Алматы экологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 21:06, реферат

Описание работы

Алматы қалалық экология және биологиялық қор басқармасы өткен жылы Алматы мунай өнімі бірлестігінде-пайдаланылып келе
Алматы облысы бойынша бір жылда ауаға 85 мың тоннадай аса зиянды заттар тасталған екен. Мұның бәрі осы облыста орналасқан 400-ден астам кәсіпорынның жылыту қазандарынан шыққан.

Работа содержит 1 файл

Алматы экологиясы.doc

— 34.00 Кб (Скачать)


АУАСЫ ҚОРҒАСЫНДАЙ

 

Алматы қалалық экология және биологиялық қор басқармасы өткен жылы Алматы мунай өнімі бірлестігінде-пайдаланылып келе

Алматы облысы бойынша бір жылда ауаға 85 мың тоннадай аса зиянды заттар тасталған екен. Мұның бәрі осы облыста орналасқан 400-ден астам кәсіпорынның жылыту қазандарынан шыққан.

Ауаны көп ластайтын кәсіпорындардың қатарына Алматы №2 жылу электр стансасы, басқа да ГРЭС-тер, Қапшағай жылу жүйелері кәсіпорыны, облыстық коммуналдық шаруашылық саласындағы жылыту мекемелері, асфальт-бетон өндірістік бірлестігінің филиалдары, Боралдай қабырға материалдары өндірістік бірлестігі сияқты көптеген кәсіпорындар жатады.

Осы бір жегідей жеп, ғұмырымызды білдірмей қысқартып жатқан экологиялық тажалдармен күрес жүргізуде қазіргі табиғат қорғау органдарының айтарлықтай нәтижеге жете алмай келе жатқаны      өкінішті-ақ. Мысалы  мына  Алматыны   күлді   көмешке көміп отырған ластаушы  көздерде жағылып жүрген  көмір мен мазуттың құрамында адам өміріне аса қауіпті заттар шектілік мөлшерден бірнеше есе асып кеткен. Осындай улы заттар біздің ағзамызға тыныс арқылы еніп, уландырып жатады.

Қала маңына 50 шақырымдай жерге орналасқан елді мекендердің тұрғындары соңғы жылдары көкөністен жөнді өнім ала алмай келеді. Мұның себебін олар осьінау ауаға тарайтын зиянды заттардан көріп жүр. Ерте көктемде отырғызылған көкөністердің өскіні жапырақ сала бастағаннан-ақ жаңбыр жауса, бүрісіп солып қалады. Құрамында улы заттары бар жаңбырдың әсері, міне, осындай зардаптарға соқтырып жүр. Бұдан ұғатынымыз жылыту қазандары мен пештерден тарайтын улы заттар қала маңындағы жерді түгел ластап біткен. Бұл жерлерге көкөніс егуге де болмайды.

Ауаны таза сақтау жөнінде нақты шаралар қолданылып жатыр дегенімен энергетика кәсіпорындары жыл сайын атмосфераға зиянды заттарын шығаруды көбейтіп келеді. Мұны мамандар былайша түсіндіреді. Біріншіден, жылу стансаларында жағылып жатқан көмірдің сапасы бұрынғы жылдардағыға қарағанда едәуір төмен, бұрын көмірдің күлділігі 30 проценттен артпайтын. Қазір ол 40 процентке дейін жетіп жүр. Әрі жылыту қасиеті де төмен, ішінде зиянды қоспалары да мол. Сондықтан жағылатын көмірдің мөлшері көбейіп, жылу орталықтарының сыртқа шығаратын лас заттары да молая түскен.

Екіншіден, біздің электр стансаларымызға бұрынғы жылдардағыға қарағанда саплақ көбірек түсіп жатыр. Өйткені бұрынғы «туысқан республикалар» қазір жеке-жеке дербес мемлекет болғаннан кейін бізге энергия қуатын бере бермейді. Соның салдарынан экологиялық нормыларды сақтауға мұрша келмей жатыр.

Алматы қаласындағы ауаның ластанғаны бұл күндері экологиялық проблеманың ең шиеленіскен түйінді мәселелерінің біріне айналып отыр. Оны Қазақ ауа райын зерттеу орталығының мәліметтерінен де байқаймыз. Бұл қызмет қаланың отыз жеріне ауаның тазалығын бақылайтый пункт орналастырған еді. Олардан түскен  мәліметтер бізді қуанта алмайды.

Қазір қалада үш жүз мыңға тарта машина бар. Осылардан тек өткен жылы ғана азот, күкірт, көміртегі сияқты 130 мың тонндай зиянды заттар тараған екен.

Қаладағы     кәсіпорындар  жыл   сайын   ауаға  30-40  мың  тонна       зиянды   зат   шығарады.   Мұның   26   проценті   жылу-энергетика 2С       кәсіпорындарының үлесіне   тиіп   отыр.   Сондай-ақ   жекеменшік        үйлерден шығатын        зиянды заттар да аз емес. Обалы   не   керек,   табиғат   қорғау   органдары   бұл   қияметтен       халықты  қорғауға нақтылы шаралар белгілеп жүзеге асырып-ақ жатыр. Бірақ жетпіс жылдай табиғатқа,  қоршаған  ортаға қарсы жүргізілген нәубеттің бетін қайтаруға шама келетін емес.

Нақтылап айтсақ, қалада өткен жылы 8 қазандық жойылып, 13 қазандық газ отынға көшірілді. № 2 нан зауытының өндірісі газдандырылды. Биокомбинаттың, электротехникалық және арақ-шарап зауыттарының, «Таугүл» совхозының, тағы басқа да көптеген кәсіпорындарының қазандықтарынан шығатын азот тотығы мен газды азайту үшін ыс және басқа да зиянды заттарды ұстап қалатын қондырғылар орнатылды.

«Қазтечэнерго» институты жүргізген тәжірибе бойынша №2 жылу-электр    орталығында    ыс    тұтатын    эмульгатор    қондырғысы орнатылып, ол шыққан газды 90 процентке дейін залалсыздандыра бастады.

Осы кәсіпорындағы жетінші қазандыққа келетін газды үрлеп, қызуын күшейтіп беретін Вентури құбыры жүйесі құрастырылды.

Сондай-ақ, коммуналды және жекеменшік үйлерді газдандыру жөніндегі шаралар орындалып жатыр. Күні бүгінге дейін он мыңға жуық үйге газ жүргізілді; Автомашиналардың ауаға зиянды заттар шығаруын шектеу үшін қала ішінде 250 бақылау пункті ұйымдастырылды. Міне осындай және    басқа да пәрменді шараларды жүзеге асырып жатқандарына қарамастан ауаға шаң, тозаң, көмір тотығы, азот, фенол сияқты зиянды заттардың шоғырлануы шектік мөлшерден асып отыр.

«Атмосфераны ластайтын негізгі көздер автомәшииалар екені (Алматы ауасына тарайтын зиянды заттардың 70 проценті солардан шығады) жиі айтылып жүр. Астанадағы осы ластаушы көздерді есепке алмағанның өзінде облыста маркасы әр түрлі тағы 89258 автомашина бар екен. Облыстағы автомобильдердің зиянды заттарының мөлшерден аспауын бақылауға алатын 87 диагностика жүйесі мен посты жұмыс істеп келеді. Соған қарамастан ауаға олардан 180 мың тоннадан астам зиянды зат шығады. Бұл заттардың құрамында адам өміріне аса қатерлі қорғасын, бензалирен, көмір қышқылы бар.

Қазақта «Тәңірі асыраған тоқтыны бөрі жемес» деген мақал бар. Тәңіріден кейінгі күш халықта ғой. Халық қолдап отырған бұл экологиялық үрдіс түбі игілігін берер дейміз де. Ғұмырымызды білдірмей қысқартып жатқан жоғарыда аталған демалатын ауамызды ластаушы көздерге жұрт болып тиым салуға ұмтылайық, сонда ғана бұл тажалдан құтыламыз, ағайын.

 



Информация о работе Алматы экологиясы