 адам оққа ұшты, 100 астам адам жараланды.

Назарбаевтың  бастамасымен ашылған оқу орындар

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

Қазақстан менеджмент институты

Экономика және болжау институты

Қожа Ахмет Йассауи  атындағы Қазақ-түрік университеті

Н. Гумилев атындағы Еуразия  университеті

Ұлттық Мемлекеттік заң университеті

Назарбаев Университетi

Назарбаев Зияткерлік Мектебі

бірқатар лицейлер мен колледждер

Президенттік «Болашақ»  бағдарламасы іске асуда, ол бойынша  жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

Басқа лауазымдары мен мансаптары

Экономика ғылымдарының докторы (1993)

ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының  төрағасы

Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы

ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы

Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық  инженерлік академияның, Ресей Федерациясы  әлеуметтік ғылымдар академиясының  академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ  мемлекеттік ұлттық университетінің  құрметті профессоры. Беларус ғылым  академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі –  ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.

Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен  оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.

«Қазақстан - 2050»  стратегиясы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Осы аптада Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына  арналған салтанатты жиында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.

Тәуелсіздіктің салтанатты мәжілісі елордадағы қазақ мәдениетінің ең биік тұғырына айналған, теңдесі  жоқ өнер ордасы - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында тұңғыш рет өткен болатын. Яғни, Астанадағы сәулетті әрі ғажайып мәдениет ордасының шымылдығы Қазақстанның жаңа стратегиялық бағдарын айқындайтын Жолдаумен ашылды.

Елбасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиындағы сөзін ең алдымен еліміздің өткен тарихынан бастады. «Өткен күннен алысы жоқ, келер күннен жақыны жоқ» деген бабалардан қалған сөз бар. Тәуелсіздіктің 20 жылдық көкжиегінен көз жіберетін болсақ, біз ғасырларға татитын тарихи жолдардан өттік. Осыдан 21 жыл бұрын әлем жұртшылығы тәуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстан Республикасын былай қойғанда «қазақ» деген халықтың бар жоғын әлі танып білмейтін еді. Бүгінде әлем таныған, күллі дүние жүзі мойындаған Қазақстанның 21 жыл бұрынғы жағдайы дәл осындай болады деп сенудің өзі шынында да қиын еді. Бірақ, бұл бәріміз куә болған ақиқатты дүние. Содан бері 21 жылда ұланғайыр ұлы табыстарға қол жеткізе алдық», - деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, Президент ел дамуының берік іргетасы қаланып, Ата заңымыз қабылданғанын, жаңа заңнамалық жүйе қалыптасқанын айтты. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдары айқындалып, Тәуелсіздіктің төл перзенті, барша жұртшылық таңғалатын Астана салынғанына тоқталды. «Осылайша, Қазақстан қазір жаңғыру кезеңін артқа тастап, жаңа кезеңге аяқ басты. Дәл осы белес жаңа замандағы жаңа Қазақстанның орнын анықтады», - деді салтанатты жиынды ашып сөз сөйлеген Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан әрі Мемлекет басшысы елдіктің ендігі міндеті - егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтап, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру екенін айтты. Яғни, басты мақсат - 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

Осы ретте Елбасы 2050 жылға  дейінгі стратегияға тоқталмас  бұрын «Қазақстан-2030» құжатында  қамтылған басымдықтардың орындалуына, оның ішінде  7 бағыт бойынша атқарылған шараларға көз жүгіртті.  Оның біріншісі Ұлттық қауіпсіздік. «Біздің алдымызда Қазақстанның тұтастығын сақтай отырып дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарлағаннан да асыра орындадық. Тұңғыш рет тарихта біздің  мемлекет  халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді. Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді бақылауда ұстайды. Болашақта кез келген аумақтық  даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға  көршілермен  даулы аумақтар қалдырған жоқпыз. Біз  адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Елбасы тоқталған екінші басымдық ішкі саяси тұрақтылық пен  ұлттық бірлік. Бұл бағытта Қазақстан  өзінің саясатын нығайтып қана қоймай, әлемдік қауымдастыққа үлгі ел ретінде саналатыны да бекер емес. Қазақстан бүгінде  мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналғаны белгілі. Әлемдік және  дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі  нақ біздің елімізде  өтті. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «ХХІ ғасырда Қазақстан Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен өзара іс-қимылының  көпірі болуға тиіс» деп атап өтті. «Қазақстан-2030» Стратегиясында  басты назар экономикалық өсуге аударылған болатын. Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі  1997  жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы  28 триллион теңгеге  өсті. Елдің ІЖӨ  16  еседен астам өсті.  1999 жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл сайынғы  өсуі  7,6%-ды құрап,  алдыңғы қатарлы  елдерді басып озды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Стратегиядағы тағы бір басымдық - ел азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын арттыру болатын. Мұнда да атқарылған жұмыстың нәтижесі көзге бірден түседі. Мәселен, орташа  айлық жалақы 9,3  есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің  орташа мөлшері 10 есе ұлғайды.  Халықтың нақтылы ақшалай кірістері  16  есе өскен. Соңғы 15 жылда халықтың саны  14 млн-нан 17 млн. адамға дейінгі өсімі де соның айғағы.

Информация о работе Қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаны жан жақты дамытудың қажеттілігі