Азаматтық қорғаныстың міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 17:16, сочинение

Описание работы

"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы.

Работа содержит 1 файл

Azkor.doc

— 225.50 Кб (Скачать)

Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп берiп отырады. 
 

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛҚЫН, АУМАҒЫ

МЕН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГIЗУ ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ШАРАЛАРЫ 

2004.20.12 N 13-III Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

5-бап.  Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары

Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау жөнiндегi шаралар алдын ала жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдары мен халқы үшiн мiндеттi болып табылады.

Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар:

халықты, елдi мекендер мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiнде перспективалық және ағымды жоспарлар мен оларды жою жөнiндегi iс-қимыл жоспарларын жасауды;

шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда жұмыс адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн;

құлақтандырудың жергiлiктi жүйелерiн құру және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстауды;

аумақтарда құрылыс салуды ықтимал су тасқындарын, селдердi, көшкiндердi және басқа да қауiптi экзогендi құбылыстарды ескере отырып жоспарлауды;

төтенше жағдайлар кезiнде баспанасыз қалған халық үшiн уақытша тұрғын үй резервiн құруды;

мониторинг жүйесiн ұйымдастыруды, халық пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi техногендiк авариялар, ықтимал су тасқындары, селдер, көшкiндер мен басқа да қауiптi экзогендi құбылыстар жайында құлақтандыруды;

тiршiлiк объектiлерiнде  азықүлiктiң, дәрi-дәрмектiң және материалдық-техникалық құралдардың қорларын құруды iске асырады.

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардаптарын жою жөнiндегi күш-құралдарды құруды, дайындауды және oлардың қолдануға ұдайы дайын болуын қамтамасыз етедi, зардап шеккендерге көмек көрсетедi. 

Информация о работе Азаматтық қорғаныстың міндеттері