Ағза және орта

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:20, дипломная работа

Описание работы

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Работа содержит 1 файл

Арыстанбаб.doc

— 115.00 Кб (Скачать)

 

Еділдің  бойы  ен  тоғай,

 

Ел  қондырсам  деп  едім

 

Жағалай  жатқан  сол  елге

 

Мал  толтырсам  деп  едім, -

 

деп асқақ арманын  білдірсе, оны орындау үшін бас  кедергі хандар билігін жою сияқты тағы бір мақсат туындайтыны да Махамбет өлеңінің негізгі объектісіне айналады.

 

Еңсесі биік ақ орда,

 

Еріксіз кірсем деп едім

 

Керегесін кескілеп,

 

Орын етсем деп едім

 

Туырлығын кескілеп,

 

Тоқым етсем деп едім

 

Тақта отырған хандардың

 

Төрде отырған ханымын

 

Қатын етсем деп едім, -

 

деп мақсат тұғырын толғайтын  жыр төгеді.

 

Мұның бәрін жүзеге асыру  үшін ерлердің алдында қандай міндет тұрғанын да Махамбет қағида түрінде  қалыптастырып қадап айтқан:

 

Ереуіл атқа ер салмай,

 

Егеулі найза қолға  алмай,

 

Еңқу-еңқу жер шалмай,

 

Қоңыр салқын төске алмай,

 

Тебінгі терге шірімей,

 

Терлігі майға ерімей

 

Алты малта ас болмай,

 

Өзіңнен туған жас  бала

 

Сақалы шығып жат  болмай,

 

Ат үстінде күн көрмей,

 

Ашаршылық шөл көрмей

 

Өзі талып ет жемей

 

Ер төсектей безінбей,

 

Ұлы түске ұрынбай

 

Түн қатып жүріп, түс  қашпай,

 

Тебінгі теріс тағынбай

 

Темір қазық жастанбай

 

Қу толағай бастанбай,

 

Ерлердің ісі бітер  ме?!! –

 

деген жолдары тек  батырларды ғана емес, өзінің бостандығы үшін қолына қару алып  аттанған бүкіл  халық алдындағы міндетін айқындап тұр.

 

 Махамбет өлеңдері  – көтеріліс шежіресі, халық мұңының  көрінісі. Махамбет тұлғасы азаттық  жолындағы күрес басшыларының  бірі ретінде азаматтық тарихымызда  да, сөз өнерінің асқақ өкілі  ретінде әдебиет тарихында да  өзіне дейінгілерге де, кейінгілерге де ұқсамайтын қасиетімен ерекшеленеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев

                 ( 1931-1976)

Туылған күні 

9 ақпан 1931

Туылған жері 

Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Шалкөде  ауылы

Қайтыс болған күні 

27 наурыз 1976 (45 жас)

Қайтыс болған жері 

Алма-Ата, Қазақ КСР, КСРО

Азаматтығы 

 Қазақ КСР

Ұлты 

қазақ

Мансабы 

ақын, жазушы, аудармашы

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) –  қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы  Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша  ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».[1] Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали.[2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады

Хронология

1948 - 49 ҚазМУ-дың филология  факултетінің студенті;

1948 - оқуын тастап, Шибұт  ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;

1949 - көктемде жары  Лашынмен отау құрады;

1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;

1950 - Алматыдағы Шет  тілдер институтының неміс тілі  факультетіне оқуға түсіп, көп  ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты  оқуын тастайды;

1954 - Қарасаздың бастауыш  мектебінде орыс тілі мұғалімі  болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;

1957 - Республикалық радионың  диктор қызметін атқарады;

1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;

1963-1965 - "Мәдениет және  тұрмыс" журналында жұмыс істейді;

 

Ол 1962 жылы Алматыға қоныс  аударып, әдеби ортаға етене араласа  бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік  университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.

 

Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.

 Поэзиядағы алғашқы  қадамдары

Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала —  Әкітай” ауданындағы “Советтік  шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).

Шығармалары мен аудармалары

  Мұқағали Мақатаевтың  суреті бейнеленген пошта маркасы, 2006 жыл

Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан”  және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.

Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ”  бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты

Поэмалары

Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ  қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма  хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған  айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған “Моцарт. Жан азасы” реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. “Табыт үні”, “Халық үні”, “Жесірлер үні”, “Бесік жыры” аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: “Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым” немесе “Тіпті де мен емес-ті “Мен” дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін” дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні “өзін-өзі” зерттеуден тұрады. Мұқағалидің медитативті лирикасындағы лирик. Мен — өзін-өзі іздеген, өмір мен өлім, адам мен қоғам, ғаламнан үйлесімділік іздеп шарқ ұрған, толассыз ізденістегі пәлсапашыл Мен. Мұқағалидің шығармаларында философиялық тереңдік, адамның психологиялық жан күйзелісін суреттеу, медитация басым. “Өмірдастан” атты топтамалы толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар-намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психол. шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Мұқағалидің шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде. Имандылық,ислам діні турасында “Я, Жаратушы Аллам”, “Сатқан емен”, “Дін-ғылымның анасы”, “Я, Алла”, “Бүкіл дүние мұсылмандарына хат”, “Адам қайдан жаралған”, “Жүрек арызы”, “Күн батты, міне, кеш кірді”, “Не керек, осы, адамға”, т.б. өлеңдер жазды. “Сатқан емен, сатпайтын дінімді мен”, “Мұхаммедтің үмбеті-мұсылманмын”, “Сайтанның да, күнәсіз періштенің, Бал мен уын талғамай неге ішкенмін. Періштенің қайғысын бөліспедім, Сайтанменен болса да келіспедім” секілді жыр жолдарында адам табиғатына сай тартыс, пенденің жан тылсымындағы жұмбақ қақтығыстар көрініс тапқан. Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (“Тауда өстім”, “Тау бір аңыз”, т.б.). “Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған”. Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. “Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген” дейді ақын. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағалидің поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді: “Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем”. Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған: “О, Муза, маған алыс сөреңді бер, ұайыптан кел де, мені демеп жібер”. Мұқағали адам жанының диалектикасына терең бойлап, оның болмысын шынайы бедерлейді (“Жапырақ жүрек-жас қайың”). Ол “Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін “адам жанының инженері болып қалу” дегенді ұстанды (Күнделік, 10.2.1976). Ақынның шеберлігі өмірден өзін, өзінен өмірді көре білуінде. “Бүкіл менің жазғаным — бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма” дейді ақын. Мұқағалидің адамзат ғұмыры мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қомақты мұра боп енді. Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің “Қош, махаббат” жинағына (1988) әр жылдары жазылған “Құлпытас”, “Марусяның тауы”, “Өзгермепті”, “Әже”, әңгімелері, “Қос қарлығаш”, “Жыл құстары” повестері мен “Қош, махаббат” пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. “Рух және сезім” , “Сезім найзағайы”, “1969 жылғы қазақ поэзиясы“ атты әдеби сын еңбектерінде О.Сүлейменов, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Ж.Нәжімеденов, С.Мәуленов, т.б. шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия туралы ой толғайды.

Мұқағали — өзіне  дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда:

 

«...Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне  қайтарамын, —

деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы түлға, Ұлы ақын.

Поэзия!

Менімен егіз бе едің

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан  сені іздедім.

Сені іздедім кездескен  адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан

Сені іздедім жоғалған замандардан...

... Сені іздедім.

Ӏздеймін тағат бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?»

Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй  кешесіз... Ақын өзінің қысқа ғұмырында  өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары  мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр.

Ақынның заты өлгенмен, аты  өлмейді

Алматы қаласында дүниеден өтті. Негізгі жыр жинақтарын көзінің  тірісінде жарыққа шығарды (“Мавр”, “Дариға-жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”). Дүниеден өтер алдын “Реквием” атты толғау-өлеңін жазды.

Шығармалары өзбек, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Ақынның әдеби  мұрасын зерттеуде 3 кандидаттық  диссертация қорғалып К.Сейтова  “Мұқағалидың ақындық мұрасы” (1991), К.Хамидуллаев “Мұқағалидың ақындық шеберлігі” (1993), тіл білімінде З.Қазанбаева “М. Мақатаев лирикасының грамматикалық ерекшеліктері”(1999)], шығармашылығы турасында 700-ге тарта еңбек (мақала, естелік-эссе, роман, поэма, өлең, т.б.) жазылған. Мұқағали қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерінде мұражайы ашылды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында Мұқағалиға арналған ескерткіш бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:Мұқағали Макатаев

Орындаған:Жақудаева  Таңшолпан

Қабылдаған:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 Наурызға арналған  Қазақша сценарийлер жинағы: Сыйынар  ем Ана деген тәңірге 

Сценарий тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» ( 8 наурыз! )

Сценарий мақсаты: Ана  жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер  арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға  деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Сценарий көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.

 

Барысы:

Кіріспе:

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр  құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір  даналар.

Ана деген тіршіліктің  тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

 

Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр  бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған  тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

 

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры А.А.Талпаховқа беріледі.

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.

 

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана  тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне  Рахметова Саяның орындауындағы  «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

 

Кімдер басын имеген-дей  отырып келесі кезекті Шамұратова Жадыраның  орындауындағы «Шаттық» биіне береміз.

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының  бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Берикова Аиданың орындауындағы «Апатайым, анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Информация о работе Ағза және орта