Қазақстан қалаларындағы атмосфераның ластану деңгейіне диамикалық бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 13:22, реферат

Описание работы

Мұндай проблема республикамыздың ірі қалаларына тән болып келеді, ондағы автокөлік құралдарының ауаны ластауға қосатын «үлесі» жоғары деңгейде қалып отыр. Егер 2010 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың мөлшері 2 226,6 мың тонна болған болса, ал жылжымалы көздерден таралған ластағыш заттардың мөлшері 1728,5 мың тоннаны құрады немесе 77,6% болды. Жылжымалы көздердің негізгі шығарындылары Қарағанды қаласында (230,0 мың тонна), Қостанай қаласында (196,7 мың тонна), Алматы қаласында (190,0 мың тонна) және Алматы облысында (192,0 мың тонна) байқалады.

Содержание

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы
«Жасыл даму» бағдарламасы
Атмосфераның ластану деңгейі
ҚР ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейінің өзгеру динамикасы

Работа содержит 1 файл

кг атмосфера.doc

— 96.00 Кб (Скачать)

 

Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі  уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып  келеді, мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып  табылады.

Осы мақсатта қалалар  мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді.

Елдің қоршаған ортасының жай-күйін талдау кезінде  Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды, соның нәтижесі бойынша қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі тұжырымдар жасалып ұсынымдар әзірленді.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) 2009-2010 жылдары бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген бақылау аясында Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы талаптарының 7,6 млрд. теңгеге, соның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының 27,4 млн. теңгеге бұзылғаны анықталды.

Экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар  кешенін іске асыруға, 2009-2010 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың іс-шараларын  орындауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға қатысты Министрліктің қызметі тиімсіз жүргізілген деп танылды.

Қоршаған ортаның  сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық  тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу бойынша негізгі параметрлер  Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241  Жарлығы) және Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі Жарлығы) қарастырылған. Бұл ретте аталған Тұжырымдамалар Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығымен күшін жойды.

Қазіргі кезеңде  экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мәселелері ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында көзделген.

 

 

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық  қауіпсіздігі тұжырымдамасында:

  • төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамыту;
  • 2015 жылға дейiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын төмендету;
  • cу үнемдеу;
  • шөлейттенумен күрес жөнiндегi iс-қимылдар;
  • халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының жерлерің шаруашылық мақсатқа пайдалану;
  • байырғы ластануларды жою;
  • өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру;
  • әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондары аумағының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiндегi бағдарламаларды іске асыру жоспарланғанын айта кету керек.

Алайда, тек екі  бағдарлама ғана, атап айтқанда, «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың   2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» және ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1224 қаулысымен күші жойылған «Халықтың көшi-қоны мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу туралы» дайындалған.

Байырғы ластануларды жою жөнiндегi, сондай-ақ өнеркәсiп  және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды  жетiлдiру жөнiндегi арнайы бағдарламалар әзірленбеген.

Ал әзірленеді деп жоспарланған қалған бағдарламалар  жекелеген мәселелер түрінде  «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму»  салалық бағдарламасында (бұдан  әрі – Бағдарлама) көрініс тапты.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін іске асыру саларалық өзара іс-қимылдарда көптеген мәселелерді шешу үшін көзделген, соның ішінде:  қызған газдардың шығарындылары, атомосфералық ауаның ластануы, экологиялық апат аймақтары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өнеркәсіп және тұтыну қалдықтары, су ресурстары, жасылдандыру және басқалар.

Бағдарламаны  іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады.

Бірінші кезеңде (2010 - 2012 жылдар) табиғи ортаның ластану  деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды және ұйымдастыру іс-шараларын оның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру, экологиялық орнықты даму тетіктерін құру, қоршаған ортаны ластайтын ірі өнеркәсіп кәсіпорындары үшін ең үздік қол жетімді технологиялар негізіндегі нормаландыруға көшу жөнінде басшылыққа алатын құжат пен жоспар әзірлеу және жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану, ормандарды қорғау және өсімін молықтыру жолымен жүргізу көзделген.

Екінші кезеңде (2013 - 2014 жылдар) табиғи ортаны басқару  сапасын жақсарту, орнықты даму тетіктерін іске асыру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу, қолда бар үздік технологияларды енгізу, қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштеріне және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қолайлы деңгейге қол жеткізу көзделген.

Министрліктің стратегиялық жоспарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласында бірқатар нормативтер әзірлеп бекіту қарастырылған. Алайда, 2009 жылы қоршаған ортаны қорғау саласында әзірленіп бекітілуге тиісті 34 экологиялық норматив пен ереженің тек 1-уі ғана бекітілгені бақылау барысында анықталды. Дәл осындай жағдай 2010 жылы да қайталанған, яғни жоспарланған 38 нормативтің тек тоғызы ғана бекітілген.

 

Кәсіпорындар мен ұйымдар  қоршаған ортаны қорғауға және негізгі  қорларды күрделі жөндеуге үлкен  көлемде қаржы (соның ішінде, республикалық  және жергілікті бюджеттен) жұмсап отырғанына қарамастан (1-диаграмманы қараңыз), қоршаған ортаны ластаудың экологиялық жүйелерге және халықтың денсаулығына келеңсіз әсері әлі де сақталып отыр және Қазақстанда:

- ластағыш заттардың атмосфераға  шығарындыларының жоғары деңгейіне;

- ластағыш заттардың су  көздеріне төгінділерінің жоғары  деңгейіне;

- қалдықтарды қайта өңдеу  мен кәдеге жаратудың көлемінің  төмендігіне (бұл өңірлерде қалдықтардың  үлкен көлемдегі үйінділерінің  пайда болуына алып келеді);

- халықтың (әсіресе, қолайсыз экологиялық өңірлерде тұратын халықтың) денсаулығының нашарлауына әкеп соғатын белгілі бір проблемалар туындатуда. 

 

Атмосфералық ауаның ластануы 

Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына теріс әсер ететін қоршаған ортаға келеңсіз әсер етудің жетекші факторларының бірі болып қалуда.

Атмосфералық ауаға жылу энергетикасы және мұнай-газ секторы, кен өндіру және тау-кен өндісі, қара және түсті металлургия неғұрлым теріс әсер етеді.

USAID-тің бағалауынша, Қазақстан  аумағының 75%-ы экологиялық тұрақсыздық қатеріне аса бейім аймақтарға жатады.

Республикада  атмосфераға таралған шығарындылар 2005 жылдан бері бір деңгейде қалып отыр (2,9 млн.тонн), әлемдік дағдарыс орын алып, жекелеген өнім түрлеріне деген сұраныс азайған тұста, яғни 2008 жылдан бастап өндіріс көлемі қысқарды, бұл шығарындылардың төмендеуіне себеп болды.

2010 жылы стационарлық  көздерден атмосфералық ауаға  таралған зиянды заттардың мөлшері  2,2 млн. тоннаны құрады, сонымен  2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  олардың деңгейі 4%-ға кеміді (2-диаграмманы қараңыз).

Ластағыш заттардың  негізгі көлемі Қарағанды (661,2 мың  тонна), Павлодар (572,5 мың тонна), Шығыс  Қазақстан (146,9 мың тонна), Ақтөбе (125,3 мың тонна), Қостанай (114,4 мың тонна) және Атырау (114,4 мың тонна) облыстарының аумақтарында қалыптасқан.

Атмосфералық ауаға таралған ластағыш заттардың жалпы көлемінің (2226,6 мың т.) 71,3%-ын газ тектес және сұйық заттар және 28,7%-ын қатты заттар құрайды.

Ауаның ластану  жай-күйін бағалау кезінде елді мекендердегі ауаға таралған ластағыш заттардың шекті мөлшерінің көрсеткіштері (ШМК) негізгі сапа өлшемдері болып  табылады (1-қосымша).

Атмосфераның  ластану деңгейі атмосфера ластануының  кешенді индексінің (ИЗА5) шамасы бойынша бағаланады, ол қауіптілік дәрежесін ескере отырып, ШМК-ның ең көп нормаланған көрсеткіштері бар бес зат бойынша, сондай-ақ ШМК-ның асып кетуі бойынша есептеледі.

Егер ИЗАкөрсеткіші 5-тен аз немесе оған тең болса, онда атмосфераның ластану деңгейі – «төмен», диапазоны 5-тен көп және 7-ге тең болған жағдайда – «көтеріңкі», ал 7-ден көп және 14-тен аз болғанда – «жоғары», 14-тен көп болған жағдайда «аса жоғары» деп саналады.

Қазақстан қалаларының  атмосфералық ауасындағы зиянды заттардың  мөлшері жоғары деңгейде қалып отыр.

Мәселен, республиканың  ластанған қалаларына (ИЗА≥ 5) – 12 қала, соның ішінде жоғары деңгейде ластанған қалаларға (ИЗА5 ≥ 13) 8 қала (Алматы, Шымкент, Теміртау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған) жатқызылған (3-диаграмманы қараңыз).

Динамика көрсетіп  отырғандай, атмосфералық ауаның ластану деңгейі іс жүзінде төмендемеген (1-кестеге қараңыз). Өнеркәсіп пен көлік саласы дамыған, ИЗА5  жоғары болып келетін қалалардағы атмосфераның жай-күйі айтарлықтай алаңдаушылық туғызады.

Зиянды заттардың  көп мөлшерде таралуына ластау көздерінің ауаны тазартатын құрылғылармен  жеткілікті дәрежеде жарақталмағаны себеп  болып отыр, сонымен бірге статистикалық  деректер соңғы үш жылдың ішінде осындай  құрылғылармен жарақталған көздердің  үлес салмағының төмендегенің көрсетеді. Мысалы, 2008 жылы олардың үлес салмағы – 7,5% болса, ал 2010 жылы 6,4% құрады.

Атмосфера құрамында шекті  мөлшерден асатын ластағыш заттардың  аса жоғары деңгейі - 17 қалада, орташа деңгейі 7 қалада тіркелген.

ҚР ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейінің өзгеру динамикасы 

Қала

ИЗА5

Ауаның ластануына әсер ететін өнеркәсіп салалары

2007 ж

2008 ж

2009 ж

2010 ж

1

Алматы

13,3

12,9

12,6

11,7

автокөлік, энергетика

2

Шымкент

11,9

9,9

11,2

11,4

түсті металлургия, химия, мұнай өңдеу

3

Өскемен

7,9

9,6

7,2

7,2

түсті металлургия, энергетика

4

Ақтөбе

8,5

8,6

9,5

7,6

қара металлургия, химия

5

Теміртау

9,6

7,7

8,6

9,3

қара металлургия, химия

6

Қарағанды

7,6

7,7

7,5

7,2

энергетика, көмір өндірісі, автокөлік

7

Тараз

7,2

7,5

7,5

7,6

химия

8

Риддер

7,5

6,6

7,4

6,3

түсті металлургия, энергетика

9

Жезқазған

6,8

6,4

5,2

7

түсті металлургия, энергетика

10

Глубокое кенті

3,4

5,4

3,0

4,9

түсті металлургия

11

Атырау

3,3

5,3

2,4

5

мұнай өңдеу

12

Астана

8,1

4,7

4,5

5,5

энергетика, автокөлік

13

Семей

4,2

4,4

4,6

4,5

энергетика, құрылыс  материалдары

14

Қызылорда

4,5

3,9

5,5

5,1

энергетика

15

Петропавл

4,3

3,9

4,3

4,1

энергетика, аспап  жасау

16

Ақтау

4,5

3,5

4,3

3,0

химия

17

Қостанай

3,2

3,5

3,1

3,1

энергетика

18

Павлодар

1,9

2,4

1,9

2,5

мұнай өңдеу, энергетика

19

Балқаш

3,0

2,3

3,8

2,1

түсті металлургия, энергетика

20

Талдықорған

 

1,6

 

1,4

энергетика

21

Екібастұз

1,2

1,0

1,2

1,2

энергетика, көмір  өндірісі

22

Көкшетау

 

0,8

 

0,8

энергетика, көмір өндірісі

Орташа ИЗА

5,77

6,10

5,44

5,24

 

Автокөлікпен  ауаны ластаудың көлемі аса үлкен  қатер төндіруде, бұған республика аумағында автокөлік құралдары  санының шапшаң өсіп келе жатқаны  себеп болуда.

2011 жылғы 1 маусым  бойынша тіркелген жеңіл автокөліктер саны 2010 жылмен салыстырғанда 21,5%-ға өсіп,  3 264,4 мың бірлікті құрады.

Экологиялық ахуалға  қазіргі ескі (10 жыл бұрын шығарылған) жеңіл автомашиналар паркінің техникалық жай-күйі де келеңсіз әсер етуде, олардың  саны 2 637 мың бірлікті немесе тіркелген жеңіл автокөліктер санының 80,8%-ын құрап отыр. Бұл ретте барлық тіркелген жеңіл автокөліктердің 99%-ы «бензин» отының пайдалануда.

Мұндай проблема республикамыздың ірі қалаларына тән  болып келеді, ондағы автокөлік құралдарының ауаны ластауға қосатын «үлесі» жоғары деңгейде қалып отыр. Егер 2010 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың мөлшері 2 226,6 мың тонна болған болса, ал жылжымалы көздерден таралған ластағыш заттардың мөлшері 1728,5 мың тоннаны құрады немесе 77,6% болды. Жылжымалы көздердің негізгі шығарындылары Қарағанды қаласында (230,0 мың тонна), Қостанай қаласында (196,7 мың тонна), Алматы қаласында (190,0 мың тонна) және Алматы облысында (192,0 мың тонна) байқалады.

Қазақстан Республикасындағы  оңтайлы экологиялық қауіпсіз автомобильдер паркіне біртіндеп көшу арқылы автокөлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет кезең-кезеңімен, атап айтқанда:

1- экологиялық кезең 2009 жылғы 15 шілдеден;

2 - экологиялық кезең 2012 жылғы 1 қаңтардан;

3 - экологиялық кезең 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап шығарындылардың үлесі бойынша Евро стандарттарды енгізуді қарастырған.

Автокөлік құралдарына  арналған отынның сипаттамаларына  қойылатын техникалық талаптар мынадай  мерзімдерде:

1 - экологиялық кезең 2010 жылғы 1 қаңтардан;

2 - экологиялық кезең 2014 жылғы 1 қаңтардан;

3 - экологиялық кезең 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл ретте 10 жылдан астам уақыт бойы пайдалануда  жүрген автомашиналарға жаңа экологиялық  талаптар қолданылмайды және олар толық ескіріп тозғанға дейін жұмыс істей алады, яғни атмосфераны ластауды одан ары қарай да жалғастыратын болады.

Тиісінше уәкілетті  орган Қазақстан Республикасының  аумағындағы ескі автомашиналарды (10 жылдан асқан) одан әрі пайдалануға қатысты автокөлік құралдарының зиянды (ластағыш) заттар шығарындыларына техникалық регламент қарастырмаған және әзірлемеген.

Бүгінгі уақытта  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексінің 246 және 247-баптарында шығарылған қалдықтарында ластағыш заттардың болуы нормативтен асып кететiн автомотокөлiктер мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға байланысты жауапкершілік көзделген, дегенмен нақты іске асыру тетігі қарастырылмағандықтан, аталған талап іс жүзінде қолданылмай келеді.

Информация о работе Қазақстан қалаларындағы атмосфераның ластану деңгейіне диамикалық бақылау