Азаматтық қорғаныстың міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 17:16, сочинение

Описание работы

"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы.

Работа содержит 1 файл

Azkor.doc

— 225.50 Кб (Скачать)

2006.07.07. № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді

21-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi

Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары азаматтық қорғаныс саласында:

азаматтық қорғаныс жоспарларын жасайды, салаларда азаматтық қорғанысқа басшылықты жүзеге асырады;

Азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарын, басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн құрады және тұрақты әзiрлiк жағдайында ұстайды;

Азаматтық қорғаныс құрамаларын дайындауды және сала қызметкерлерiн осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғану әдiстерiне және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға үйретудi ұйымдастырады;

ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастырады және оларға басшылық етедi;

осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қатерi төнген және олар қолданылған жағдайда, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде сала қызметкерлерiн қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлайды және жүргiзедi;

бейбiт және соғыс уақытында саланың тұрлаулы жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолданады;

қызметкерлер мен олардың отбасыларын эвакуациялауға әзiрлеу және оны ұйымдастыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

азаматтық қорғаныс мүдделерi үшiн ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда материалдық-техникалық, азықүлiк, медициналық және өзге де ресурстардың қорларын құрып, оларды күтiп ұстауды және олардың жинақталуына, сақталуына, жаңартылып отыруына және қолдануға дайын тұруына бақылау жасауды жүзеге асырады. 
 

ҚР 2004.20.12 N 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 22-бап өзгертілді

22-бап.  Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары өз өкiлеттiгiн өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары :

бейбiт және соғыс уақытында арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын жасайды, ведомстволық бағыныстағы аумақта оларды iске асыру жөнiндегi басшылықты жүзеге асырады;

ведомстволық бағыныстағы аумақта орналасқан ұйымдардың Азаматтық қорғаныс шараларын орындауын ұйымдастырады;

халықты құлақтандыру мен байланыс жүйелерiн дереу пайдалануға тұрақты дайындық жағдайын ұстауды, оларды жарақтандыру мен дамытуды қамтамасыз етедi;

Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын, күштерi мен құралдарын әзiрлеудi және дайындық жағдайында ұстауды, олардың адам құрамымен жасақталуын, қажеттi техникамен, арнаулы жабдықпен, суда құтқару және басқа да кезек күттірмейтiн жұмыстар жүргiзуге арналған құралдармен жарақтандырылуын қамтамасыз етедi;

Информация о работе Азаматтық қорғаныстың міндеттері