Арал теңізінің қазіргі уақыттағы жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:00, реферат

Описание работы

Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. 20-шы ғасырда ауданы жағынан — 68 мың км² — әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960-шы жылдардан бастап теңіздің суы азайып келді. Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды.

Содержание

Кіріспе:
Арал теңізінің тарихы
Арал теңізінің экологиясы
Негізгі бөлім
Арал теңізінің проблемасы
Арал апатына себеп болған факторлар
Арал теңізінің сақтау үшін жүргізіліп жаткан шаралар
Қорытынды
Қолданылған әдибеттер

Работа содержит 1 файл

арал реферат 2.doc

— 82.00 Кб (Скачать)

Ол шара Аралдын шипалы суын калпына келтіріп, балығын халыққа үйіп-төгіп бергеннен соң, барлық шығынды өтейді. Әрі асау Каспий де біраз тынышталып, Орта Азияның негізгі екі өзеніне көмектесіп, Аралдың мың жылдық әсемдігін тағы да 1 000 жылға оздырмақ.

Егер де жоғарыда аталған жұмыс көлемдері толық  іске асырылған жағдайда Арал өңірінің атмосфералық ауа қабаттары тазарып, сондай-ақ аймақта төтенше ауру түрлерінің қаңдай түрі болса да таралмауына оң жағдай туар еді.

Қорытынды

Аралдың кайғылы  тағдыры мен ызғарлы зардабы  қазір аймақ шеңберінен асып, бүкіл  әлем биігінен білінуде. Осыдан-ақ теңіздің казіргі жағдайы тым ауыр, келешегі тым күңгірт екенін түсінуге әбден болады.

Қазір Аралдың кебуі күнмен есептелуде. Демек, бүгінгі таңда  кезек күттірмейтін мәселе - құрғаған теңіз табанындағы тұз, шаңның көбеюін  қалайда бәсеңдету. Ол үшін жоғарыда сөз болғандай сол кепкен теңіз  ұлтанындағы кұм, тұз шаңдарды жет үсті немесе жер асты суымен бастыру, сол сияқты өсімдік түрлерін егу жұмыстарын айрықша назарға алған жөн. Әлі де Арал теңізі бассейніндегі проблемаларға орай, халыкаралық қорлар мен ұйымдардың каржылары мен мүмкіншіліктерін жұмылдыру қажет-ақ.

Қазіргі кезде  Аралды құтқару бағытында батыл  да жоспарлы түрде ғылыми негізде  жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтын болашақ алдындағы  борышы.

 

 

 

 

 

Қолданылған әдибеттер:

  1. "Зерде" республикалық  ғылыми-көпшілік журнал.

№9. 2002 ж.

  1. "Атамекен" газеті 1 қаңтар 2001 ж.
  2. Интернет желісі

 

 


Информация о работе Арал теңізінің қазіргі уақыттағы жағдайы