Экологиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:08, курс лекций

Описание работы

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Содержание

1-тақырып. Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2
2-тақырып. ҚР-ң экологиялық тарихы және қайнар көздері .........................8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21
5-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29
6-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50
8-тақырып. Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71
10-тақырып. Судың құқықтық режимі ............................................................72
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі ................................................80
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97
15-тақырып. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Работа содержит 1 файл

курс лекц экол кук.doc

— 555.50 Кб (Скачать)

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде келесі белдемдерді бөліп көрсетеді:

  • қорықтық режимді;
  • қаумалдық режимді;
  • шаруашылық қызметінің реттелетін режимін;
  • реттелетін туристік және демалыстық пайдалану режимін;
  • туристер мен келушілерге қызмет көрсету;
  • шектелген және дәстүрлі шаруашылық қызметі;
  • әкімшілік және өндірістік-шаруашылық.

Реттелетін  туристік және демалыстық пайдаланудың белдемдерінде туризм мен демалыс  мақсаты үшін қажетті аңшылық пен балық аулау кәсібін қосқанда, табиғатты пайдаланудың жеке түрлеріне жол беріледі.

Шектелген және дәстүрлі шаруашылық қызметінің белдемдеріне мемлекеттік ұлттық паркпен тұрақты  пайдалануға берілген жер учаскелері де, сондай-ақ осы жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай, оларға бекітілген жер учаскелері  де енгізілуі мүмкін.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде мемлекеттік табиғи қорықтар үшін ескерілген тәртіпте, ғылыми зерттеулер, мәдени-ағарту және оқу  шаралары өткізіледі.

Мемлекеттік табиғи парк мемлекеттік ұлттық табиғи паркке ұқсас болып табылады,  ол сол мақсаттарды қояды және сол қызметтерді орындайды, бірақ табиғатты қорғау мекемесінің статусы бар жергілікті дәрежелі ерекше қорғалатын табиғи территориялар категориясына жатады.

Мемлекеттік табиғи парктерде мемлекеттік ұлттық табиғи парктердегі сияқты белдемдер атап көрсетіледі. Мемлекеттік табиғи парктер  мемлекеттік ұлттық табиғи парктер  сияқты, сол тәртіпте және сол шарттарда  пайдаланылады. Олардың қарамағында  мемлекеттік табиғи парктер болатын атқару органдары, нақты табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторларды, сонымен бірге жергілікті тұрғындардың мүдделерін есепке алумен, осы ерекше қорғалатын табиғи территориялардың қызмет етуінің жеке ерекшеліктерін анықтауға құқықты.

Мемлекеттік табиғи қаумал дегеніміз – мемлекеттік табиғи қорықтық қордың бір және бірнеше объектілерін сақтау мен ұдайы өсіруге арналған, шаруашылық қызметінің тапсырыстық режимі бар, ерекше қорғалатын табиғи территория. Мемлекеттік табиғи қаумал жергілікті және республикалық дәре-желі болуы мүмкін.

Егер ол мемлекеттік  табиғи-қорықтық қор объектілерінің сақталуына қауіп төндірсе немесе олардың  ұдайы өсірілуін нашарлатса, мемлекеттік  табиғи қаумалдарда  кез-келген қызметке тыйым салынады.

Мемлекеттік табиғи қаумалдар белгіленген тәртіпте ғылыми, мәдени-ағарту, оқу және шектелген шаруашылық мақсаттарында пайдаланылуы мүмкін.

Меншік иелері мен жер учаскелерін пайдаланушылар шаруашылық қызметті белгіленген шектеулерді  сақтау арқылы мемлекеттік табиғи қаумалдарда жүзеге асыра алады.

Табиғаттың мемлекеттік ескерткіші – мемлекеттік табиғи-қорықтық қордың жеке объектілерін табиғи күйінде сақтауға арналған, қорықтық режимді ерекше қорғалатын табиғи территория. Табиғаттың мемлекеттік ескерткіштері жергілікті және республикалық дәрежелі болуы мүмкін.

Табиғаттың  мемлекеттік ескерткіштеріне қатысты, оның табиғи күйін және сақталуын  бұзатын, кез-келген әрекетке тыйым салынады. Табиғаттың мемлекеттік ескерткіштері белгіленген тәртіпте ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкін.

Мемлекеттік зоологиялық парк - табиғатты қорғау және ғылыми-зерттеу мекемесінің статусы бар және жануарлар әлемін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану үшін тағайындалған, қорғау  режимінің белдемдері бойынша бөлінген, ерекше қорғалатын табиғи территория. Олар жергілікті және республикалық дәрежелі болуы мүмкін.

Мемлекеттік зоологиялық  парктерде келесі белдемдерді бөліп көрсетеді:

- экспозициялық  – жануарларды ұстау және өсіру  үшін, сонымен бірге жануарларды  келушілерге көрсету үшін;

  • ғылыми – ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін;
  • қоғамдық – келушілерге қызмет көрсету үшін;
  • әкімшілік және өндірістік-шаруашылық.

Мемлекеттік зоологиялық  парктерде олардың міндеттерін  орындаумен байланысты емес және ондағы жануарларды апатқа әкеле алатын, кез-келген әрекеттерге тыйым салынады.

Мемлекеттік зоологиялық  парктер ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақ-саттарында пайдаланылады. Ғылыми зерттеулер жануарларды тұтқында немесе жартылай  тұтқындық жағдайларда ұстау және өсіру облысында жүргізіледі.

Мемлекеттік зоологиялық парктер ғылыми деректер банктарын, қорлар, мұражайлар, дәрісханалар, кітапханалар мен мұрағаттар құрай алады, осы мекемелер қызметінің мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-танымал және басқа әдебиетті шығара алады.

Мемлекеттік зоологиялық  парктердің қосалқы шаруашылықтары, зооло-гиялық дүкендері және осы  мекемелердің бейініне сәйкес келетін, шаруашы-лық қызметі үшін қажетті  басқа объектілері болуы мүмкін.

Мемлекеттік ботаникалық бақ - табиғатты қорғау және ғылыми-зерттеу мекемелерінің статусы бар және өсімдіктер әлемін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану үшін тағайындалған, қорғау  режимінің белдемдері бойынша бөлінген, ерекше қорғалатын табиғи территория. Мемлекеттік ботаникалық бақтар жергілікті және республикалық дәрежелі болуы мүмкін.

Мемлекеттік ботаникалық  бақтарда келесі белдемдерді бөліп көрсетеді:

- экспозициялық  – өсімдіктерді  өсіру және  оларды келушілерге көрсету   үшін;

  • ғылыми – ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін;
  • қоғамдық – келушілерге қызмет көрсету үшін;
  • әкімшілік және өндірістік-шаруашылық;
  • қорықтық – табиғи өсімдіктердің сирек кездесетін және типтік қоғам-дастықтарын сақтау үшін.

Мемлекеттік ботаникалық  бақтарда олардың міндеттерін орындаумен байланысты емес және онда өсірілетін өсімдіктерді апатқа әкеле алатын, кез-келген әрекеттерге тыйым салынады.

Мемлекеттік ботаникалық  бақтар белгіленген тәртіпте ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

Мемлекеттік ботаникалық  бақтарда ғылыми зерттеулер бірінші  реттік өсіру, табиғи флораның бағалы, сирек кездесетін және жойылу қаупінде тұрған түрлерін және жерсіндірілген мәдени өсімдіктерді жасанды сұрыптау және көбейту облысында жүргізіледі.

Мемлекеттік ботаникалық  бақтар ғылыми деректер банктарын, қорлар, мұражайлар, дәрісханалар, кітапханалар мен мұрағаттар құрай алады, осы мекемелер қызметінің мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-танымал және басқа әдебиетті шығара алады.

Мемлекеттік ботаникалық  бақтар ұсынылған жерсіндірілген өсімдіктерді өндірістік сынау және оларды халық  шаруашылығына ендіру мақсатында олар-дың ұрпағын өрбіту үшін шаруашылық ғылыми тәжірибелік базалар құрай алады.

Мемлекеттік ботаникалық  бақтардың қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары,  өсімдіктерді сатуға арналған арнайы дүкендері және осы  мекемелердің бейініне сәйкес келетін, шаруашылық қызметі үшін қажетті басқа объектілері болуы мүмкін.

Мемлекеттік дендрологиялық парк - табиғатты қорғау мекемесінің статусы бар және ағашты және бұталы тау жыныстарын қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану үшін тағайындалған, қорғау  режимінің белдемдері бойынша бөлінген, ерекше қорғалатын табиғи территория. Мемлекеттік дендрологиялық парктер жергілікті және республикалық дәрежелі болуы мүмкін.

Мемлекеттік дендрологиялық парктерде қорғау режимдері мен  тағайын-далуын есепке алумен, мемлекеттік  ботаникалық бақтардағы сияқты, сол белдемдер атап көрсетіледі.

Мемлекеттік дендрологиялық парктер мемлекеттік ботаникалық  бақтар сияқты, сол тәртіпте және сол  шарттарда, ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік ҚР заңдарына сәйкес тағайындалады.

 

 

15-тақырып.  Қоршаған ортаны қорғау саласындағы  халықаралық ынтымақтастық

Дәріс жоспары:

1. Қоршаған ортаны  қорғау саласындағы  халықаралық  ынтымақтастықтың ұғымы, маңызы және жалпы сипаттамасы.

2. Қоршаған ортаны  қорғау саласындағы  халықаралық  келісімдер, конвенциялар, шарттар

БҰҰ-ның мақсатының бірі қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық  бірлесіп еңбек ету болып табылады.Ол қоршаған ортаны қорғау бойынша жабайы табиғаттың әлемдік қоры,табиғатты қорғаудың халықаралық одағы бағдармаласы бойынша іске асырылады.Халықаралық ЮНЕСКО ұйымы бүкіләлемдік денсаулық ұйымы ,азық-түлік және аграрлық ұйымдар, адам мен қоршаған ортаның өзара қатынастары бойынша ұзақ мерзімді бағдарлама дайындайды.Бір топ мемлекет қоршаған ортаның жекелеген объектілерін: ғарыштық кеңістік, әлемдік мұхит, әуе бассейіні,теңіздер,шекеаралық өзендер,жануарлардың сирек түрлкрі және тағы басқаны қорғау бойынша халықаралықкелісімгеие.

       Қоршаған ортаның мәселесі жаңа Европалық зерттеудегі жүйелі ұйымдастыру,құрамында алты мемлекеті бар.Европалық ұжымның мүшелерінде арнайы қызмет етеді. Бұл жүйе мемлекеттік сектордағы зерттеулік жұмыстардың нәтижесі бойынша ақпарат алмасу және қоршаған ортаны зерттеу бойынша технологияларын жасауда әсерін тигізеді.Европалық ұжымның мүшесінің әрбір мемлекет бір зерттеу ұйымын ұсына алады.Тағайындау- мүшелері болып «Уартен Сприн Лаборатори» (Ұлыбритания), INRIS (Франция), КЕК (Германия),TNO (Нидерланды), CIEMAT (Испания) және  EOLAC (Ирландия).Жақын арада Европаның жүйесіне Италия, Португалия, Бельгия, Дания қосылады.Алғашқы жобалар мемлекеттік стандарттарды дайындау мақсатында өмірлік цикльдік анализдерін: өндірістік экология мәселесімен айналысатын менеджерлерге арналған курстар: теңіздердің ластану оқиғаларының анализдері, қоршаған ортаға қатысты ақпараттарды жинауға байланысты әдістердің бірлігі. 

Табиғатты пайдаланудың ғаламдық сипаты халықаралық экономикалық қатынастарының сипаты мен халықаралық  тәжірбиесі негізінде экологиялық мәселесін шешу бойынша мемлекеттердің іс-әрекеттерінің бірлігінін қажеттілігін шарттайды. Бұл қызметтін әдістері және құралдары,жабдықтары, құқықтық-ұйымдастыру әкімшілік, қаржы экономикалық әдістерді қамтиды.

 


Информация о работе Экологиялық құқық