Ақаба суларды тазалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:15, доклад

Описание работы

Ақаба судың түрлері: 1) суы ағып жатқан арықатызбен тоғанды байлағанда қалған сарқынды су. Акаба суын арық арқылы ағызып, аумағы шағын егістіктерді суарады. Егер бұл суды дер кезінде пайдаланбаса, жерге сіңіп, буланып зая кетеді немесе борсып шалшыққа айналады. Бұл атау Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын Қызылорда, Онтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында қолданылады;

Работа содержит 1 файл

ақаба суларды тазалау.docx

— 24.37 Кб (Скачать)

Ақаба су— 1) бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір ластанган аймақ, соның ішінде (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, т.б ағындылары) елді мекен арқылы өткен су;

2) адамның тұрмыста және өндірістік іс әрекетінде пайдаланылғаннан кейінгі су. Ақаба судың әрбір текше метрі таза судыц 60 м-ін ластайды. Ақаба су шаруашылық тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді. Акаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты физиологиялық қоқыстармен және шаруашылық ағындыларымен ластанған түрлері ажыратылады. Өндірістік ақаба су кұрамы ақаба су түзілетін технологиялық процестермен, сондай-ақ материал мен шикізаттың химиялык қасиеттерімен анықталады. Ластанған және нормативті таза (яғни, тазалауды қажет ететін) өндірістік ақаба су болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер (жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді.

Ақаба судың түрлері: 1) суы ағып жатқан арықатызбен тоғанды байлағанда қалған сарқынды су. Акаба суын арық арқылы ағызып, аумағы шағын егістіктерді суарады. Егер бұл суды дер кезінде пайдаланбаса, жерге сіңіп, буланып зая кетеді немесе борсып шалшыққа айналады. Бұл атау Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын Қызылорда, Онтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында қолданылады;

2) тұрмыстық қоқыстар мен өндірістік  қалдықтармен ластанып, елді мекендер  аумағынан арнайы канал жүйелері  арқылы сыртқа шығарылатын сулар.  Ол тұрмыстық (аурухана, асхана, монша,  жеке пәтерлерден және т.б.  шығарылған сулар), өндірістік (кен  казбаларын өндіру кезінде жер  астынан айдап шығарылған, жылу  агрегаттарын суыту кезінде пайдаланылған  және т.б. сулар) және атмосфералық (жаңбыр және қар мен мұздан  еріген, т.б. сулар) болып бөлінеді. Бұл атауға Алматы қалалық  конгломератынан шыққан ақаба  су жиналатын Сорбұлақ бөгені  толық мысал болады.

Ақаба суды тазалау  әдістері— табиғатты және қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың маңызды шараларының бірі. Ақаба суды механикалық (тұндыру, сүзу, флотация), физикалық-химиялык (ірілендіру, бейтараптау, хлормен өндеу, т.б.) және биологиялық (суармалау танап тарында, биологиялық бассейнде, биосүзгіште) әдістермен тазалайды.

Ақаба суды тұндыру— өнеркәсіптік және тұрмыстық ақаба суды механикалық қоспалардан тұндыру, сүзу, коагуляциялау және т.б. әдістер арқылы тазалау.

Ақаба суды физикалық-химиялық тазалау— ағындыларды ластағыштардан физикалық-химиялық әдістермен тазалау. Бұған реагенттік не электролиттік ірілендіру, қышқылдармен және сілтілермен бейтараптау, шайғындау, су буымен айдау, сорбция, суды ультрадыбыспен өндеу, электрхимиялық тотықтыру және т.б. жатады.

Ақаба суды химиялық тазалау— ластағыштарды химиялық агенттер аркылы және заттектердің физикалық-химиялық қасиеттерін пайдаланып жою. Ақаба суды химиялық тазалауға қалқып жүрген және коллоидты заттектерден, фосфордан ірілендіру арқылы тазарту, еріген органикалық заттектерден абсорбция арқылы тазалау және тірі организмдерді жою — суды зарарсыздандыру, яғни хлорлау жатады.

Ақаба судың тұнбасы— құрамында минерал және органикалық қатты заттектері бар ақаба суды тазалау кезінде тұнатын заттектер. Ақаба судың түнбасы жергілікті ауыл шаруашылық және орман дақылдарының тыңайтқышы ретін де, қейде биогаз алуға пайдаланылады. Ортақ ағатын канализация кезінде акаба судың тұнбасының құрамында кебіне улы заттектер (ауыр металдар, т.б.) болады. Мұндай ақаба судың тұнбасын ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде қолдануға келмейді.

 

Ақаба су тұнбасы— ақаба сулардың әуітте, сүзілу алаңында жиналатын, оның түбіне шөгетін әр түрлі тұнбалы заттар мен химиялық элементтердің жиынтығы. Ақаба су тұнбасы арнайы өңдеуден өткеннен кейін егістік жерлерді тыңайту үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

Ақаба суды биологиялық  тазалау— заттектерді минералды немесе одан да қарапайым органикалық қосылыстарға дейін ыдырататын микроорганизмдерді өсіру арқылы ақаба суды ластағыш негізгі органикалық заттектерден тазалау.

Ақаба суды биосүзгімен  тазалау— ақаба суды активтелген тұнба қабаты немесе ластағыштарды тұтып, ұшырататын арнайы егілген су өсімдіктері (қалың өскен қамыс) арқылы өткізіп тазалау.

Ақаба суды жасанды  тазалау— арнайы технологиялық құрал-жабдықтар аркылы ақаба судың кез келген түрін тазалау. Ақаба суды жасанды тазалау судың өздігінен табиғи тазалануынан тезірек жүзеге асады.

Ақаба суды залалсыздандыру— ақаба судың құрамындағы патогендік және санитариялық көрсеткіш микроорганизмдерді жою үшін өндеу.

Ақаба суды иіссіздендіру— иісті кетіру және сонымен қатар ақаба су жинақталып қалған кезде, сондайақ оларды биологиялық жолмен тазалау барысында, өндірістік процестер кезінде (жанғыш газдар, т.б. алу), жағымсыз иісі болатын материалдар мен шикізаттардан буланғанда түзілетін газдың зиянды құрамды бөліктерін жою.

Ақаба суды механикалық  тазалау— тез тұнатын және қалқып шығатын заттектерді техникалық құрылғылармен және әдістермен жою. Көбіне ірі түйірлі және ұсақ түйірлі (малтатас қүмтас) сүзгіш арқылы іске асырылады.

Ақаба суды мұқият тазалау — бірін бірі толықтыратын механикалық, биологиялық, химиялық тазалау, электродиализ, кейде дистилляция жолымен іске асырылатын шаралар арқылы ақаба суды ластағыштардан толық тазалау.

Ақаба суды пайдалану — тұрмыстық, нөсер немесе өндірістік ақаба су құрамындағы пайдалы құрамды бөліктерді пайдалану немесе бұл суды тазартқан соң егістікті немесе ормандағы екпе ағаштарды суаруға, т.б қолдану.

Ақаба суды табиғи тазалау — судың өздігінен тазаруы барысында немесе суармалау танабының, сүзу танабының, топырақ асты суармалау үлескілерінің, аэробты және анаэробты биологиялық тоғандар мен тотықтырғыш каналдардың көмегімен ластағыштарды ыдырату.

Ақаба суды тазалау— ақаба судағы адам денсаулығына және табиғатқа қолайсыз әсер ететін организмдерді, салынды және еріген заттектерді жою.

 


Информация о работе Ақаба суларды тазалау