Кедендік бақылаудың қағидалары нысаны

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:29, реферат

Описание работы

Европа тәжірибесіне жүгінсек, Еуропалық қауымдастық 1990 жылдың мамырынан бастап Қауымдастық бірыңғай Кеден Кодексін талқылауда. Оның ережелері Қауымдастықтың қазіргі «Кеден заңының» мазмұнында бар. Осыған орай, Кедендік Кодекс ұлттық заңдарда көрініс таппаған нормаларды қамтуы екіталай.
Еуропада ортақ Кеден Кодексінің қабылдау мүмкіндігі заңды орта сыртқы шекарада қолдануға шақырылған 12 кедендік басқарманың оған бейімделуі масатында шаралар қабылдануда. Мысалы, 1989 ж. оған мүше мемлекеттердің кеден қызметкерлерін дайындау шаралары жүргізіле бастады.

Работа содержит 1 файл

Дәріс 7.doc

— 57.00 Кб (Скачать)

                                                         Дәріс 7

                           Кедендік бақылаудың қағидалары  нысаны.

 

Европа тәжірибесіне жүгінсек, Еуропалық қауымдастық 1990 жылдың мамырынан бастап Қауымдастық бірыңғай Кеден Кодексін талқылауда. Оның ережелері Қауымдастықтың қазіргі «Кеден заңының» мазмұнында бар. Осыған орай, Кедендік Кодекс ұлттық заңдарда көрініс таппаған нормаларды қамтуы екіталай.

Еуропада ортақ Кеден  Кодексінің қабылдау мүмкіндігі заңды  орта сыртқы шекарада қолдануға шақырылған 12 кедендік басқарманың оған бейімделуі масатында шаралар қабылдануда. Мысалы, 1989 ж. оған мүше мемлекеттердің кеден қызметкерлерін дайындау шаралары жүргізіле бастады.

Көрсетілген шаралар  Кеден одағына қатысты атқарушылық  қызметтер жүктелетін ұлттық кедендік мемлекеттерге, ұлттық қызметкерлерге қатысты болады.

1999 жылдың қаңтарында  ортақ волюта енгізілді және  оның мәртебесі ұлттық валютаны  алмастыратындай дәрежеде болғандығын  атап өткен жөн.

ТМД елдерін сомдық аймақта  сақтап, ұлттық валюта ретінде сомды енгізу туралы Қазақстан ұсынысы қабылданбады, бұл жағдай ұлттық валюта енгізуге әкеліп сотырды. Яғни, біріктірудің (интеграцияның) қазіргі деңгейде көрінетін жаңа мемлекеттердің экономикалық бөлектенуі болып жатты. ТМД аймағында рәсімделген саяси ұсыныстар ең жоғары деңгейде қабылданғаны мен, бәрінен бұрын экономикалық кедергілерге (барьерлерге) кездесіп отырады. Жаңа құжат 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден Одағы мен бірыңғай экономикалық кеңестік туралы келісім-шартта ерекшелік болып табыла алған жоқ. Бұдан әрі, барша қауымдастық халықаралық істерге қатысуы туралы біршама дербес шешім қабылдай алуы мүмкін еуропалық органдардың айтарлықтай дербес құқықты статусын атап өткіміз келеді. Кеден одағына қызметтендірудің негізгі тәсілдеріндегі түбірлі айырмашылық – осы бірлестіктің бастапқы түсінігі мен анықтамасы болуы мүмкін.

1957 жылғы Рим келісімінде  Еуропадағы Кеден Одағына «бірнеше аумақты бір кедендік аумақпен алмастыру» деп анықтама берген. Осы анықтама негізінде барлық саладағы өзара қарым-қатынастар құрылған.

ТМД егеменді мемлекеттер  бұл түсінікке көбіне егемендікпен қауіпсіздік элеметтерінен туындайтын біраз өзгеше мән қосуы мүмкін. Егер, мұндай «психологиялық» және басқа кедергілер жеңіп шыққан болса, бірлестіктің қызметінде жағымды өзгерістерді күтуіміз мүмкін.

Өкілеттілік жөніндегі  мәселелер ТМД органдарында интеграциялық  процестердің жаңа лебін бере алады. Ұлт үстемдігін жүргізуші органдардың (под национальные органы) құруы  туралы да өз уақытында мәселе көтерілген. Соған қарамастан, ұлттық заңдардың гормонизациясына тек мемлекет ішіндегі заңдардың кодификациялық жұмысы сәтті жүргізілгенде ғана рұқсат етіледі.

Үйлесу механизімін  кең түсінік тұрғысынан алғанда, халықаралық стандарқа сай ұлттық кодификация арқылы түсіндіруге  болады.

Үйлестіру механизімін оның кең түсінігінде ұлттық заңдарды халықаралық стандарттарға үйлестіре (одан әрі үйлесімдендірудің шектерін анытаумен) кодификациялау арқылы сондай-ақ кедендік бірлестік (одақ) арқылы бірінші кезекте Экономикалық Одақ пен ТМД басқа да бірлестіктерді қызметтендіруді қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын бірлесіп дайындау арқылы жүзеге асыруымыз мүмкін.

ТМД органдарына реформа  жүргізу мәселесі бірнеше мәрте  көтерілген. Дегенмен, оған қосымша өкілеттіліктер берілмегендіктен, ол жоғары нәтиже бериейді.

Ұлттық актілерде мемлекетаралық органдарға қосымша құқық мүмкіндіктерін беру байқалуы керек. Ол интеграцияның  және жалпы шындықтың мағынасына сай, сондай-ақ қабылданған шешімдерге баылау жасауға мүмкіндік берер  еді.

 

Кеден саласының  саяси – құқықтық аспектілері.

Мемлекеттік басқаруда  кедендік қамтамасыз етудің

мүмкіндіктері мен болашағы

 

Қазақстандық кеден  заңдарында кезесетін «кеден ісі», «кеден саясаты» сияқты құқықтық категорияларолардың  өзара қарым-қатынасы мен кеден  құқығындағы орнын анықтап беруді қажет етеді.

Бұл категорияларды мағынасын қарай  кеден құқығындағы біріккен құқық  материялдары ретінде анықтау керек.

Олардың өзгешелігі кеден  саясатының мемлекетінің сыртқы және ішкі саясатының құрамдас бөліктеріне  жатқызылуымен түсіндіріледі, бұл кеден саясатын жалпы кеден саласымен тепе-тең қояды.

Кеден ісін мемлекеттік  белгілі бір мақсаттарға жеткізудің құралы ретінде қарастырады (8-тақырыпты  қараңыз).

Кеден саясатымен кедендік құқықты қоса алғандағы кеден  саласы мемлекеттік басқарудың жаңа бір саласы іспеттес (9-сур. қараңыз).

Кеден саласын қабылданатын саяси және экономикалық шараларға  әсер етуге тиіс мемлекеттік құрал  ретінде қарастыру керек. Егер оған мемлекеттік деңгейдегі екінші элемент  ретінде қарауды жалғастырсақ, кеден  саласы аморфты жағдайын сақтап қалады және өзгерістерге дер кезінде ықпал ете алмайды.

Кеден ісі Президентінің «ҚР кеден ісі туралы» Заң күші бар жарлығының 1-бабына сәйкес төмендегі элементтерден тұрады: ҚР кеден аймағы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің тәртіптері мен шарттары: кедендік баылау және кеден саясатының басқа түрлері; кеден органдарының ұйымдастырушылық – құқықтық негіздері.

Осыц кадификациялық құқықтық нормативтік  акт қабылданғанға дейінгі кеден  ісінің мазмұны тар ауқымда еді (1 және 3 суретті қараңыз).

Кеден ісінің құрылымынан кеден  саясатын бөліп қарау маңызды  құқықтық мәселе болып табылады. Кеден  саясатын жүзеге асыру механизімінде  әр мемлекеттік органға және олардың  жауапкершілігіне қатысты. Үкіметтік  деңгейдегі бағдарламаларды қабылдау талап етеді.

Кеден органдары тек атқарушы орган  ретінде қалмай, рынок канектурасына  талдау және болжау жасауға,таривтік және таривтік емсе шаралардың реттелуіне қатысуы керек.

Кеден саласының шегін анықтау  – маңызды мәселелерінің бірі. Кеден саясатында кейбір мақсаттарға басқа мемлекеттік органдардың іс-әрекеті арқылы қол жеткізілетін болса да, кеден органдарының үкілеттік мәселесін қосқанда, кеден ісінің мүмкіндіктері жеткіліксіз. Егер бұған эканомикалық қауіпсіздікті іс жүзінде қамтамасыз ету мәселесін қоссақ, кеден ісін кемелдендіруге тура келеді.

Кеден одағын сәтті құру кеден ісінің мазмұнына сапалы өзгерістер алып келеді. Ол әсіресе бірыңғай тарив  құрудан, кедендік қыметті басқарудың бірыңғайлығынан, эканомикалық кеңістіктегі еркін сауда және білім алу тәртібіне байланысты бірыңғай кеден аумағын құрудан көрінеді.

Кеден заңдылықтарына сүйенсек Қазақстанның кеден аумақтарына: құрлық аумағы, су аумақтары, ішкі сулар, ауа  кеңістігі, теңіздік ерекше аймақтардағы жасанды аралдар, кешендер, басқа  да объектілер кіреді. Сонымен қатар, заңда кеден аумағынан тыс кеден аймақтары мен еркін қоймалар қарастырылған.

Кедн саласында  экономикалық және әкімшілік шараларды қолдану  дәстүрі бар. әкімшілік шараларына тарифтік емес реттеу тетіктерін жатқызуға  болады. Олардың санатында – лицензиялау, квота енгізу максималды және минималды бағам өлшемін анықтау, сертификаттар, тауарлармен көлікті кіргізу мен шығаруға қойылған шектеулер жатқызылуы мүмкін.

Лицензиялаумен квоталау мемлекеттің экспорт және импорт операцияларын бақылау жүйесіне жатады. Бұл екеуі 1995 жылға дейін кең қолданыста болған (кеден құқығы дамуының 1-ші кезеңі).

Қазақстанда 1995 жылдан бері жүргізілген  сыртқы экономикалық қызметті либерализациялау негізгі кедергілерді жойуға бағытталды. Оның ішінде кедендік кедергілерде бар. Ондағы мақсат стартегиялық маңызы бар шикізат экспортын реттеумен экспорттық-импорттық операциялардан түскен валюталық қаражаттарды бақылау болып табылады.

Осы ретте кеден қызметі  кедендік тарифтер кедендік құжаттарды жетілдірумен реттеуді жеңілдетуге байланысты нақты ұсыныстар жасау тиіс. Бұл ұсыныстар кеден құқығымен бақылауға және жалпы жүйеге нұқсан келтірмеуді көздеуі тиіс.

Мемлекеттің стандарттаумен сертификаттауға қоятын талаптары  импортпен экспорт жүйесін реттеудегі әлемдік талаптарды ескере отырып жасалады. Қазақстанда сертификаттаудың міндетті және ерікті деп аталатын екі түрі қабылданған (1993 жылдың 18-ші қаңтарында қабылданған «стандарттаумен сертификаттау туралы» Заңды қараңыз).

Үкімет тарапынан міндетті түрде сертификаттауға жататын тауарлар санаты жасалады. Соған сәйкес кеден қызметі бақылау жүргізеді. Импортталатын тауарларға мемлекеттіік бақылауіды күшейте түсіп, әкелінетін тауардың нарықтағы орнын ескеріп отыруы қажет.

«Тауардың нарықтағы орны немесе беделі» секілді ерекшелік сол тауардың кедендік бағасын анықтауда басшылыққа алынатын негізгі талап болып табылады. Бұндай тетікті пайдалану әкелінетін тауарлардың сапасын арттыруғак мүмкіндік береді.

Мемлекетік тарапынан  сатндартар мен технмкалық келісімдерге қатысты міндетті түрде орындалатын және кенес есбіндегі талаптар қойылып отырады.

Тауарларға қойылатын  негізгі талаптар: олар адам өмірі  мен денсаулығына қауіп төндірмеуі тиіс: қоршаған ортаға зияны болмауы  тиіс: қапталу тәртібі: маркалануы мен  міндетті талаптарға сай болуын бақылау әдістері.

Ұсынылған талаптар тұтынушылар  мүддесін қорғау мен тауарлардың сапасын арттыруды көздейді.

Осы ретте тауарлардың  сапасын көтеруге бағытталған шараларды  енгізу кезінде 1991 жылғы 5-ші маусымда қабылданған «тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңның кесімдерін басшылыққа алып отыруы лазым. Бұл заң тұтынушылар құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін қалайды.

Барлық мемлекеттік  мекемелер мен ұйымдар тұтынушылардың құқықтарын қорғап, сапалық тауарлар мен қызмет көрсетілуге бағытталған іс-шараларды қолданулары тиіс.

Кеден мекемелер мен  басқа да мемлекеттік ұйымдардың бірлескен жұмысы тек құқық қорғау саласын ғана емес, сонымен бірге  жалпы кеден саясатының мақсат-мүдделерін іске асыру, оның ішінде нарықтық қорғау, Қазақстандық тауар өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау, экономика дамуына жағдай жасау мен құрылымдық қайта құру ісіне ықпал ету, бәсекелестікті қорғау мен монополияларға жол бермеу, экспорттың өркендеуі мен импорттың орнын толтыра алатын өндірістік дамуына ықпал ету, инвестиция тарту мен мемлекеттің сауда саясатының іске асырылуы т.б іс шараларды  қамтып отыруы тиіс.

Кеден қызметінің ұйымдастырылуы мен бүгінгі мәртибесі осы  мақсаттардың іске асырылуын қамтамасыз ете алмауды, сондықтан Үкімет Қазақстандағы кеден қызметі жүйесін реттеуге бағытталған арнайы шаралар ойластыруы тиіс.

Жалпы Үкімет пен басқа  да мемлекеттік органдардың кеден  саясатын жүзеге асыруға қатыстылығы  экономикалық мүдделерді, егемендік  пен қауіпсіздікті қорғау мақсатындак оның тиісті қызметтендірілуінің маңыздылығын білдіреді.

Шын мәніндегі Кеден  Одағының қалыптасуы одақ мүшелері болып  табылатын елдердің аумағын қамтитын ортақ кедендік аумақпен біртұтас экономикалық кеңістіктің пайда болуына байланысты. Осы бағыттағы шешімін табуы тиіс негізгі міселелердің бірі-аймақтар мен еркін сауда жағдайының мәртебесін анықтау болып отыр.

Тауарларға еркін сауда  жағдайын енгізудің мақсаттары:

  • басқа мемлекеттен әкелінетін - әкетілетін тауарларға көлемдік және кедендік шектеулер қоймау;
  • жанама салық жинаудың бірыңғай жүйесін енгізу;
  • қатысушы елдердің басқа елден әкелінетін тауарларға қатысты сақтандыру ретінде уақытша шаралар қолдану құқығы. Бұл шаралар

қалыптасқан халықаралық  нормалар мен ұлттық заңдарға сәйкес болуы тиіс.

  • қатысушылардың келісімсіз сауда жасауда үшінші бір мемлекетке жеңілдіктер бермеу;
  • бәсекелестікке қойылуы мүмкін шектеулерге жол бермеу;
  • тараптар бір-бірінің тауарларына қатысты кемсітушілік немесе әділетсіз жағдай туғызуы мүмкін шараларды қолданудан бастартуы тиіс.

Бұл мақсаттардың іске асуы үшін Қазақстандағы кедендік басқару  мен жалпы кеден және басқа  да салаларда мемлекеттік басқару  жүйесін кемелдендіре түсуді керек  етеді. Біз кез-келген өзгерістер мен  кеден саласы мәселелерін шешудегі бірлескен іс қимылдарға дайын болуымыз керек.

Кеден Одағы аумағындағы бірыңғай кедендік тарифтер мен кеден жүйелері басқару тетіктерін енгізуді тездету  қажет. Мемлекеттердің кеден және басқа  да салалардағы құқықтық актілердің бір арнаға түсуі қамтамасыз етілуі тиіс.

 

Тақырыпқа арналған сұрақтар.

    1. Құқықтың кешенді саласына сипатама беріңіз.
    2. Кедендік заңдарға сүйене отырып, «үйлесу», «жақындасу», және «теңестіру»  түсініктерінің қарым – қатынасын көрсетіңіз.

 

    1. кеден саясаты мен кеден ісі арасындағы байланысты анықтаңыз.
    2. мемлекеттік әкімшіліктендірудегі кедендік қамтамасыз етудің орны мен ролін анықтаңыз.

 


Информация о работе Кедендік бақылаудың қағидалары нысаны